Экологиялық саясат

Экологиялық саясат17.09.2021

Көмірден бас тарту

Йоханнес Шуманн, «Қазақстанда және Орталық Азияда «жасыл» экономиканы қолдау»

Динара Тамабаева, GIZ «Төмен көміртекті экономикалық дамуүшін Қазақстанда және Орталық Азияда «жасыл» экономиканы қолдау» жобасының қоғаммен байланыс жөніндегі маманы

1990-жылдардың басында ғалымдардың басым көпшілігі парниктік газдар көптеген климаттық өзгерістерде, атап айтқанда, адамның техногендік әрекеттерінен көмірқышқыл газының шығарылуында маңызды рөл атқарды деген ортақ пікірге келді. Жаңа түсінік ғылыми бақылаулар мен климаттың өзгеру процестерін компьютерлік модельдеу арқылы мүмкін болды.

Егер бұрын климаттың өзгеруі тақырыбы ғылыми қоғамдастықтың алаңдаушылығы болса, қазір ол бүкіл адамзатқа, қоршаған орта мен биосфераға әсер ететін жаһандық күн тәртібінің ажырамас бөлігіне айналды.

Бүгінгі таңда біз климаттың өзгеруі экожүйелер, инфрақұрылым, адамдардың өмірі мен денсаулығы үшін елеулі физикалық қауіп-қатерлер әкелетініне куә болып отырмыз, демек, бұл парниктік газдар шығарындыларын азайтуды мақсат ететін халықаралық және ұлттық басқару әдістерінің өзгеруіне себеп болады. Бұл өзгерістердің мәні экономикалық және қаржылық жүйелерді өзгертетін, ұлттық экономикалар үшін трансформацияның алғышарттары мен тәуекелдерін тудыратын экономикалық және саяси реформалар болып табылады.

Климаттың өзгеруіне қарсы халықаралық күш-жігер туралы айтатын болсақ, 2015 жылдың желтоқсанында қабылданған Париж келісімі халықаралық климат саясатындағы бетбұрыс болып табылады. Париж келісімі барлық елдерді парниктік газдар шығарындыларын азайту және экологиялық тұрақтылықты нығайту бойынша шаралар қабылдауға міндеттейтіні белгілі. Париж келісімінің мақсаты жаһандық температура деңгейінің индустриялық деңгеймен салыстырғанда 2 °С-ден төмен, артықшылықтүрде 1,5 °С-ге дейін көтерілуін шектеу.

Қазақстан Республикасы 2016жылғы 2 тамызда Париж келісіміне қол қойды және оны 2016 жылғы 6 желтоқсанда ратификациялады, әрбір бесжыл сайын климат саласындағы өзінің іс-қимыл жоспарларын (ұлттық деңгейде айқындалатын үлес-ҰДАҮ) ұсыну және ҰДАҮ үшін ұзақ мерзімді жоспарлау көкжиегін белгілейтін және ұлттық төмен көміртекті дамудың болашақ пайымына сипаттама беретін Төмен көміртекті даму стратегиясын (ТКДС) дайындау міндеттемелерін өзіне алды.

Қазақстанда ҰДАҮ парниктік газдар шығарындыларын азайту бойынша келесі мақсаттарды көздейді:

• 1990 жылмен салыстырғанда ПГ шығарындыларының 2030 жылғы желтоқсанға қарай 15%-ға сөзсіз қысқаруы;

• Қосымша халықаралық инвестициялар, төмен көміртекті технологияларды, Жасыл климаттық қор қаражатын беру тетігіне және өтпелі экономикасы бар елдер үшін икемді тетікке қол жеткізу шартымен ПГ шығарындыларын 2030 жылғы желтоқсанға қарай 1990 жылмен салыстырғанда 25%-ға қысқарту.

Осыған байланысты күрделі жұмыстар жүргізу және климаттың өзгеруіне қарсы күрессаласындағы халықаралықтәжірибені тарту қажеттілігі туындады. Осылайша, төмен көміртекті дамуға көшуді қолдау мақсатында және халықаралық ынтымақтастықжөніндегі Герман қоғамы мен Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігініңбірлескен жұмысы шеңберінде Климатты қорғау жөніндегі халықаралық бастама (ІКІ) шеңберінде Германияның Қоршаған орта, табиғатты қорғау және ядролық қауіпсіздік федералдық министрлігі қаржыландыратын «Төмен көміртекті экономикалық даму үшін Қазақстан мен Орталық Азияда жасыл экономиканы қолдау» жобасына бастамашылық етілді.

Жобаның мақсаты Қазақстанның Төмен көміртекті даму стратегиясын әзірлеу, төмен көміртекті дамуүшін институционалдық және техникалық әлеуетті жақсарту болып табылады. Бұл тәжірибе Орталық Азияның басқа елдеріне де оң әсерін тигізеді.

Қазіргі уақытта стратегияның жұмыс жобасы бойынша жұмыс аяқталды және іс-жүзінде Қазақстанның төмен көміртекті даму сценарийлерін модельдеу бойынша жұмыс аяқталды.

