Білім және ғылым

Білім және ғылым29.11.2021

TALAN TOWERS - жасыл әлемгe жол тартқан

Қазіргі таңда еліміздегі мегаполистер шынылы ғимараттар мен жарқыраған кеңселерге толы. Ең қуантарлығы, жасыл технологиялармен жабдықталған ғимараттар саны күн санап артып келеді. Сондай ерекше ғимараттардың бірі елордамызға керік беріп тұрған Talan Towers қоғамдық-іскерлік кешені.

БРЕНДКЕ АЙНАЛҒАН ҒИМАРАТ

Talan Towers - астанамыздың сол жағалауындағы «ал­тын шаршыда»бой көтерген әсем кешенді ғимараттардың бірі. Кешеннің маңында «Бәйтерек» монументі, Ақорда Президент резиденциясы, Сенат пен Мәжіліс мекемелері орналасқан. Одан бөлек, мемлекеттік үйымдардың кеңселері, қазақстандық және халықаралық ірі компаниялар, мәдени нысандар,элиталық тұрғын үй кешендері мен заманауи сауда, ойын-сауық орталықтары да қолжетімді ара қашықтықта. Үлкен қаланыңөмірсүрустилі мен динамикасы сәтті үйлесім тапқан Talan Towers кешені Talan Towers Offices халықаралық А санатты бизнес-орталығы, The Ritz-Carlton, Astana 5* люксті қонақ үйі, The Ritz-Carlton Residences, Astana эксклюзивті резиденциялары және Talan Gallery сауда галереясынан тұрады.

Достық, 16 көшесінде бой түзеген Talan Towers кешенінің сәулетін Skidmore, Owings and Merrill америкалық архитектуралық бюросы жасады. Бұл бюро Дубайдағы Burj Khalifa, Нью-Йорктегі Бостандық мұнарасы, Чикагодағы Trump Tower сынды көптеген белгілі архитектуралық нысандардың авторы ретіндетанымал. Жобаны іске асыруға 100-ден астам компания қатысқан. Сондықтан да қалаға келген қонақтарғимараттыңәсемдігі мен ерекше көрінісіне таңдай қағып қарайды..

Towers кешені 120 000 шаршы м. «Модерн» стиліндегі сауда орталығы, апартаменттер, қонақүй мен кеңсе – осының барлығы ең жоғары сапада кешеннің жоғары мәртебесін көрсетеді.

Мәселен, отыз қабатты мұнарада «А» санатты Talan Towers Offices бизнес-орталығы орналасқан. Ал жиырма бес қабатты ғимаратты The Ritz-Carlton Astana қонақ үйі мен The Ritz-Carlton Residences, Astana резиденциялары алып жатыр. Бұл зәулім үйлерді өзара сауда галереясы байланыстырады.

Talan Towers нысаны өте қысқа мерзімде – небәрі төрт жылдың ішінде салынған. Кешен екі кезең бойынша пайдалануға берілді: оның бірі 2016 жылдың қарашасында, ал екіншісі 2017 жылдың наурызында аяқталды.

Ғимараттардың ерекшелігі бағалы материалдардың сәнді әрі талғамға сай қарапайым формаларымен гормониялық үйлесімділігінде. Кешенді безендіруде жоғары сапалы табиғи тастың елуден астам түрі қолданылды.

Ең маңызды архитектуралық шешімдердің бірі қасбеттік материалды таңдау болды. Бұл үшін астананың климаттық жағдайына төзімді, жылулық және дыбыстық тосқауылды қамтамасыз ететін, доломит минералынан тұратын «лаймстоун» тасын Германиядан арнайы алдыртты.

TALAN TOWERS ЕРЕКШЕЛІГІ

Talan Towers жасылдан дыру технологиялары нысанды жобалау кезінде ұйымдастырылған. Мысалы,жасыл шатырлар, энергияны тиімді пайдаланатын лифтілер, энергияны үнемдейтін шыныландыру, кун батареялары, жаңбыр суын қайта пайдалану, электромобил ьдерге арналған қуаттау, велосипедшілергеарналған киім ауыстыратын белмелер мен душтар осының барл ығы Қазақстанда алғаш ретенгізілген.

