Білім және ғылым

Білім және ғылым20.04.2021

АЭжБУ даңқты дәстүрлерін жалғастыра отырып

Расим Нигматуллин, «ЖЭК және энергия үнемдеу» зертханасының меңгерушісі, техника ғылымдарының кандидаты, доцент

Қазақстанда қазбалы отынның маңызды қорлары бар, олардың үлесі жалпы

Хәлемдік қорлардың шамамен 4%-ын құрайды. Сондықтан энергетика секторы Қазақстан экономикасының неғұрлым дамыған секторларының бірі болып табылады. Сонымен қатар, біздің елде күн энергиясы, жел энергиясы, гидроэнергетика және қалпына келтірілетін биомасса қорлары түрінде жаңартылатын энергияның айтарлықтай ресурстары бар екенін атап өткен жөн.

Біздің республикамыздың көп бөлігінде жылына 300 күн ашық күн жарқырайды, ал жарық ағынының қуаты жер бетінің шаршы метріне орташа есеппен 1000 ВТ құрайды. Осыған байланысты, Қазақстан күн энергиясын пайдалану үшін әлемдегі ең қолайлы елдердіңбірі ретінде қарастырылады.

Өзінің географиялықорналасуы бойынша Қазақстан солтүстік жартышарда орналасқан. Оның аумағының едәуір бөлігінде, негізінен, солтүстік-шығыс, оңтүстік-батыс бағыттарында ауа ағындары айтарлықтай күшті. Желдің орташа жылдық жылдамдығы 6 м/с шамасынан асады, бұл аудандарды жел энергиясын дамыту үшін тартымды етеді. Сарапшылардың бағалауы бойынша, біздің республикамыздың күн энергиясының әлеуеті шамамен жылына 1500-1600 квт.сағ/м2 құрайды, ал жел әлеуеті жылына 1820 млрд. квт*сағ. шамасында бағаланады.

Қазақстанда ЖЭК дамуының қайнар көзі және АЭжБУ

Қазақстанда жаңартылатын энергияны дамытудың маңызды күнін атап өту қажет2009 жылғы 4 шілде. Дәл осы күні алғаш рет «Жаңартылатынэнергия көздерін пайдалануды қолдау туралы» ҚР Заңы қабылданды және елімізде ЖЭК секторының қарышты дамуы басталды.

Астанада өткен Экспо-2017 көрмесі Қазақстан Республикасының энергетика саласын дамытудың энергетикалық секторды көміртексіздендіруге және «жасыл» технологияларды дамытуға бағытталған жаңа бағытын айқындады.

Жаңартылатын энергия көздеріне біртіндеп көшудің әлемдік үрдісіне сүйене отырып, АЭжБУ осы бағытты дамыту бойынша өзінің ғылыми-білім беруәлеуетін ақырын ұлғайтуда. Осылайша, 2018 жылы АЭжБУ күн мен жел энергиясын игеру бойынша «Tetra Tech Қазақстан» басқаруындағы жобаның базалық оқуорталығы болған ОрталықАзия өңіріндегі алғашқы жоғары оқу орны болды. «Tetra Tech Қазақстан» жоғары оқу орнында өз өкілдігін ашты және семинар мен оқыту курстарын өткізуге көмектесті, шағын күн және жел станциялары үшін жиынтық жабдық пен лицензиялық бағдарламалық қамтамасыз етуді сатып алуға материалдық көмек көрсетті.

