Қазақстан жаңалықтары25.04.2025
Интернет пен электр қуатына тәуелсіз жұмыс істейтін камералар шалғай ауылдарға орнатылады

QAZAQ GREEN. Sergek камералары Қазақстанның электр желісі мен интернеті жоқ шалғай өңірлерінде де жұмыс істей алады..
Жетісу облысының Алакөл ауданына қарасты Жайпақ ауылында электр қуатына тәуелсіз жұмыс істейтін аппараттық-бағдарламалық кешен (АБК) пилоттық режимде орнатылды. Кешеннің үздіксіз жұмысын күн сәулесінен қуат алатын арнайы панель қамтамасыз етеді.
Жоба электр қуаты тартылмаған елді мекендерге бақылау жүйесін орнату қажеттілігіне байланысты жүзеге асқан. Бұған дейін кешенге қуат беру үшін аккумулятор қолданылған. Алайда оны күн сайын ауыстыру қажет болған, бұл шалғай ауылдарда тиімді шешім бола алмады.
Альтернативті қуат көзі күрделі техникалық қызметті талап етпейді және орнату жағынан да жеңіл. Бұл оны инфрақұрылымы жоқ елді мекендерге тиімді бейімдеуге мүмкіндік береді.
Инженерлік шешім Sergek Group компаниясы тарапынан әзірленді. Компания өкілдерінің айтуынша, мұндай тәсіл шалғай трассалар мен ауылдық жерлерде де қауіпсіздік жүйелерін кеңінен қолдануға жол ашады.
Билл Гейтс инвестициялаған революциялық жел станциясының құрылысы басталды
Тандемдік перовскиттік фотоэлементтер 26,4% тиімділікке қол жеткізді
Қазақстан мен Қытай стратегиялық энергетикалық әріптестікті талқылады
Ғарышқа арналған органикалық күн элементтері бойынша инновациялық зерттеу
Қазақстан мен Өзбекстан Орталық Азияда «жасыл» энергетиканы белсенді дамытуда
ҚазМұнайГаз Атырауда «жасыл» сутегі өндіру бойынша пилоттық жобаны іске қосты
Қазақстанда жеке үй иелері күн батареяларынан қалай ақша таба алады
Қазақстан аукциондық жүйе арқылы ЖЭК саласына 14 елден инвестиция тартты
Жасыл сутегі Қазақстан энергетикасын қалай өзгерте алады
IKEA балкондарға арналған дайын күн электр станциясын ұсынады
Adani Үндістанда «жасыл» сутегі өндіретін автономды қондырғыны іске қосты
Тәжікстанда «жасыл» энергетика бойынша Жол картасын ұсынды
KOREM аукционының нәтижесінде үш ГЭС жобасы іріктелді
Еуропалық парламент пен ЕО Кеңесі CBAM жеңілдетуді мақұлдады
Глазго ғалымдары қалақсыз жел турбиналарының әлеуетін ашты
Өзбекстан жыл соңына дейін 16 ЖЭК нысанын іске қосады
Қазақстанда 50 МВт шағын ГЭС жобаларына аукцион өтті
Қазақстан мен ЕҚДБ декарбонизация және ЖЭК саласындағы ынтымақтастықты талқылады
Мысырда құны 200 миллион доллар тұратын күн индустриялық кешені салынуда
Испаниядағы блэкауттың себептері анықталды: ресми есеп жарияланды