Қазақстан жаңалықтары

Қазақстан жаңалықтары11.03.2025

ҚМГ және Total Energies ынтымақтастық перспективаларын талқылады

QAZAQ GREEN.  «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Асхат Хасенов АҚШ-қа жұмыс сапары барысында Total Energies компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы және президенті Патрик Пуяннемен кездесті.

Тараптар екіжақты ынтымақтастық мәселелері мен өзара іс-қимыл перспективаларын талқылады. ҚМГ басшысы Солтүстік Каспий жобасы Қазақстан экономикасында маңызды рөл атқаратынын атап өтті. Басты міндет — Қашаған кен орнын толық игеру, соның ішінде болашақта оны кеңейтудің 2Б кезеңі жобасы және басқалар.

«ҚазМұнайГаз серіктестермен бірлесе отырып, ірі мұнай-газ жобаларындағы жергілікті қамту үлесін ұлғайту бойынша жүйелі жұмыстар жүргізуде. Отандық кәсіпорындарды қолдау және ұлттық экономиканы нығайтуға бағытталған елішілік құндылықты дамыту стратегиялық басымдық болып қала береді», — деді ҚМГ басшысы.

Сондай-ақ жаңартылатын энергетиканы дамыту саласындағы Total Energies-тің үлкен тәжірибесін ескере отырып, осы саладағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Әсіресе парниктік газдар шығарындысын азайтуға ерекше назар аударылды. Бұл тұрғыда Жамбыл облысында қуаты 1 ГВт болатын «Мирный» жел электр станциясын салу бойынша ортақ жоба шешуші рөл атқарады. Аталған жоба Париж келісімі аясында Қазақстанның декарбонизация жөніндегі мақсаттарына қол жеткізу жолындағы маңызды қадамның бірі.

Бұдан басқа кездесуде тараптар көміртекті тұту, сақтау және кәдеге жарату (CCUS) жобасын жүзеге асыру мәселесін қарастырды. ҚМГ TotalEnergies компаниясының Норвегиядағы «Солтүстік шұғыласы» сияқты CCUS пилоттық жобаларын іске асырудағы тәжірибесін зерттеуге қызығушылық танытты.

30.06.2025
Билл Гейтс инвестициялаған революциялық жел станциясының құрылысы басталды
30.06.2025
Тандемдік перовскиттік фотоэлементтер 26,4% тиімділікке қол жеткізді
27.06.2025
Қазақстан мен Қытай стратегиялық энергетикалық әріптестікті талқылады
27.06.2025
Ғарышқа арналған органикалық күн элементтері бойынша инновациялық зерттеу
27.06.2025
Қазақстан мен Өзбекстан Орталық Азияда «жасыл» энергетиканы белсенді дамытуда
27.06.2025
ҚазМұнайГаз Атырауда «жасыл» сутегі өндіру бойынша пилоттық жобаны іске қосты
26.06.2025
Қазақстанда жеке үй иелері күн батареяларынан қалай ақша таба алады
26.06.2025
Қазақстан аукциондық жүйе арқылы ЖЭК саласына 14 елден инвестиция тартты
25.06.2025
Жасыл сутегі Қазақстан энергетикасын қалай өзгерте алады
25.06.2025
IKEA балкондарға арналған дайын күн электр станциясын ұсынады
25.06.2025
Adani Үндістанда «жасыл» сутегі өндіретін автономды қондырғыны іске қосты
25.06.2025
Тәжікстанда «жасыл» энергетика бойынша Жол картасын ұсынды
24.06.2025
KOREM аукционының нәтижесінде үш ГЭС жобасы іріктелді
24.06.2025
Еуропалық парламент пен ЕО Кеңесі CBAM жеңілдетуді мақұлдады
24.06.2025
Глазго ғалымдары қалақсыз жел турбиналарының әлеуетін ашты
24.06.2025
Өзбекстан жыл соңына дейін 16 ЖЭК нысанын іске қосады
23.06.2025
Қазақстанда 50 МВт шағын ГЭС жобаларына аукцион өтті
23.06.2025
Қазақстан мен ЕҚДБ декарбонизация және ЖЭК саласындағы ынтымақтастықты талқылады
23.06.2025
Мысырда құны 200 миллион доллар тұратын күн индустриялық кешені салынуда
23.06.2025
Испаниядағы блэкауттың себептері анықталды: ресми есеп жарияланды