Қазақстан жаңалықтары12.11.2025
БиоЭС жобалары бойынша аукцион өткізілмеген деп есептелді

QAZAQ GREEN. 2025 жылғы 12 қарашада өткен жалпы орнатылған қуаты 20 МВт болатын БиоЭС жобаларын іріктеу жөніндегі аукцион өтпеген деп есептелді, деп хабарлайды KOREM.
Сауда сессиясының нәтижесі бойынша аукциондық сауда-саттыққа қатысуға 1 ғана компания жіберілді. Осыған байланысты, «Аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру және өткізу қағидаларының» 67-тармағының 2) тармақшасына (аукциондық сауда-саттыққа қатысуға өтінім берген қатысушылар саны кемінде екеу болуы тиіс) сәйкес, аукциондық сауда-саттық өтпеген деп деп есептеледі.
Аукциондық сауда-саттықтың қорытындысы бойынша жеңімпаз анықталған жоқ.
Аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру және өткізу қағидаларының 104-тармағына сәйкес, қайталама аукциондық сауда-саттық аукциондық сауда-саттық өтпеген деп жарияланған күннен бастап 3 (үш) ай ішінде өткізіледі, және тек бір ретке дейін ғана.
Аукциондық сауда-саттық өткізу күнін уәкілетті орган белгілейді және қайталама аукциондық сауда-саттық өткізілгенге дейін кемінде 30 (отыз) күн бұрын уәкілетті орган мен Ұйымдастырушының интернет-ресурсында жарияланады.
Аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру және өткізу қағидаларының талаптарын сақтау мақсатында бақылаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі, «Qazaq Green» ЖЭК қауымдастығы» өкілдері және тәуелсіз сарапшы қатысты.
Айта кетсек, Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2025 жылғы 4 наурыздағы №117-н/қ бұйрығымен бекітілген 2025 жылға арналған аукциондық сауда-саттық өткізу кестесіне сәйкес, 2025 жылы ЖЭК жобаларын іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттықтың жалпы орнатылған қуаты 1810 МВт көлемінде белгіленген, оның ішінде: КЭС – 90 МВт, ЖЭС – 1200 МВт, ГЭС – 500 МВт, БиоЭС – 20 МВт.
2025 жылғы аукциондар үшін келесі шекті бастапқы аукциондық бағалар белгіленді:
ГЭС – 41,23 тг/кВт·сағ;
ЖЭС – 22,68 тг/кВт·сағ;
КЭС – 34,61 тг/кВт·сағ;
БиоЭС – 32,23 тг/кВт·сағ.
Барлығы 13 аукцион жоспарланған болатын: 3 – шағын жобалар бойынша, 10 – ірі жобалар бойынша. Аукциондар штаттық режимде өтті, алайда қатысушылар санының жеткіліксіздігіне байланысты 1 аукцион (шағын БиоЭС) өтпеген деп танылды.
2025 жылғы ЖЭК жобалары бойынша аукциондық сауда-саттық қорытындысы бойынша аукциондық бағаның ең жоғары төмендеуі келесідей болды: СЭС – 60%, ГЭС – 4%, ВЭС – 50% БиоЭС – өтпеген деп танылды.
СЭС және ВЭС жобалары бойынша бағалардың едәуір төмендеуі ескерілсе, аукциондық сауда-саттық механизмі ЖЭК объектілерінен өндірілетін электр энергиясына бәсекеге қабілетті және нарықтық бағаларды анықтауды қамтамасыз етеді.
Қазақстанда құс фабрикасы қалдықтан 15 млн кВт·сағ энергия өндірді
Қытай мен Испания күн және жел энергиясы саласындағы серіктестігін нығайтуда
Моңғолия Hanwha Group компаниясына ЖЭК дамыту мен шикізатты өңдеуге қатысуды ұсынды
Ресей Адыгейдегі жаңа полигонда көлденең және тік ЖЭС сынақтан өткізеді
Брюссель электрлендіруді күшейтеді: желілік пакет — жазда, стратегия — күзде
ӨЭС 2026 аясында жаңартылатын энергия көздерін дамыту үшін мамандар даярлау мәселелері талқыланады
Алжир 400 МВт болатын екі күн электр станциясын іске қосты
KOREM жел және күн станциялары бойынша сәуірде төрт аукцион өткізеді
ЖЭК энергетикалық дағдарысқа жауап: IRENA елдерге іс-әрекеттер жоспарын ұсынады
Қазақстанда ЖЭК өндірісі 2026 жылдың бірінші тоқсанында 15%-ға өсті
Қазақстан Climatescope таза энергетикаға инвестиция әлемдік рейтингіндегі позициясын жақсартты
Қазақстан мен Қытай бірлескен Сутегі технологиялары орталығын іске қосты
Швейцария әлемдегі ең қуатты редокс-ағынды батареясын құрап жатыр
Ұлыбритания елдегі ең ірі КЭС құрылысын мақұлдады
Sonnedix Италияда ірі күн энергиясы келісімшарттарын жеңіп алды
Қытайлық компания Лаостың таулы аймағында 1000 МВт-ға КЭС-ті іске қосты
Қазақстан Сенаты энергияны Еуропаға экспорттауға арналған құжатты мақұлдады
Zayed Sustainability Prize өтінімдерді қабылдаудың басталғаны туралы хабарлайды
Әзірбайжандағы «жасыл энергияның» күнделікті үлесі 29%-дан асты
Тәжікстанда 250 МВт күн электр станциясы салынады