Сала жаңалықтары

Сала жаңалықтары11.09.2022

Технологиялық құзыреттердің салалық орталығы: электр энергетикасын бірлесіп дамыту

Алексей Доронин, Стратегия және даму жөніндегі басқарушы директор,ТҚСО директоры

Танаис Медетбекова, деректерді жинау және стратегиялық зерттеулер бойынша жетекші менеджер

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Электр энергетикасы саласындағы технологиялық құзыреттердің салалық орталығы (ТҚСО) Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша «КОРЭМ» АҚ базасында бір жыл бұрын құрылды.

Бұл ретте, ТҚСО-ға жобаларды іске асыруда жетекші жоғары оқу орындарының, ҒЗИ, электр энергетикасы саласындағы жетекші ОТӨ және мемлекеттік құрылымдардың тиімді өзара іс-қимылын қамтамасыз ету жолымен Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласын дамытуға жәрдемдесу жүктелді. Салалық орталық күтілетін өзгерістерді айқындау жолымен саланың кадрлармен қамтамасыз етілуіне жәрдем көрсетуі, білім беру платформаларын әзірлеуге, инновациялық саясатты іске асыруға және электр энергетикасы субъектілерін, ғылыми қоғамдастықты, ОТӨ, инвесторлар мен мемлекеттік құрылымдарды үйлестіруге қатысуы, салалық конференциялар, дөңгелек үстелдер, форумдар, вебинарлар, дәрістер, семинарлар және басқа да білім беру іс-шараларын өткізуге жәрдемдесуі тиіс.

Қызметтің негізгі бағыттары төрт векторды анықтайды. Ең алдымен, бұл - «Құқықтық өріс», «Ұйымдық құрылым» және «Технологиялық платформа» жағдайларын жасау арқылы мемлекет, кәсіпкерлік субъектілері, ғылым және азаматтық қоғам арасындағы коллаборацияны ұйымдастыру.

Екіншіден, электр энергетикасы саласындағы кәсіби кадрларды дамытуды қызметкерлер мен кәсіп құзыреттерінің күтілетін өзгерістерін айқындау, стандарттар мен білім беру бағдарламаларын әзірлеуге қатысу арқылы саланың кадрлық қамтамасыз етілуіне жәрдемдесу үшін Learning Management System (LMS) – платформа құру негізінде жүзеге асыру жоспарланып отыр.

Үшіншіден, Research &Development (Зерттеулер мен әзірлемелер) ТҚСО-ның инновациялық саясатты әзірлеуге қатысуын және электр энергетикасы субъектілерін, тұтынушыларды, ғылыми және білім беру ұйымдарын, отандық өндірушілерді, инвесторлар мен мемлекеттік құрылымдарды үйлестіруді іске асыруды ұйымдастыруды көздейді. Төртінші бағыт - Energy Events - тәжірибе алмасуды көздейді.

Коллабрацияны ұйымдастыру

Мемлекет, кәсіпкерлік субъектілері, ғылым және азаматтық қоғам арасында коллаборацияны қамтамасыз ету үшін құқықтық алаңды құру шеңберінде ҚР Энергетика министрінің 06.09.2021 жылғы №283 бұйрығымен өкілеттіктерді, құқықтар мен міндеттерді регламенттейтін ТҚСО туралы ереже әзірленіп, бекітілді. Бұдан басқа, жоспарлау, жобалық басқару бойынша құжаттар әзірленіп, қабылданды, әр түрлі ережелер мен меморандумдар, Astana Hub алаңында конкурстар өткізу қағидалары және т.б. бекітілді.

Бизнес-қоғамдастықтың, қауымдастықтардың және басқа да заңды тұлғалардың мемлекеттік билік органдарымен тиімді өзара іс-қимылы үшін қойылған міндеттерді іске асыру бойынша міндеттерді шешу үшін ТҚСО құрамында электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығын, орталықтандырылған сауда нарығының операторларын, сауда алаңын дамыту, тұтынушыларды электрмен жабдықтаудың сенімділігін, қауіпсіздігі мен сапасын арттыру, сондай-ақ электр энергиясының құнын қысқарту үшін қажетті орталықтандырылған сауда нарығының жұмыс істеуінің ақпараттық қауіпсіздік жүйелерін дамыту және/немесе құру бойынша үш ОКҚ құрылды.