Көміртексіздендірудің жаһандық трендтері Қазақстан үшін бір мезгілде мүмкіндіктер мен тәуекелдеге әкеледі. Мысалы, Еуропалық одақ енгізген көміртекті көп қажет ететін өнімдерді шекаралық көміртекті түзету тетігі шығарындылардың жоғары деңгейі бар өнімдерге салық салудың артуына және сұраныстың төмендеуіне ықпал етеді.

ПГ шығарындыларына баға белгілеу тетіктерінің халықаралық таралуы, қазба отынымен байланысты жобалар мен активтерден инвестицияларды шығару осының барлығы әлемдік экономикадан тыс қалмау үшін экономиканың барлық салаларын көміртексіздендіру жағына трансформациялау қажеттілігіне тікелей сигнал болып табылады.

Осылайша,энергетика өндірісі мен өнеркәсіпте, көлікте және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықта энергияны тұтынумен байланысты шығарындыларды азайтуүшін өндірістік процестерді модернизациялау шығындары арасында, сонымен қатар өнеркәсіптік процестермен, ауыл шаруашылығымен, қалдықтарды басқарумен және экспорттан түсетін кірістерді, демек, жеке және мемлекеттік секторлардың кірістерін жоғалту арасында таңдау бар. Бұл ПГ шығарындыларын азайту бойынша халықаралық күш-жігер Қазақстан экономикасы үшін сыртқы тәуекелдерді ұлғайтса да, соған қарамастан, жаңа талаптар қазақстандық өнеркәсіпке халықаралық нарықтардағы өз позицияларын сақтау үшін көміртексіздендіруге инвестициялар үшін куатты ынталандырулар алуға мүмкіндік беретіндігін білдіреді.

Экономиканың барлық салаларында көміртексіздендіру тәуекелдерді азайтуға және Қазақстан экономикасының тартымдылығын арттыруға ықпал етеді. Еліміз үшін «жасыл» қаржыны тарту, көміртексіз технологиялар трансфері, әлемдік көміртегі нарығына ықпалдасу, Париж келісімі аясында климаттық жобаларды іске асыру, сондай-ақ «жасыл»энергия ресурстарының, өнімдер мен инновациялық технологиялардың жаңа халықаралық нарықтарына қатысу саласында жаңа мүмкіндіктер ашады.

Модельдеу нәтижелеріне сәйкес, ПГ шығарындыларын азайтуға негізгі үлесэнергетика секторына тиесілі, өйткені бұл сектор бүгінде олардың негізгі көзі болып табылады. Өз энергия тасымалдаушыларының экспортына экономикалық тәуелді елдегі энергетика сияқты экономиканың орасан зор секторын трансформациялау үшін терең көміртексіздендіруге елеулі шығындар талап етіледі. Алайда, ескі технологиялар мен экономикалық модельдерді ұстану елге өте қымбатқа түсуі мүмкін. Халықаралық қаржы институттары мен инвестициялық компаниялар өз инвестицияларын төмен көміртекті дамуға, әсіресе ЖЭК-ке сәйкес келетін инфрақұрылым мен технологияларға бағыттайды, сондықтан көмір мен мұнай өндіру тиімсіз активтер бөліміне тез ауысады. Осыған байланысты қысқа мерзімді пайда -жұмыс орындары мен экономикалық өсуді, сондаи-ақұзақ мерзімді паида көміртексіздендіру мен экономикалық тұрақтылықты арттыруды қамтамасыз ете алатын «дұрыс» инвестицияларға назар аудара бастау аса маңызды.

 Қазіргі уақытта көмір Қазақстандағы негізгі энергия көзі болып табылады,бұл ретте оның ең үлкен көміртек ізі бар. 1990 жылы көмірдің үлесіне энергетикалық сектордағы ПГ шығарындыларының 65%-ы, ал 2017 жылы 59%-ы тиесілі болды.

Сонымен қатар, бастапқы энергия өндіру кезінде (мысалы, мұнай өндіру кезіндегі ілеспе газ және көмір өндіру кезінде бөлінетін көмір қабаттарының метаны) және бөлу кезінде (мысалы, құбырлардан ағып кету) ұшпа шығарындылар пайда болады.

Соңғы жылдары энергетикалық сектордағы ұшпа шығарындылардың азайғанына қарамастан, олар 2018 жылы энергетикалық сектордағы ПГ шығарындыларының шамамен 9%-ын құрады     

Энергетикалық көмірден табиғи газға көшуэнергетикалықсектордағы парниктік газдар шығарындыларын айтарлықтай азайтады. Табиғи газ-энергия мөлшері жоғары таза отын болғандықтан, оны жағу кезінде ауаны ластайтын заттардың барлық түрлерінің шығарындылары азаяды және дәл сондай энергия алу үшін көмірді жағумен салыстырғанда көмірқышқыл газының жартысы пайда болады. Бірақ сонымен бірге газ өтпелі энергия көзі болып табылады. Ұзақ мерзімді энергетикалық жүйе жаңартылатын энергия көздері мен электрлендіруге негізделген.

