Білім және ғылым

Білім және ғылым16.09.2021

Ең озық қолжетімді технологиялар қағидаттарына көшу - тұрақты дамудың шешуші тренді

«ХЖТИЖО» КЕАҚ Басқарма Төрағасының м.а. Жанар Игенова

«Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы» КЕАҚ (бұдан әрі Орталық) 2018 жылы БҰҰ-ның 70-ші Бас Ассамблеясы барысында айтылған Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасын іс жүзінде іске асыру ретінде «Астана ЭКСПО-2017» көрмесінің инфрақұрылымы мен мұрасы негізінде құрылды.

Орталық қызметінің негізгі нысаны технологиялар мен үздік тәжірибелерді ілгерілету, бизнес пен инвестицияларды дамыту, 2012 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымыныңтүрақты дамужөніндегі конференциясына қатысушы мемлекеттер қабылдаған «Жасыл көпір» әріптестік бағдарламасы шеңберінде халықаралық ынтымақтастықты нығайту арқылы Қазақстанның «жасыл» экономикаға жедел көшуіне жәрдемдесу болып табылады.

Аз уақыт ішінде Орталықты дамытуға және институционалдық нығайтуға бағытталған үлкен жұмыс атқарылды. Сондай-ақ, «жасыл» экономика мәселелерімен айналысатын көптеген ұлттық және халықаралық ұйымдармен және даму институттарымен тығыз байланыс орнатылды. Қазақстан Республикасы Экология, геология жәнетабиғи ресурстар министрлігі Орталық алдына қойған негізгі міндеттердіңбірі Қазақстанның ең озық қолжетімді техникалар (ЕОҚТ) қағидаттарына көшуіне жәрдемдесу болып табылады.

Қазақстан Республикасының2021 жылғы 2 қаңтардағы жаңа Экологиялық кодексіне сәйкес Орталық ең озық қолжетімді техникалар бойынша бюро функцияларын жүзеге асырады.

Орталық Қазақстанның халықаралық тәжірибе негізінде ең озық қолжетімді технологиялар қағидаттарына көшуі жөніндегі тұжырымдама жобасын әзірледі. Бұл ЕОҚТ тұжырымдамасы мемлекеттік органдардың, бизнес-құрылымдардың, азаматтық қоғам мен ғылымныңөзара іс-қимыл тетіктерін сипаттау арқылы Қазақстанның ЕОҚТ қағидаттарына көшуі үшін институционалдық негіздерді қалыптастыруға бағытталды.Аталған құжаттардың негізгі ережелері жаңа Экологиялық кодекстің тұжырымдамасында ескерілді. ЕО елдерінің, Ресеи Федерациясының, Беларусь Республикасының және өзге де елдердің ЕОҚТ көшу тәжірибесі егжей-тегжейлі зерделенді, сондай-ақ «ЕОҚТ: өнеркәсіптік ластанудың алдын алу және бақылау» жобасы шеңберінде ЭЫДҰ-мен, ЕО ЕОҚТ бюросымен (ІРРС), Беларусь Республикасының ОҚТМ бюросымен және т.б. ынтымақтастық орнатылды.

Бұдан басқа, ЕОҚТ бағыты бойынша 2018-2019жылдары Орталық энергетика саласының58 кәсіпорнын ЕОҚТ қағидаттарына көшу мүмкіндігі тұрғысынан зерттеді. Оның ішінде Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі Герман қоғамымен (GIZ) бірлесіп 9 ірі энергия кәсіпорнының ағымдағы жаи-күйіне және олардың ЕОҚТ қағидаттарына көшу мүмкіндігіне бағалау жүргізілді. Кәсіпорындар ресурстарды пайдалану дәрежесі, қоршаған ортаға әсері, шығарындылардың барлық түрлері, соның ішінде парниктік газдар, жабдықтардың тозу деңгейі бойынша сараланды. Халықаралық тәжірибе мысалында балама технологияларды, әдістерді, тәсілдерді бағалау және салыстыру жүргізілді. ЕОҚТ қағидаттарын енгізу бойынша энергетика саласының кәсіпорындары үшін ұсынымдар әзірленді.