2018 жылы Та lan Towers экологиялық құрылыс талаптарына жауап беретін ғимараттарға арналған LEED сертификатының алтын деңгейіне қол жеткізді.

LEED (Leadership in Energy and Environmental Design), яғни,«Энергетика жэнеэкологияны жобалау саласындағы көшбасшылық» бұл сапа деңгейін анықтайтын бүкіл әлемге танымал сертификат. Ол экологиялық құрылыс, су ресурстарын тиімді пайдалану, энергияны үнемдеу және ауаны тазарту, экологиялық табиғи материалдарды пайдалану, инновация және дизайн сияқты қатаң талаптарға сай келетін еңсапалы нысандарға ғана беріледі. LEED сертификаты барғимараттар энергияны үнемдеуде, адамның денсаулығын жақсартуда және табиғи ресурстарды тиімді пайдалануда аса жауапкершілік танытады.

Астанамыз секілді Talan Towers өте жас ғимарат болғанымен, өзіндік тарихы мен марапаттары да бар. 2017 жылы Қазақстанның еңүздік жобасы ретінде Аsіа Pacific Property кон курсы н да Mixed Use Development және Mixed Use Architecture санаттары бойынша марапатталды. Сол жылдың қазан айында ОрталықАзия коммерциялық жылжымайтын мүлікапталығы аясында Talan Towers Offices Қазақстандағы «А» санатты үздік бизнес орталығы болып танылды. Ал бірайдан соң кешен Eastern Europe Real Estate Project Award беделді еуропалық премиясының марапатына ие болды.2018 жылы Asia Pacific Property Awards аясында Hotel Interior және Mixed-use Interior санаттары бойынша Қазақстанның үздік жобасы деп бағаланды. Сол жылдың 3 желтоқсанында Asia Pacific Property Awards конкурсының Mixed Use Interior санаты бойынша Азияның ең үздік жобасы атанды.

TALAN TOWERS КЕШЕНIHE ЭКСКУРСИЯ

Алдымен, паркингтен бастайық. Екі деңгейлі 500 көлікке арналған паркингтін, бірінші деңгейі қонақтардың автокөліктеріне арналған, ал екінші деңгейдегі түрақты жалға алушылар мен апартамент иелері пайдалана алады. Ғимараттың барлық бөліктеріне қатысты ыңғайлы орналасқан және оған екі көшеден кіруге болады.

Электромобильдер үшін тегін қуаттаустанцияларымен жабдықталған «жасыл аймақ» көзделген. Р1 деңгейінде Tesla Supercharger 2 қуаттағыш бекетімен жабдықталған. Қонақүйжанындағы көшеде осындай 4 бекет орналасқан.

Паркингтің Р1 деңгейінде душ пен киім ауыстыратын бөлмелер тұтынушының барл ық талаптарына сай жабдықталған. Кез келген адам таңғы веложаттығудан кейін езін ретке келтіріп, кеңседегі жұмысына алаңсыз кірісе берсе болады.

Елорданың салқын ауа-райынан жаурап ішке кірген кезде бизнес-орталықтың жып-жылы холлы күтеді. Холдың дизайны арнайы жарық панельдерімен безендірілген. Қара па йымдылық, лаконизм және талғампаздық, жағы мды музыка, табиғи гүлдердің хош иісі Таіап Towers-тің кіре берісінен бастап сізді таң қалдырады.

Көп функционалды кешен өз жалға алушыларына қандай жайлылық пен мүмкіншіліктер ұсынады?

Talan Towers-қозғалысын да шектеуі бар адамдарға қамқорлықтанытып, қолжетімді жағдай жасаған бірден-бір нысан. Кіріп шығуға ыңғайлы кең есіктер, баспалдақсыз жайлы табалдырықтар, лифтті басқару панелінің төмен орналасуы, арнайы дәретханалар барлығы тұтынушының көңілінен шығатындай жасалған.

