Әлем жаңалықтары14.06.2023
Норвегия мұхит түбінен аккумуляторларға қажетті металдарды өндіруді жоспарлауда

QAZAQ GREEN. Норвегия үкіметі Арктикадағы Свальбарда архипелагының жанындағы мұхит түбінде аккумуляторларды өндіруге қажетті негізгі металдарды өндіруге кірісуге ниетті, деп хабарлайды Mining.com.
Терең теңіздегі тау-кен жұмыстарының ауданы Германия аумағымен салыстыруға болатын өлшемге ие.
Минералдардың көпшілігі кобальт, никель және басқа да бағалы металдардың айтарлықтай қоры бар полиметалл түйіндері деп белгілі картоптың көлеміндей жыныстарда кездеседі.
Халықаралық теңіз түбі жөніндегі орган, Біріккен Ұлттар Ұйымының бөлімшесі 2021 жылы Тынық мұхитындағы Науру аралы ұсынған келісімге сәйкес терең теңіздегі тау-кен жұмыстары басталмасч бұрын, 9 шілдеге дейін реттеу актілерін әзірлеуі керек.
Норвегияның Энергетика министрлігі екі апта ішінде парламентке Арктикадағы Норвегия архипелагы Шпицберген маңында барлау мен кен өндіруге рұқсат беру туралы ұсыныс білдіруді жоспарлап отыр, деп хабарлайды Financial Times. Жоспар күзде парламенттік дауыс беруге шығарылады.
Алайда Норвегия балық аулау компаниялары мен экологиялық ұйымдардың бұл ұсынысқа қарсы наразылығына тап болды.
Сонымен қатар, басқа елдермен дау-дамайдың туындау қаупі бар, өйткені Шпицберген туралы келісімге сәйкес Норвегия осы аймақта Дания, Франция, Ирландия, Италия, Жапония, Нидерланды, Швеция, Ресей, Ұлыбритания және АҚШ-пен бірге пайдалы қазбаларды өндіруге құқылы.
Норвегия Ресей, Ұлыбритания және Еуропалық Одақ елдеріне қарағанда кеңірек аумақтағы акваторияда пайдалы қазбаларды өндіру үшін эксклюзивті құқықтарға ие екенін мәлімдейді.
Шамаланған аумақта жер қыртысынан шығарылатын және құрамында шамамен 38 миллион тонна мыс бар жанартау көздері бар - бұл бүкіл әлем бойынша жылдық мыс өндірісінен асып түседі.
Норвегияның Премьер-Министрі Йонас Гар Стёре ұлттық Bergens Tidende газетіне берген сұхбатында терең теңіз өндірісі теңіз өміріне зиян келтірместен жүзеге асырылуы мүмкін екенін айтты. Алайда экологтар мен ғалымдар бұл пайымды жоққа шығарады.
Терең теңіз кенінің нысаны болып табылатын және Гавайлардан Мексикаға дейін созылып жатқан Тынық мұхитындағы Кларион-Клиппертон аймағына арналған жақында жүргізілген зерттеу нәтижесінде ғалымдар 5000-нан астам түрді тапты, әрі, олардың басым көпшілігі ғылымға белгісіз болып шықты.
Лондондағы табиғи тарих мұражайының биологы және деректер талдаушысы, зерттеудің бірлескен авторы Мюриэль Рабон: «Деректердегі бұл олқылықтарды толтыру өте маңызды, өйткені егер пайдалы қазбаларды өндіру басталса, бұл аймақта қандай түрлер бар екенін түсінуіміз керек», - деді.
Рабон зерттеушілердің бағалауы бойынша Кларион-Клиппертон аймағына арналған зерттеуде сипатталған түрлердің кем дегенде 30-40%-ы конкрецияларда бар екенін атап өтті. «Олар пайдалы қабзаларды өндіруде аса осал болып табылады, өйткені егер конкрециялар алынып тасталатын болса, біз олардың тіршілік ету ортасын, мекенін жойып жібереміз», - деп қосты ол.
Қарағанды облысында 500 МВт жел электр станциясының құрылысы басталды
Қазақстан БЭЖ Оңтүстік аймағында 50 МВт КЭС салуға арналған аукцион жеңімпазы анықталды
Қазақстанда 100 МВт КЭС аукционының жеңімпазы анықталды
Қытайлық компания Қырғызстанда күн және жел энергиясын өндіруге $1 млрд инвестиция салуға дайын
Meta ғарыштық күн энергетикасына және тым ұзақ мерзімді энергия сақтау саласына инвестиция салады
Токио әлемдегі ең үлкен жүзбелі жел электр станциясын салмақ
«KOREM» АҚ-да 50 МВт қуат бойынша еркін аукциондық сауда-саттық өтті
Қасым-Жомарт Тоқаев Әзірбайжан және Өзбекстанмен жасыл энергетикалық дәліз туралы келісімді ратификациялады
Қытай ЖЭК үлесін жалпы орнатылған қуаттың 60%-ына дейін арттырды
«Батыс Каспий Энерго» Атырау облысындағы 250 МВт жел паркіне арналған аукционда жеңді
Ember: Жаңартылатын энергия көздері тарихта алғаш рет көмірден асып түсті.
Қазақстанда ЖЭК аукциондарына өтінім беру мерзімі жалғасуда
Орталық Азияның төрт елінің энергетика министрлері аймақтың су-энергетикалық балансын талқылады
Әділ ауысым: адамдарды қалай энергетикалық трансформациядан тыс қалдырмауға болады
Орталық Азияның жетекші техникалық ЖОО мен ОАӨЭО ЖЭК мамандарын даярлау туралы меморандумдарға қол қойды
Қазақстан мен БҰҰ ЕЭК энергетикалық тұрақтылық пен төмен көміртекті технологияларды дамыту мәселелерін талқылады
100 000 жұмыс орны мен кадрлардың тапшылығы: Орталық Азияның ЖЭК серпілісіне дайындығы қандай
Тасымалдаусыз ауысым жоқ: Орталық Азия энергетикалық болашағын қалай құруда
Азия даму банкі Қазақстан жобаларына 5,5 млрд доллар инвестиция салады
Астанада RES 2026 EXPO көрмесінің ашылуында $2,3 млрд астам сомаға 17 меморандумға қол қойылды