Технологиялық мониторинг бойынша Орталық коммуникациялар қызметі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы №727 қаулысымен бекітілген «Цифрландыру, ғылым және инновациялар есебінен технологиялық серпіліс» ұлттық жобасын іске асыру бойынша міндеттерді шешуге арналған.

Үшінші ОКҚ электр энергетикасы саласының кадрлық әлеуетін дамытуға ықпал етеді.

Әрбір ОКҚ құрамына электр энергетикасы саласындағы компаниялардың, қауымдастықтардың, вендерлердің, ғылыми қоғамдастықтың (ЖОО) өкілдері және тәуелсіз сарапшылар кірді. ҚР Энергетика министрлігі басшылығының қатысуымен ОКҚ қызметінің ұйымдастырушылық мәселелерін, ТҚСО жұмысының нәтижелерін және бағыттар бойынша проблемалық мәселелерді талқылау бойынша бейнеконференция режимінде кеңестер өткізілді. Кеңес қорытындысы бойынша жұмысты одан әрі жүргізу үшін қатысушылардың пікірлері мен көзқарастарын анықтау мақсатында сауалнама жүргізілді.

Осылайша, ОКҚ бағыттарды іске асыру бойынша тұрақты жұмыс істейтін ТҚСО органдарына айналды. Донорлардың өкілдерімен БКБ режимінде жүйелі түрде бетпе-бет кездесулер мен кеңестер өткізілді. Тетратек (USAID), PWC, AFD, AIKON, E2 Energy сияқты бірқатар компаниялармен ынтымақтастық туралы және ақпаратты жарияламау туралы меморандумдар жасалды, бұл жобаларды қолдауды және ақпарат алмасуды сәтті жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

ТҚСО жобаларын іске асыру

2021 жылғы 7 қазанда Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған «ұлттық жобалардың» тізбесін бекітті. Олардың екеуі республиканың электр энергетикасы саласын цифрландыруға бағытталған іс-шараларды көздейді: «Цифрландыру, ғылым және инновациялар есебінен технологиялық серпіліс» ұлттық жобасы және Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жоба.

«Генерацияның цифрлық картасы» жобасын іске асыру толық паспорттаумен және жөндеу регламенттерін басқару үшін функционалмен электр генерациялайтын ұйымдардың жабдығы паркінің жай-күйін мониторингтеу үшін платформалық шешім енгізуді көздейді.

Электр энергиясын есепке алу және шығындар мониторингі жүйесінің жобасы бойынша жұмыс «Smart Grid» тұжырымдамасын әзірлеуді, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша пилоттық іске асыруды, Smart metering технологиясы (энергия ресурстарын ақылды есепке алу), коммуникация жүйелері үшін стандарттар әзірлеуді қамтиды. Бұған энергия кәсіпорындары объектілері үшін деректерді беру инфрақұрылымымен қамтамасыз ету және деректерді бірыңғай цифрлық платформаға және SCADA жүйесіне бере отырып, көтерме және бөлшек сауда нарығының субъектілерін электр энергиясын коммерциялық есепке алудың цифрлық жүйелерімен және телеметрия жүйелерімен жабу жатады.

Электр энергиясын тұтынушылар үшін цифрлық кабинетті құру және енгізу маңызды. Гидроәлеуеттің цифрлық картасы жобасы Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары 2020 жылғы 4 қыркүйекте бекіткен Қазақстан Республикасының гидроэнергетикалық саласын дамытудың 2020-2030 жылдарға арналған жоспарының іс-шараларын іске асыруға бағытталған.

