Білім және ғылым

Білім және ғылым22.12.2021

Қазақстан-Неміс университеті көміртегі бейтараптығына ауысу үшін кадрлар даярлайды: Қазақстанның ЖЭК объектілері бойынша жас мамандардың экспедициясы

Климаттық күн тәртібі энергетика саласының дамуымен тығыз байланысты. Климаттың өзгеру салдарымен күреске жәрдемдесу үшін мемлекеттер энергетикалық секторды трансформациялауды қоса алғанда, бірқатар өршіл климаттық мақсаттарды қабылдайды және бекітеді. Қазақстан мәлімделген энергетикалық және климаттық мақсаттарға қол жеткізуге, оның ішінде ЖЭК-ті дамытуға және энергетика секторын көміртексіздендіруді қолдауға бейілділігін әрдайым көрсетіп келеді. Біз неғұрлым тұрақты энергетикаға көшу үшін кезек күттірмейтін іс-қимылды талап ететін жаңа шындықтың басталуын айқын түсінеміз.

Мәлімет үшін, 2021 жылғы 31 қазанда Глазгода Климаттың өзгеруі жөніндегі БҰҰ конференциясы – Климаттың өзгеруі туралы БҰҰ негіздемелік конвенциясы тараптары конференциясының 26-сессиясы басталды. 2021 жылғы 1 қарашада осы конференцияда сөйлеген сөзінде ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин парниктік газдар шығарындыларын азайту жөніндегі Париж келісімі шеңберінде өзінің халықаралық міндеттемелерін орындау үшін Қазақстан 2030 жылға қарай парниктік газдар эмиссияларын 15%-ға төмендетуге ниетті екенін; жаңартылатын энергия көздерінен алынатын энергия көлемін 15%-ға дейін және экологиялық таза көздерден 38%-ға дейін арттыруды мақсат тұтатынын; көмір өндіру үлесін 70%-дан 40%-ға дейін азайтуды, 2025 жылға қарай 2 млрд. астам ағаш отырғызу арқылы көмірқышқыл газын сіңіру әлеуетін арттыруды жоспалап отырғанын; жаңа Экологиялық кодекс қабылданғанын және жақын арада 2060 жылға дейін көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша міндеттемелерді орындау үшін стратегиялық құжат әзірлеуді аяқтайтынын атап өтті. Көміртегі бейтараптығына көшу тұрақты энергияға жол ашады.

Экономиканы көміртексіздендіру, экономиканың барлық салаларының энергия тиімділігін арттыру, көміртекті ұстау мен сақтау технологиялары және басқа да инновациялар, электрлендіру, ЖЭК және экологиялық таза көздерді жаппай пайдалану, су, жер және жалпы табиғи ресурстарды тиімді басқару және мамандардың әлеуетін арттыру жөніндегі кешенді шаралардың арқасында Қазақстан осы бағыттағы мақсаттарына жетеді.

Бұдан басқа, Қазақстан Орталық Азиядағы тұрақты даму жөніндегі күш-жігерді біріктіру үшін өңірлік климаттық хаб ретінде әрекет етуге дайын. Бұл орталық жасыл қаржыландыруды тартуға, технологиялар, инновациялар трансфертіне және өңірде білім алмасуға ықпал етеді. Глазгодағы саммитте Қазақстан ормандарды қорғау және жерді пайдалану жөніндегі декларацияны және жастарды оқыту мен тартуға қатысты міндеттемені қабылдағанын атап өту маңызды. Осы жоғары мақсаттарға қол жеткізу жолында біздің іс-шараларымыз бен жинақталған тәжірибеміз студенттер мен жас мамандарды тартуға, ЖЭК саласындағы стратегиялық менеджмент және энергия тиімділігі, күн, гидро және жел генерациясын энергетикалық жүйелерге интеграциялау үшін халықаралық деңгейдегі кадрлар даярлауға, сондай-ақ Қазақстан мен Орталық Азиядағы ЖЭК нарығын талдауды ескере отырып, қажетті оқыту бағдарламалары мен практикалық экспедицияларды дамытуға ықпал ететініне сенімдіміз.

