Сала жаңалықтары

Сала жаңалықтары08.09.2022

ҚР Энергетика министрлігі ЖЭК бойынша НҚА-ға бірқатар өзгерістер енгізді

Осы жылдың көктемінде Qazaq Green алаңында ҚР Энергетика министрлігі қауымдастық мүшелері: бизнес-қоғамдастық, халықаралық және қаржы ұйымдары өкілдерінің қатысуымен Қазақстанның жаңартылатын энергетикасын дамытудың өзекті мәселелерін талқылады. Жүргізілген талқылаулардың қорытындысы бойынша министрлік ЖЭК дамыту мәселелерін реттейтін бірқатар НҚА-ға өзгерістер жобаларын іске қосты.

«Тіркелген тарифтер мен шекті аукциондық бағаларды айқындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 27 наурыздағы № 271 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» нормативтік құқықтық актінің жобасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 12 маусымдағы № 645 қаулысымен бекітілген тіркелген тарифтер деңгейінде шекті аукциондық бағаларды айқындауды көздейді.

-           КЭС-34,61 тг/кВт*сағ

-           ЖЭС-22,68 тг/кВт*сағ

-           БиоЭС-32,23 тг/кВт*сағ

Бұл бастама ЖЭК ірі жобаларын ынталандыру мақсатында реттеуші базаны жетілдіруге қатысты Мемлекет басшысының 2022 жылғы 2 наурыздағы тапсырмасына сәйкес келеді.

Сонымен қатар, «Тіркелген тарифтерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 12 маусымдағы № 645 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы» НҚА жобасына сәйкес ҚР Энергетика министрлігі судың гидродинамикалық энергиясына 41,23 тг/кВт*сағ мөлшерінде тіркелген тарифті айқындауды ұсынды. Мұндай шара ГЭС бойынша аукциондарда инвестициялық белсенділікті ынталандырады және ГЭС жобаларын іске асырумен байланысты негізгі проблемалардың бірі – төмен шекті аукциондық бағаны (15,2 тг /кВт*сағ) еңсеруге арналған.

Бұдан басқа, «Тіркелген тарифтер мен шекті аукциондық бағаларды айқындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 27 наурыздағы № 271 қаулысына өзгерістер индекстеу тетігін жақсартуға бағытталған бірқатар бастамаларды көздейді:

-           2022 жылғы 1 қаңтардан бастап сауда-саттық қорытындылары бойынша жобалар үшін қаржы-есеп айырысу орталығына жаңартылатын энергия көздерінен электр энергиясын сатып алу шарты жасалған кезден бастап және оны жеткізу басталғанға дейін құрылыс кезеңінде біржолғы индекстеуді енгізу;

-           ЖЭК жобасының өмірлік циклі ішінде тұтыну бағаларының индексіне немесе ұлттық валютаның АҚШ долларына айырбастау бағамының өзгеруіне 1 рет индекстеу тетігін таңдау мүмкіндігі;

-           өткен жылдың 1 қазанымен салыстырғанда ТБИ және валюта бағамының 1 қазанға 100% өзгеруін есепке алу.

Qazaq Green бұл шаралардың барлығы ЖЭК секторында неғұрлым қолайлы инвестициялық ахуал қалыптастыруға ықпал ететініне сенім білдіреді.

Сондай-ақ, «Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің  2017 жылғы 21 желтоқсандағы № 466 бұйрығымен бекітілген Аукционға қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптарын, өтінімнің мазмұнын және оны беру тәртібін, аукционға қатысуға арналған өтінімді қаржылық қамтамасыз ету түрлерін және оларды енгізу мен қайтару шарттарын, қорытынды шығару және жеңімпаздарды анықтау тәртібін қамтитын аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру мен өткізу қағидаларына өзгерістер енгізу туралы» НҚА-ға түзетулер енгізуге бастамашылық жасалды.

Ұсынылған өзгерістер сауда сессиясының уақытына, сондай-ақ бағаның өзгеру қадамына қатысты. Түзетулерге сәйкес НҚА жобасының 32-тармағын мынадай редакцияда жазу жоспарлануда: «Негізгі уақыт ішінде – сауда сессиясының 30 (отыз) минуты - бағаны өзгерту қадамы - 1 (бір) киловатт-сағат үшін кемінде 5 (бес) тиын, сауда сессиясы 5 (бес) минутқа ұзартылған уақыттан бастап бағаны өзгерту қадамы 1 (бір) киловатт-сағат үшін кемінде 50 (елу) тиынды құрайды».

Qazaq Green мүдделі ұйымдар мен компанияларды ЖЭК жөніндегі НҚА-дағы өзгерістерді ресми дереккөздерде («Ашық НҚА») қадағалауға және оларды қауымдастық алаңында талқылауға шақырады.

06.05.2024
Шымкенттің кәріз ағындарын қалай электр энергиясына түрлендіреді
06.05.2024
Eurostar 2030 жылға қарай барлық пойыздарды ЖЭК-ке ауыстыруға ниетті
06.05.2024
Ресейде нанотехнологиялардың көмегімен күн батареялары жетілдірілді
04.05.2024
Жел турбиналарының «әлемдегі алғашқы» ағаш қалақтары Германияда орнатылды
04.05.2024
АҚШ-та натрий-ионды аккумуляторлардың алғашқы сериялық өндірісі пайда болды
04.05.2024
Ташкент инвестициялық форумында Камбаратин ГЭС-1 құрылысының жобасы ұсынылды
03.05.2024
G7 елдері 2035 жылға қарай көмірден бас тарту туралы келісімге келді
03.05.2024
2032 жылға қарай Тәжікстан ЖЭК-ке толығымен көшуді жоспарлап отыр
03.05.2024
Африкада қалқымалы күн электр станциялары салынуда
02.05.2024
Оңтүстік кореялық компаниялар Астана, Алматы, Павлодар ЖЭО және Топар ГРЭС-ін жаңғыртуды жоспарлап отыр
02.05.2024
Көміртексіздендіру және тұрақты даму «Орталық Азия және Каспийдегі мұнай-газ химиясы және мұнай өңдеу» 11-ші конференциясының басты тақырыбына айналады
01.05.2024
Каспий теңізінің түбімен энергетикалық кабель тарту жобасы: Қазақстан, Әзірбайжан және Өзбекстан Энергетика министрлігінің басшылары меморандумға қол қойды
30.04.2024
Қытайда әлемдегі ең ірі толығымен электрлі контейнер тасушы кеме пайдалануға берілді
30.04.2024
Masdar Грузияда ірі күн электр станциясын салады
30.04.2024
Түркияда ЖЭК үлесі 50%-ға жақындады
29.04.2024
Acwa Power Қазақстанның Каспий маңы аймағында ЖЭК жобасын құрмақ
29.04.2024
Баварияда тік қалқымалы фотоэлектрлік жүйе құрылады
29.04.2024
Латвияда ең ауқымды күн электр станциясы 2 мамырда ашылады
29.04.2024
2024 жылы Жетісуда жаңартылған энергия көздері бағытында 4 жоба іске қосылады
26.04.2024
ЕАЭО-ның энергетикалық перспективалары көміртексіздендіруге ауысуды және климаттық күн тәртібінің басымдығын ескеруі тиіс