Халықаралық тәжірибе

Халықаралық тәжірибе09.05.2022

Көміртегі бірліктері: серпіні және әлеуеті

Виктор Коваленко, серіктес, климаттың өзгеруі және тұрақты даму саласында қызмет көрсету тәжірибесінің жетекшісі, Орталық Азия, Кав­каз елдері, Украина

Анара Самамбаева, Қазақстандағы тұрақты даму саласындағы ЕҮ қызметтері тәжірибесінің консультанты

Парниктік газдар (ПГ) шығарындыларын азайту туралы Киото хаттамасы «жасыл» экономикаға көшудің негізін қалады, квоталарды белгілеу мен сату тетігін енгізді және келесі жылдарға оның реттеуші сипатын анықтады. «Жасыл» экономикаға көшу құралдарының бірі алдын алу функциясын орындайтын, атап айтқанда ПГ эмиссиясын төмендетуге немесе өтемдік функцияны, яғни іске асырылған ПГ шығарындыларын сіңіруді немесе осы шаралардың комбинациясын көздейтін климаттық жобалар болып табылады. Мұндай жобалардың нәтижелері көміртегі бірліктерінде көрсетіледі, бұл - СО2 баламасында тоннадағы алдын ала немесе сіңірілген шығарындылардың мөлшері.

Көміртегі бірліктері на- рықтарыныңекі түрі бар: реттелетін және ерікті, мұнда сатушы - өзінің эмиссиялық квотасын пайдаланбайтын немесе климат- тықжобаны жүзеге асыратын, сол арқылы көміртегі бірліктерін құратын тарап; ал сатып алушы - осы бірліктерді өз шығарындыларын өтеу немесе квоталар бойынша міндеттемелерін орындау үшін сатып алғысы келетін тарап болады. Реттелетін нарық пен ерікті нарықтың негізгі айырмашылығы «жоғарыдан төмен қарай» тәсіл болып табылады, мұнда шығарындыларды азайту және/немесе көміртегі бейта- раптығына қол жеткізу жөніндегі ұлттық мақсаттар С02 шығарындыларына квоталарды талап етеді.

«Төменнен жоғары қарай» кері тәсіл көміртегі бірліктердің ерікті нарығы үшін тән, мұнда эмитенттердің өздері климатқа әсерді төмендету бойынша корпоративтік міндеттемелерді орындау, компанияның имиджін жақсарту, инвестициялық тартымдылықты арттыру, көміртекті-бейтарап өнімге қатысты сыйлықақылар алу немесе эмиссияларды бақылаужөніндегі реттегіш құралдарды енгізу кезінде көміртегі бірліктерін болашақта есепке алуға дайындау мақсатында өздерінің көміртегі ізін қысқартуға ұмтылады.

Нарықтардың тағы бір маңызды айырмашылығы - көміртегі бағасы. Мәселен, ерікті нарықтағы көміртегі бірліктерінің орташа құны реттелетін нарыққа қарағанда 10 есе төмен. Құнның қалыптасуына әсер ететін көптеген факторлар болса да, 2020-2021 жылдардағы бағалаулар бойынша ерікті нарықтарда көміртегі бағасының өсу үрдісі байқалады. Сондықтан, мысалы, мұнай-газ секторының ірі эмитенттері өтемақысын алу мақсатында тұтастай климаттық жобаларды проактивті түрде сатып алады.

Климаттық жобалар климаттық жобаларды сертификаттаудың халықаралық стандарттарында (Кесте 1) көрсетілген төрт негізгі қағидат негізінде әзірленуі тиіс.

Жобаның тиімділігін тексеру және растау үшін ең танымал халықаралық стандарттар (нарықтың 85%-ы) Верификацияланған көміртегі стандарты (Verified Carbon Standard,VCS) және Алтын стандарт (Gold Standard, GS) болып табылады. 2010-2020 жылдары осы стандарттар бойынша шығарылған көміртегі бірліктеріне сұраныс серпіні (+27%) орта есеппен ұсыныс болашақта жоғары бағалар бойынша жекелеген болашақта жоғары бағалар бойынша жекелеген бірліктерді сатып алуға жұмсалатын шығындарды қысқарту және өз эмиссияларының ең жақсы серпінінен (+23%) асып түседі.

Ерікті нарықтағы көміртегі бірліктерінің сауда алгоритмі келесі негізгі кезеңдерден тұрады.
1. Экономикалық әсерді, байланысты тәуекелдерді, мүдделі тараптардың пікірлерін ескере отырып, климаттық жоба идеясын түсіндіру.

2. ПГ-ның төмендетілген/сіңірілген шығарындыларының көлемін бағалау және мониторингтеудің қолданылатын әдіснамасын, жобаны іске асырудан туындайтын ілеспе экологиялық және әлеуметтік әсерді сипаттай отырып,жобаның дизайны, сондай-ақ «қосалқылық» қағидатын сақтаудың дәлелі.

