Сарапшылардың пікірі08.05.2022
Орталық Азияда «жасыл» сутегіні дамыту үшін өңірлік кооперацияның қажеттілігі

Павел Терещенко
Invest in Network талдау бөлімінің басшысы
Executive Summary:
· География. Қазақстан мен Өзбекстан Еуропа мен Шығыс Азия арасында қолайлы географиялық жағдайға ие, олар болжам бойынша әлемдегі ең ірі сутегі тұтынушыларына айналады.
· ЖЭК дамыту. Қазақстан мен Өзбекстан ЖЭК-тің белгіленген қуаттарын едәуір ұлғайту үшін жұмыс істеуде. Қазақстан 2035 жылға дейін 6 ГВт-тан астам күн және жел электр станцияларын іске қосуды, сондай-ақ 2060 жылға қарай көміртегі бейтараптығына қол жеткізуді жоспарлап отыр. Сонымен қатар Өзбекстанда 2030 жылға қарай ЖЭК есебінен электр энергиясының 25%-ын өндіру жоспарлануда, бұл ЖЭК-тің шамамен 10 ГВт қуатын іске қосуды білдіреді.
· Шетелдік тәжірибе. Еуропада «жасыл» сутегі жобаларының белсенді дамуы бірнеше елдердің күшімен құрылатын «жасыл» сутегі өндірісінің арнайы құрылған кластерлері арқылы жүреді. Бұл логистиканы оңтайландыру, сондай-ақ интеграция мен өңірлік кооперацияны жақсарту үшін жасалады.
· Әрекет ету қажеттілігі. Еуропа мен Қытай нарықтарына логистикалық қолжетімділікке ие және «жасыл» сутегі өндіруге қажетті дамыған инфрақұрылымға ие Парсы шығанағы елдерінің, дәлірек айтсақ, Сауд Арабиясы мен БАӘ бәсекелестігі. Қатаң бәсекелестік жағдайында Орталық Азия елдері үшін «жасыл» сутегінің әлемдік экспортында үлкен үлес алудың ең тиімді тәсілі – бұл «жасыл» сутегінің өндірісі мен экспорты үшін қажетті инфрақұрылымды үйлестіре әрекет ету, бірлесіп дамыту және пайдалану.
«Жасыл» сутегі дегеніміз не?
Сутектің өзі инновациялық элемент емес. Ол әр түрлі салаларда белсенді қолданылады, мысалы, мұнай өңдеу және аммиак өндірісі, және оны энергия ретінде пайдалану ХХ ғасырдың соңында пайда болды. Алайда, бұл процесс әр түрлі саяси-экономикалық факторларға байланысты айтарлықтай дамымады. Түсті жіктеуге сәйкес сутекті әр түрлі жолдармен алуға болады:
· «сұр» - бу-газ конверсиясы;
· «қоңыр» - көмірді газдандыру;
· «көгілдір» - көмірқышқыл газын кәдеге жаратумен бу-газ конверсиясы;
· «көгілдір ақық» - табиғи газдың пиролизі;
· «қызғылт сары» - атом энергиясын пайдаланатын электролиз;
· «жасыл» - ЖЭК пайдаланылатын электролиз.
Әлемдік қауымдастық үшін ең қызықтысы - «жасыл» сутегі, өйткені оның өндірісі төмен көміртекті «көк», «көгілдір» және «сары» сияқты аз мөлшерде көмірқышқыл газының шығарылуын іске қоспайды.
Неліктен «жасыл» сутегі және неліктер қазір?
Орталық Азияда «жасыл» сутекті дамыту мәселесі ай сайын өзекті болып келеді. Тұрақты дамудың күн тәртібін өте серпінді ілгерілетуден басқа, қазіргі энергетикалық дағдарыс елдерді баға айтарлықтай өскен мұнай мен газға балама іздеуге белсенді түрде итермелейді. Мұндай балама - «жасыл» сутегі. Бұл электрлендіру мүмкін емес немесе техникалық тұрғыдан қиын болған жерлерде жаңартылатын көздерді пайдалануға мүмкіндік береді.
Өңірде сутегі инфрақұрылымын жедел дамыту қажеттілігін атап көрсететін сыртқы факторлар сарапшылардың сутегі нарығының көлемі бойынша бағалауы, сондай-ақ басқа елдердің өндірістік қуаттарды дамыту жөніндегі жоспарлары болып табылады. EY Энергетикалық орталығының талдауына сәйкес, күшейтілген мемлекеттік қолдау жағдайында әлемде сутегіге сұраныс көлемі 2019 жылғы деңгеймен салыстырғанда 2050 жылға қарай 10 есе артады. Сонымен бірге, Precedence Research сарапшылары 2020 жылы тек «жасыл» сутегі нарығының көлемі 2030 жылға қарай 89,18 млрд. АҚШ долларын құрауы мүмкін деп мәлімдеді.