ЖЭК бойынша білім беру бағдарламасы

2020 жылы Электрмен жабдықтау және ЖЭК кафедрасының қызметкерлері (А.М. Солтанаев, К.Т. Тергемес, Н.Н.Арыстанов, Р.М. Нигматуллин) серіктес кәсіпорындармен бірлесіп бакалаврлар мен магистранттар үшін «Жаңартылатын энергетиканың заманауи және инновациялық технологиялары» пилоттық білім беру бағдарламасын әзірледі, ол бойынша осы жылы алғашқы студенттер оқуын бастады. Бұл білім беру бағдарламасы елімізде жасыл энергетика үшін ҚР-да және одан тысжерлерде дамып келе жатқан энергетика саласының қажеттіліктерінің кең спектрі үшін қажетті тиісті дағдыларға ие кадрлық ресурстарды дайындауға арналған. Осы салада арнайы білімі бар мамандарды даярлау таза және қолжетімді энергетикалық технологияларды елдің энергетикалық кешеніне интеграциялау үшін өте өзекті.Жаңа бағдарламаның болашақ түлектері күн энергиясын электр және жылу энергиясына, параметрлерді есептеумен жәнетехнологиялық процестерді реттеу схемаларымен күн электр және жылумен жабдықтау жүйелеріне түрлендіру қағидаларын білетін болады. Олар қондырғыларды монтаждауды, реттеуді және пайдалануды түсінеді. Студенттерді практикалық оқытуүшін «Үздіксіз қоректендіру жүйесі бар күн фотоэлектрлік жүйе»,автономды режимде және желіде жұмыс істейтін қондырғылардың физикалық үлгілері тәрізді жаңа оқу-зертханалық қондырғылар пайдаланылады.

ҚР энергетика секторы үшін талап етілетін инженерлік кадрларды даярлаудың мемлекеттік саясатын толық қолдай отырып, Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті 2020 жылдың қазан айында USAID-пен бірлесіп, ЖЭКЭ кафедрасының зертханалық базасында «Жаңартылатын энергия көздері және энергия үнемдеу» оқу-зерттеу зертханасын ашты.

Оқу-зерттеу зертханасының (ОЗЗ) ашылуы жұмыс істеп тұрған шағын күн және жел станцияларында студенттерге, магистранттарға және докторанттарға өздерінің біліктілігі мен инженерлік дайындық деңгейін арттыруға, серіктес компаниялардың білім беру ресурстары мен ғылыми зерттеулеріне қол жеткізуге мүмкіндікбереді, сондай-ақ оқытушыларға тәжірибе алмасуға және ЖЭК бойынша жаңа білім беру бағдарламасы бойынша оқыту деңгейін арттыруға мүмкіндік береді.

«ЖЭК және энергия үнемдеу» ОЗЗ құру жаңартылатын, «жасыл» энергетика объектілерін монтаждау, баптау және пайдалану бойынша сұранысқа ие; даярланған мамандарды шығаруға, сондай-ақ магистранттардың, докторанттар мен оқытушылардың біліктілікдеңгейін тиісті жаңа индустриялық және технологиялық болмысқа дейін арттыруға мүмкіндік береді, онда энергияны өндіру мен тұтынудың технологиялық процестерін автоматтандырудың рөлі бірінші жоспарға шығарылады.

ЖЭК пайдалануға байланысты бағыттарды одан әрі дамыту мақсатында АЭжБУ жанынан «Жаңартылатын энергетика» полигонын құру жоспарлануда. Бұл полигон бакалавриат студенттерін оқыту үшін және жаңа білім беру бағдарламасы бойынша ғылыми-педагогикалық және бейіндік бағыттағы магистранттардың диссертациялары бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстары үшін пайдаланылады. Полигонда 10 кВт шатырлы күн электр станциясы (КЭС), 5+4 кВт жел-күн аралас станциясы, жел жағдайын мониторингтеу үшін когерентті доплерлік лидар және басқа да заманауи жабдық пайдаланылады.

ЖЭК пайдалануға байланысты бағыттарды одан әрі дамыту мақсатында АЭжБУ жанынан «Жаңартылатын энергетика» полигонын құру жоспарлануда.

ҚР-да ЖЭК-тің алғашқы жобаларын әзірлеудегі АЭжБУ тәжірибесі

АЭжБУ энергетикалық сектор үшін техникалық мамандарды даярлаудың қазақстандық жүйесінің флагманы ретінде ҚР ұлттық және трансұлттық компаниялары үшін мамандарды жүйелі даярлау тұрғысынан әрқашан ұзақ мерзімді міндеттер қояды. Соңғы 20 жылда Алматы энергетикалық институтының (қазіргі АЭжБУ) негізін қалаушы және бірінші ректоры Альберт Васильевич Болотовтың басшылығымен ЭКЭЖ кафедрасында (қазіргі ЖЭКЭ) ЖЭС құрылысының бірнеше маңызды жобалары сәтті жүзегеасырылды. Мысалы,Алматы облысыныңТалғар асуында қуаты 40 кВтЖЭС, сондай-ақ Қызылорда облысының Жаңақорған қаласы ауданында қуаты 10 кВт ЖЭС салынды. Төменде кафедрада орындалған жобалардың қысқаша сипаттамасы берілген:


1993 жылы ҚР патенттерін алуға өтінімдер берілді

«Бони» виндроторлы электр станциясы.

