Экологиялық саясат07.05.2022
I-REC - Қазақстанда ЖЭК қолдаудың жаңа құралы!

Қазақстандық «ECOJER» қауымдастығы I-REC халықаралық ұйымының эмитенті болды. Бұл отандық ЖЭК объектілеріне өндірілетін энергияны сертификаттау есебінен қосымша табыс алуға, ал кәсіпорындарға тұрақты даму қағидаттарын іс жүзінде енгізуге мүмкіндік береді.
I-REC дегеніміз не?
The International REC Foundation ұйымы (I-REC Standard) - жасыл атрибуттарды қадағалау үшін сенімді халықаралық стандартты ұсынатын коммерциялық емес ұйым. I-REC стандарты парниктік газ хаттамасы (Greenhouse Gas Protocol немесе GHGP), Carbon Disclosure Project (CDP) және RE100 тәрізді негізгі есеп беру жүйелерінің сенімді және тексерілетін бақылау құралдарының негізі ретінде танылады. Тиісінше, I-REC сертификаттары осы стандарт негізінде шығарылады.
I-REC веб-сайтына сілтеме: https://www.irecstandard.org/#/
I-REC сертификаты электр энергиясының белгілі бір мөлшері жаңартылатын энергия көздерін қолдану арқылы өндірілгенін растайды. Сертификат 1 МВт*сағ таза электр энергиясымен, электр станциясының географиялық орналасуымен және электр энергиясын өндірудің уақытша аралығымен байланыстырылған. Айта кету керек, электр станциясы белгілі бір уақыт аралығында сертификаттарды екі рет шығара алмайды. I-REC стандарты жасыл сертификаттарды екі рет есепке алу мүмкіндігін қоспағанда, I-REC бірыңғай тізілімін қолдану арқылы сертификаттардың шығарылуы мен өтелуін бақылаудың жоғары деңгейін қамтамасыз ететін бірқатар ережелер мен озық тәжірибелерден тұрады.
Тізілім бүкіл әлемнің пайдаланушылары тіркелетін Интернет-ресурсты (веб-сайтты) білдіреді. Тізілім сертификаттарға, генераторларға, шығарушы ұйымдарға және т.б. қатысты көлемді ақпаратты сақтайды. Сертификатты шығару орны, жаңартылатын энергия түрі (күн, жел, гидро, био және т.б.), таңдалған уақыт кезеңі, өндірілген электр энергиясының мөлшері, сертификаттарды шығарған және өтеген ұйымдардың байланыс деректері ескеріледі. Тізілімнің арқасында жеке таңдалған елде де, бүкіл әлемде де статистика мен сертификаттар шығарылымының есебін енгізуге болады.
I-REC жүйесі 19 аккредиттелген ұйымы бар 51 елде қатысады. 2021 жылдың желтоқсан айында I-REC сертификаттарының жалпы шығарылымы 63 ТВт*сағ құрады. Жалпы, сертификаттарды шығару және сату жергілікті аймақта жүзеге асырылады. Алайда, бірқатар ерекшеліктерді ескере отырып, сертификаттарды елдер арасында беру жоққа шығарылмайды.
Сертификаттың өзі екі беттен тұратын PDF файл болып табылады, онда: өндірілген сертификатталған электр энергиясының саны (1 сертификат = 1 МВт*сағ), электр генераторының байланыс деректері, өндіру кезеңі, ЖЭК түрі және т.б. көрсетіледі. Генераторлар тек нақты өндірілген жаңартылатын электр энергиясы үшін, шамамен 12 өткен ай үшін сертификаттар шығара алады.
I-REC сертификаттарын қандай да бір компанияның қолдануы толығымен ерікті болып табылады.
I-REC жүйесінің қатысушылары үш түрге бөлінеді:
1) Тіркелуші - жаңартылатын электр энергиясының генераторы.
2) Нарық қатысушысы - I-REC сертификаттарын ұстайтын немесе сататын кез келген тұлға.
3) Шығарушы ұйым - өндіруші компаниялар мен электр станцияларын тізілімде тіркейтін I-REC аккредиттеген ұйым. Қазақстан Республикасында ECOJER қауымдастығы осындай болып табылады (https://ecojer.kz/).
