Орталық Азия жаңалықтары13.06.2022
Өзбекстан тұрғындарына ЖЭК пайдаланғаны үшін өтемақы мен пайызсыз төлем беріледі
QAZAQ GREEN. Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев халықты жаңартылатын энергия көздерін пайдалануға ынталандыру шараларын атап өтті, деп хабарлады Өзбекстан Республикасы президентінің баспасөз қызметі.
Оның айтуынша, Өзбекстанда қосымша 2-3 миллиард киловатт-сағат электр энергиясына қажеттілік бар. Келесі бес жыл ішінде ол 10 миллиард киловатт-сағатқа дейін артады деп күтілуде.
Мұндай жағдайда ең тиімді әдіс үйлерде, кәсіпорындарда, балабақшаларда, мектептер мен ауруханаларда жаңартылатын энергия көздерін (ЖЭК) пайдалануды кеңейту болып табылады.
Осыған байланысты кеңесте ЖЭК негізіндегі құрылғыларды кеңінен енгізу мәселелері, халықты оларды пайдалануға ынталандыру шаралары талқыланды.
"Бүгінгі мәселенің жалпыұлттық мәні бар. Біз, ең алдымен, өзімізден бастауымыз керек. Әрбір хоким, министр, барлық деңгейдегі басшылар жеке үлгі көрсетіп, өз үйлерінде және жұмысында баламалы энергия жабдықтарын орнатуы тиіс", - деді Шавкат Мирзиёев.
Сонымен, күн мен желдің энергиясынан электр энергиясын өндіруге арналған әрбір орнатылған жабдық үшін оның қуатына байланысты 15 миллион сом, ал осы энергия көздеріне негізделген су жылыту жабдықтары үшін 2 миллион сом беріледі. Өтемақының орнына жабдықты 3 жылға пайызсыз бөліп төлеуге мүмкіндік ұсынылады.
Шавкат Мирзиёев ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен бастап бүкіл процесті цифрландыруды және жаңа жүйені іске қосуды тапсырды.
Өзбекстанның жоспары бойынша, 2023 жылдан бастап сауда-ойын-сауық кешендері, мейрамханалар, қонақ үйлер, жанармай құю бекеттері, әуежайлар, теміржол вокзалдары, коммерциялық банктер сияқты көптеген ғимараттар өздерінің энергия шығындарының бір бөлігін ыстық суға және сыртқы жарықтандыруға ЖЭК есебінен ғана қамтамасыз етуі тиіс.
Сондай-ақ, Мирзиёев барлық министрліктер мен ведомстволарды, хокимият пен махаллиді баламалы энергетикаға көшіруді, мемлекеттік органдарда энергия тұтыну нормативтерін белгілеуді және экономика салаларында және әлеуметтік сала объектілерінде энергия үнемдеудің ұлттық бағдарламасын әзірлеуді тапсырды.
ДМҰ: 2024 жыл тарихтағы ең ыстық жыл
Қытай әлемдегі ең ірі су аккумуляторлық электр станциясын іске қосты
Германияда күн панельдерінің орнатылған қуаты 100 ГВт-қа жетті
2030 жылға қарай Қазақстан энергетика саласында 41 мың жұмыс орны құрады
Өзбекстан жаңартылатын энергия көздерін қолдауды кеңейтуде
Қытай Ұлы күн қабырғасын салып жатыр
Еуроодақтағы электр энергиясының 48%-ы жаңартылатын энергия көздерінен өндірілді – Eurelectric
ЕҚҚДБ Сербияға орталықтандырылған жылыту жүйесін декарбонизациялау үшін €105 млн несие береді
Қазақстан, Әзербайжан және Өзбекстан жүйелік операторлары «Жасыл дәліз» жобасын іске қосты
2024 жылы жиынтық қуаты 700 МВт-тан астам энергетикалық генерация енгізілді
Стратегиялық серіктестік: ЕАДБ мен Qazaq Green Қазақстанда жаңартылатын энергетиканы дамытуға келісті
Satbayev University ғалымдары күн энергиясы панельдерін өндіруді бастады
Қостанай облысында 1 гигаваттық жел электр станциясы салынады
ЕО €2,7 млрд декарбонизация мен таза энергетика жобаларына бөлді
Жаңа батарея дронның ұшу қашықтығын 40%-ға арттырды
Қазақстанда ЖЭК жобаларын салу бойынша аукцион қатысушыларына қойылатын талаптар өзгерді
Қазақстан электр желілерінің тиімділігін жаңғыртуға және электр энергиясының шығынын азайтуға €6 млн алды
2025 жылдың 5-7 наурызында Италияда KEY - The Energy Transition Expo көрмесі өтеді
ХЭА-нің энергия тиімділігі жөніндегі жаһандық конференциясы 2025 жылдың маусымында Брюссельде өтеді
Энергетика министрлігі: Қазақстанда жыл соңына дейін 8 жаңа ЖЭК нысаны іске қосылады