Қазақстан жаңалықтары

Қазақстан жаңалықтары26.03.2024

Қазақстанның «жасыл» энергетикалық трансформацияға ұмтылысы туралы Энергетикалық ауысу бойынша Берлин диалогында айтылды

QAZAQ GREEN. Энергетикалық ауысу бойынша 10-шы Берлин диалогы шеңберінде ҚР Энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов «жасыл сутегінің» орнықты дамыту стандарттары» атты панельдік сессиясына қатысып, Қазақстан Үкіметінің 2060 жылға дейін көміртегі бейтараптығына қол жеткізу және Қазақстан экономикасын декарбонизациялау бойынша жүргізіп жатқан шаралары туралы айтты, ҚР CІМ сайтында хабарланған.

«Біз жасыл сутектің парниктік газдар шығаруын азайтуға, әсіресе өнеркәсіп, көлік және энергетика сияқты жоғары көміртекті секторларда үлкен әлеуеті бар екенін түсінеміз. Сутегі өндірісінің жоғары әлеуетін ескере отырып, бүгінгі таңда Қазақстандағы сутегі энергетикасының болашағын айқындайтын құжат әзірленуде», - деді вице-министр.

Сұңғат Есімхановтың ГФР СІМ-нің климат саласындағы сыртқы саясат және геоэкономика департаментінің басшысы Оливер Рентшлермен екіжақты келіссөздері барысында климаттық және энергетикалық күн тәртібінің өзекті мәселелері талқыланды, сондай-ақ 2022 жылы ГФР Федералдық Сыртқы істер министрі Анналена Бербоктың бастамасымен құрылған Қазақстан энергетика министрлігінің Астанадағы сутегі дипломатиясы кеңсесімен тығыз жұмыс істеу әдісіне жоғары баға берілді.

Оливер Рентшлер Қазақстан Үкіметіне Шведт қаласының МӨЗ-ін мұнаймен қамтамасыз етуге жәрдемдескені үшін ризашылығын білдіріп, оны тасымалдауды жалғастыруға Германия мүдделлі екендігін айтты. Неміс дипломаты Қазақстанның «жасыл» трансформация бағытындағы қадамдарын позитивті түрде атап өттіп, іске асырылып жатқан ауқымды «жасыл» жобалардға қатысудың тартымдылығына тоқтады.

DENA Германия энергетикалық агенттігінің директоры Кристина Хаверкамппен кездесу аясында қазақстандық тарап Германия мен Қазақстан экономикасының энергетикалық секторында, сондай-ақ сутегі энергетикасы және жаңартылатын энергия көздері салаларындағы ынтымақтастықтың маңыздылығы атап өтілді.

Сапар бағдарламасы аясында қазақстандық делегация Германияның сутегі саясатын дамыту және сутегі стратегиясын іске асыру мақсатында құрылған H2-Leitstelle сутегі жөніндегі үйлестіру кеңсесіне барып, сутегі энергетикасы саласындағы жоспарлармен танысты.

Кездесулердің қорытындысы бойынша Қазақстан Энергетика министрлігі GIZ сутегі дипломатиясы кеңсесімен бірлесіп таяу болашаққа жоспарлар белгіледі.

Бұған дейін энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов гидроэнергетиканы дамытуды жеделдету қажеттігі туралы айтқан болатын және «Qazaq Green» ЖЭК қауымдастығының алаңында CDCP III жобасының қолдауымен «Қазақстан Республикасында жаңартылатын энергия көздері секторындағы саясат: жаңа сын-тегеуріндер» атты дөңгелек үстел өтті. Энергетика министрлігінің, KEGOC, КОРЭМ, TotalEnergies, ҚазМұнайГаз, Қазатомөнеркәсіп, CAEPCO, Arm Wind және т.б. өкілдері қатысты.

Қазақстандағы CDCP жобасының жетекшісі Дана Ермоленок GIZ және «Qazaq Green» Қазақстанда ЖЭК интеграциясы бойынша диалогты қолдайтынын атап өтті.

ЖЭК қауымдастығының Басқарма төрайымы Айнұр Соспанова саланы дамытуды жеделдету үшін нормативтік-құқықтық актілерді өзгерту бойынша ұсыныстар жиналғанын атап өтті, ол кейінірек Энергетика министрлігіне жіберіледі.