Сондаи-ақ, Орталық«жасыл» технологиялар бойынша және «таза болашақ құру» ЕОҚТ боиынша үш халықаралық конференция өткізді, олар ең озық қолжетімді технологияларды енгізу, «жасыл» технологияларды коммерцияландыру және трансферттеу мәселелерін талқылау бойынша ашық әрі сындарлы диалог алаңына айналды.

Осылаиша, Қазақстан Республикасыныңжаңа Экологиялық кодексіне сәикес Орталық ЕОҚТ бюросының функцияларын жүзеге асыра отырып, 2023 жылғы 1 шілдеге дейін ең озық қолжетімді техникаларды қолданудыңбарлықсалалары боиынша ең озық қолжетімді техникалар боиынша анықтамалықтарды әзірлеуді қамтамасыз етеді.

Анықтамалықтар құзыретті органдарға әрбір осындай объектінің техникалық сипаттамаларын, оның географиялық жағдайын және қоршаған ортаның жергілікті жағдаиларын ескере отырып, өнеркәсіп объектілері үшін рұқсат шарттарын белгілеуүшін техникалық негіз береді.

ЕОҚТ бұл талаптарды дәйекті түрде күшейтудің кезеңдік процесі. Цикл экологиялық кодекстің ережелерімен анықталған және 8 жылды құрайды. Анықтамалықтың әрбір келесі нұсқасы алдыңғыға қарағанда барынша ресурс тиімді болуы тиіс, яғни өнімнің сол мөлшерін алу үшін бастапқы шикізатты барынша аз тұтынуды қамтамасыз етуі, сондай-ақ қажетсіз өнімдерді (қалдықтарды) одан әрі қайта өңдеу процестеріне тартуы тиіс.

Ең озық қолжетімді техникалар бойынша анықтамалықтарды әзірлеудің және (немесе) қайта қараудыңбірінші кезеңі кешенді технологиялық аудит (КТА) жүргізу болып табылады. Осыған байланысты Орталық өнеркәсіп объектілерінде КТА жүргізу арқылы деректерді жинау және талдау бойынша ауқымды жұмыс ұйымдастырды. Қазіргі уақытта 82 кәсіпорында КТА аяқталды. КТА, тутастай алғанда, кәсіпорындар мен саланың ағымдағы жай-күйінің объективті көрінісін береді, бул әділ анықтамалықтарды әзірлеуге мүмкіндік береді.

ЕОҚТ бойынша анықтамалықтарды талқылау мен келісудің көп сатылы рәсімі уйымдастырылды. Ашықтық және айқындылық қағидаттарын, мүдделі тараптардың қатысу міндеттілігін қамтамасыз етужәне олардың бәтуаластыққа қол жеткізуі үшін ЕОҚТ бойынша анықтамалықтарды кейіннен әзірлеу жумыс органдарының бірқатар келісу рәсімдерімен сүйемелденеді:

•   техникалық жұмыс топтары;

•   Ең озық қолжетімді техникалар комитеті;

•   жұртшылық.

Қазіргі уақытта ғылыми-академиялық қоғамдастық пен техникалық жұмыс топтарының мүшелері бес анықтамалық әзірлеп, талқылауда:

1. «Энергия өндіру мақсатында ірі қондырғыларда отын жағу».

2. «Мұнай және газды қайта өңдеу».

3. «Бейорганикалықхимиялықзаттар өндірісі».

4. «Цемент және әк өндірісі».

5. «Шаруашылықжәне (немесе) өзге қызметті жүзеге асыру кезіндегі энергетикалық тиімділік».

Бірінші кезеңде анықтамалықтар ЕОҚТ бюросы базасында құрылған техникалық жұмыс топтарының (ТЖТ) отырыстарында талқыланады және келісіледі. Анықтамаларды қалыптастыру үшін 2,6 мыңға жуық ұйым қамтылды, олардың қатарында өнеркәсіптік кәсіпорындар, мемлекеттік органдар, салалықжәне экологиялық қауымдастықтар, ғылыми және жобалау ұйымдары, жоғары оқу орындары бар. Осылайша, техникалық жұмыстоптарының теңдестірілген құрамы қамтамасыз етіліп, мүдделі тараптардың пікірлері мен мүдделерінің тепе-теңдігін қамтамасыз ету үшін кең және ашық талқылау процесне кепілдік берілді.

