Қазақстан жаңалықтары

Қазақстан жаңалықтары05.03.2023

Qazaq Green басшысы Нұрлан Қапенов Қазақстандағы ЖЭК саласындағы инвесторларға ерекше шарттар мен олардың кемсітілуі туралы айтты

QAZAQ GREEN. Qazaq Green ЖЭК қауымдастығының директорлар кеңесінің төрағасы Нұрлан Қапенов кейбір әлемдік компаниялармен «ерекше шарттарда» ЖЭК-тің ірі жобаларын (1ГВт) іске асыру туралы келісімдерге/меморандумдарға қол қоюға қатысты мемлекеттің тәсілін нарықтық емес, ашық емес, кемсітушілік деп атады, бұл нарықтың барлық басқа ойыншыларын, транспарентті жолмен, тең нарықтық шарттарда ЖЭК бойынша электрондық аукциондық сауда-саттықтағы тарифтер үшін күресетін инвесторларды кемсітуге әкеледі. Бұл туралы ол Facebook-те жазба жариялады.

Оның пікірінше, ЖЭК-тің бұл жобаларында инновациялар жоқ және қазақстандықтарға 25 жыл бойы валюталық тарифтер бойынша төлеуге тура келуі мүмкін, өйткені олар нарықтық емес жолмен бекітіліп, 10-20 адамның субъективті пікірі бойынша есептелетін болады.

«Талап етеміз:

- бекітілген «Қазақстан Республикасының 2060 жылға дейінгі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу стратегиясын» ескере отырып, электр және жылу энергетикасын дамытудың 2060 жылға дейінгі нақты, егжей-тегжейлі, экономикалық және техникалық негізделген пайымын;

- ҚР Президентінің Жарлығымен әзірленген және бекітілген төмен көміртекті энергетикалық көшу арқылы электр энергетикасын дамыту және энергетикалық қауіпсіздікке қол жеткізу жөніндегі ұлттық жобаны. Алдағы онжылдыққа арналған, экономикалық негіздемелері, технологиялары, тарифтері, отындық құрауышы, инвесторлар үшін нақты белгілері, елдің макроэкономикалық көрсеткіштеріне әсер етуі және экологиялық сын-қатерлер мен халықаралық міндеттемелерді ескере отырып, көмір өндіру өнеркәсібі бойынша одан әрі пайымдар көрсетілген ұлттық жобаны», - деп атап өтті ол.


Арзан ба немесе қымбат па?

«Қазақстандық атом электр станциясында (АЭС) 1 кВтсағ өндірудің өзіндік құны сегіз американдық центті немесе Ұлттық банктің ағымдағы бағамы бойынша 34,86 теңгені құрайды, деп хабарлады «Қазақстандық атом электр станциялары» ЖШС (ҚАЭС) бас директоры Тимур Жантикин».

Нұрлан Қапеновтың пікірінше, бұл болжамда айтылмаған жайттар бар, мұнда қаржыландыру құны, қызмет көрсету және пайдалану шығындары әлі ескерілмеген деп пайымдайды.

Сонымен қатар, электр энергиясын тасымалдау (жеткізу), теңгерімдеу, диспетчерлеу шығындары бар.

Қымбатқа түсе ме? Әлемдік бағалар үшін олай емес. Электр энергиясының көтерме сауда нарығындағы жұмыс істеп тұрғанынан 30-60 жылдан асып кеткен ескі көмір электр станцияларында өндірілетін, орташа есеппен алғанда 8-12 теңге/кВт*сағ құрайтын ағымдағы тарифтерді ескергенде, Қазақстан үшін иә, қымбат.  

ЖЭК тиімдірек

Қазақстанда ЖЭК аукциондары өткізіледі. Мәселен, жел және күн электр станцияларын инвесторлар бүгінде Қазақстанда 20 жылға арналған аукциондық тариф бойынша кВт*сағатына 12.5 - 16 теңге шегінде салуда. Бұл 2021-2022 жылдардағы ЖЭК аукциондарының нәтижелері.