I-REC сертификаттарын шығару үшін жаңартылатын электр генераторы (тіркелуші) келесі кезеңдерден өтеді:
1. ECOJER қауымдастығымен келісім жасасу;
2. Электр станциясын тіркеу;
3. Сертификаттарды шығару.
1-кезең. ECOJER қауымдастығымен келісім жасасу
ECOJER қауымдастығы әлеуетті тіркелушінің өтінімі бойынша оған үлгілік «Сертификаттарды шығарудың стандартты шарттары туралы келісімді» жібереді.
Шарттармен келіскен жағдайда тіркелуші қол қойылған келісімнің сканерін қажетті құжаттардың қосымшаларымен бірге жібереді.
Бірнеше күн ішінде I-REC тіркелушіге I-REC бірыңғай тізіліміне қолжетімділік үшін қажетті ақпаратты жібереді: логин және құпия сөз.
Тізілімнің жеке кабинетіне қол жеткізгеннен кейін, ECOJER мен тіркелуші арасында электр станциясын тіркеу және сертификаттарды шығару мәселелері бойынша одан әрі құжат айналымы тізілімді мына мекенжай бойынша пайдалану арқылы жүзеге асырылады: https://evident.app/.
2-кезең. Электр станциясын тіркеу
Тізілімнің жеке кабинетіне қол жеткізгеннен кейін тіркелуші өзінің электр станциясын (станцияларын) тіркеуге өтінім қалдыра алады.
3-кезең. Сертификаттарды шығару
Сертификаттар белгілі бір уақыт аралығында тіркелген электр станциясының өндірілген электр энергиясының бірлігіне (бір сертификатқа МВт*сағ) шығарылады. Мысалы, 2022 жылдың 31 мамырына дейін сертификаттарды келесі мерзімге шығаруға болады:
2021 жылғы қаңтар – 2022 жылғы мамыр. 2022 жылғы 1 маусымнан 30 қыркүйекке дейін, 2021 жылғы шілде – 2022 жылғы қыркүйек аралығында шығарылуы мүмкін. 2022 жылдың қазан айынан бастап 2021 жылдың кез елген кезеңінде сертификаттар шығару мүмкін емес. Сертификаттарды шығаруға өтінім берудің соңғы күндері туралы төмендегі кестені қараңыз (соңғы күндер жыл сайын бекітіледі).
Кесте: 2022 жылға арналған I-REC анықтаған сертификаттарды шығаруға өтінім берудің соңғы күндері.
|
Өндірістік ай, X жыл |
Шығарылымның соңғы күні, X жыл+1 |
|
Қаңтар - Маусым |
31 мамыр |
|
Шілде - Желтоқсан |
30 қыркүйек |
I-REC сертификаттарын сату процесі
Сертификаттарды сатудың екі тәсілі бар: 1) сатып алушымен екіжақты шарт жасасу арқылы; 2) делдалдардың (трейдерлердің/брокерлердің) қолдауымен.
Егер сертификаттарды шығару үшін «тіркелушінің» аккаунты пайдаланылса, сертификаттарды өтеу үшін – «нарық қатысушысының» аккаунты пайдаланылады. Соңғысын, әдетте, трейдерлер/брокерлер немесе сатып алушылар сатып алады. Кейбір жағдайларда генераторлық компаниялар соңғы бенефициарға сертификаттарды сату бойынша қызметтердің толық спектрін ұсыну мүмкіндігін алу үшін «нарық қатысушысының» шотын сатып алады. Бұл ретте, түпкі бенефициардың тізілімде аккаунтты сатып алу қажеттілігі жоқ.
Сертификаттарды өтеу кезінде нарыққа қатысушы соңғы бенефициардың байланыстарын көрсететін нысанды толтырады. Осылайша, сертификаттарды сату немесе сатып алу үшін бірнеше нұсқа бар. Сертификаттың бағасы нарықпен анықталады.