Бүкіл әлемдегі жаңартылатын энергетика секторы пандемия кезінде де жоғары өсу қарқынын көрсетті, бірақ бұл әлі де жеткіліксіз. PwC Kazakhstan компаниясының «Қазақстандағы ЖЭК нарығы: әлеует, сын-қатерлер мен перспективалар» зерттеуінің нәтижелеріне сәйкес, бірінші шептің сәтті орындалғанына және Қазақстанда ЖЭК өсімі 2020 жылы электр энергиясын өндіруде 3%-ды құрағанына қарамастан, респонденттер ЖЭК-тің ағымдағы дамуын ескере отырып, заңнамалық базаны одан әрі пысықтау, теңгерімдеуші қуаттардың жетіспеушілігі және белгіленген тарифтердің бәсекеге қабілетсіздігі, инвесторлардың қаржылық тәуекелдері, қымбат жинақтаушы технологиялар, микрогенерацияны дамыту үшін ынталандырудың жеткіліксіздігі, объектілерді пайдалану және ЖЭК-ті елдің біртұтас электр энергетикалық жүйесіне қосу процесінде көрінетін басқа да проблемалар тәрізді бірқатар сын-тегеуріндерді белгіледі. Сондай-ақ, жаңартылатын энергия көздері мен баламалы энергия көздерінің тақырыбы мен танымалдылығы соңғы онжылдықта қаншалықты дамығанын, сондай-ақ электр энергиясын өндіру шығындарының азаюын байқауға болады. Бұл қолда бар мамандардың әлеуетін арттыруда және жаңа кадрларды оқытуда бірінші дәрежелі маңыздылықты білдіреді.

Практикада алынған білімнен артық не болуы мүмкін? Біздің жағдайда, Қазақстанда жаңартылатын энергия көздерін пайдаланудың үздік тәжірибелерін зерттеу үшін ЖЭК объектілеріне «Renewable Energy Trip 2021» (бұдан әрі - RE Trip 2021) білім беру экспедициясы кезінде алынған. Бұл халықаралық және өңірлік серіктестердің, мемлекеттік және жеке меншік мекемелердің қолдауымен Қазақстан-Неміс университеті (DKU) ұйымдастырған төртінші сапар екенін атап өткіміз келеді. Биылғы жылы DKU осы экспедицияны Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігімен бірлесіп және АҚШ-тың Халықаралық даму жөніндегі агенттігінің (USAID) «Орталық Азия энергетикасы» (Power Central Asia), Орталық Азияның өңірлік экологиялық орталығы жобасының қолдауымен жүзеге асырды, оған «Qazaq Green» қауымдастығы айтарлықтай жәрдем көрсетті.

Сапардың негізгі мақсаты Қазақстандағы жаңартылатын энергетика объектілеріне бару болды, бұл қатысушыларға іс жүзінде күн, жел және су электр станцияларын зерттеуге, олардың техникалық және технологиялық ерекшеліктерін жақсы түсінуге, ЖЭК бойынша үздік практикалардың кейстерін дайындауға және станциялардағы басшылықпен әрі жетекші инженерлермен, сондай-ақ экспедиция қатысушылары - ОА елдерінің мамандарымен ақпараттық кездесулер шеңберінде жаңа ЖЭК енгізу үшін қазіргі сын-қатерлер мен мүмкіндіктерді талқылауға мүмкіндік берді.

