Сала жаңалықтары

Сала жаңалықтары21.12.2022

Hyrasia One: Өнеркәсіпті көміртексіздендіру қызметіндегі «жасыл» энергия

Еуропалық кеңес Президент Шарль Мишельдің Қазақстан астанасына күзгі сапары «жасыл» энергетика саласындағы маңызды келісімге қол қоюмен ерекшеленді. Hyrasia One компаниясы Қазақстанда жобалары қазіргі уақытта әзірленіп жатқан әлемдегі ең ірі бес «жасыл» сутегі зауыттарыныңбірін салуды жоспарлап отыр. Жел мен күн энергиясын пайдалана отырып, кәсіпорын жыл сайын екі миллион тоннаға дейін сутегі өндіреді.

Әлемдегі ең ірі бес сутегі жобасының бірі тағы бір межеге жетті.

•         Инвестициялар туралы келісімге жобаның еуропалық әзірлеушісі мен Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасы Президентініңжәне Еуропалық Кеңес төрағасының қатысуымен қол қойды.

•         2032 жылдан бастап Маңғыстау облысында сутегі өндіретін жел-күн қондырғысы жылына екі миллион тоннаға дейін сутегі алуға мүмкіндік береді.

•Тұрақты экономикалық және құқықтық база 40-тан 50 млрд АҚШ долларына дейінгі көлемде жоспарланған инвестициялар үшін берік негіз құруға мүмкіндік береді.

Экологиялық таза технологиялар саласында жұмыс істейтін Svevind Energy Group еуропалық холдингінің еншілес кәсіпорны Hyrasia One Қазақстан аумағында әлемдегі ең ірі «жасыл» (экологиялық қауіпсіз) сутегі өндіретін кәсіпорындардың бірін салуды жоспарлап отыр. Hyrasia Оne жобасы қазір келесі шешуші кезеңге өтуде.

Жақында Астанада Қазақстан Республикасының Пре-зидент! Қасым-ЖомартТоқаев пен Еуропалық кеңестің Президенті Шарль Мишельдің қатысуымен Hyrasia One компаниясыныңжәне Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілдері инвестициялар туралы келісімге қол қойды, ол маңызды жобаның бастамасына айналады.

Hyrasia Опежобасын іскеасыруүшін Қазақстанның оңтүстік-батыс бөлігінде жобалық қуаты 40 гигаватт жел және фотоэнергетикалық қондырғылар салу жоспарланған. Осы қондырғылар өндіретін қуаттылығы жылына 120 тераватт-сағат жаңартылатын энергия Каспий теңізі жағалауындағы электролизерлердіңжалпы қуаттылығы 20 гигаватт және өнімділігі жылына екі миллион тоннаға дейін «жасыл» сутегінің өнеркәсіптік аймағын қуатпен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Салыстыру үшін, бүл өнімділік көрсеткіші 2030 жылға қарай Еуропалық одақтың «жасыл» сутегі импортынан күтілетін сұраныстың бестен біріне тең.

Осылайша, Hyrasia Опежобасы Еуропадағы, Қазақстандағы, сондай-ақ Азия елдеріндегі дамушы сутегі нарықтары үшін берік негіз бола алады.

Қол қойылған келісім жоба үшін берілетін алаңдарды, инфрақұрылым қаражатына қолжетімділікті, жүктер мен капиталдың кедергісіз қозғалысын және үш жыл бойы әзірлену сатысында тұрған жоба бойынша инвестициялардың мәртебесіне кепілдік беретін өзге де экономикалық және құқықтықжағдайларды қоса алғанда, жобаның нақты параметрлерін айқындайды. Осы инвестициялық келісім негізінде Hyrasia One жобасы бірлескен инвесторлармен, тұтынушылармен және кәсіпорын жеткізушілерімен келіссөздер кезеңіне өтеді, сол арқылы кейіннен «жасыл» сутекті өндіруге негіз қалайды.

Маңғыстау облысында сутегі өндірісінің басталуы 2030 жылға жоспарланған, ал кәсіпорын 2032 жылға қарай толық қуатына жете алады. Құны шамамен 40-50 миллиард АҚІІІ доллары болатын жоба бойынша инвестициялар туралы түпкілікті шешім 2026 жылы қабылдануы керек.

2022 жылдың жазында ILF Consulting Engineers және Roland Berger Management Consultants консалтингтік компанияларының қатысуымен дайындалған тұжырымдамалық дизайнды зерттеу бөл ігін де жобаны әзірлеудің бірінші кезеңі сәтті аяқталды.

«Hyrasia One жобасының арқасында біз бірегей өнеркәсіптік ауқымда энергетикалықжәне шикізаттық қорлардың қауіпсіздігін қамтамасыз ете аламыз», деп түсіндірді Hyrasia One жобасының бас директоры, Svevind Energy Group компаниясының негізін қалаушы және басшысы Вольфганг Кропп мырза.

Оның пікірінше, Қазақстан экологиялық таза энергия мен сутекті өндіру үшін тамаша алаң болып табылады. Мысалы, ен далада жыл бойы жел соғады, ал күн радиациясының қарқындылығы Орталық Еуропа елдеріне қарағанда әлдеқайдажоғары.

«Инвестициялық келісімге қол қоюжобаның келесі шешуші кезеңге өтуіне мүмкіндікберді. Біз жоспарларымызды қолдайтын және үлкен көлемдегі «жасыл» сутекті өндірудің орасан зор экономикалық әлеуетін мойындайтын Қазақстан Республикасының Үкіметі тұлғасында сенімді серіктес тапқанымызға қуаныштымыз»,- дейді Вольфганг Кропп мырза.