Сертификаттарды қолдану
Жалпы, сертификаттарға сұраныс ESG қағидаттарын қолдана отырып, экологиялық ізін азайту бойынша ерікті міндеттемелерді қабылдаған ірі/халықаралық компаниялар арасында туындайды.
Жалпы, шығарындыларды есептеудің халықаралық стандарттары шығарындылар көлемін 3 салаға (Scope) бөледі. Мұнда Scope 1 тікелей шығарындыларды анықтайды, Scope 2 жанама шығарындыларды анықтайды, Scope 3 барлық басқа жанама шығарындыларды, соның ішінде аутсорсингтік келісімшарттардың, жалдаудың, франшизалардың және т.б. шығарындыларын анықтайды.
I-REC сертификаттары парниктік газдар шығарындыларын тікелей азайтуды емес, жасыл электр энергиясын өндіруді растайтындықтан, олар Scope 2 аясында қолданылады.
Халықаралық сауда саласында I-REC сертификаттарын қолданудың таяудағы кейсін қарау ұсынылады. 2021 жылдың ақпан айында Emirates Global Aluminium компаниясы BMW Group-та күн энергиясымен өндірілген 40 000 тонна алюминийді сатуды жариялады. Күн энергиясын Dubai Electricity and Water Authority және Mohammed bin Rashid Al Maktoum Solar Parkқамтамасыз етті. Өндіріс кезінде 560 000 МВт*сағ күн энергиясы тұтынылды, оған I-REC сертификаттары шығарылды. Осыған байланысты алюминийдің экологиялық құндылығын ескере отырып, BMW Group Біріккен Араб Әмірліктерінен көлемді сатып алуға келісімшарт жасасуға келісті.
Демек, I-REC сертификаттарының операциялық қызмет пен өнімді көгалдандыру арқылы қазақстандық кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру әлеуеті бар. Экологиялық тұрғыдан жауапты компаниялардың жасыл қаржыландыру қағидаттарына сәйкес қаржы институттарынан неғұрлым тиімді қарыздар алу мүмкіндігі көбірек екенін атап өткен жөн.
Астанада RES 2026 EXPO ашылып, халықаралық келісімдерге қол қойылады
Орталық Азия елдері Астанада өтетін 2026 жылғы ӨЭС-те энергетикалық көшуді талқылайды
Молдова ЖЭК орнатылған қуаты бойынша 1 ГВт шегінен асып түсті
Қытай Камбоджада құны $ 1 млрд ГЭС құрылысын бастады
Германияда ондаған мың адам «жасыл көшуді» жеделдетуге шақырды
Ресей мен Өзбекстан ғалымдары «жасыл» энергия жүйелерінің тұрақтылығын 24%-ға жақсартты
Қазақстандық ауадан су өндіру стартапы Венада өткен GCIP байқауында үздік үштікке енді
Қазақстанда құс фабрикасы қалдықтан 15 млн кВт·сағ энергия өндірді
Қытай мен Испания күн және жел энергиясы саласындағы серіктестігін нығайтуда
Моңғолия Hanwha Group компаниясына ЖЭК дамыту мен шикізатты өңдеуге қатысуды ұсынды
Ресей Адыгейдегі жаңа полигонда көлденең және тік ЖЭС сынақтан өткізеді
Брюссель электрлендіруді күшейтеді: желілік пакет — жазда, стратегия — күзде
ӨЭС 2026 аясында жаңартылатын энергия көздерін дамыту үшін мамандар даярлау мәселелері талқыланады
Алжир 400 МВт болатын екі күн электр станциясын іске қосты
KOREM жел және күн станциялары бойынша сәуірде төрт аукцион өткізеді
ЖЭК энергетикалық дағдарысқа жауап: IRENA елдерге іс-әрекеттер жоспарын ұсынады
Қазақстанда ЖЭК өндірісі 2026 жылдың бірінші тоқсанында 15%-ға өсті
Қазақстан Climatescope таза энергетикаға инвестиция әлемдік рейтингіндегі позициясын жақсартты
Қазақстан мен Қытай бірлескен Сутегі технологиялары орталығын іске қосты
Швейцария әлемдегі ең қуатты редокс-ағынды батареясын құрап жатыр