Экологиялық саясат

Экологиялық саясат06.06.2023

Көміртегі бейтараптығы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 23 ақпандағы Жарлығымен Қазақстан Республикасының 2060 жылға дейінгі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу стратегиясы бекітілді. 2020 жылғы желтоқсанда Қазақстан Климаттық амбициялар саммитінде жаһандық температураның 1,5-2°C-ден астам өсуіне жол бермеу туралы Париж келісімі бойынша міндеттемелерін растай отырып, 2060 жылға қарай көміртегі бейтараптығына қол жеткізудің жаңа мақсаты туралы жариялады. Осылайша, бұған дейін ҚР Үкіметі Қазақстанның 2050 жылға дейінгі төмен көміртекті даму тұжырымдамасымен жұмыс істегенін назарға ала отырып, құжаттармен жұмыс бірнеше жыл бойы жүргізілді. Стратегия қозғаған электр энергетикасы мен ЖЭК дамуының негізгі аспектілерін көрсетуге тырысайық.

Қазақстан Республикасының 2060 жылға дейінгі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу стратегиясы жаһандық климаттық трендтерді ескере отырып және тиісті халықаралық міндеттемелерді орындау үшін әзірленді. Стратегия әл-ауқатты, тұрақты экономикалық өсуді және әділ әлеуметтік прогресті қамтамасыз ету үшін экономиканы дәйекті трансформациялау жөніндегі жалпыұлттық тәсілдерді, мемлекеттік саясаттың стратегиялық бағытын айқындайды және мемлекеттік саясаттардың дәйектілігі мен үйлестірілуін қамтамасыз ету үшін қабылданады.

Қазақстан Париж келісіміне 2016 жылғы 2 тамызда қол қойып, оны 2016 жылғы 6 желтоқсанда ратификациялады. 2015 жылғы қыркүйекте Париж келісіміне ресми қол қойылғанға дейін Қазақстан БҰҰ-ның мынадай мақсаттарға қол жеткізуді көздейтін Климаттың өзгеруі туралы негіздемелік конвенциясы шеңберінде өзінің ҰДАС (ұлттық деңгейде анықталатын салымдар) ұсына отырып, өзінің мақсатына адалдығын көрсетті:

-       1990 жылмен салыстырғанда 2030 жылғы желтоқсанға қарай ПГ шығарындыларын сөзсіз 15%-ға азайту;

-       қосымша халықаралық инвестициялар, төмен көміртекті технологияларды беру тетігіне, Жасыл климаттық қор қаражатына және өтпелі экономикасы бар елдер үшін икемді тетікке қол жеткізу шартымен 1990 жылмен салыстырғанда 2030 жылғы желтоқсанға қарай ПГ шығарындыларын шартты түрде 25%-ға қысқарту.

Ұлттық ПГ шығарындыларының құрылымында жалпы үлесі 99,5%-дан асатын үш ПГ басым:

-       ПГ шығарындыларының 81,6%-ы негізінен органикалық отынды жағу кезінде, сондай-ақ егістік егіншілікте бөлінетін көмірқышқыл газымен (СО2) ұсынылған;

-       12,4 %-ы - негізінен ет, сүт, жүн және тері өндіру үшін отынды өндіру, тасымалдау, тиеу/сақтау, органикалық қалдықтардың биоыдырауы және жануарларды өсіру процестерінде бөлінетін метан (СН4);

-       5,6 %-ы - азот тотығы (N2O).

ПГ қалған түрлері атмосфераға өндірістік процестер арқылы енеді.

Қазақстандағы ПГ шығарындыларының ең көп үлесі «Энергетика» секторына қатысты (ұлттық нетто-эмиссиялардан 77,6%), одан кейін ұлттық шығарындыларға салымның маңыздылығы бойынша 11,6% үлесі бар «Ауыл шаруашылығы» секторы жүреді және одан әрі төмендеу бойынша: «Өнеркәсіптік процестер және өнімдерді пайдалану» (бұдан әрі - ӨПӨП) (6,3 %), «Жер пайдалану, жер пайдаланудағы өзгерістер және орман шаруашылығы» (бұдан әрі - ЖПЖПӨОШ) (2,4 %) және «Қалдықтар» (2,1 %).

