Әлем жаңалықтары

Әлем жаңалықтары28.02.2023

IRENA және CPI жаңа есебі дамыған және дамушы елдердегі ЖЭК инвестициясы арасындағы едәуір теңсіздікті анықтады

QAZAQ GREEN. IRENA және CPI-дің «Жаңартылатын энергияны қаржыландырудың жаһандық ландшафты 2023» (Global Landscape of Renewable Energy Finance 2023 ) есебі өткен жылы энергетикалық көшу технологияларына, соның ішінде энергия тиімділігіне салынған жаһандық инвестициялар 1,3 триллион АҚШ долларына жеткенін көрсетеді. Бұл жаңа рекордтық көрсеткіш болды, ол 2021 жылғы инвестиция деңгейімен салыстырғанда, 19%-ға және 2019 жылғы пандемияға дейінгі кезеңмен салыстырғанда, 50%-ға өсті, деп хабарланған халықаралық агенттік сайтында.

Мадридтегі Испанияның жаңартылатын энергия көздері жөніндегі халықаралық конференциясының аясында ұсынылған Халықаралық жаңартылатын энергия көздері агенттігінің (IRENA) және Климаттық саясат бастамасының (CPI) бірлескен баяндамасында 2022 жылы жаңартылатын энергия көздеріне жаһандық инвестициялар рекордтық деңгейге 0,5 триллион АҚШ долларына жеткенімен, IRENA 1,5°С сценарийіне сәйкес олардың әлі де 2021-2030 жылдар аралығында жыл сайын қажетті инвестициялардың орташа көлемінің 40%-дан кемін құрап отырғанын көрсетеді. Инвестициялар сонымен қатар 2030 жылға дейінгі кезеңге Тұрақты даму саласындағы күн тәртібінде қойылған мақсаттарға қол жеткізуге мүмкіндік бермейді.

Орталықтандырылмаған шешімдер энергияға қолжетімділіктегі алшақтықты жою үшін өте маңызды болғандықтан, 2030 жылғы күн тәртібі аясында күнкөріс пен әл-ауқат жағдайларын жақсарту үшін энергияға жаппай қолжетімділікке қол жеткізу мақсатында жаңартылатын энергия секторына желіден тыс инвестицияларды ұлғайтуға күш салу қажет. 2021 жылы 0,5 млрд АҚШ долларынан асқан рекордтық жоғары жылдық инвестиция көлеміне қол жеткізілгеніне қарамастан, автономды жаңартылатын энергия көздері саласындағы шешімдерге салынған инвестициялар 2021-2030 жылдар аралығында осы секторда жыл сайын қажетті 2,3 млрд АҚШ доллары көлемінен едәуір артта қалуда.

Сонымен қатар, инвестициялар нақты технологиялар мен пайдалану түрлеріне шоғырланған. 2020 жылы тек күн фотоэнергетикасы жаңартылатын энергия көздеріне жалпы инвестицияның 43%-ын тартты, одан кейін тиісінше 35% және 12% үлесті құрлықтағы және теңіздегі жел энергетикасы тартты. Алдын ала мәліметтерге сүйенсек, бұлайша шоғырлану 2022 жылы да сақталды. Энергетикалық көшуді барынша жақсы қолдау үшін азырақ жетілген технологияларға, сондай-ақ электр энергетикасынан басқа жылыту, салқындату және жүйелік интеграция сияқты секторларға көбірек қаражат бөлу қажет.

Жаңартылатын энергетиканы қаржыландыруды елдер мен аймақтар бойынша салыстыра отырып, есеп соңғы алты жылда айқын теңсіздіктің айтарлықтай өскенін көрсетеді. Негізінен дамушы және нарығы енді қалыптасып жатқан елдерде тұратын әлем халқының шамамен 70%-ы 2020 жылы жаһандық инвестициялардың тек 15%-ын алды. Мысалы, Сахараның оңтүстігіне қарай орналасқан Африка елдері 2000-2020 жылдар аралығында жаһандық инвестициялар сомасының 1,5%-дан кемін алды. 2021 жылы Еуропада жан басына шаққандағы инвестиция Сахараның оңтүстігіндегі Африка елдерінен 127 есеге, ал Солтүстік Америкадағыдан 179 есе көп болды.

Баяндамада жаңартылатын энергия көздерін енгізуге ұмтылатын дамушы елдерге несие беруді реформалау қажеттілігі атап өтіледі және инвестициялық тәуекелдерді төмендетуден басқа, мемлекеттік қаржыландырудың әлдеқайда маңызды рөл атқаруы қажет екені баса айтылады. Дамушы елдердегі мемлекеттік қаражаттың шектеулі екенін мойындай отырып, баяндама жаһандық Солтүстік елдерінен жаһандық Оңтүстік елдеріне қаржы ағындарын айтарлықтай арттыруды қоса алғанда, неғұрлым белсенді халықаралық ынтымақтастыққа шақырады.

«Энергетикалық көшу өмір сүру мен күнкөрісті жақсартуы үшін үкіметтер мен даму серіктестері түрлі жағдайлар мен қажеттіліктерді мойындай отырып, қаржыландырудың әділ ағынын қамтамасыз етуі керек», - дейді IRENA бас директоры Франческо Ла Камера. «Бұл бірлескен есеп мемлекеттік қаражатты жаңартылатын энергия көздерінің пайдаланылмаған әлеуеті зор, бірақ инвестицияларды тартуда қиындықтары бар өңірлерге және елдерге бағыттау қажеттігін айқын көрсетеді. Халықаралық ынтымақтастық бұл қаражатты қолайлы саяси шеңбер құруға, энергетикалық көшу инфрақұрылымын дамытуға, сондай-ақ сақталып отырған әлеуметтік-экономикалық олқылықтарды жоюға бағыттауға бағытталуы тиіс».