«Qazaq Green» ЖЭК қауымдастығы GIZ қолдауымен «Қазақстан Республикасында жаңартылатын энергия көздерін дамыту және практикалық қолдану» тақырыбында екі күндік тренинг өткізді. Тренингке қатысушылар Алматыда тарихи дамуды, заманауи әлемдік үрдістерді, көшбасшылар рейтингін және ЖЭК технологияларының бәсекеге қабілеттілігін қоса алғанда, ЖЭК-тің әр түрлі аспектілерін зерттеді.

Бұған қоса, Қарағандыда Qazaq Green қауымдастығының базасында құрылған ЖЭК мектебінің қысқа мерзімді курстары өтті. Курстардың мақсаты – ЖЭК саласындағы жұмыс үшін жаңа дағдылар мен құзыреттерді беру. Осылайша, GIZ CDCP III жобасы шеңберінде энергетикалық ауысуға дайындықта Қазақстанды қолдайды. 

GIZ жобасы төмен көміртекті экономикаға көшуді және 2060 жылға қарай климат бейтараптығына қол жеткізуді қолдауға бағытталған. GIZ Қазақстанның әлемдік таза энергия нарығында маңызды ойыншы болуға әлеуеті бар екенін атап өтті, бұл ауқымды инвестициялар мен мамандарды оқытуды талап етеді.

 Анықтама: энергетикалық ауысу бойынша Берлин диалогы (Berlin Energy Transition Dialogue) - әлемнің түкпір-түкпірінен энергетикалық қоғамдастық өкілдерін, оның ішінде 50-ден астам министрлер мен мемлекеттік хатшыларды, сондай-ақ әлемнің 130 елінен 17000 қатысушылардың басын қоса алатын жаһандық энергетикалық қозғалыстың ірі халықаралық платформасы. Биылғы жылы BETD механизмнің құрылғанына 10 жыл толды. Аталған платформа аясында халықаралық өзара іс-қимыл, тәжірибе алмасу, байланыс орнату, технологиялық және энергетикалық шешімдерді жүзеге асырылады.

 

 

20.04.2026
Астанада RES 2026 EXPO ашылып, халықаралық келісімдерге қол қойылады
20.04.2026
Орталық Азия елдері Астанада өтетін 2026 жылғы ӨЭС-те энергетикалық көшуді талқылайды
20.04.2026
Молдова ЖЭК орнатылған қуаты бойынша 1 ГВт шегінен асып түсті
20.04.2026
Қытай Камбоджада құны $ 1 млрд ГЭС құрылысын бастады
20.04.2026
Германияда ондаған мың адам «жасыл көшуді» жеделдетуге шақырды
17.04.2026
Ресей мен Өзбекстан ғалымдары «жасыл» энергия жүйелерінің тұрақтылығын 24%-ға жақсартты
17.04.2026
Қазақстандық ауадан су өндіру стартапы Венада өткен GCIP байқауында үздік үштікке енді
16.04.2026
Қазақстанда құс фабрикасы қалдықтан 15 млн кВт·сағ энергия өндірді
16.04.2026
Қытай мен Испания күн және жел энергиясы саласындағы серіктестігін нығайтуда
16.04.2026
Моңғолия Hanwha Group компаниясына ЖЭК дамыту мен шикізатты өңдеуге қатысуды ұсынды
16.04.2026
Ресей Адыгейдегі жаңа полигонда көлденең және тік ЖЭС сынақтан өткізеді
15.04.2026
Брюссель электрлендіруді күшейтеді: желілік пакет — жазда, стратегия — күзде
15.04.2026
ӨЭС 2026 аясында жаңартылатын энергия көздерін дамыту үшін мамандар даярлау мәселелері талқыланады
14.04.2026
Алжир 400 МВт болатын екі күн электр станциясын іске қосты
14.04.2026
KOREM жел және күн станциялары бойынша сәуірде төрт аукцион өткізеді
14.04.2026
ЖЭК энергетикалық дағдарысқа жауап: IRENA елдерге іс-әрекеттер жоспарын ұсынады
14.04.2026
Қазақстанда ЖЭК өндірісі 2026 жылдың бірінші тоқсанында 15%-ға өсті
14.04.2026
Қазақстан Climatescope таза энергетикаға инвестиция әлемдік рейтингіндегі позициясын жақсартты
13.04.2026
Қазақстан мен Қытай бірлескен Сутегі технологиялары орталығын іске қосты
13.04.2026
Швейцария әлемдегі ең қуатты редокс-ағынды батареясын құрап жатыр