Әлем жаңалықтары11.09.2026
АҚШ-тағы күн энергетикасының қуаты 50 млн-нан астам үйді электрмен қамтуға жетеді

QAZAQ GREEN. АҚШ-та жұмыс істеп тұрған күн электр станцияларының жиынтық қуаты 50 млн-нан астам америкалық үйді электр энергиясымен қамтамасыз етуге жетеді. Бұл елдегі барлық үй шаруашылықтарының үштен бірінен астамына тең, деп хабарлайды SEIA және Wood Mackenzie.
Solar Energy Industries Association (SEIA) мен Wood Mackenzie дайындаған U.S. Solar Market Insight есебіне сәйкес, 2026 жылдың екінші тоқсанында АҚШ-та 11,4 ГВт жаңа күн энергетикасы қуаты іске қосылды. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 45%-ға, ал бірінші тоқсанмен салыстырғанда 43%-ға көп.
«Күн энергетикасы мен энергия жинақтау жүйелері америкалықтардың басым бөлігі әлі толық бағамдап үлгермеген ауқымға жетті. Елдегі энергияға сұраныстың өсуін бұл технологияларсыз қамтамасыз ету мүмкін емес», — деді SEIA бас директоры Тим Полента.
Екінші тоқсандағы өсімге негізінен ірі күн электр станциялары әсер етті. Бұл сегментте 9,6 ГВт жаңа қуат іске қосылып, жылдық өсім 61%-ды құрады.
Жоғары көрсеткішке жобаларды 2026 жылғы шілдеде салықтық жеңілдіктердің қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін жедел іске қосу да әсер етті. Сонымен қатар алдағы жылдары іске асырылатын жобалардың едәуір қоры саланың өсуін жалғастыруға мүмкіндік береді.
2026 жылдың бірінші жартыжылдығында күн энергетикасы мен энергия жинақтау жүйелерінің үлесі АҚШ электр желісіне қосылған жаңа қуаттың 70%-ын құрады.
Есеп болжамына сәйкес, АҚШ-тың күн энергетикасы нарығы алдағы бес жылда екі есеге жуық өседі. Wood Mackenzie сарапшыларының бағалауынша, қалыптасқан жобалар портфелі мен салықтық жеңілдіктердің қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін тиісті талаптарға сай келген жобалардың есебінен 2031 жылға дейін жыл сайын шамамен 44 ГВт жаңа қуат іске қосылуы мүмкін.
Сонымен бірге рұқсат алу рәсімдері мен инвестициялық салықтық жеңілдіктер жойылғаннан кейінгі кезеңге бейімделу саланың дамуын тежейтін негізгі факторлардың қатарында қалады.
«Жобалардың тұрақты портфелі және салықтық жеңілдіктерге қатысты талаптарды алдын ала орындаған қуаттарды дамыту 2031 жылға дейін жыл сайын шамамен 44 ГВт қуат енгізуге мүмкіндік береді», — деді Wood Mackenzie аға талдаушысы Кейтлин Коннелли.
Жеке үйлерге арналған күн энергетикасы нарығы тұрғындарға берілетін салықтық жеңілдіктің мерзімі аяқталғаннан кейін қиындықтарға тап болып отыр. Дегенмен сарапшылар бұл сегменттің 2027 жылы қайтадан өсе бастайтынын күтеді. Америкалықтар күн энергетикасын электр энергиясына жұмсалатын шығынды азайту және үйлерді энергиямен қамтудың тұрақтылығын арттыру үшін таңдауды жалғастырып келеді.
Күн энергетикасының өсімі АҚШ-тың барлық өңірінде байқалады. 2024 жылғы президент сайлауында Дональд Трампты қолдаған штаттарға 2026 жылдың алғашқы алты айында іске қосылған күн энергетикасы қуатының 71%-ы тиесілі болды. Жаңа күн энергетикасы нысандарын орнату көлемі бойынша алғашқы ондыққа енген штаттардың сегізі де осы топқа кірді.
Ember: таза энергетика Қытайда қазба отынды ығыстыра бастады
Германияда бұрынғы АЭС аумағында қуаты 254 МВт энергия жинақтау жүйесі салынады
АҚШ-тағы күн энергетикасының қуаты 50 млн-нан астам үйді электрмен қамтуға жетеді
Грузияда Қытай инвесторының қатысуымен 104 МВт жел электр станциясының құрылысы басталды
Молдова ЖЭК жобаларына рұқсат беру тәртібін жеңілдетті
Чернобыль АЭС аумағында қуаты 2 МВт күн электр станциясы іске қосылды
Қырғызстан 2026 жылы 170 МВт-қа жуық жаңа ЖЭК қуатын іске қоспақ
Қазақстан мен SPIC қуаты 1 ГВт жел энергетикасы жобасын іске асыруды талқылады
Тайваньдағы Formosa 6 жел станциясы бизнеске «жасыл» энергия жеткізеді
Rocket Lab ғарыш аппараттарына арналған германийсіз күн элементін сериялық өндіріске шығарды
Masdar Қазақстанда қуаты 1 ГВт жел электр станциясын 2029 жылы пайдалануға беруді жоспарлап отыр
Қазақстанда энергияны жинақтау жүйелері заңы қабылданбақ
Әзербайжанда ЖЭК үлесі 2027 жылдың соңына қарай 34 пайызға жетеді
Еуропада күн энергетикасы рекордты жаңартты, алайда саланың өсу қарқыны бәсеңдеді
Пәкістан күн және жел жобалары үшін аккумуляторлық жүйелерді міндеттеді
Бангладеш әйелдері электрлі тук-туктерге арналған аккумулятор алмастыру станцияларынан табыс тауып отыр
Сиднейдегі конференц-орталықтың төбесіне орнатылған күн электр станциясы жылына 2000 тонна шығарындыларды азайтады
ХЭА: Сұраныс өсіп жатқанда Түркия электр желілері мен энергия сақтау жүйелеріне инвестицияны жеделдетуі керек
Аукцион қорытындысы бойынша Қазақстанда төрт ГЭС жобасы іріктелді
Техаста Equinor-дың АҚШ-тағы ең ірі энергия жинақтау нысаны іске қосылды