1,5°С сценарийіне сәйкес энергетикалық көшуге қол жеткізу сонымен қатар жылына 0,7 триллион АҚШ долларын қазба отын түрлерінен энергетикалық көшуге қатысты технологияларға қайта бағыттауды талап етеді. Алайда, 2020 жылы COVID-19-ға байланысты қысқа мерзімді құлдыраудан кейін қазба отынына инвестиция қазір өсуде. Кейбір ірі трансұлттық банктер тіпті Париж келісімі жасалғаннан бері қазба отынына өздерінің инвестицияларын жылына орта есеппен 0,75 триллион долларға арттырды.

Сонымен қатар, қазба отыны өнеркәсібі субсидиялардан пайда табуды жалғастыруда, ол 2021 жылы 51 елде екі есе өскен. Жаңартылатын энергия көздерінің мүмкіндіктерін теңестіру үшін қазба отынына инвестицияларды кезең-кезеңімен қысқарту субсидиялардың жойылуымен қатар жүруі керек. Алайда, субсидиялардан біртіндеп бас тарту халықтың осал топтарының жеткілікті өмір сүру деңгейін қамтамасыз ету үшін тиісті әлеуметтік қорғау жүйесімен бірге жүруі керек.

CPI-дің жаһандық басқарушы директоры Барбара Бухнер былай дейді: «Нөлдік энергия тұтынуға апаратын жол тек әділ және тең энергетикалық көшуді қамтамасыз ету жағдайында мүмкін болады. Біздегі сандар өткен жылы жаңартылатын энергия көздеріне инвестициялардың рекордтық деңгейі тіркелгенін көрсетсе де, әсіресе дамушы елдерде, климаттың қауіпті өзгеруінің алдын алу үшін айтарлықтай өсу қажет».

Бұл екі жылда бір рет шығатын IRENA және CPI бірлескен есебінің үшінші басылымы. Бұл есептерде сериясы технологиялар, секторлар, аймақтар, қаржыландыру көздері және қаржы құралдары бойынша инвестициялық беталыстар талданған. Онда сондай-ақ энергетикалық көшуді жеделдету үшін қажетті ауқымда жаңартылатын энергия көздерін енгізу үшін негізделген саясатты қабылдауды қолдау мақсатында қаржыландырудағы олқылықтар талданады. Үшінші басылымында 2013-2020 жылдар кезеңі қарастырылады, сонымен қатар 2021 және 2022 жылдарға арналған алдын-ала мәліметтер мен сандар ұсынылады.


 

13.05.2024
Қырғызстан ЖЭК дамытуға 80,2 млн доллар кредит алады
13.05.2024
Әлемдегі алғашқы жасанды энергетикалық аралдың құрылысы қарқынды жүріп жатыр
13.05.2024
Біз сусыз қаламыз ба? Неліктен Қырғызстанда да су тапшылығы пайда болды?
10.05.2024
Ауадан электр энергиясын өндіретін ақуыз талшықтары жасалды
10.05.2024
ЕО Қазақстанмен ЖЭК саласында ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделі – елші
10.05.2024
Магманың өзіне дейін бұрғылау: қауіпті жоспар геотермалдық энергияны аса маңызды сызықтарға шығарады
09.05.2024
Ember: ЖЭК 2023 жылы әлемдік электр генерациясының рекордтық 30%-ын қамтамасыз етті
09.05.2024
Жердің тереңінен шыққан энергия – Орталық Азия елдерінде геотермалдық энергияны пайдаланудың қандай пайдасы бар?
09.05.2024
Климаттың өзгеруіне қарсы күрестің тиімділігі бойынша елдер рейтингінде Қазақстан 67-ден 60-орынды ғана иеленді
06.05.2024
Англияда сусыз инновациялық гидроэнергетикалық қойма салынады
06.05.2024
Шымкенттің кәріз ағындарын қалай электр энергиясына түрлендіреді
06.05.2024
Eurostar 2030 жылға қарай барлық пойыздарды ЖЭК-ке ауыстыруға ниетті
06.05.2024
Ресейде нанотехнологиялардың көмегімен күн батареялары жетілдірілді
04.05.2024
Жел турбиналарының «әлемдегі алғашқы» ағаш қалақтары Германияда орнатылды
04.05.2024
АҚШ-та натрий-ионды аккумуляторлардың алғашқы сериялық өндірісі пайда болды
04.05.2024
Ташкент инвестициялық форумында Камбаратин ГЭС-1 құрылысының жобасы ұсынылды
03.05.2024
G7 елдері 2035 жылға қарай көмірден бас тарту туралы келісімге келді
03.05.2024
2032 жылға қарай Тәжікстан ЖЭК-ке толығымен көшуді жоспарлап отыр
03.05.2024
Африкада қалқымалы күн электр станциялары салынуда
02.05.2024
Оңтүстік кореялық компаниялар Астана, Алматы, Павлодар ЖЭО және Топар ГРЭС-ін жаңғыртуды жоспарлап отыр