Әлем жаңалықтары

Әлем жаңалықтары29.01.2025

Қытайдың энергетикалық жүйесіндегі ЖЭК үлесі 56%-ға жетті

QAZAQ GREEN. 2024 жылы Қытайда жаңартылатын энергия көздері (ЖЭК) негізіндегі жаңа электр станцияларының орнатылған қуаты барлық жаңа генерация объектілерінің 86%-ын құрады. Осылайша, елдегі жалпы орнатылған қуаттың 56%-ға жуығы ЖЭК-ке тиесілі болды. Бұл туралы Қытайдың Мемлекеттік энергетика басқармасы жариялаған жаңа мәліметтерге сүйене отырып, «Синьхуа» агенттігі хабарлады.

Деректерге сәйкес, 2024 жылы Қытайда жаңадан іске қосылған ЖЭК қуаты 373 ГВт-қа жетіп, жылдық өсім 23%-ды құрады. Оның ішінде гидроэнергетика – 13,78 ГВт, жел энергетикасы – 79,82 ГВт, күн энергетикасы – 278 ГВт, ал биомасса энергетикасы – 1,85 ГВт қосымша қуат енгізді.

2024 жылдың соңында Қытайдағы жаңартылатын энергия көздерінің жалпы орнатылған қуаты 1,889 ТВт-қа жетіп, өткен жылмен салыстырғанда 25%-ға артты. Оның ішінде гидроэнергетика – 436 ГВт, жел энергетикасы – 521 ГВт, күн энергетикасы – 887 ГВт, биомасса энергетикасы – 46 ГВт құрады.

Бұл – қатарынан екінші жыл, ЖЭК-тің жалпы қуаты Қытайдағы барлық электр қуатының 50%-дан асуын көрсетіп отыр. 2023 жылдың соңында бұл көрсеткіш алғаш рет жартыдан жоғары деңгейге жеткен еді.

Сонымен қатар, 2024 жылы Қытайда жаңартылатын энергия көздерінен өндірілген электр энергиясы 3,46 трлн кВт/сағатқа жетіп, өткен жылмен салыстырғанда 19%-ға артты. Бұл жалпы электр энергиясы өндірісінің шамамен 35%-ын құрайды.

Жел және күн энергиясынан өндірілген электр энергиясы 1,83 трлн кВт/сағатқа жетіп, 2023 жылмен салыстырғанда 27%-ға артты. Бұл көрсеткіш 2024 жылы Қытайдың үшінші сектордағы (қызмет көрсету саласы) электр тұтыну деңгейіне шамалас, тіпті тұрмыстық тұтыну көлемінен (1,49 трлн кВт/сағат) асып түсті.

Қытай 2030 жылға қарай көмірқышқыл газы шығарындыларының ең жоғары деңгейіне жетуді және 2060 жылға қарай көміртектік бейтараптыққа қол жеткізуді көздейтін «қос көміртек мақсатына» ұмтыла отырып, жасыл экономиканы белсенді дамытып жатыр. Оның негізгі қозғаушы күштерінің бірі – жаңартылатын энергетика.

30.06.2025
Билл Гейтс инвестициялаған революциялық жел станциясының құрылысы басталды
30.06.2025
Тандемдік перовскиттік фотоэлементтер 26,4% тиімділікке қол жеткізді
27.06.2025
Қазақстан мен Қытай стратегиялық энергетикалық әріптестікті талқылады
27.06.2025
Ғарышқа арналған органикалық күн элементтері бойынша инновациялық зерттеу
27.06.2025
Қазақстан мен Өзбекстан Орталық Азияда «жасыл» энергетиканы белсенді дамытуда
27.06.2025
ҚазМұнайГаз Атырауда «жасыл» сутегі өндіру бойынша пилоттық жобаны іске қосты
26.06.2025
Қазақстанда жеке үй иелері күн батареяларынан қалай ақша таба алады
26.06.2025
Қазақстан аукциондық жүйе арқылы ЖЭК саласына 14 елден инвестиция тартты
25.06.2025
Жасыл сутегі Қазақстан энергетикасын қалай өзгерте алады
25.06.2025
IKEA балкондарға арналған дайын күн электр станциясын ұсынады
25.06.2025
Adani Үндістанда «жасыл» сутегі өндіретін автономды қондырғыны іске қосты
25.06.2025
Тәжікстанда «жасыл» энергетика бойынша Жол картасын ұсынды
24.06.2025
KOREM аукционының нәтижесінде үш ГЭС жобасы іріктелді
24.06.2025
Еуропалық парламент пен ЕО Кеңесі CBAM жеңілдетуді мақұлдады
24.06.2025
Глазго ғалымдары қалақсыз жел турбиналарының әлеуетін ашты
24.06.2025
Өзбекстан жыл соңына дейін 16 ЖЭК нысанын іске қосады
23.06.2025
Қазақстанда 50 МВт шағын ГЭС жобаларына аукцион өтті
23.06.2025
Қазақстан мен ЕҚДБ декарбонизация және ЖЭК саласындағы ынтымақтастықты талқылады
23.06.2025
Мысырда құны 200 миллион доллар тұратын күн индустриялық кешені салынуда
23.06.2025
Испаниядағы блэкауттың себептері анықталды: ресми есеп жарияланды