Көміртекті бейтараптыққа көшуге инвестициялар ЖІӨ өсуін ынталандырып қана қоймай. Сонымен қатар экономика, сондай-ақ әлеуметтік сала мен қоршаған орта үшін үлкен пайда әкеледі. Мысалы, экологиялықтұрақты ауылшаруашылық әдістері ПГ шығарындыларын азайтуға ғана емес, сонымен қатар су ресурстарын сақтауға.топырақ эрозиясын азайтуға, өнімділікті арттыруға, қосымша кіріс алуға, өндіріс көлемін арттыруға және ауа-райының жағымсыз факторларының зиян келтіру қаупін азайтуға көмектеседі. «Жасыл» дамуға инвестицияланған әрбір теңге ауыл шаруашылығында қосылған құн түрінде 3 есе көп кіріс әкелуі мүмкін.

Алайда, ұлттықэкономиканы көміртексіздендіружолына ауыстыру процесінде басты мақсат Қазақстан халқының әл-ауқаты болып табылатынын ұмытпаған жөн.

Сондықтан төмен көміртекті дамуға белсенді көшудің халық үшін экономикалық шығын әкелмеуін қадағалау маңызды. Париж келісімінің ережелеріне сәйкес барлық елдерге өз міндеттемелерін орындауға және олардың іске асырылуы туралы дәйекті әрі ашық түрде баяндауға мүмкіндік беретін олардың мүмкіндіктеріне сәйкес салыстырмалы түрде икемді шарттар берілуі керек.

Төмен көміртекті экономикаға табысты көш уүшін әр мемлекетте әр түрлі әлеуметтік топтардың қолдауына ие болу маңызды. Бұл үшін ПГ шығарындыларын әлеуметтік әділ негізде азайту жөніндегі іс-қимылдардың ауыртпалығы мен пайдасын бөлу және көміртексіздендіру жөніндегі шараларды енгізу кезінде осал болатын халық топтарын қолдау қажет. Мемлекет қазба отынына байланысты экономика секторларында жұмыс істейтін азаматтарға қолдауды қамтамасыз етуі тиіс, сонымен бір мезгілде шығарындылар деңгейі төмен салаларда сапалы жұмыс орындарын құру үшін күш-жігер жұмсау керек.

Көшудің әлеуметтік әділеттілік қағидаты Қазақстанның төмен көміртекті дамуының 2050 жылға дейінгі тұжырымдамасының басшылық қағидаттарының бірі. Қазақстан Үкіметі төмен көміртекті болашаққа әділ және тиімді көшуді қамтамасыз ету үшін жауапкершілікті өзіне алады.Трансформация кезеңдерін жоспарлау бүкіл қоғам үшін қолайлы мүдделерді үйлестіруге негізделуі керек.

26.04.2024
ЕАЭО-ның энергетикалық перспективалары көміртексіздендіруге ауысуды және климаттық күн тәртібінің басымдығын ескеруі тиіс
26.04.2024
SNSF: Швейцариядан тік жел турбиналары электр энергиясын көбірек өндіруге қабілетті
26.04.2024
ХЭА энергия ауысуын жеделдету үшін аккумуляторлардың арзандауына үміттенеді
26.04.2024
Грузияда қалқымалы күн электр станциясы ашылды
25.04.2024
Латвияда үлгілік емес жылыту шешімі бар үйлер пайдалануға берілді
25.04.2024
Ғалымдар қайта өңделетін материалдардан қалақтарды 3D басып шығаруды әзірлеуде
25.04.2024
Қытайда теңіз КЭС құрылысына рұқсат етілген теңіз аймақтары анықталды
24.04.2024
1 миллионға жуық американдық отбасы күн батареясынан қуат алады
24.04.2024
Мәжіліс жаңартылатын энергия көздеріне қатысты заңды қабылдады
23.04.2024
Вильнюс қаласында Литвада өндірілген алғашқы күн батареясы ұсынылды
23.04.2024
Айнұр Соспанова: Екіжақты шарттар нарығының жұмысын реттейтін нақты ережелер қажет
23.04.2024
ГЭС, ЖЭС құрылысына ЖЭК аукциондық сауда-саттығына қатысушылардың тізіліміне енгізу үшін құжаттарды қабылдау басталды
22.04.2024
JinkoSolar энергияны жинақтау бойынша 1-деңгейдегі BNEF тізіміне енді
22.04.2024
Жапония 2025 жылы ғарыштан Жерге күн энергиясын беруді жоспарлап отыр
19.04.2024
АҚШ-та шойын мен болатты тазарту технологияларын әзірлеуге 28 миллион доллар бөлінеді
19.04.2024
Австралия қараусыз қалған көмір шахтасында қуаты 1 ГВт ГЭС салуды жоспарлап отыр
19.04.2024
Apple жаңартылатын энергия көздері мен су ресурстарының тұрақтылығына күш салуда
18.04.2024
Еуропада екі мемлекет жел генераторларының қуатын арттырудың арқасында 100% жаңартылатын энергиямен қамтамасыз етілді
18.04.2024
IRENA есебі: ЖЭК-ке көшу энергия қауіпсіздігіне жаңа көзқарасты қажет етеді
17.04.2024
CATL өнеркәсіптік батареяны, Megapack Tesla баламасын ұсынды