«Генерацияның цифрлық картасы» жобасы

«Генерацияның цифрлық картасы» жобасының мақсаты қызмет көрсету мен жөндеуге арналған жоспарлы тоқтап қалудың жол берілетін деңгейі кезінде техникалық дайындық коэффициентін қолдау есебінен өндірісті барынша жүктеу мүмкіндігін қамтамасыз ететін негізгі өндірістік қорларды пайдалану режимін ұйымдастыру болып табылады.

«Генерацияның цифрлық картасы» жобасы жөндеу және инвестициялық бағдарламалардың орындалуы, жабдықтың жүктелуі туралы деректерді алу процесін автоматтандыруға; техникалық жай-күй индексін анықтауға; өндірістік жабдықты жаңғыртуды нүктелі бюджеттеуді негіздеуге; орнатылған және қолда бар қуаттар арасындағы айырманы қысқартуға; генерациялайтын объектілер жабдықтарының техникалық сенімділігін арттыруға; технологиялық бұзушылықтар мен жедел хабарламалар бойынша есептер ұсынуға; барлық станциялардың Status Twin прототиптерін жасауға бағытталған.

2021 жылдың қорытындысы бойынша Қоғам «Генерацияның цифрлық картасы» жобасы бойынша белгілі бір жұмысты орындады. Осылайша, жабдық паркін есепке алу және техникалық жай-күйін қадағалау процестерін қамтамасыз ететін процестер мен құралдар туралы бастапқы деректерді анықтау тұрғысынан генерациялайтын станцияларға сауалнама жүргізудің бастапқы кезеңі жүргізілді. Деректер барлық станциялардан алынды және өңделуде. «Астана-Энергия» АҚ және «УКГЭС» ЖШС станцияларында жұмыс топтарын құру үшін ресми хаттар жіберілді. Екі станцияда да жұмыс топтары құрылды және бекітілді.

Сондай-ақ, «УКГЭС» ЖШС негізгі және қосалқы жабдықтары бойынша барлық ұсынылған материалдар пысықталып, зерделенді, жөндеу қызметін қамтамасыз ету бойынша бизнес-процестерге егжей-тегжейлі талдау жүргізілді. Қазіргі уақытта толық паспорттауды ұйымдастыру бойынша жұмыстар жүргізілуде, оның аясында толтыруға арналған сауалнамалардың үлгілері қалыптастырылады, барлық қолданыстағы станциялардың ерекшеліктері зерттеледі және технологиялық және құрылымдық жағынан бірдей жабдықты іздейді. Генерациялайтын ұйымдардан АЭҚБК алатын есептердің барлық түрлері пысықталды және цифрлық форматқа ауыстырылды.

«Астана-Энергия» АҚ жабдықтарының толық иерархиясы құрылды, «Астана-Энергия» АҚ және «УКГЭС» ЖШС негізгі және қосалқы жабдықтарын паспорттау жүргізілді. «Астана-Энергия» АҚ және «УКГЭС» ЖШС бойынша техникалық құжаттаманың электрондық мұрағаты әзірленіп, қалыптастырылды.

«ҚР электр энергиясын генерациялау объектілерінің цифрлық картасы» жобасын іске асыру тұжырымдамасы және процестерді цифрландыру бойынша бағдарламалық қамтамасыз етуге қойылатын негізгі талаптар әзірленді. Станция бейінінің макеттері жасалды;

2022-2023 жылдарға 59 объектіде техникалық аудит жүргізу, деректерді жүйеге ұсыну бөлігінде нормативтік-құқықтық актілерге өзгерістер енгізу жоспарлануда (есептілік нысанын, деректерді беру регламенттерін бекіту, есепке алу аспаптарынан деректерді беруді бақылау жөніндегі шараларды күшейту). Генерацияның цифрлық картасының бағдарламалық қамтылымын өнеркәсіптік пайдалануға енгізу, сондай-ақ деректер алу үшін энергия өндіруші ұйымдардың жүйелерімен интеграциялауды жүзеге асыру жоспарлануда.