3. Жобаны валидациялау деп аталатын жоба­ны іске асыруды бастау мүмкіндігі үшін тәуелсіз сарапшылардың жоба дизайнын тексеруі.

4. Жобаныңтиімділігін тексеруүшін оны іске асырғаннан кейін үшінші тараптыңжобаны тексеруі.

5. Халықаралық стандартқа сәйкес көміртегі бірлігін шығару, көміртегі бірліктерінің тізілімінде тіркеу және жобаны іске асыру мерзімі ішінде верификацияны жалғастыру.

6. Көміртегі бірлігін мамандандырылған компаниялар арқылы сатып алу, одан әрі тізілімнен шығару.

Эмиссияларды бақылау жөніндегі заңнамаға байланысты ерікті көміртегі бірліктері эмиссияларға белгіленген квоталарды орындау мақсатында оларды айналымға енгізуге болатын қолданыстағы немесе қалыптастырылатын СО2 шығарындылары саудасы жүйелерінің (ШСЖ) бір бөлігі болуы мүмкін. Бұл жерде жобаның бағыттылығы маңызды фактор болады. Көміртегі бірліктерінің халықаралық және ұлттық ерікті нарықтарында орман және жер ресурстарына, энергия тиімділігіне және жаңартылатын энергия көздеріне қатысты климаттық жобалар басым.

Эмиссия үшін өтемақы ретінде көміртегі салығын азайту үшін көміртегі бірліктерін қолдану мүмкіндігі бар. Осылайша, VCS және GS стандарттары бойынша верификацияланған климаттық жобалардың нәтижелері Колумбия мен ОАР, CORSIA (Халықаралықавиация үшін көмірқышқыл газы шығарындыларын өтеу және азайту схемасы) салығын қысқарту кезінде реттеуші тетіктермен және Upstream emissions reduction мұнай-газ компаниялары үшін шығарындыларды азайту жөніндегі тетікпен есептеледі, ол отын өндіру кезінде эмиссияны қысқарту жөніндегі бастамаларды есепке алуды көздейді.

2021 жылы күшіне енген Ресей Федерациясының «Парниктік газдар шығарындыларын шектеу туралы» Федералды заңы климаттық жобалар тұжырымдамасын бекітіп, эмиссияларды реттеудің негізін қалады. Қазіргі уақытта климаттық жобалардың нәтижелерін тіркеу, есепке алу және есепке жазу жүйесі әзірленуде, алайда осыған арналған Ресей Федерациясы Үкіметініңбұйрығы халықаралық стандарттар (VCS, GS) бойынша сертификатталған климаттық жобаларды жүзеге асыру мүмкіндігін көрсетеді. Сахалин тәжірибесінің нәтижелерін ескере отырып, реттелетін ШСЖ және көміртегі бірліктерін ұлттық деңгейде сатудың ерікті тетігін құру күтілуде. Климаттық жобаларды іске асыру салықтық жеңілдіктер, «жасыл» қаржыландыру және инвестициялық жо­баларды жалпы салалық қолдау сияқты қолдау шараларымен сүйемелденеді.

Қазақстанда климаттық күн тәртібі барған сайын өзекті болуда: шығарындылар саудасының жүйесі (ҚазШСЖ) бар, Қазақстанның ТКДТ-ның жаңартылуына және көміртегі бейтараптығы доктринасына сәйкес ҚазШСЖ шеңберінде реттеуді күшейту және экономиканың квоталанбайтын секторлары мен ПГ шығарындылары көздері үшін көміртегі салығын енгізу дайындалуда, реттелетін көміртегі нарығын толыққанды іске қосуүшін қажетті заңға тәуелді актілерді әзірлеу жоспарлануда. Өндірістік қуаттарды жаңғыртуға және ең озық қолжетімді техни- каларды (ЕОҚТ) енгізуге бағытталған басқа да жоспарланатын көптеген инвестициялық жобалар іс жүзінде қоршаған ортаға теріс әсердің төмендеуіне әкелетінін және жанама түрде парниктік газдар шығарындыларының азаюына әкелетінін ұмытпаған жөн.

Қазақстандық климаттық жобаларды табысты іске асыру мүмкіндіктерін арттыру үшін мынадай реттеу қажет:

*   парниктік газдар шығарындыларын шектеудіңжәне көміртегі бірліктері саудасының ұлттық жүйесін күшейту (ҚазШСЖ);

*   жобаларды көміртегі бірліктері саудасының трансшекаралықтетіктеріне/кеден және экономикалық одақтардыңтетіктеріне байланыстыру мүмкіндігін халықаралық реттеу;

*   климаттық жобаларды мемлекеттік қолдау мен ынталандырудың және ЕОҚТ енгізудің ұлттық шараларының кең спектрін құру.