Стратегияда бастапқы энергия өндіруден (өндіру секторынан) парниктік газдар шығарындылары барлық ПГ шығарындыларынан 16,6% (58,3 млн тонна СО2-баламасы) құрайтыны атап өтілді.  Оның ішінде 8,1 пайыздық тармақ ұшпа шығарындылар болып табылады, 6,7 пайыздық тармақ көмір өндіруден ұшпа шығарындылармен жабылады (2020 жылы 23,7 млн тонна СО2-баламасы).

Энергияға деген түпкілікті сұраныс өнеркәсіпте, көлікте, ауыл шаруашылығында, сондай-ақ тұрғын және тұрғын емес ғимараттарда отынды тікелей жағудан; электр және жылу энергиясын пайдаланудан тұрады. Ел ішінде пайдаланылған отын-энергетикалық ресурстар құрылымында (150,7 млн тонна мұнай баламасы) мұнай мен мұнай өнімдеріне - 41 %, көмір мен көмір өңдеу өнімдеріне - 29,4 %, табиғи газға, оның ішінде сығылған газға (мотор отынына) - 7,6%, электр энергиясына - 16,2%, жылу энергиясына - 5,8% келеді.

Пайдаланылған отын-энергетикалық ресурстардың құрылымында көмір мен көмірді қайта өңдеу өнімдері 29,4%-ды (салыстырмалы энергетикалық өлшем бірліктерінде) құраса да, көмірдің ұлттық нетто-эмиссияларға қосқан үлесі 55,7%-дан асады. Сондықтан қазақстандық экономиканы көмірге тәуелділіктен кезең-кезеңімен шығару төмен көміртекті даму және 2060 жылға дейін көміртегі бейтараптығына қол жеткізу үшін маңызды.

2020 жылы елдің электр станциялары мен жылу станциялары (қазандықтар) 108,1 млрд кВтсағ электр және 91,2 млн Гкал жылу энергиясын өндірді. Сектордың ПГ ұлттық нетто-эмиссияларына қосқан үлесі 31,6% немесе 110,9 млн тонна СО2-баламасын құрады.

2020 жылы көмірді жағу негізінде электр энергиясының 68,9%-ы және жылу энергиясының 99%-ы өндірілді. Табиғи газда электр энергиясының 20%-ы, мазутта - 0,05%-ы өндірілді. Су электр станциялары электр энергиясының 8,8%-ын өндірді. Жел электр станциялары, күн электр станциялары және биогаз қондырғылары өндірілген электр энергиясының 2,2%-ын берді (шағын ГЭС-ті ескере отырып, үлес 3,0%-ды құрады).

Көптеген электр станциялары ескірген технологиялармен жұмыс істейді, олардың қызмет ету мерзімі асып кетті. 2020 жылы Қазақстанда 179 электр станциясы болды: 68 жылу электр станциясы (бұдан әрі - ЖЭС) (28 көмір, 38 газ, 2 мазут), оның 41-і жылу электр орталықтары (бұдан әрі - ЖЭО); 51 ГЭС (оның 45-і - қуаты 35 МВт дейінгі шағын ГЭС), 28 ЖЭС, 31 КЭС және 1 БГҚ. Көмір электр станцияларының орташа жасы 55 жыл, газ электр станциялары - 40 жыл, ГЭС - 56 жыл құрады. Орнатылған генераторлық қуаттардың шамамен 39%-ы 40 жастан асқан және 64%-ы 30 жастан асқан.

Электр энергиясын да, жылуды да тарату жүйелері тозған, бұл энергияны бөлу кезінде жоғары шығындарға әкеледі (кейбір аймақтардағы электр энергиясының жалпы шығынының 35%-ына дейін) және сектордан ПГ шығарындыларын арттыратын факторлардың бірі болып табылады.