Конкурсқа Орталық Азиядан 140-тан астам өтінім қатысты. Мұқият іріктеу нәтижесінде комиссия мүшелері «Жаңартылатын энергетика және энергия тиімділігінің стратегиялық менеджменті» (бұдан әрі - SMREEE) DKU білім беру бағдарламасының магистранттарын қоса алғанда, Орталық Азияның 4 елінен (Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан) 16 жеңімпазды таңдады. Іріктеудің басты критерийлері - ЖЭК саласындағы білім мен тәжірибе және сапар нәтижелерін дипломдық жұмыстарды, диссертациялар мен ғылыми жұмыстарды жазу үшін одан әрі қолдану. Экспедиция DKU қызметкерлері Алексей Кобзев пен Дана Жүнісованың басқаруымен және сүйемелдеуімен өтті.

«Теориясыз практика практикасыз теориядан гөрі құнды» деп мәлімдеген Рим шешені және педогогы Квинтилианмен белгілі бір дәрежеде келісуге болады. Маңгерілген теорияны қолдану арқылы жаңадан бастаушы және практика жүргізуші мамандар өздерінің практикалық білімдерін жан-жақты байытып, менеджерлермен, инженерлермен және пікірлестермен талқылауға түсе алды.

Бағдар екі бөлімнен тұрды: Қазақстан бойынша оңтүстік және солтүстік бағыт. Қазақстанның оңтүстігінде «Nurgisa 100 MW Solar Park» КЭС, Меркі ГЭС-1 және 2, «Бурное Солар 1 және 2» КЭС-ке бару кірді. Қазақстан бойынша экспедицияның солтүстік бөлігі «Нұра» КЭС, «Саран» КЭС,Ерейментау қаласы жанындағы бірінші ЖЭС, ЖЭК полигонын және «NURIS» ЖМ тәжірибелік алаңын, сондай-ақ «Астана EXPO-2017» ЖЭС және Нұр-Сұлтан қаласындағы нөлдік энерготұтынуы бар «Алланың гүлі» мешітін аралаудан тұрды.

Экспедицияның басында - 4 қазанда Қапшағай қаласы маңында қуаты 100 МВт «Nurgisa 100 MW Solar Park» күн электр станциясына бара отырып, Қазақстанда жаңартылатын энергетиканы дамытуды қолдаудың экономикалық тетіктеріне (мемлекет пен халықаралық ұйымдардың рөлі) арналған дөңгелек үстел өтті. Бұл станциядағы энергия өндірісі 2020 жылы 160 123 774,800 кВт/сағ құрады, сондай-ақ КЭС атмосфераға СО2 шығарындыларын жылына 150 мың тоннаға шартты түрде қысқартады. Барлығы 330 Вт қуаты бар 303 048 поликремнийлі күн панелі орнатылды. Бұл нысанда күн және жел энергетикасын дамытуда Сингапур мен Қытайдың тәжірибесі қолданылады, өйткені жобаны сингапурлық Eneverse Kunkuat PTE LTD еншілес кәсіпорны жүзеге асырады. Бұл компания жаңартылатын энергия бойынша бес жобаны іске асыруды жоспарлап отыр: 2 КЭС және 3 ЖЭС.

Келесі күні қатысушылар Меркі ГЭС-1 және ГЭС-2-де болды. Шағын ГЭС Жамбыл облысындағы Меркі өзенінде орналасқан. Шағын (0,5 МВт және 1,5 МВт), бірақ ауылға қажетті электр көздері. Электр энергиясының нарықтық бағаларға жақын құны, шығындар өтелімділігінің шағын мерзімдері және қоршаған ортаға болмашы әсер ететін шағын ГЭС-ті дамытуға инвестициялар тартуға қабілетті.

Еліміздің тарихындағы ең алғашқы КЭС - «Бурное Солар» қатысушыларды желді ауа-райымен қарсы алды, ал станция өкілдері объектіні пайдаланған 6 жыл ішінде жинаған тәжірибелері мен білімдерімен бөлісіп, қатысушылардың барлық сұрақтарына жауап берді. КЭС-те фотоэлектрлік модульдердің екі түрі қолданылады: монокристалды (Германия «Solar World» өндірісі) және поликристалды (ҚХР «JINKO Solar» өндірісі). Жалпы қуаты - 100 МВт. Осы КЭС елдің оңтүстік энергия тапшы ауданында электр энергиясын өндіруді ұлғайтуға елеулі үлес қосуда.