Бүгінгі күні анықтамалықтарды әзірлеуге жоғарыда аталған ұйымдардан 335 маман тартылды, олар 7 техникалық жұмыс тобына бөлінді. Сондай-ақ ЕОҚТ бойынша анықтамалықтар әзірлеуге 14 халықаралық консультант тартылды. Бұдан басқа, Орталық Еуропалықбюродағы әріптестерінен тұрақты консультациялық қолдау алады.

ТЖТ қызметінің негізгі нысаны ЕОҚТ бойынша анықтамалықтарды әзірлеу мақсаттары үшін қажетті көлемде және мөлшерде отырыс өткізу болып табылады. ТЖТ шешімдері барлық мүшелердің мүдделерін ескере отырып, бәтуаластық негізінде қабылданады. Бәтуаластыққа қол жеткізу мүмкін болмаған кезде шешімдер көзбе-көз немесе сырттай дауыс беруарқылы қабылданады.

Анықтамалықтарды келісусатысы аяқталғаннан кейін ТЖТ отырыстарында анықтамалықтарды арнайы құрылған консультативтік-кеңесші органға ЕОҚТ комитетіне жібереді, оның құрамына қоршаған ортаны қорғау, индустрия және индустриялық даму, энергетика, салық және бюджет саясаты, ғылым, цифрлық даму, агроөнеркәсіптік кешен саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдардың өкілдері, сондай-ақ «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының және Қазақстанның экологиялық ұйымдары қауымдастығының өкілдері кіреді.

ЕОҚТ комитетініңқұрамы мен ережесі бекітілді. Комитет құрамына жоғарыда аталған мемлекеттікоргандар мен қауымдастықтардан 15 сарапшы кірді. Комитетті осындай құрамда қалыптастыру Комитеттің мақсаттары мен міндеттерімен айқындалған: ЕОҚТ бойынша анықтамалықтардың Қазақстан Республикасының «жасыл» экономикаға көшуі жөніндегі мемлекеттік саясатқа сәйкестігін қамтамасыз ету.

Барлықосы кезеңдерден өткеннен кейін анықтамалықтар Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен одан әрі бекіту үшін жіберіледі. Анықтамалықтарды әзірлеу процесі өте күрделі, уақытты қажет ететін және ұзақ мерзімді екенін атап өткен жөн. Айтар болсақ, ЕО елдерінде алғашқы анықтамалықты әзірлеу процесі бес жылдан астам уақытты алды.

ЕОҚТ енгізу процесі ұзақ уақыт бойы тек экологиялық қызметпен байланысты емес, бұл бірқатар экологиялықжәне экономикалық мәселелерді шеше алатын және өнеркәсіптік саясаттыңдамуына ықпал ететін құрал.

«Жасыл» технологиялар нарығын дамыту

бағыты бойынша Орталық «жасыл» Таксономиядағы экономикалық қызметтің әрбір түрі үшін шектер мен «жасыл» жобаларды жіктеуүшін шекті мәндерді анықтау әдістемесінің жобасын әзірледі. Әдістеме нарық қатысушыларының (қаржы институттары, қоғамдық ұйымдар, мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар, бизнес) кәсіпкерлердің «жасыл» Таксономия өлшем шарттарына сәйкес «жасыл» жоба бойынша қаржылық қолдау алуы, оның ішінде «Бизнестің жол картасы» бағдарламасы шеңберінде қаржыландыру алуы кезіндегі өзара іс-қимылын айқындайды. Әдістеме жобасы Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігіне келісуге жолданды.