Сондықтан Қазақстанда 2060 жылға дейін төмен көміртекті даму және көміртегі бейтараптығына қол жеткізу энергетикалық жүйенің терең трансформациясын талап етеді және үш негізгі элементтен тұрады:

      1) бастапқы энергиямен қамтамасыз етуді көміртексіздендіру;

      2) электр және жылу энергиясын өндіруді көміртексіздендіру;

      3) ғимараттарда, көлікте және өнеркәсіпте энергияны көміртексіздендіру және жоғары тиімді түпкілікті пайдалану.

Энергетика секторындағы ПГ шығарындыларының ең үлкен қысқаруына неғұрлым тұрақты энергия көздеріне қарай жылжу арқылы қол жеткізіледі: қазба отындарының көлемін біртіндеп азайту, қазба отындарын тікелей жағудың орнына электр мен жылуды пайдалануға көшу арқылы. Энергетикалық секторды көміртексіздендіру табиғи газды аралық отын ретінде пайдалануды талап етеді және ол үшін жаңа газ кен орындарын анықтау бойынша геологиялық барлау жұмыстары жүргізілетін болады. Баламалы және жаңартылатын энергия көздері көміртексіздендіру процесінде белсенді дамиды.

Энергия тиімділігін арттыру және экономиканың барлық секторларында төмен көміртекті технологияларға көшу бастапқы энергия жеткізілімдерінде елеулі өзгерістер туғызады.

Төмен көміртекті даму және 2060 жылғы көміртекті бейтарап жүйе келесі түрлендірулерді ұсынады:

1) көмірді баламалы және жаңартылатын энергия көздерімен кезең-кезеңімен алмастыру;

2) экономиканың барлық секторларында энергия тұтынуды электрлендіру арқылы түпкілікті тұтыну құрылымында қазбалы отынды жағуды ең төменгі деңгейге дейіне ығыстыру;

3) электрлендіру қиын немесе мүмкін болмайтын процестерде сутекті, биоотынды және синтетикалық төмен көміртекті отынды пайдалануға көшу;

4) көміртекті ұстау және сақтау технологияларын қолдану.

Төмен көміртекті даму және көміртегі бейтараптығына қол жеткізу үшін 2060 жылға дейін ЖЭК және баламалы энергия үлесін ұлғайта отырып, көмір генерациясының үлесін кезең-кезеңімен жоспарлы төмендету, сондай-ақ табиғи газды аралық отын ретінде пайдалану жүргізілетін болады. Қуат құрылымына тұрақты энергия көзі ретінде атом электр станциялары кіреді, сондықтан атом энергетикасын дамыту бойынша ұзақ мерзімді пайым әзірленеді.

ЖЭК-те және баламалы көздерде электр энергиясын өндіру үлесінің өсуіне байланысты маневрлік генерациялау көздерін қосымша енгізу қажет. Осыған байланысты күн және жел генерациясын дамыту бойынша ұзақ мерзімді көзқарас әзірленеді.

Орта және ұзақ мерзімді кезеңде жеткілікті су ресурстарының болуы бойынша белгісіздік бар, сондықтан гидроэнергетиканы дамыту жөнінде ұзақ мерзімді көзқарас қалыптастырылатын болады.

Орташа және ұзақ мерзімді перспективада ПГ ұстау үшін көміртекті ұстау және сақтау технологиясын пайдалану күтілуде. Осыған байланысты ағымдағы пайдалану мерзімі 30 жылдан асатын көмір қуаттарын пайдаланудан шығару және 2035 жылдан кейін жұмысын жалғастыратын блоктар үшін көміртекті ұстау мен сақтау технологиясын енгізу жөніндегі пайым әзірленеді. Бұл ретте шығарылатын көмір қуаттарына энергетика саласындағы «жасыл» жобаларды іске асыруға басым құқық беріледі.

Сонымен қатар, қолданыстағы көмір қуатын газдандыру шығарындыларды азайтуға өз үлесін қоса алады.

Орталықтандырылған жылу энергиясын өндіру көмірден табиғи газға ауысу, геотермалдық энергия (жылу сорғылары) және биоотын түріндегі жаңартылатын энергияны пайдалану арқылы көміртексіздендіріледі. Орталықтандырылмаған (жеке) автономды жылумен жабдықтау жүйелері технологиялық өзгерістердің негізгі мақсаты болады. Орта және ұзақ мерзімді кезеңде күн энергиясы есебінен геотермалдық энергия мен ыстық сумен жабдықтау белсенді дамуға ие болады, сондықтан оларды дамыту жөніндегі пайым әзірленеді.