Шабыттанған жас және тәжірибелі мамандар экспедицияны жалғастырып, Нұр-Сұлтан қаласына ұшып келді және Ақмола облысындағы «Нұра» КЭС-те сапармен болды. Бұл - ресейлік және шетелдік жабдықты пайдалана отырып, толық цикл қағидаты бойынша іске асырылған, қуаттылығы 100 МВт «Хевел» КТ алғашқы шетелдік жобасы. Мұнда қатысушылар күн бақылауының кешенді жүйелері (бір осьті трекерлер), артқы жағының есебінен қосымша энергия өндіруді және тұрақты токты күн модульдерінен айнымалыға түрлендіру және WiFi желісі арқылы процесті басқару үшін «ақылды» инверторларды пайдалануды қамтамасыз ететін ресейлік өндірістің гетероқұрылымдық екіжақты күн модульдері сияқты қолданыстағы инновациялық технологиялар туралы толығырақ білді.

Экспедиция бағдарындағы келесі нүкте Қарағанды облысындағы «Саран» КЭС-і болды. Бұл нысанды Германия, Словакия және Чехиядан келген сарапшылар мен инвесторлардың халықаралық тобы жүзеге асырды. «SES Saran» ЖШС Бас директоры Евгений Гребенников қатысушыларды қошеметтеп, ҚР-дағы қолданыстағы заңнамалық база, елдегі ең қуатты КЭС-тің тарихы мен құрылысы, жергілікті жерге жүргізілген талдау және осындай жобалардың өзін-өзі ақтауы және жаңартылатын энергетика саласында мамандық таңдаудың өзектілігі туралы әңгімеледі. КЭС белгіленген қуаты - 100 МВт. Нысанда инновациялық технологиялар - glass-glass технологиясының күн панельдері, қоршау бойындағы «Кедергі» жүйесі қолданылады. Сондай-ақ, компания Саран қаласы мен адам капиталының дамуына өз үлесін қосуда. Айта кету керек, Schneider Electric шығарған инверторлық станциялар бұзылу орындарын автоматты түрде анықтап, қоймадағы бөлшектердің қолжетімділігін тексеріп, оларға өздігінен тапсырыс бере алатын «ақылды» шешімдерді пайдалана отырып қолданылады. Өндірілген электр энергиясы жалпы желіге беріледі және сол арқылы электр энергиясының тапшылығын азайтады. Жылдық электр энергиясын өндіру шамамен 160 млн. кВт*сағ құрайды.

Міне, Ерейментау қаласының маңындағы «Алғашқы ЖЭС» кезегі келді. Ерейментау жел электр станциясының қуаты - 45 МВт, электр энергиясын өндіру көлемі 2020 жылы 159 млн. кВт*сағ құрады. Жел паркі алаңында Fuhrlaender Wind Technology (Германия) өндірісінің әрқайсысының қуаты 2,05 МВт 22 жел энергетикалық қондырғысы орнатылды. Жел паркі парниктік газдардың азаюына айтарлықтай әсер етеді, инженерлік-техникалық персонал жергілікті мамандардан тұрады, 300 МВт-қа дейін кеңейту жоспарлануда және станция сарапшылардың пікірінше ең қолайлы жерде орналасқан.

                                                              

Сапардың келесі нүктесі «NURIS» ЖМ жаңартылатын энергия көздері полигоны болды. Бұл - ЖЭК және энергия тиімділігі саласындағы инновациялар үшін жастар мен барлық ниет білдірушілер үшін жақсы орын. Мұнда фотоэлектрлік панельдер, күн коллекторлары, гибридті жел генераторлары, жер асты жылу сорғысының жұмысын бақылауға, сондай-ақ жаңартылатын энергия көздеріне негізделген автономды энергиямен қамтамасыз етілген Shell Yurt энергияны үнемдейтін үйін тамашалауға болады.

