Халықаралық тәжірибе

Халықаралық тәжірибе25.02.2024

2030 жылға қарай әлемде ЖЭК қуатын үш есеге арттыру қажет- IRENA

2030 жылға қарай әлемде жаңартылатын энергия көздepiнiң (ЖЭК) қуатын үш есе арттыру қажег. Бұл туралы KAZENERGY XV Еуразиялық форумында жаңартылатын энергия көздері жөніндегі халықаралық агенттіктің (IRENA) бас директоры Франческо Ла Камера хабарлады.

«IRENA 2030 жылға қарай 11 тераватт ЖЭК алуға шақырады, бұл жыл сайын 4 трлн доллар инвестицияны қажететеді», - деп атап өтті ол.

Агенттіктің бас директорының айтуынша, әлемде ЖЭК негізіндегі болашақ үшін тиімді және бәсекеге қабілетті құралдар мен технологиялар бар.

«2000 жылдан бері іске қосылған жаңартылатын энергия көздері 2022 жылы электр энергетикасы секторында отын шығындарын 500 млрд доллардан астам үнемдеуге мүмкіндік берді. Сол жылы әлем бұрын-соңды болмаған 295 гигаваттық өсімнің (ЖЭК куатының - Ред.) куәсі болды, ЖЭК жобаларына 1,3 трлн доллар инвестицияланды және секторда миллион жаңа жұмыс орны ашылды», - деп атап өтті Франческо Ла Камера.

Ол ЖЭК енгізу мен инвестиция тартудың рекордтық көрсеткіштеріне қарамастан, электр энергетикасы секторына өзгерістер қажет екенін атап өтті.

«Біз қазба отын көздеріне тәуелді жүйенің қаншалықты нәзік болатынын байқадық. Бұл нәзіктік климаттық дағдарыспен одан әрі күшейе түседі, ол қазір Орталық Азиядағы құрғақшылық пен су тапшылығынан көрінеді», - деп атап өтті IRENA басшысы.

Сондықтан, оның айтуынша, бүгінде бүкіл әлем үш іргелі бағытқа назар аударуы керек: инфрақұрылым, саясат және еңбек ресурстарын дамыту.

«Біріншіден, біз энергетикалық инфрақұрылымды орталықтандырылмаған жаңартылатын көздерді қабылдай алатындай етіп жаңартып, кеңейтуіміз керек, тарату жүйелері осы жаңа ландшафтқа бейімделуі тиіс. Екіншіден, біздің саясатымыз бен нормативтік негіздеріміз қазба отындарының рөлін темендету және жаңартылатын көздерді ілгерілету арқылы энергетикалық ауысуды жеделдетуге басымдық беруі тиіс», - деп нақтылады ол.

Үшіншіден, білікті кадрлар қажет. ЖЭК-те миллиондаған жұмыс орындары құрылуы мүмкін және бұл білім беру мен кәсіби дайындықта үйлестірілген күш-жігерді қажет етеді.

«Бұл трансформация үшін инвестиция өте маңызды. Қазақстан үлкен күн және жел ресурстарын иеленіп, жақсы жағдайда. Ел өзінің энергетикалық теңгерімін әртараптандыру үшін маңызды қадамдар жасады - соңғы 4 жылда шамамен 2 гигаватт жаңартылатын энергия көздері орнатылды», - деп атап өтті Франческо Ла Камера.

28.04.2026
«Батыс Каспий Энерго» Атырау облысындағы 250 МВт жел паркіне арналған аукционда жеңді
27.04.2026
Ember: Жаңартылатын энергия көздері тарихта алғаш рет көмірден асып түсті.
27.04.2026
Қазақстанда ЖЭК аукциондарына өтінім беру мерзімі жалғасуда
27.04.2026
Орталық Азияның төрт елінің энергетика министрлері аймақтың су-энергетикалық балансын талқылады
26.04.2026
Әділ ауысым: адамдарды қалай энергетикалық трансформациядан тыс қалдырмауға болады
24.04.2026
Орталық Азияның жетекші техникалық ЖОО мен ОАӨЭО ЖЭК мамандарын даярлау туралы меморандумдарға қол қойды
24.04.2026
Қазақстан мен БҰҰ ЕЭК энергетикалық тұрақтылық пен төмен көміртекті технологияларды дамыту мәселелерін талқылады
24.04.2026
100 000 жұмыс орны мен кадрлардың тапшылығы: Орталық Азияның ЖЭК серпілісіне дайындығы қандай
24.04.2026
Тасымалдаусыз ауысым жоқ: Орталық Азия энергетикалық болашағын қалай құруда
23.04.2026
Азия даму банкі Қазақстан жобаларына 5,5 млрд доллар инвестиция салады
23.04.2026
Астанада RES 2026 EXPO көрмесінің ашылуында $2,3 млрд астам сомаға 17 меморандумға қол қойылды
22.04.2026
Банк Орталық Азия экожүйесінің интеграциялануына $1 млрд салым жасайды
22.04.2026
Қазақстан мен Қытай Қарағанды облысында 500 МВт жел электр станциясын іске қосады
22.04.2026
Қазақстан мен Тәжікстан Роғун СЭС электр энергиясын импорттау туралы келіссөздер жүргізуде
22.04.2026
Өңірлік экологиялық саммит 2026 Астанада өз жұмысын бастайды
21.04.2026
Күн энергиясы және тамшылатып суару Қырғызстан егінін сақтаудың жолы
21.04.2026
Ормуз дағдарысы көмірге жол ашпады: ЖЭК газ тапшылығын жапты
20.04.2026
Астанада RES 2026 EXPO ашылып, халықаралық келісімдерге қол қойылады
20.04.2026
Орталық Азия елдері Астанада өтетін 2026 жылғы ӨЭС-те энергетикалық көшуді талқылайды
20.04.2026
Молдова ЖЭК орнатылған қуаты бойынша 1 ГВт шегінен асып түсті