Ғылыми-академиялық қоғамдастық, ірі өндірістік секторлар, мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар өкілдерін, ҚР Парламенті Мәжілісі мен Сенатының депутаттарын біріктіру жөніндегі жұмыс шеңберінде, елдің«жасыл» дамуы саласындағы сараптамалық пікірлер мен ұсынымдарды ілгерілету мақсатында орталық жанынан ғылыми-техникалық кеңес құрылды, оның құрамына «жасыл» экономиканың негізгі бағыттары бойынша ондаған ғалымдар мен сарапшылар тартылды.

Бұдан басқа, Орталық«жасыл» технологиялар мен жабдықтарды отандық өндірушілер мен жеткізушілердің тізілімін қалыптастыру бойынша белсенді жұмыс жүргізуде. Оны құрудың негізгі мақсаты тиімді әрі экологиялық технологиялар мен инновациялар көмегімен «жасыл» экономикаға көшуге жәрдемдесу болып табылады. Тізілім «жасыл» жобаларды іске асыру кезінде шешімдерді таңдау мен қабылдауды жеңілдетеді және энергетикалық, ауыл шаруашылығы,тұрғын үй-коммуналдық және экономиканың басқа да секторларындағы экологиялық проблемаларды шешу үшін «жасыл» технологиялар нарығының барлық қатысушыларын байланыстыруға мүмкіндік береді.

Тізілім энергия және ресурстиімділігі стандарттарына сәйкес келетін, сондай-ақ қоршаған ортаны жақсартуға ықпал ететін технологиялар мен жабдықтарды өндірумен және/немесе жеткізумен айналысатын қазақстандық компаниялардың тізбесі түрінде келеді.

Қазіргі уақытта тізілімге 38ұйым кірді, олардыңжартысы «жасыл» технологиялар мен жабдықтарды өндірумен және жеткізумен айналысады; 12 ұйым тек өндірушілер және 7 ұйым тек жеткізушілер болып табылады.

Әзірленген тізілім Орталықтыңсайтында жарияланды және одан әрі тізілімді толықтыру үшін деректерді жинау, сондай-ақ оны жүйелі өзектендіру тұрақты негізде жалғастырылады.

Білім беру платформасын дамытужәне «жасыл» өсу идеяларын насихаттау мақсатында 2020 жылы ҒТР және ҒТК кеңсесі базасында GREEN WEBINAR платформасын кұруарқылы онлайн-жоба басталды. Платформа өзін ең өзекті мәселелер мен өзекті тақырыптарды ашу кезінде тікелей пікірталастар жасауға мүмкіндік беретін кең аудиториясы бар тиімді ақпараттық-білім беру алаңы ретінде көрсете алды. Қазіргі уақытта GREEN WEBINAR активінде 13 сәтті вебинар бар, олар 90-нан астам түрлі ұйымдардан 2000-нан астам адам жинады.

Халықаралықұйымдармен жұмыс және бірлескен жобаларды іске асыру шеңберінде Орталық төмен көміртекті жобаларды ($10 млн. дейін) іске асыруға ЖКҚ қаражатын тарту мақсатында «Жасыл климаттық қордың» (ЖКҚ) аккредиттеуін алу мәселесі бойынша жоспарлы жұмыс жүргізуде.

Бүгінгі күні Орталыіқаккредиттеуге өтінім мен барлыіқ қажетті құжаттарды берді. Аккредиттеу жөніндегі мәселелерді одан әрі пысықтау жалғастырылады және 2022 жыілға қарай ЖКҚ-мен Орталықты аккредиттеу жөніндегі келісімге қол қою жоспарлануда.

Сонымен қатар, халықаралық көздерден қаражат тарту үшін ЖКҚ-мен Қазақстан Республикасының Реабіпе55-2ЖКҚ қаржыландыруына дайындығын қолдау бағдарламасын іске асыруға гранттық қаражат алу бойынша жұмыс жүргізілуде.

Осыі бағдарламаны іске асыруға арналған жобалық ұсынысқа мынадай нәтижелерге әкелетін бірқатар іс-шаралар енгізілді:

-   жетілдірілген елдік бағдарлама;

-тиімді үйлестіру тетігін құру;

-   кем дегенде екі номинацияланған ұйымды аккредиттеу;

-   жеке сектор мен қаржылық реттеушілердің жобаларға салынған инвестициялар және «жасыіл» қаржыландыру мүмкіндіктері туралы хабардарлығын арттыру.