Шұралы генератор.

Авторлары:

Болотов Альберт Васильевич,

Новокшенов Владимир Степанович, Бакенов Қайрат Асанғалиұлы


АЭжБУ түлектері Қазақстанда ғана емес, сондай-ақ Ресейде, Еуропалық Одақ елдерінде,АҚШ,Ұлыбритания, Канада, Израильде жұмысқа орналасады. Біз, осы жоғары оку орнының алғашқы түлектері, өзуниверситетіміздіңтабысты дамуының даңқты дәстүрлерін жалғастыра отырып, студенттеріміздің, магистранттарымыз бен докторанттарымыздыңжасжәне дарынды ұрпағына өзіміздіңбай тәжірибеміз бен жинақтаған білімімізді бере отырып, болашаққа сеніммен қараймыз.

Альберт Васильевич Болотов

(15.09.1934-24.01.2021) Алма-Ата қазақстандық ғалым және өнертапқыш, Алма-Ата энергетикалық институтының бірінші ректоры.Альберт Васильевич бірегей жел роторлы турбинасының өнертапқышы, Қазақстандағы жел энергиясы көздерін алғашқы құрушы, 400-ден астам ғылыми мақала мен 106 өнер табысқа авторлық куәліктің авторы. Оның кетуімен Қазақстанныңғылыми-инженерлік қоғамдастығы орны толмас шығынға ұшырады. «Қазақстан кун энергетикасы қауымдастығы» ЗТБ Альберт Васильевичтің туған-туыстары мен жақындарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтады.

06.05.2024
Шымкенттің кәріз ағындарын қалай электр энергиясына түрлендіреді
06.05.2024
Eurostar 2030 жылға қарай барлық пойыздарды ЖЭК-ке ауыстыруға ниетті
06.05.2024
Ресейде нанотехнологиялардың көмегімен күн батареялары жетілдірілді
04.05.2024
Жел турбиналарының «әлемдегі алғашқы» ағаш қалақтары Германияда орнатылды
04.05.2024
АҚШ-та натрий-ионды аккумуляторлардың алғашқы сериялық өндірісі пайда болды
04.05.2024
Ташкент инвестициялық форумында Камбаратин ГЭС-1 құрылысының жобасы ұсынылды
03.05.2024
G7 елдері 2035 жылға қарай көмірден бас тарту туралы келісімге келді
03.05.2024
2032 жылға қарай Тәжікстан ЖЭК-ке толығымен көшуді жоспарлап отыр
03.05.2024
Африкада қалқымалы күн электр станциялары салынуда
02.05.2024
Оңтүстік кореялық компаниялар Астана, Алматы, Павлодар ЖЭО және Топар ГРЭС-ін жаңғыртуды жоспарлап отыр
02.05.2024
Көміртексіздендіру және тұрақты даму «Орталық Азия және Каспийдегі мұнай-газ химиясы және мұнай өңдеу» 11-ші конференциясының басты тақырыбына айналады
01.05.2024
Каспий теңізінің түбімен энергетикалық кабель тарту жобасы: Қазақстан, Әзірбайжан және Өзбекстан Энергетика министрлігінің басшылары меморандумға қол қойды
30.04.2024
Қытайда әлемдегі ең ірі толығымен электрлі контейнер тасушы кеме пайдалануға берілді
30.04.2024
Masdar Грузияда ірі күн электр станциясын салады
30.04.2024
Түркияда ЖЭК үлесі 50%-ға жақындады
29.04.2024
Acwa Power Қазақстанның Каспий маңы аймағында ЖЭК жобасын құрмақ
29.04.2024
Баварияда тік қалқымалы фотоэлектрлік жүйе құрылады
29.04.2024
Латвияда ең ауқымды күн электр станциясы 2 мамырда ашылады
29.04.2024
2024 жылы Жетісуда жаңартылған энергия көздері бағытында 4 жоба іске қосылады
26.04.2024
ЕАЭО-ның энергетикалық перспективалары көміртексіздендіруге ауысуды және климаттық күн тәртібінің басымдығын ескеруі тиіс