Сонымен қатар, шағын ауқымды ЖЭК-ті дамытуды ынталандыру, «ақылды» электр энергетикасын дамыту, сондай-ақ электр энергиясы мен жылу энергиясын өндіру секторын көміртексіздендіру бойынша басқа да тәсілдер қолданылады.

Бүгінгі таңда электр энергиясы мен жылу өндірісінде көмір генерациясы басым позицияны сақтайды, бірақ төмен көміртекті даму және көміртегі бейтараптығына қол жеткізу үшін 2060 жылға дейін көмір генерациясының үлесін кезең-кезеңімен жоспарлы төмендету көзделеді.

ЖЭК дамуы табысты көміртексіздендіру негізгі шарты болады. Осылайша, жел, оның сапасы мен елдегі қолжетімділігін ескере отырып, ерте кезеңдерде дамудың негізгі ресурсына айналады, ал күн энергиясы КЭС-ке инвестициялардың құны айтарлықтай төмендеген кейінгі кезеңде негізгі технологияға айналады.

Ұзақ мерзімді перспективада ЖЭК пайдалану электр энергиясын үнемдеу жүйелерімен сүйемелденетін болады, бұл электр энергиясын ұсынуды реттеуге және ЖЭК-ті энергия жүйесіне тиімдірек біріктіруге мүмкіндік береді.

Қазақстан Республикасының 2060 жылға дейінгі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу стратегиясы экономиканы әртараптандыру және оның технологиялық серпілісі стратегиясы бола отырып, елдің әлеуметтік-экономикалық саясатын жаңарту кезеңінде жаңа ұзақ мерзімді стратегиялық құжатқа айналуы тиіс.

02.10.2024
Ғалымдар жылыту және ауабаптау күн панелін жасады
02.10.2024
АҚШ-та геотермалдық энергияның рекордтық өндірісіне қол жеткізілді
02.10.2024
АҚШ үкіметі қуаты 2,8 ГВт теңіз ЖЭС салу және пайдалану жоспарын бекітті
02.10.2024
Бизнеске арналған оқыту: GIZ Қазақстанда ЖЭК бойынша семинарлар өткізеді
01.10.2024
IRENA: Әлемде ЖЭК саласындағы жұмыс орындарының саны 16,2 млн-ға жетті
01.10.2024
Тайланд үй шаруашылықтарынан көбірек күн энергиясын сатып алады
01.10.2024
Өзбекстанда электр энергиясын тұтыну жылына 7-8%-ға өсуде
01.10.2024
Дағыстанда ірі КЭС салынады
30.09.2024
Қазақстандық құс етін өндіруші күн энергиясына көшуде
30.09.2024
Аукцион қорытындысы: Қызылорда облысында қуаты 20 МВт КЭС салынады
27.09.2024
Қытай сермерлерде әлемдегі ең үлкен энергияны сақтау жүйесін іске қосты
27.09.2024
Кіріктірілген фотохимиялық аккумуляторы бар күн панелі таныстырылды
27.09.2024
IRENA: Күн және жел энергиясы қазба отынына қарағанда тиімдірек болды
26.09.2024
Швейцарияда әлемдегі ең үлкен 500 МВт редокс-батарея салынады
26.09.2024
Польшада 500 млн долларлық ЖЭС салынады
26.09.2024
Қытайлық компания Қазақстанда қуаты 1 ГВт КЭС салу жобасын іске асыруда
26.09.2024
Әзірбайжан 2030 жылдан бастап ЕО-ға өзінің «жасыл» энергиясының үштен екісін экспорттауға дайын
25.09.2024
КЭС құрылысы бойынша баға 58%-ға төмендеді
25.09.2024
ХЭА: 2030 жылға қарай әлемдік жаңартылатын энергияны үш есеге арттыру мақсаты қол жеткізерлік
25.09.2024
Шағын көлемді ЖЭК иелері артық электр энергиясын қалай сатады: қағидалар жаңартылды