«Астана EXPO - 2017» ЖЭС барлығы үшін қызықты пікірталаспен және дамыған инфрақұрылымымен есте қалды. Ақмола облысының Қостомар ауылындағы қуаты 100 МВт ЖЭС құрылысын Vestas (Дания) өндірген 29 жел электр қондырғысымен «ЦАТЭК Green Energy» ЖШС іске асырды. Айта кету керек, барлық орнатылған жел генераторлары аймақтың суық климаттық жағдайларына бейімделген, сонымен қатар бұл турбиналар ұлттық энергетикалық жүйеге ең жақсы интеграцияға ықпал ететін және толық көлемді конвертер жүйесіне ие толық циклді түрлендіргішті пайдаланады. Қатысушыларға әкімшілік-диспетчерлік кешен және жел станциясының аумағы бойынша егжей-тегжейлі экскурсия жүргізілді.

Соңында қатысушылар Нұр-Сұлтан қаласындағы «Алланың гүлі - Цветок Всевышнего» нөлдік энерготұтынуы бар әлемдегі алғашқы мешітке барды. Мешіттің бірегейлігі - бұл жерде толығымен жаңартылатын энергия көздері пайдаланылады. Оны күн панельдері қоршайды, олардың жалпы ауданы 1,2 мың шаршы метрді құрайды. Олар электр энергиясын береді, ал барлық артықшылықтар қалаға сатылуы мүмкін.

Қатысушылардың пікірлері:

Ақпараттық сапар ҚР аумағындағы қолданыстағы ЖЭК объектілерін талдауға және Орталық Азиядан ЖЭК саласындағы сарапшылармен одан әрі ынтымақтастыққа ықпал ететін халықаралық байланыстарды иеленуге мүмкіндік берді. Қырғызстанның тұрақты дамуы үшін жасыл энергетикаға бағыт алған көрші республиканың тәжірибесін қабылдау өте маңызды.

-        Білім беру сапарына қатысу, ең алдымен, қызығушылық танытатын адамдармен, өз саласының маманы болып келетін адамдармен танысуға, сөйлесуге, идеялармен алмасуға мүмкіндік берді. Екіншіден, мәдени алмасу, Орта Азияның түрлі елдерінен келген қатысушылардың ой-пікірлерімен бөлісу мен үшін проблемалардың ортақ екенін (климаттың өзгеруі) және бірлескен жұмыс бәрімізді осы мәселені шешуге жақындататындығын нақты көрсетті. Үшіншіден, сапар мен үшін кәсіби жағынан да, өмірлік жағынан да ұмытылмас тәжірибе берді.

-        ЖЭК саласындағы кәсіби ой-өрісті кеңейтіп қана қоймай, Орталық Азия елдерінің түрлі салаларындағы жас мамандармен танысу мүмкіндігін беретін танымдық және қызықты сапар. RETrip2021 арқасында бүкіл Қазақстан бойынша ЖЭК нысандарына бару, оларды жобалау, салу, монтаждау және пайдалану кезінде алынған пайдалы кеңестерді тыңдау мүмкін болды. Сондай-ақ нақты практикадағы бар проблемаларды және оларды шешу жолдарын білдік, бұл жасыл энергетика саласында кең білім, жаңа идеялар мен шабыт береді. Кәсіби ұйымдастырушылардың басшылығымен осы сапар барлық қатысушыларды біртұтас командаға біріктірді, бұл одан әрі кәсіби ынтымақтастық пен достық қарым-қатынасқа жаңа серпін берді.

