Қазақстан жаңалықтары12.11.2024
Аукцион: Қазақстанда 10 компания жалпы қуаты 200 МВт ГЭС салады

QAZAQ GREEN. 2024 жылғы 11 қарашада Қазақстан Республикасының Бірыңғай электр энергетикалық жүйесінің барлық аймақтары үшін (Тентек өзенінен басқа) жалпы белгіленген қуаты 200 МВт гидроэлектр станциясының құрылысына жаңартылатын энергия көздері жобаларын іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттық өткізілді, деп хабарлайды KOREM.
Аукциондық сауда-саттыққа қатысуға 9 компания жіберілді. Сауда-саттық сессиясы барысында қатысушылар 10 баға ұсынысын берді. Аукционға қатысушылардан түскен өтінімдердің жалпы көлемі 220.9 МВт құрады.
ҚР Энергетика министрлігі 2024 жылы ГЭС жобаларын іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттықты өткізу үшін бекіткен шекті аукциондық баға 41.23 теңге/кВтсағ (ҚҚС-сыз) құрайды.
Аукциондық сауда-саттықта қатысушылар арасында бәсекелік күрес өткізу барысында өтінімдердің баға ауқымының 41.23-тен 37 теңге/кВтсағ-ға дейін төмендеуі (ҚҚС-сыз) байқалды.
Аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру және өткізу қағидаларының 55-тармағына сәйкес белгіленген қуат көлемі 200-ден 220,9 МВт-қа дейін ұлғайтылды.
Аукциондық сауда-саттық қорытындысы бойынша мына компаниялар жеңімпаз деп танылды:
· «Коринская ГЭС-2» ЖШС, жобаның белгіленген қуаты 18.5 МВт, аукциондық бағасы 37 теңге/кВтсағ (ҚҚС-сыз);
· «Standard Hydropower» ЖШС, жобаның белгіленген қуаты 18.2 МВт, аукциондық бағасы 37.01 теңге/кВтсағ (ҚҚС-сыз);
· «ADM Energy» ЖШС, жобаның белгіленген қуаты 12 МВт, аукциондық бағасы 37.05 теңге/кВтсағ (ҚҚС-сыз);
· «Ескельдинская ГЭС» ЖШС, жобаның белгіленген қуаты 23.2 МВт, аукциондық бағасы 37.3 теңге/кВтсағ (ҚҚС-сыз);
· «Калжыргидро» ЖШС, жобаның белгіленген қуаты 19 МВт, аукциондық бағасы 37.35 теңге/кВтсағ (ҚҚС-сыз);
· «Жарық Энерго» Ұлттық энергетикалық компаниясы» ЖШС, жобаның белгіленген қуаты 10.5 МВт, аукциондық бағасы 37.4 теңге/кВтсағ (ҚҚС-сыз);
· «Коринская ГЭС-2» ЖШС, жобаның белгіленген қуаты 26 МВт, аукциондық бағасы 37.49 теңге/кВтсағ (ҚҚС-сыз);
· «ГЭС БОРОХУДЗИР» ЖШС» ЖШС, жобаның белгіленген қуаты 10,5 МВт, аукциондық бағасы 37.8 теңге/кВтсағ (ҚҚС-сыз);
· «Baskan Irrigation» ЖШС, жобаның белгіленген қуаты 30 МВт, аукциондық бағасы 37.99 теңге/кВтсағ (ҚҚС-сыз);
· «KOKSU HYDRO» ЖШС мен «Qamqor Energy» ЖШС арасындағы консорциум, жобаның белгіленген қуаты 53 МВт, аукциондық бағасы 41.21 теңге/кВтсағ (ҚҚС-сыз)
Аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру және өткізу қағидаларының талаптарын сақтау мақсатында Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің, USAID және «KOREM» АҚ-ның өкілдері байқаушылар ретінде қатысты.
Жалпы белгіленген қуаты 100 МВт ГЭС құрылысына жобаларын іріктеу бойынша келесі аукцион 2024 жылдың 12 қарашасына жоспарланған.
Астанада Electronica Expo Kazakhstan көрмесі өтеді
Билл Гейтс инвестициялаған революциялық жел станциясының құрылысы басталды
Тандемдік перовскиттік фотоэлементтер 26,4% тиімділікке қол жеткізді
Қазақстан мен Қытай стратегиялық энергетикалық әріптестікті талқылады
Ғарышқа арналған органикалық күн элементтері бойынша инновациялық зерттеу
Қазақстан мен Өзбекстан Орталық Азияда «жасыл» энергетиканы белсенді дамытуда
ҚазМұнайГаз Атырауда «жасыл» сутегі өндіру бойынша пилоттық жобаны іске қосты
Қазақстанда жеке үй иелері күн батареяларынан қалай ақша таба алады
Қазақстан аукциондық жүйе арқылы ЖЭК саласына 14 елден инвестиция тартты
Жасыл сутегі Қазақстан энергетикасын қалай өзгерте алады
IKEA балкондарға арналған дайын күн электр станциясын ұсынады
Adani Үндістанда «жасыл» сутегі өндіретін автономды қондырғыны іске қосты
Тәжікстанда «жасыл» энергетика бойынша Жол картасын ұсынды
KOREM аукционының нәтижесінде үш ГЭС жобасы іріктелді
Еуропалық парламент пен ЕО Кеңесі CBAM жеңілдетуді мақұлдады
Глазго ғалымдары қалақсыз жел турбиналарының әлеуетін ашты
Өзбекстан жыл соңына дейін 16 ЖЭК нысанын іске қосады
Қазақстанда 50 МВт шағын ГЭС жобаларына аукцион өтті
Қазақстан мен ЕҚДБ декарбонизация және ЖЭК саласындағы ынтымақтастықты талқылады
Мысырда құны 200 миллион доллар тұратын күн индустриялық кешені салынуда