2022 жылдың қазан айында Сутегі технологиялары кеңесі McKinsey компаниясымен бірлесіп жариялаған «Жаһандық сутегі ағындары» зерттеуіне сәйкес, экологиялық таза сутегі көмірқышқыл газының шығарындыларын 2050 жылға қарай дүниежүзілік экологиялық бейтараптыққа қол жеткізу үшін қажет көлемнен бес еседен астам азайтуды қамтамасыз ете алады. Сутекті пайдалану осы уақытқа дейін көмірқышқыл газының әлемдік шығарындыларын 80 гигатоннаға азайтуға мүмкіндік береді.

Зерттеуде сонымен қатар бірқатар елдер сутегінің едәуір көлемін импорттауға мәжбүр болатыны атап өтілді. Жапония мен Оңтүстік Кореядан басқа, оларға Еуропалық одақ елдері де кіреді.

Осы орайда, Еуропалық комиссияның төрағасы Урсула фон дер Ляйен ханым және Қазақстан Республикасының Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жариялаған шикізатты, аккумуляторларды жэне «жасыл» сутегіні тұрақты өндіру мақсатында стратегиялық әріптестік туралы келісімге қол қою маңызды қадам болып табылады.

«Алдағы он жыл әлемдік ауқымда табысты энергетикалық ауысу үшін шешуші болып табылады. Біз қолдан жіберіп алған әрбір әрекет болашақта жүзеге асыру үшін сөзсіз жоғалады. Біз Hyrasia Оne жобасының көмегімен айтарлықтай үлес қосқымыз келеді», деп мәлімдеді Вольфганг Кропп мырза.

ЖОБА ТУРАЛЫ

Hyrasia One компаниясы Қазақстанда жобалары қазіргі уақытта әзірленіп жатқан әлемдегі ең ірі бес «жасыл» сутпегі зауытттарының бірін салуды жоспарлап отпыр. Алып жел-күн кәсіпорны 2032 жылдан бастпап жыл сайын екі миллион тоннага дейін сутегі өндіреді. Hyrasia One - бас кеңсесі Германияның Дрезден каласында орналасқан, жаңартылатын энергияны пайдаланатын еуропалық жобаларды әзірлеуші Svevind Energy Group тобының компаниясы.

Компаниялар тобы сонымен қатар құрлықтағы жел жэне фотоэлектрлік жобаларды жоспарлауды, әзірлеуді және сатуды жузеге асырады. Швецияның солтүстігінде Svevind қазіргі уақытта Еуропадағы ең ірі құрлықтағы жел кластеры Markbygden 1101 жобасын әзірлеумен және енгізумен айналысады.

Бүгінгі таңда кәсіпорын 1,700 мегаватт энергия өндіреді. 2026 жылы Markbygden 1101 жобам аяқталганнан кейін кәсіпорын 3,6 гигаватт өнімділікке ие болады деп кутілуде. Бүл көрсеткіш Швецияның электр энергиясының шамамен 8%-ға жабуға мүмкіндік береді.

04.05.2024
Жел турбиналарының «әлемдегі алғашқы» ағаш қалақтары Германияда орнатылды
04.05.2024
АҚШ-та натрий-ионды аккумуляторлардың алғашқы сериялық өндірісі пайда болды
04.05.2024
Ташкент инвестициялық форумында Камбаратин ГЭС-1 құрылысының жобасы ұсынылды
03.05.2024
G7 елдері 2035 жылға қарай көмірден бас тарту туралы келісімге келді
03.05.2024
2032 жылға қарай Тәжікстан ЖЭК-ке толығымен көшуді жоспарлап отыр
03.05.2024
Африкада қалқымалы күн электр станциялары салынуда
02.05.2024
Оңтүстік кореялық компаниялар Астана, Алматы, Павлодар ЖЭО және Топар ГРЭС-ін жаңғыртуды жоспарлап отыр
02.05.2024
Көміртексіздендіру және тұрақты даму «Орталық Азия және Каспийдегі мұнай-газ химиясы және мұнай өңдеу» 11-ші конференциясының басты тақырыбына айналады
01.05.2024
Каспий теңізінің түбімен энергетикалық кабель тарту жобасы: Қазақстан, Әзірбайжан және Өзбекстан Энергетика министрлігінің басшылары меморандумға қол қойды
30.04.2024
Қытайда әлемдегі ең ірі толығымен электрлі контейнер тасушы кеме пайдалануға берілді
30.04.2024
Masdar Грузияда ірі күн электр станциясын салады
30.04.2024
Түркияда ЖЭК үлесі 50%-ға жақындады
29.04.2024
Acwa Power Қазақстанның Каспий маңы аймағында ЖЭК жобасын құрмақ
29.04.2024
Баварияда тік қалқымалы фотоэлектрлік жүйе құрылады
29.04.2024
Латвияда ең ауқымды күн электр станциясы 2 мамырда ашылады
29.04.2024
2024 жылы Жетісуда жаңартылған энергия көздері бағытында 4 жоба іске қосылады
26.04.2024
ЕАЭО-ның энергетикалық перспективалары көміртексіздендіруге ауысуды және климаттық күн тәртібінің басымдығын ескеруі тиіс
26.04.2024
SNSF: Швейцариядан тік жел турбиналары электр энергиясын көбірек өндіруге қабілетті
26.04.2024
ХЭА энергия ауысуын жеделдету үшін аккумуляторлардың арзандауына үміттенеді
26.04.2024
Грузияда қалқымалы күн электр станциясы ашылды