Әлемде сутегі сұранысының болжамы
2019 ж. 2050 ж. 2050 ж.
(тұрақты даму) (күшейтілген мемлекеттік қолдау)
Ғимараттарды жылыту
Энергетика
Көлік
Өнеркәсіп
Дереккөз: ХЭҚ, Rystad Energy, Hydrogen Council, EY Энергетикалық орталығының талдауы
(Орталық, Шығыс, Оңтүстік-Шығыс Еуропа және Орталық Азия)
Басқа елдерге келетін болсақ, Қазақстан мен Өзбекстанның әлеуетті «жасыл» сутегі экспортындағы негізгі қарсыласы Сауд Арабиясы болып табылады. Еліміз энергия тасымалдаушылар экспортын әртараптандыру үшін «жасыл» сутегінің ірі экспорттаушыларының бірі болуды, сондай-ақ 2030 жылға қарай белгіленген қуаты 40 ГВт ФЭС, 16 ГВт ЖЭС және басқа да жаңартылатын көздерден 2,7 ГВт көміртегі бейтараптығына қол жеткізуді жоспарлап отыр. Салыстыру үшін: Қазақстанда көміртегі бейтараптығына қол жеткізу 2050 жылы болады, ал 2035 жылға қарай елде ЖЭК негізінде шамамен 6 ГВт өндіруші қуаттар іске қосылуы мүмкін. Бұл салыстыру Сауд Арабиясымен бәсекелестік үшін «жасыл» сутегі экспортына қосымша қуат қажет болатындығын көрсетеді. Бәсекелестіктің өзі қиылысатын өткізу нарықтарына байланысты болады. EY деректеріне сәйкес, Сауд Арабиясы өз өнімдерін ЕО елдеріне, сондай-ақ Қытайға экспорттауды жоспарлап отыр. Қазақстан мен Өзбекстан бірлескен шекара арқылы Қытай нарығына, сондай-ақ Ресей арқылы Еуропа нарығына немесе Кавказ елдерімен әлеуетті кооперация арқылы қол жеткізе алады. Бұл жағдайда географиялық жағдай артықшылық болып табылады және белгілі бір дәрежеде нарықтардың аражігін ажыратады: дәл сол Сауд Арабиясы Қытай жағдайында өнімді елдің басқа аймақтарына жеткізеді. Алайда, сутегін дистрибуциялау жүйесі дамыған жағдайда, Қазақстан мен Өзбекстанға жақын Қытай өңірлері сутегін Сауд Арабиясы жеткізетін порттардан да ала алады.
Сутегі ұсынысының және оған сұраныстың негізгі әлеуетті орталықтары
Сутегіні әлеуетті ірі экспорттаушылар
Әлеуетті ірі тұтыну орталықтары
Тұтынуға қызығушылық және экспорт бойынша әлеует
* ниеттер туралы мәлімдемелер негізінде
Дереккөз: EY Энергетикалық орталығының талдауы (Орталық, Шығыс, Оңтүстік-Шығыс Еуропа және Орталық Азия)
Осылайша, Орталық Азияның барлық елдерінде белсенді дамып келе жатқан ЖЭК нарығы жағдайында өңірлік кооперация «жасыл» сутегі экспортындағы алдағы қатаң бәсекелестікке қисынды жауап болады. Ол қолданыстағы инфрақұрылымдық объектілерді «жасыл» сутегінің экспортына оңтайландыру үшін барынша тиімді пайдалануға мүмкіндік береді, сондай-ақ оны өндіру үшін ЖЭК ресурстарын көбірек пайдалануға мүмкіндік береді.
Ынтымақтастық не береді?
Халықаралық кластерлердің көмегімен «жасыл» сутегінің қуатын дамыту қазірдің өзінде танымал стратегия болып табылады. Мәселен, Еуроодақ «жасыл» сутегі өндірісі үшін бірнеше елдің инфрақұрылымын оңтайлы пайдаланатын халықаралық кластерлер құру арқылы сутегі экономикасын дамытуды жоспарлап отыр. Бұл бірнеше факторларға байланысты пайдалы:
· Аймақтың энергетикалық қауіпсіздігін арттыру.
· Бүкіл өңірдің инвестициялық ахуалын арттыру.
· Тәжірибе алмасу, өңірде жоғары білікті мамандар даярлау және кейіннен жаңа технологиялық шешімдерді әзірлеу.
· Көмірқышқыл газының шығарылуын азайту көрші елдердегі экологиялық жағдайға оң әсер етеді.