Энергияны тұтыну «жасыл» ғимаратты бағалау кезіндегі негізгі критерийлердің бірі екені мәлім. Мұның лифтілерге тікелей қатысы бар. Кешендегі заманауи «ақылды» л ифтілер тек электр қуатын ғана емес(сонымен қатар,өз тұгынушылары мен қонақтарының уақытын үнемдейтінін атап өткен жөн. Лифтті куту уақыты отыз секундтан аспайды.

Бұл әр қабатқа бір тоқтап, жоғары-төменге көтеріліп-түсуге кететін құнды уақытты жоғалтпауға арналып құрылған жүйе. Магнитті картаңызды басқару панеліне қойғанда, өзіңізге қажет қабатқа апару үшін бағдарламаланған лифт кабинасы ашылады.

Көпшілігіміз күн сайын кеңседе кем дегенде тоғыз сағатымызды өткіземіз. Кимараттың, дәліздің, холдың, кеңсенің дизайны, температуралық жағдайы, жарыққа қолжетімділік, акустика, дыбыс оқшаулау және ауа сапасы сияқты факторлар тек еңбек өнімділігіне ғана емес, сонымен қатар қызметкерлердің денсаулығына да әсер ететіні жасырын емес.

Көп жағдайда кеңсе ішіндегі ауа сапасы сыртқа қарағанда әлдеқайда нашар боп жатады. Бұл әр түрлі құрылыс және әрлеу материалдарының, қабырға жабдығының, жиһазда рды ң және құрамында улы заттар болуы мүмкін басқа да заттардың химиялық қоспаларының әсерінен болады.

Ал Talan Towers-тe еркін тынысала аламыз. сүзгі жүйесі ауаны бірнеше рет тазартады, ал хош иістендіргіш жүйе бөлмелерде нәзік хош иісті сезінуге мүмкіндік береді.

Ерекше этап кетер жайт-кешеннің Talan Towers Executive Hub кеңселері, олар 12,22,24, 25-қабаттарда орналасқан. Көгалдандырылған қабырғалар кеңістікті жандандыру үшін және адамдарға тыныштық пен шабыт сыйлау үшін жасалған ең үздік шешім деуге болады. Дәстүрлі баққа қарағанда, мұндай қабырға аз орын алып, суды 80%-ға аз мөлшерде қажет етеді және денсаулыққа айтарлықтай пайда әкеледі. Ауа тазалығын сақтап, кеңсе кеңістігіндегі шу мен дабырды басып, шығармашылықты арттырады және жалға алушылардын, көңіл-күйін көтереді.

Оңтүстік лаунж-аймағында ерекше талғаммен мұқият таңдалынған кітаптардан тұратын кітапхана бар. Кітапхана жаңа идеяларды оятуға, бейресми әңгімелер өрбітуге және жұмыстан бір сәтке демалуға арналған таптырмас орын. Talan Towers Executive Hub кеңселерін жалға алушылар бір қабаттан келесі қабатқа өтіп, кітапхананы, лаундж аймақтарды пайдалана алады.

Talan Towers тек елордамызға ғана емес, бүкіл аймаққа жаңалық әкелді десек, артық айтқанымыз емес. «Жасыл» ғимараттар үғымы бүкіл әлемде жиырма жылдан астам уақыттан бері танымал болса да, біз үшін әлі дежаңа дүние. Сондықтан Talan Towers болашақта осы тұжырымдаманы одан ары қарай дамытуда басқалар үшін стимул болатыны анық.

TALAN TOWERS КЕШЕНІНІҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ

Talan Towers Offices-астананың іскерлік орталығында орналасқан халықаралық деңгейдегі А санатты кеңселер. Lynks Property Management компаниясының кәсіби командасы ұсынатын сервис деңгейі, дамыған инфрақұрылым, күзет қызметі, өрт қауіпсіздігі, заманауи паркинг Talan Towers Offices кеңселерін барлық халықаралық стандарттарға сәйкес келетін бизнес-орталыққа айналдырды.