Энергия өндіруші ұйымдардың техникалық аудитін жүргізу Дүниежүзілік банк ашқан және қаржыландыратын жоба бойынша жүзеге асырылады. Жобаның атауы: «Қазақстан үшін таза энергияны дамыту стратегиясы мен желінің тұрақтылығын қолдау үшін энергожүйе желісін талдау».

Осы уақытқа дейін Қоғам Дүниежүзілік банктің (бұдан әрі - ДБ) сайтында тіркеу жүргізді және растау алды; жобаны қаржыландыру үшін банктік деректер жіберілді, тексеру жүргізілді және шоттың тіркелуі расталды; техникалық ұсыныс (бұдан әрі - ТҰ) дайындалды, жобаға қатысушылар қол қойды және ДБ консультанты тексерді, ДБ кеңсесіне жіберілді; қаржылық ұсыныс (бұдан әрі - ҚҰ) дайындалды.

ДБ-мен техникалық аудит жүргізуде консультанттарды үйлестіру жөніндегі жұмысты жүргізуге шарт жасасу; банктің консультанттарды таңдауы; технологиялық аудит жүргізу процесінде консультанттардың жұмысын ұйымдастыру; жобаның бастапқы сатысын жабу жоспарлануда.

Сондай-ақ консультанттарға арналған құжаттар, техникалық аудит алгоритмі (бұдан әрі - ТАА), ТАА бойынша консультанттардың жұмыс кестесі әзірленді. Аталған құжаттар жоба басталғаннан кейін консультантпен келісіліп, пысықталады.

Тұтынушының цифрлық кабинетін құру

Тұтынушының цифрлық кабинетін құру жөніндегі жоба Үкімет бекіткен бірқатар іс-шараларды іске асыруға бағытталған. Тұтынушының цифрлық кабинетін құру жөніндегі жобаның негізгі мақсаты баға белгілеудің бұрмалануын жою шеңберінде электр энергетикасы саласындағы нарықтарға қолжетімділікті қамтамасыз етуге бағытталған Қазақстанның электр энергиясы нарығындағы бәсекелестікті кешенді дамыту болып табылады.

Осы жоба шеңберінде электр энергиясын жеткізушіні         ауыстыру үшін онлайн цифрлық платформаны енгізу; орталықтандырылған сауда-саттықта өткізілетін электр энергиясының көлемін сатудың жалпы көлемінен ұлғайту; электр энергиясын баламалы жеткізушілерге өткен тұтынушылардың үлес салмағын арттыру бойынша міндеттер шешілуі тиіс.

Қазіргі уақытта ТҚСО электр энергиясының соңғы тұтынушыларын энергиямен жабдықтауды ұйымдастыру саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасына талдау жүргізді. Энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың қызметін цифрландыру бойынша әлемдік тәжірибе зерделенді. Тұтынушының цифрлық кабинетін құру бойынша жоба әзірленді. Ағымдағы жылы сондай-ақ құрылған ОКҚ аясында тәуелсіз сарапшылармен жоба бойынша проблемалық мәселелерді талқылау жоспарлануда. ҚР қолданыстағы заңнамасына ұсыныстар мен толықтырулар әзірленуде. Тұтынушының цифрлық кабинетінің бағдарламалық қамтамасыз етуін әзірлеу басталды.

Гидроәлеуеттің цифрлық картасын жасау

Гидроэнергетикаға инвестициялар тарту үшін ақпараттық платформа құру арқылы гидроэнергетикалық саланы дамытуға жәрдемдесу Гидроэнергетикалық әлеуеттің цифрлық картасын жасау жөніндегі жобаның мақсаты болып табылады.

Гидроәлеуеттің цифрлық картасын жасау жөніндегі жобада Қазақстан Республикасы өзендерінің тиімді физикалық гидроәлеуетін айқындау көзделген. Инвесторлар іске асыратын ГЭС құрылысы жобаларының тізбесімен онлайн карта жасау. Онлайн-картаға енгізілген жобаларды іске асыру мәртебесі туралы ақпаратқа қолдау көрсетіледі. Электр желілік инфрақұрылымның орналасуы, жүктемесі және даму жоспарлары туралы; ГЭС перспективалы жобаларына арналған жерлердің мәртебесі туралы; ГЭС жобалық аукциондарына арналған алаңдарды таңдау туралы ақпарат көрсетіледі және қолдау көрсетіледі. Сондай-ақ, гидроэнергетиканы дамытудың бас жоспарын құру үшін ақпаратты дайындау жүргізілуде.