-        Мен үшін осы білім беру сапарына қатысу ЖЭК дамыту және ілгерілету саласындағы өз тәжірибем мен дағдыларымды арттыруға мүмкіндік берді, өйткені оның мақсаты Қазақстанда бар жасыл технологиялар негізінде жұмыс істейтін объектілермен нақты және практикалық танысу болып табылады. Қазақстан Республикасының ЖЭК негізінде электр энергетикалық жүйелерді енгізу және пайдалану бойынша үлкен тәжірибесі бар (Қазақстанда ЖЭК есебінен электр энергиясын өндірудің жиынтық көлемі 1.5 ГВт-тан асады), бұл болашақта түрлі деңгейдегі ынтымақтастық арқылы қабылдауға және мен алған тәжірибені елімізде енгізуге мүмкіндік береді. Болашақта мен жасыл технологиялар саласындағы халықаралық компаниялармен, әлемдік көшбасшылармен, атап айтқанда Тәжікстандағы ЖЭК есебінен электр энергиясын өндіру үлесін арттыру үшін Қазақстанмен ынтымақтастықты дамытуды мақсат тұтамын.

 Renewable Energy Trip мамандар мен білім алушылардың құзыреттерін дамытуға, энергия тиімділігі, ЖЭК және баламалы энергия көздері саласында біліктілікті арттыруға және білімді таратуға ықпал ететініне сенімдіміз. Келесі жылы үлкен электр станцияларын, соның ішінде Қазақстаннан тыс жерлерде қосуды және сапар бағдарламасын сутегі энергетикасын, гидроаккумуляторлық станцияларды, электр көлігін дамытуға арналған құрылымды қоса алғанда, энергияны өндіру мен депозиттеудің жаңа нысандары мен тәсілдерін талқылаумен байытуды жоспарлап отырмыз.

Дана Жүнісова

 

 

04.05.2024
Жел турбиналарының «әлемдегі алғашқы» ағаш қалақтары Германияда орнатылды
04.05.2024
АҚШ-та натрий-ионды аккумуляторлардың алғашқы сериялық өндірісі пайда болды
04.05.2024
Ташкент инвестициялық форумында Камбаратин ГЭС-1 құрылысының жобасы ұсынылды
03.05.2024
G7 елдері 2035 жылға қарай көмірден бас тарту туралы келісімге келді
03.05.2024
2032 жылға қарай Тәжікстан ЖЭК-ке толығымен көшуді жоспарлап отыр
03.05.2024
Африкада қалқымалы күн электр станциялары салынуда
02.05.2024
Оңтүстік кореялық компаниялар Астана, Алматы, Павлодар ЖЭО және Топар ГРЭС-ін жаңғыртуды жоспарлап отыр
02.05.2024
Көміртексіздендіру және тұрақты даму «Орталық Азия және Каспийдегі мұнай-газ химиясы және мұнай өңдеу» 11-ші конференциясының басты тақырыбына айналады
01.05.2024
Каспий теңізінің түбімен энергетикалық кабель тарту жобасы: Қазақстан, Әзірбайжан және Өзбекстан Энергетика министрлігінің басшылары меморандумға қол қойды
30.04.2024
Қытайда әлемдегі ең ірі толығымен электрлі контейнер тасушы кеме пайдалануға берілді
30.04.2024
Masdar Грузияда ірі күн электр станциясын салады
30.04.2024
Түркияда ЖЭК үлесі 50%-ға жақындады
29.04.2024
Acwa Power Қазақстанның Каспий маңы аймағында ЖЭК жобасын құрмақ
29.04.2024
Баварияда тік қалқымалы фотоэлектрлік жүйе құрылады
29.04.2024
Латвияда ең ауқымды күн электр станциясы 2 мамырда ашылады
29.04.2024
2024 жылы Жетісуда жаңартылған энергия көздері бағытында 4 жоба іске қосылады
26.04.2024
ЕАЭО-ның энергетикалық перспективалары көміртексіздендіруге ауысуды және климаттық күн тәртібінің басымдығын ескеруі тиіс
26.04.2024
SNSF: Швейцариядан тік жел турбиналары электр энергиясын көбірек өндіруге қабілетті
26.04.2024
ХЭА энергия ауысуын жеделдету үшін аккумуляторлардың арзандауына үміттенеді
26.04.2024
Грузияда қалқымалы күн электр станциясы ашылды