Экологиялық саясат

Экологиялық саясат21.04.2021

Waste-to-Energy Қазақстанда

2020 жылы жаңаэкономикалық парадигма аясында ҚР Экология,геология және табиғи ресурстар министрлігі тұрмыстық қатты қалдықтарды қайта өңдеу мәселесін көтерді. Жоғарыда айтылғандай, Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшуі жөніндегі тұжырымдамаға сәйкес, Қазақстанда бұл көрсеткіш 2030 жылға қарай 40%-ға дейін жетуі тиіс. Министрліктің ақпараты бойынша, бүгінде қалдықтардың тек 14%-ы ғана қайта өңделеді. Тарифтердің төмен болуына байланысты сала инвесторлар үшін инвестициялық тартымды болып табылмайды: бүгінде Қазақстанда қоқыс шығару тарифтері төмен және тққ қайта өңдеу шығындарын ескермейді.

Осыған байланысты, қалдықтарды жағу кезінде алынатын электр энергиясын сатуды көздейтін «Waste to Еnergу» тетігін енгізуұсынылды. Бұл ретте еуропалық директиваларға ұқсас шығарындылардың сапасына қатаң талаптар қойылады. Бұл тетік перспективада 2025 жылға дейін қалдықтар көлемін 30%-ға дейін қысқартуға және жеке инвестициялар тартуға мүмкіндік береді.

Экологиялық ведомствоның деректері бойынша, қазіргі уақытта Қазақстанда 3200 полигонда 120 млн. тоннадан астам қатты тұрмыстық қалдықтар жинақталған, оларға жыл сайын 5 млн. тоннадан астам жаңа қоқыс әкелінеді. ҚТҚ қайта өңдеу өсуде, бірақ полигондарды толтыру қарқынына төтеп бере алмайды, нәтижесінде тек облыс орталықтарында (республикалық маңызы бар 3 қаладан басқа Қазақстанда 14 облыс орталығы бар) қоқысқа толы 20-дан астам полигон қалыптасты.

Осы саланың дамуын қолдау үшін Қазақстанда жаңартылатын энергия көздері (ЖЭК) өндіретін электрэнергиясына қатысты қолданыстағыға ұқсас өндірілетін энергияны кепілдендірілген негізде сатып алу тетігі пайдаланылады. Яғни, жаңа өндірістерге 15 жыл ішінде белгіленген тариф бойынша генерацияның алдын ала белгіленген көлемін сатып алуға кепілдік беріледі.

ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің ақпараты бойынша, Қазақстанда қоқысжағатын зауыттардың құрылысы бойынша алғашқы аукциондар 2021 жылы өтеді. Ведомство мұндай зауыттарды алты қалада Ақтөбе,Атырау, Алматы, Нұр-Сұлтан, Тараз және Шымкентте іске қосуды жоспарлап отыр. Бұл ретте, әлеуетті инвестор лармен жұмыс басталып та кетті, атап айтқанда, әкімдіктермен жер телімдерімен, инфрақұрылыммен қамтамасыз ету және осы өндірістерді қалдықтармен кемінде 15 жылға кепілді жүктеу бойынша мәселелер пысықталуда.

Сонымен қатар, ағымдағы жылдың наурыз айында «Ашық НҚА» порталында Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің «Қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату арқылы өндірілген электр энергиясына шекті аукциондық бағаларды бекіту туралы» бұйрығының жобасы жарияланды. Құжатқа сәйкес, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату арқылы өндірілген электр энергиясына шекті аукциондық бағаны 191,9 теңге/кВтсағ (ҚҚС-сыз) мөлшерінде бекіту ұсынылады. 2021 жылы ЖЭКжобаларын іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттық өтеді, онда, мысалы, күн энергетикасы бойынша шекті аукциондық баға 16,96 теңге/кВтсағ, ал жел энергетикасы бойынша 21,53 теңге/кВтсағ құрайды. ЖЭК аукциондары бойынша осы көрсеткіштің төмендеуін ескере отырып, жақын болашақта жаңартылатын көздер есебінен электр энергиясының құны көмірдегі дәстүрлі генерацияны басып озып, еліміздегі ең арзан генерация көзіне айналады. Алайда, қатты-тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу мәселесін шешу шеңберлі экономика құрудың құрамдас бөлігі болып табылады және Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшуі жөніндегі тұжырымдаманың маңызды көрсеткіші болып табылады.

04.05.2024
Жел турбиналарының «әлемдегі алғашқы» ағаш қалақтары Германияда орнатылды
04.05.2024
АҚШ-та натрий-ионды аккумуляторлардың алғашқы сериялық өндірісі пайда болды
04.05.2024
Ташкент инвестициялық форумында Камбаратин ГЭС-1 құрылысының жобасы ұсынылды
03.05.2024
G7 елдері 2035 жылға қарай көмірден бас тарту туралы келісімге келді
03.05.2024
2032 жылға қарай Тәжікстан ЖЭК-ке толығымен көшуді жоспарлап отыр
03.05.2024
Африкада қалқымалы күн электр станциялары салынуда
02.05.2024
Оңтүстік кореялық компаниялар Астана, Алматы, Павлодар ЖЭО және Топар ГРЭС-ін жаңғыртуды жоспарлап отыр
02.05.2024
Көміртексіздендіру және тұрақты даму «Орталық Азия және Каспийдегі мұнай-газ химиясы және мұнай өңдеу» 11-ші конференциясының басты тақырыбына айналады
01.05.2024
Каспий теңізінің түбімен энергетикалық кабель тарту жобасы: Қазақстан, Әзірбайжан және Өзбекстан Энергетика министрлігінің басшылары меморандумға қол қойды
30.04.2024
Қытайда әлемдегі ең ірі толығымен электрлі контейнер тасушы кеме пайдалануға берілді
30.04.2024
Masdar Грузияда ірі күн электр станциясын салады
30.04.2024
Түркияда ЖЭК үлесі 50%-ға жақындады
29.04.2024
Acwa Power Қазақстанның Каспий маңы аймағында ЖЭК жобасын құрмақ
29.04.2024
Баварияда тік қалқымалы фотоэлектрлік жүйе құрылады
29.04.2024
Латвияда ең ауқымды күн электр станциясы 2 мамырда ашылады
29.04.2024
2024 жылы Жетісуда жаңартылған энергия көздері бағытында 4 жоба іске қосылады
26.04.2024
ЕАЭО-ның энергетикалық перспективалары көміртексіздендіруге ауысуды және климаттық күн тәртібінің басымдығын ескеруі тиіс
26.04.2024
SNSF: Швейцариядан тік жел турбиналары электр энергиясын көбірек өндіруге қабілетті
26.04.2024
ХЭА энергия ауысуын жеделдету үшін аккумуляторлардың арзандауына үміттенеді
26.04.2024
Грузияда қалқымалы күн электр станциясы ашылды