Атқарылған жұмыстарға келетін болсақ, ҚР Энергетика министрлігінің сұраулары бойынша ГЭС-ті қосуға берілген техникалық шарттар, БЭСК (ШҚ АЭК), ТАЭТК және АЖК электр желілерінің карта-схемалары бойынша ақпарат алынды. Онлайн-картаға енгізу үшін көптеген инвесторлардан ГЭС жобаларының техникалық-экономикалық көрсеткіштері бойынша ақпарат алынды. 1:50000, 1:25000 масштабтағы; су-энергетикалық кадастрдың қор материалдары және ҚазКСР жер үсті суларының ресурстары бойынша, «Қазгидромет» РМК гидропостарындағы су ағыны бойынша, «Қазсушар» РМК гидротораптарындағы су ағыны бойынша карталар алынды.

Алынған ақпаратты талдау және пысықтау негізінде 54 өзен бассейні мен ағындары бар 2070 өзен анықталды, Оңтүстік-шығыс Қазақстан - Текес, Шарын және Шелек өзендерінің бассейндері бойынша және Шығыс Қазақстан - Оба және Үлбі өзендерінің бассейндері бойынша өзендердің гидрологиялық желісі келтірілді. Цифрлық карта үшін деректер қорының конфигурациясы анықталды, пайдаланушылар мен олардың рөлдерін анықтау, талқылау және техникалық тапсырма әзірлеушілерге жеткізілді.

Гидроәлеуеттің цифрлық картасының бағдарламалық қамтылымының прототипі жасалды және Текес, Шарын, Шелек өзендерінің 3-бассейнінде өзендердің гидрологиялық желісі туралы ақпарат енгізілді. Өзендерді биіктік айырмасының шамасын, ағын нормасын, гидроэнергетикалық әлеуетті есептеумен учаскелердің ұзындығын және т.б. анықтай отырып, учаскелерге бөлу жүргізілді.

2021 жылдың соңында Генерациялаудың цифрлық картасын құру бағдарламалық қамтылымы пилоттық режимде іске қосылды және келесі ақпараттық қабаттардан тұрады:

- Өзендер бойынша деректер (Координаттар, учаскелер, гидробекеттер, гидротораптар).

- Желілер мен инфрақұрылым бойынша деректер (Қосалқы станциялар, желілер (ЭБЖ), жолдар, коммуникациялар).

- Деректерді жинау ортасы (Деректерді үздіксіз байыту және өзектендіру).

- Кері байланыс (Инвесторларды ақпараттық қолдау құралдары).

UNICASE (USAID) компаниясымен ынтымақтастық шеңберінде ГЭС құрылысына жер бөлу мәселелері бойынша ҚР жер заңнамасын зерттеу бойынша жұмыс жүргізілуде. Осы жұмыстың қорытындысы бойынша ГЭС құрылысына инвестициялық жобаларды іске асыру үшін жер бөлу, пайдалану және қайтару мәселелері бойынша ҚР қолданыстағы жер заңнамасына өзгерістер енгізу бойынша ұсыныстар әзірленеді.