Ақпан айында Орталық Readiness-2 бағдарламасын іске асыру бойынша қаржылық әлеует пен басқару әлеуетінің толық сәйкестігі және іске асыру бойынша серіктес, яғни бағдарламаның бас орындаушысы болып тағайындалғаны туралы растау алды.

Сондай-ақ ЮНИДО агенттігі арқылы жаһандық экологиялық қормен жұмысжүргізілуде. Осылайша, қазақстанда шоб үшін таза технологиялар саласындағы жаһандық инновациялар бағдарламасының (GCIP Kazakhstan) жобасын іске асыру жоспарлануда. Жобатағы он елде іске асыружоспарланған негізгі ортақ жоба шеңберінде жүзеге асырылады. Жобаның мақсаты шағын және орта кәсіпорындар мен стартаптар үшін тұрақты инновациялықэкожүйелерді құру үшін салааралық және көпжақты тәсіл арқылы таза/«жасыл» технологиялардағы инновацияларға жәрдемдесу.

Жоғарыда аталған қыізмет бағыттары негізгі болып табылады, бірақжалғыз бағыт емес. Орталыіқ өз алдына «жасыл» экономикаға көшудің ұлттыіқ мақсаттарын іске асыруға жәрдемдесу бойынша бірқатар басқа да өршіл міндеттерді қояды. Орталық«жасыл» нарықтың барлық қатысушыларын жақын болашақта Қазақстан Республикасының тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшін белсенді ынтымақтастық пен күш-жігерді біріктіруге шақырады.



01.05.2024
Каспий теңізінің түбімен энергетикалық кабель тарту жобасы: Қазақстан, Әзірбайжан және Өзбекстан Энергетика министрлігінің басшылары меморандумға қол қойды
30.04.2024
Қытайда әлемдегі ең ірі толығымен электрлі контейнер тасушы кеме пайдалануға берілді
30.04.2024
Masdar Грузияда ірі күн электр станциясын салады
30.04.2024
Түркияда ЖЭК үлесі 50%-ға жақындады
29.04.2024
Acwa Power Қазақстанның Каспий маңы аймағында ЖЭК жобасын құрмақ
29.04.2024
Баварияда тік қалқымалы фотоэлектрлік жүйе құрылады
29.04.2024
Латвияда ең ауқымды күн электр станциясы 2 мамырда ашылады
29.04.2024
2024 жылы Жетісуда жаңартылған энергия көздері бағытында 4 жоба іске қосылады
26.04.2024
ЕАЭО-ның энергетикалық перспективалары көміртексіздендіруге ауысуды және климаттық күн тәртібінің басымдығын ескеруі тиіс
26.04.2024
SNSF: Швейцариядан тік жел турбиналары электр энергиясын көбірек өндіруге қабілетті
26.04.2024
ХЭА энергия ауысуын жеделдету үшін аккумуляторлардың арзандауына үміттенеді
26.04.2024
Грузияда қалқымалы күн электр станциясы ашылды
25.04.2024
Латвияда үлгілік емес жылыту шешімі бар үйлер пайдалануға берілді
25.04.2024
Ғалымдар қайта өңделетін материалдардан қалақтарды 3D басып шығаруды әзірлеуде
25.04.2024
Қытайда теңіз КЭС құрылысына рұқсат етілген теңіз аймақтары анықталды
24.04.2024
1 миллионға жуық американдық отбасы күн батареясынан қуат алады
24.04.2024
Мәжіліс жаңартылатын энергия көздеріне қатысты заңды қабылдады
23.04.2024
Вильнюс қаласында Литвада өндірілген алғашқы күн батареясы ұсынылды
23.04.2024
Айнұр Соспанова: Екіжақты шарттар нарығының жұмысын реттейтін нақты ережелер қажет
23.04.2024
ГЭС, ЖЭС құрылысына ЖЭК аукциондық сауда-саттығына қатысушылардың тізіліміне енгізу үшін құжаттарды қабылдау басталды