Орталық Азияда ынтымақтастықтың осындай схемаларын қолдану мемлекеттік кірістер құрылымын әртараптандыруға және мұнай мен газ экспортына тәуелділікті азайтуға мүмкіндік береді. Егер елдер өз іс-қимылдарын үйлестіріп, «жасыл» сутегі өндірісінің өңірлік кластерлерін дамытатын болса, Орталық Азия елдерінің «жасыл» сутегі бойынша кооперациядан барлық артықшылықтарды алу мүмкіндігі бар.
Не істеу керек?
Орталық Азияда «жасыл» сутегін барынша тиімді өндіруге қол жеткізу үшін, сондай-ақ «жасыл» сутегін экспорттаушы ретінде әлемдік нарықта барынша көп үлес алу үшін елдерге:
· өңір елдері арасында ЖЭК дамытудың үйлестірілген бағдарламасын құруға жәрдемдесу;
· инвестицияларды оңайлату үшін бірыңғай ашық заңнамалық кеңістік әзірлеу;
· «жасыл» сутегі инфрақұрылымы объектілеріне стандартталған техникалық талаптарды қабылдау;
· жеке секторды тарта отырып, жаңа мамандарды оқытудың бірлескен бағдарламаларын дамыту;
· «жасыл» сутекті дистрибуциялаудың өңірлік жүйесін құру;
· «жасыл» сутегі өндірісінің қуатын арттыру үшін ЖЭК өндірілген ЭЭ тиімді беру үшін ЭЭЖ жаңғырту қажет.
Барлық міндеттерді табысты орындау үшін арнайы алаң қажет, оның шеңберінде жеке және мемлекеттік секторлардың өкілдері ЖЭК-тің неғұрлым терең өңірлік интеграциясына ықпал ете отырып, бір-бірімен тығыз өзара іс-қимыл жасай алады. Invest In Network компаниясы бұл көзқараспен толық келіседі және нарықтың барлық мүдделі қатысушыларының жоғары өкілдері қатысатын ЖЭК бойынша мамандандырылған өңірлік конференцияларды өткізумен айналысады. Мұндай іс-шараларға қатысу жеке секторға жаңа серіктестер табуға, сондай-ақ бейінді министрліктерге тікелей шығуға мүмкіндік береді, ал мемлекеттік құрылымдар үшін іс-шараға қатысу өз елінің инвестициялық тартымдылығын арттыруға және әлеуетті инвесторлармен тікелей өзара іс-қимыл жасауға мүмкіндік береді. Invest In Network-та біз осындай нетворкинг аясында ең өзара тиімді қарым-қатынастар туындайтынына сенімдіміз. Орталық Азиядағы «жасыл» сутегіне деген қызығушылықты көріп, біздің іс-шараларымыз да осы тақырыпты өз күн тәртібіне енгізеді.
Азия даму банкі Қазақстан жобаларына 5,5 млрд доллар инвестиция салады
Астанада RES 2026 EXPO көрмесінің ашылуында $2,3 млрд астам сомаға 17 меморандумға қол қойылды
Қазақстан мен Қытай Қарағанды облысында 500 МВт жел электр станциясын іске қосады
Қазақстан мен Тәжікстан Роғун СЭС электр энергиясын импорттау туралы келіссөздер жүргізуде
Өңірлік экологиялық саммит 2026 Астанада өз жұмысын бастайды
Астанада RES 2026 EXPO ашылып, халықаралық келісімдерге қол қойылады
Орталық Азия елдері Астанада өтетін 2026 жылғы ӨЭС-те энергетикалық көшуді талқылайды
Молдова ЖЭК орнатылған қуаты бойынша 1 ГВт шегінен асып түсті
Қытай Камбоджада құны $ 1 млрд ГЭС құрылысын бастады
Германияда ондаған мың адам «жасыл көшуді» жеделдетуге шақырды
Ресей мен Өзбекстан ғалымдары «жасыл» энергия жүйелерінің тұрақтылығын 24%-ға жақсартты
Қазақстандық ауадан су өндіру стартапы Венада өткен GCIP байқауында үздік үштікке енді
Қазақстанда құс фабрикасы қалдықтан 15 млн кВт·сағ энергия өндірді
Қытай мен Испания күн және жел энергиясы саласындағы серіктестігін нығайтуда
Моңғолия Hanwha Group компаниясына ЖЭК дамыту мен шикізатты өңдеуге қатысуды ұсынды
Ресей Адыгейдегі жаңа полигонда көлденең және тік ЖЭС сынақтан өткізеді
Брюссель электрлендіруді күшейтеді: желілік пакет — жазда, стратегия — күзде
ӨЭС 2026 аясында жаңартылатын энергия көздерін дамыту үшін мамандар даярлау мәселелері талқыланады
Алжир 400 МВт болатын екі күн электр станциясын іске қосты
KOREM жел және күн станциялары бойынша сәуірде төрт аукцион өткізеді