Кәсіби кадрларды дамыту

Кәсіби кадрларды есепке алу және дамыту жөніндегі салалық платформаны (LMS) құру цифрлық экономиканы құзыретті кадрлармен қамтамасыз етуге тиіс білім беру жүйесін жетілдіруге жәрдемдесуге бағытталған. Ол білім беру бағдарламаларын жаңғыртуды және мамандарды даярлауды, жаңа білім беру бағдарламаларын жобалауды, қосымша кәсіптік білім беру бағдарламаларын әзірлеуді және іске асыруды қамтиды. LMS платформасы екі негізгі функцияны біріктіреді:

1. Тікелей электр және жылу энергетика саласы үшін кәсіби техникалық мамандардың біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру және өткізу;

2. Электр энергетикасы субъектілерінің кәсіптік техникалық мамандарды есепке алуын және біліктілікті арттыру курстарын жоспарлауды жүзеге асыру

Осы бағыт бойынша бүгінгі күні қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру тәжірибесін және өзара тиімді ынтымақтастықты зерделеу мақсатында АХҚО Үздіксіз кәсіби даму бюросымен (BCPD) бірқатар кездесулер өткізілді. USAID және AFD өкілдерімен олар жүзеге асыратын бағдарламалар шеңберінде білім беру контентін дайындауға көмек көрсету мүмкіндіктерін анықтау мақсатында кездесулер өткізілді. Озық білім беру платформаларын зерделеу жүргізілді және LMS платформасына арналған техникалық тапсырма әзірленді.

Электр энергетикасы саласының кадрлық әлеуетін дамыту бойынша құрылған Орталық коммуникациялар қызметінің шеңберінде электр энергетикалық компаниялар мен ЖОО HR бөлімшелерінің сарапшы-қызметкерлерін тарта отырып, олар бойынша салмақталған позицияны анықтау үшін ТҚСО ұсыныстарын талқылау жоспарлануда.

 

25.04.2024
Ғалымдар қайта өңделетін материалдардан қалақтарды 3D басып шығаруды әзірлеуде
25.04.2024
Қытайда теңіз КЭС құрылысына рұқсат етілген теңіз аймақтары анықталды
24.04.2024
1 миллионға жуық американдық отбасы күн батареясынан қуат алады
24.04.2024
Мәжіліс жаңартылатын энергия көздеріне қатысты заңды қабылдады
23.04.2024
Вильнюс қаласында Литвада өндірілген алғашқы күн батареясы ұсынылды
23.04.2024
Айнұр Соспанова: Екіжақты шарттар нарығының жұмысын реттейтін нақты ережелер қажет
23.04.2024
ГЭС, ЖЭС құрылысына ЖЭК аукциондық сауда-саттығына қатысушылардың тізіліміне енгізу үшін құжаттарды қабылдау басталды
22.04.2024
JinkoSolar энергияны жинақтау бойынша 1-деңгейдегі BNEF тізіміне енді
22.04.2024
Жапония 2025 жылы ғарыштан Жерге күн энергиясын беруді жоспарлап отыр
19.04.2024
АҚШ-та шойын мен болатты тазарту технологияларын әзірлеуге 28 миллион доллар бөлінеді
19.04.2024
Австралия қараусыз қалған көмір шахтасында қуаты 1 ГВт ГЭС салуды жоспарлап отыр
19.04.2024
Apple жаңартылатын энергия көздері мен су ресурстарының тұрақтылығына күш салуда
18.04.2024
Еуропада екі мемлекет жел генераторларының қуатын арттырудың арқасында 100% жаңартылатын энергиямен қамтамасыз етілді
18.04.2024
IRENA есебі: ЖЭК-ке көшу энергия қауіпсіздігіне жаңа көзқарасты қажет етеді
17.04.2024
CATL өнеркәсіптік батареяны, Megapack Tesla баламасын ұсынды
17.04.2024
Бакуде жел электр станциясы салынады
17.04.2024
Қазақстан мен Оңтүстік Корея Түркістанда бу-газ қондырғысын салуға ниетті
17.04.2024
Астанада ҚР – ЕО Энергетика, көлік, қоршаған орта және климаттық өзгерістер жөніндегі кіші комитетінің 7-ші отырысы өтті
16.04.2024
Алмасадам Сәтқалиев: Қазақстан метан шығарындыларын азайту бойынша жұмысты күшейтуге ниетті
16.04.2024
Дубайда күн батареясымен жүретін көлік іске қосылуы мүмкін