Әлем жаңалықтары

Әлем жаңалықтары24.02.2023

Qazaq Green басшысы Италиядағы ЕО-ОА климаттық конференциясында Қазақстандағы ЖЭК жетістіктері мен дамуын таныстырды

QAZAQ GREEN. Qazaq Green ЖЭК қауымдастығының директорлар кеңесінің төрағасы Нұрлан Қапенов 23-24 ақпанда Италияның Рим қаласында өткен Еуропалық Одақ - Орталық Азия жоғары деңгейдегі жетінші конференциясына қатысты.

Нұрлан Қапенов «ҮЕҰ / азаматтық қоғам ұйымдарының өкілдері: азаматтық қоғамның пікірі» сессиясында «Қазақстандағы ЖЭК дамуы: жетістіктері, проблемалары мен әлеуеті» тақырыбында баяндама жасады.

Конференцияға Орталық Азия елдері: Қазақстан, Қырғызстан, Түрікменстан, Тәжікстан және Өзбекстан үкіметтерінің, Еуропалық Одақ және ЕО-ға мүше мемлекеттердің қоршаған орта, климаттың өзгеруі және су ресурстары саласындағы саясатқа жауапты, халықаралық, өңірлік және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.

ЕО мен Орталық Азияның қоршаған орта және су ресурстары жөніндегі ынтымақтастық платформасы шеңберінде ұйымдастырылған конференцияның мақсаттары мынадай:

  • ЕО-ОА экологиялық және су бойынша ынтымақтастық платформасы мен оның қоршаған орта және климаттың өзгеруі жөніндегі жұмыс тобының (WGECC) қызметінің 2019 жылдың қаңтарынан бергі нәтижелерін ұсыну;

  • ЕО-ОА платформасы үшін 2023-2025 жылдарға арналған басым бағыттарды айқындау;

  • Орталық Азиядағы қоршаған орта, климаттың өзгеруі және су ресурстары саласындағы саяси диалогты жандандыру және әлеуетті дамыту үшін практикалық қадамдарды талқылау және келісу.

Сессиядағы негізгі пікірталас Орталық Азия өңірі үшін «жасылға» көшуді жеделдету және азаматтық қоғам тұрғысынан орнықты даму мақсаттарына қол жеткізу жөніндегі негізгі сын-қатерлер мен мүмкіндіктерді талқылауға арналды.

Седьмая конференция высокого уровня Европейский Союз - Центральная Азия

Конференция 2019 жылдың қазан айында Еуропалық Одақ қайта бастаған WECOOP «Еуропалық Одақ – Орталық Азия: су ресурстары, қоршаған орта және климаттың өзгеруі саласындағы ынтымақтастық (WECOOP)» жобасы аясында ұйымдастырылды. Жоба Орталық Азия елдері арасындағы орнықты даму жөніндегі диалогты нығайтуды жалғастыруда және олардың ЕО-мен қоршаған ортаны қорғау және климаттың өзгеруі саласындағы ынтымақтастығын кеңейтуге жәрдемдеседі. Атап айтқанда, жоба шеңберіндегі қызмет саяси стратегияларды жетілдіруге және ұтымды етуге, тиісті салаларда жұмыс істейтін ұлттық министрліктер мен мемлекеттік ведомстволардың әлеуетін нығайтуға бағытталған.

WECOOP жобасы ЕО стандарттарына жақындату арқылы Орталық Азиядағы қоршаған орта, климаттың өзгеруі және су ресурстары саласындағы саясатты жақсартуға, сондай-ақ көмірқышқыл газы (CO2) шығарындыларын қоса алғанда, адам қызметінен туындаған ластануды айтарлықтай азайтуға қол жеткізу мақсатында экономиканың тиісті секторларына «жасыл» инвестицияларды ынталандыруға бағытталған.

Жобалық қызметте ЕО-Қоршаған орта және су ресурстары саласындағы ынтымақтастық жөніндегі Орталық Азия платформасының (Платформа) және ЕО-Қоршаған орта және климаттың өзгеруі жөніндегі Орталық Азия жұмыс тобының (РГЭИК) қолдауы қамтылады. Соңғысының қатарына қоршаған орта және климат жөніндегі Еуропалық комиссияның Бас директоратының өкілдері кіреді.

 


17.04.2026
Қазақстандық ауадан су өндіру стартапы Венада өткен GCIP байқауында үздік үштікке енді
16.04.2026
Қазақстанда құс фабрикасы қалдықтан 15 млн кВт·сағ энергия өндірді
16.04.2026
Қытай мен Испания күн және жел энергиясы саласындағы серіктестігін нығайтуда
16.04.2026
Моңғолия Hanwha Group компаниясына ЖЭК дамыту мен шикізатты өңдеуге қатысуды ұсынды
16.04.2026
Ресей Адыгейдегі жаңа полигонда көлденең және тік ЖЭС сынақтан өткізеді
15.04.2026
Брюссель электрлендіруді күшейтеді: желілік пакет — жазда, стратегия — күзде
15.04.2026
ӨЭС 2026 аясында жаңартылатын энергия көздерін дамыту үшін мамандар даярлау мәселелері талқыланады
14.04.2026
Алжир 400 МВт болатын екі күн электр станциясын іске қосты
14.04.2026
KOREM жел және күн станциялары бойынша сәуірде төрт аукцион өткізеді
14.04.2026
ЖЭК энергетикалық дағдарысқа жауап: IRENA елдерге іс-әрекеттер жоспарын ұсынады
14.04.2026
Қазақстанда ЖЭК өндірісі 2026 жылдың бірінші тоқсанында 15%-ға өсті
14.04.2026
Қазақстан Climatescope таза энергетикаға инвестиция әлемдік рейтингіндегі позициясын жақсартты
13.04.2026
Қазақстан мен Қытай бірлескен Сутегі технологиялары орталығын іске қосты
13.04.2026
Швейцария әлемдегі ең қуатты редокс-ағынды батареясын құрап жатыр
09.04.2026
Ұлыбритания елдегі ең ірі КЭС құрылысын мақұлдады
09.04.2026
Sonnedix Италияда ірі күн энергиясы келісімшарттарын жеңіп алды
09.04.2026
Қытайлық компания Лаостың таулы аймағында 1000 МВт-ға КЭС-ті іске қосты
09.04.2026
Қазақстан Сенаты энергияны Еуропаға экспорттауға арналған құжатты мақұлдады
08.04.2026
Zayed Sustainability Prize өтінімдерді қабылдаудың басталғаны туралы хабарлайды
08.04.2026
Әзірбайжандағы «жасыл энергияның» күнделікті үлесі 29%-дан асты