Қазақстанның дамып келе жатқан климаттық заңнамасы және тиісті реттеуші нормаларды енгізу салдарыныңауырлығы жағдайында елдің өнеркәсібі үшін климаттық сарапшыларды, заңгерлер мен салық маман- дарынтарта отырып, әрбірәлеуетті жобаны мұқият пысықтау қажет.

ЕҮ компаниясында климат мәселелері бойынша сарапшыларды, заңгерлерді және салық мамандарын қамтитын, біз жобалар­ды жүргізетін барлық елдерде көміртексіздендіру бойынша үздік практикаларға қол жеткізе алатын халықаралық климаттық топ құрылды.

Біздің қатысуымызбен іске асырылған жобалардыңмысалдары: көміртекті реттеудің (ұлттықта, халықаралықта) инвестициялық жоспарларға әсерін талдаужәне өнеркәсіптік компанияларөнімініңөзіндік құнын құрау), парниктік газдар шығарындыларын түгендеу және өнімнің көміртегі ізін есептеу, компанияны көміртексіздендіру бағдарламаларын әзірлеу, UER сатылымда- рын құрылымдау, көміртекті егіншілікжөнін- дегі заңнаманың халықаралық бенчмаркингі және басқалараларды іздеуге, дайындауға, іске асыруға және ақшамен алмастыруға кешенді қолдаукөрсетугедайын:

•   қоршаған ортаға терісәсерді төмендетуге бағытталған жоспарланатын инвестициялық жобаларды олардың негізінде климаттық жобаларды іске асыру мүмкіндігі тұрғысынан талдау, сондай-ақ осындай жобаларға қатысты «көміртекке тестілеу»;

•   ішкі көміртегі бағасын қалыптастыру тәсілдерін енгізуге көмек көрсету;

•   климаттық жобаларды іске асырудың жарамды қолданылатын әдіснамаларын талдау және іріктеу;

•   көміртегі бірліктерін іске асырудың әлеуетті нарықтарын ескере отырып, кли- маттык, жобаларды құқықтық және салықтык, құрылымдау;

• климаттық жобаны іске асырудың қадамдык, картасын дайындау;

•   өнімнің көміртегі ізін талдау және оны азайту бағдарламаларын әзірлеу;

•   қазақстандык, климаттық заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныстар дайындауға жәрдемдесу. 


06.12.2024
Meta АҚШ-та төрт күн энергетикасы жобасынан жасыл сертификаттар сатып алады
06.12.2024
Қарағандыда мектеп жанында күн панельдері орнатылады
06.12.2024
Қытай бір жылда 260 ГВт жаңа күн панельдерін орнатты
05.12.2024
Қазақстан мен TotalEnergies Renewables ЖЭК саласындағы ынтымақтастығын нығайтуда
04.12.2024
Жапониялық ғалымдар күн сәулесі мен суды пайдаланып, сутегі отынын өндірудің жаңа әдісін жасады
04.12.2024
Еурокомиссия декарбонизация жобаларына СТВ табыстарынан €4,6 млрд бөлді
04.12.2024
Қытайлық Sinoma EC International Өзбекстанда 300 МВт күн электр станциясын салады
03.12.2024
Қызылорда облысында күн және жел электр станциялары салынып жатыр
03.12.2024
Қазақстан мен Германия жаңартылатын энергия көздерін интеграциялау үшін күш біріктіруде
02.12.2024
Heart Aerospace 30 орындық электрсамолетін 2025 жылы ұшырады
02.12.2024
Ғалымдар күн энергиясын алуға әуе шарларын пайдаланбақ
30.11.2024
Жамбыл облысында жел электр станциясына қажетті құрал-жабдықтар өндіретін зауыттың құрылысы басталды
29.11.2024
Қытайда күн сәулесіз ауадан электр энергиясын өндіретін герметикалық контейнер жасалды
29.11.2024
Литва Украинада күн электр станцияларын салуға €5 млн бөлді
28.11.2024
Үндістан 12 айда 20 ГВт күн энергиясын іске қосты
28.11.2024
Оңтүстік Кореяның оффшорлық Jeonnam 1 жел электр станциясы алғашқы электр қуатын өндірді
27.11.2024
Қырғызстанда Токтогул СЭС-інде қалқымалы КЭС салынады
27.11.2024
Парламент Жетісу облысында ірі ЖЭС салу туралы құжатты қарайды
26.11.2024
«Жасыл» интернет: Google геотермалдық энергияға негізделген жобаны іске қосты
26.11.2024
Ørsted АҚШ-та күн электр станциясын іске қосып, прерияларды сақтау үшін 953 акр жерді берді