The Ritz-Carlton, Astana 5* люксті қонақ үйінің терезесінен заманауи астананың панорамалық көрінісін тамашалауға болады. Қонақүй инфрақұрылымы іскерлік кездесулерді, салтанатты және ресми іс-шараларды өткізуге арналған конференц-залдардан, таңдаулы асханасы бар мейрамханалардан, клубтық қонақ бөлмесінен, сондай-ақ ең талғампаз қонақтарды бей-жай қалдырмайтын спа мен фитнес-орталықтан тұрады.

The Ritz-Carlton Residences, Astana - бұл бірегей стилімен, таңдаулы интерьерімен ерекшеленетін 27 сәнді апартамент. Резиденциялардың иелері консьерж қызметінен бастап, жеке резиденттік инфрақұрылымға дейін толығымен өздері пайдалана алады.

TALAN Gallery – бұл Talan Towers кешенінің екі мұнарасын біріктіретін, ауданы 8000 м2 қүрайтын сауда галереясы. Мұнда әлемдегі ең танымал премиум-санатты брендтердің дүкендері орналасқан.

Talan Towers Нұр-Сұлтан қаласына ғана емес, бүкіл өңірге жаңалық енгізді. «Жасыл» ғимараттар ұғымы бүкіл әлемде жиырма жылдан астам уақыттан бері қолданылып келе жатқанына қарамастан, біздің аймаққа әлі де болса да жат. Сондықтан, Talan Towers

-          басқа да ғимараттар «үлгі алып, бой түзейтін» ғимарат.

04.05.2024
Жел турбиналарының «әлемдегі алғашқы» ағаш қалақтары Германияда орнатылды
04.05.2024
АҚШ-та натрий-ионды аккумуляторлардың алғашқы сериялық өндірісі пайда болды
04.05.2024
Ташкент инвестициялық форумында Камбаратин ГЭС-1 құрылысының жобасы ұсынылды
03.05.2024
G7 елдері 2035 жылға қарай көмірден бас тарту туралы келісімге келді
03.05.2024
2032 жылға қарай Тәжікстан ЖЭК-ке толығымен көшуді жоспарлап отыр
03.05.2024
Африкада қалқымалы күн электр станциялары салынуда
02.05.2024
Оңтүстік кореялық компаниялар Астана, Алматы, Павлодар ЖЭО және Топар ГРЭС-ін жаңғыртуды жоспарлап отыр
02.05.2024
Көміртексіздендіру және тұрақты даму «Орталық Азия және Каспийдегі мұнай-газ химиясы және мұнай өңдеу» 11-ші конференциясының басты тақырыбына айналады
01.05.2024
Каспий теңізінің түбімен энергетикалық кабель тарту жобасы: Қазақстан, Әзірбайжан және Өзбекстан Энергетика министрлігінің басшылары меморандумға қол қойды
30.04.2024
Қытайда әлемдегі ең ірі толығымен электрлі контейнер тасушы кеме пайдалануға берілді
30.04.2024
Masdar Грузияда ірі күн электр станциясын салады
30.04.2024
Түркияда ЖЭК үлесі 50%-ға жақындады
29.04.2024
Acwa Power Қазақстанның Каспий маңы аймағында ЖЭК жобасын құрмақ
29.04.2024
Баварияда тік қалқымалы фотоэлектрлік жүйе құрылады
29.04.2024
Латвияда ең ауқымды күн электр станциясы 2 мамырда ашылады
29.04.2024
2024 жылы Жетісуда жаңартылған энергия көздері бағытында 4 жоба іске қосылады
26.04.2024
ЕАЭО-ның энергетикалық перспективалары көміртексіздендіруге ауысуды және климаттық күн тәртібінің басымдығын ескеруі тиіс
26.04.2024
SNSF: Швейцариядан тік жел турбиналары электр энергиясын көбірек өндіруге қабілетті
26.04.2024
ХЭА энергия ауысуын жеделдету үшін аккумуляторлардың арзандауына үміттенеді
26.04.2024
Грузияда қалқымалы күн электр станциясы ашылды