Әрине, ЖЭК генерациясы тұрақты емес, ауа райына байланысты, бірақ ЖЭК энергия жүйесінің трансформациясы драйвері ретінде әрекет етеді.

Нұрлан Қапенов ғылым бір орында тұрмайтынын және жақында әлемде тұрақсыздық мәселесін шеше алатын, пайдаланылу мерзімі ұзақ, тозуы мен энергия шығыны төмен энергияны жинақтау мен сақтаудың (жинақтамалаудың) арзан жүйелері әзірленіп, шығарыла бастайтынын атап өтті.

Қазақстанның климаты мен жылу энергетикасының жай-күйі көмірден бас тартуға мүмкіндік бермейді, бірақ дұрыс стратегиялық көзқарас пен жоспарлаған жағдайда көмірден 10-20 жылдан кейін біртіндеп бас тарту мүмкіндігі бар, деп есептейді Qazaq Green басшысы.

Ұсыныстар бар

Qazaq Green мемлекет ерекше назар аудару тиіс деп санайды:

- шағын (отандық инвесторлар) және ірі тұрақты гидроэнергетикаға;

- шағын масштабты, бөлінген ЖЭК энергетикасына (үй шаруашылықтары және ШОБ);

- экономикалық теңгерімдеу құралдарына, мысалы, тәулік аймақтары бойынша сараланған тариф пен сұранысты басқаруға (demand response);

- жасыл қаржыландыруға (өңдеу өнеркәсібін қаржыландыру мысалында).



 

17.04.2026
Қазақстандық ауадан су өндіру стартапы Венада өткен GCIP байқауында үздік үштікке енді
16.04.2026
Қазақстанда құс фабрикасы қалдықтан 15 млн кВт·сағ энергия өндірді
16.04.2026
Қытай мен Испания күн және жел энергиясы саласындағы серіктестігін нығайтуда
16.04.2026
Моңғолия Hanwha Group компаниясына ЖЭК дамыту мен шикізатты өңдеуге қатысуды ұсынды
16.04.2026
Ресей Адыгейдегі жаңа полигонда көлденең және тік ЖЭС сынақтан өткізеді
15.04.2026
Брюссель электрлендіруді күшейтеді: желілік пакет — жазда, стратегия — күзде
15.04.2026
ӨЭС 2026 аясында жаңартылатын энергия көздерін дамыту үшін мамандар даярлау мәселелері талқыланады
14.04.2026
Алжир 400 МВт болатын екі күн электр станциясын іске қосты
14.04.2026
KOREM жел және күн станциялары бойынша сәуірде төрт аукцион өткізеді
14.04.2026
ЖЭК энергетикалық дағдарысқа жауап: IRENA елдерге іс-әрекеттер жоспарын ұсынады
14.04.2026
Қазақстанда ЖЭК өндірісі 2026 жылдың бірінші тоқсанында 15%-ға өсті
14.04.2026
Қазақстан Climatescope таза энергетикаға инвестиция әлемдік рейтингіндегі позициясын жақсартты
13.04.2026
Қазақстан мен Қытай бірлескен Сутегі технологиялары орталығын іске қосты
13.04.2026
Швейцария әлемдегі ең қуатты редокс-ағынды батареясын құрап жатыр
09.04.2026
Ұлыбритания елдегі ең ірі КЭС құрылысын мақұлдады
09.04.2026
Sonnedix Италияда ірі күн энергиясы келісімшарттарын жеңіп алды
09.04.2026
Қытайлық компания Лаостың таулы аймағында 1000 МВт-ға КЭС-ті іске қосты
09.04.2026
Қазақстан Сенаты энергияны Еуропаға экспорттауға арналған құжатты мақұлдады
08.04.2026
Zayed Sustainability Prize өтінімдерді қабылдаудың басталғаны туралы хабарлайды
08.04.2026
Әзірбайжандағы «жасыл энергияның» күнделікті үлесі 29%-дан асты