Әлем жаңалықтары

Әлем жаңалықтары15.04.2026

Брюссель электрлендіруді күшейтеді: желілік пакет — жазда, стратегия — күзде

QAZAQ GREEN. Еуропалық комиссия Таяу Шығыстағы соғыстың салдарынан туындаған энергетикалық дағдарысқа жауап ретінде төтенше және құрылымдық шаралар пакетін дайындады. Бұл жайлы Еуропалық комиссия төрағасы Урсула фон дер Ляйен комиссарлар алқасының отырысында мәлімдеді.

Оның айтуынша, қақтығыс басталғаннан бергі 44 күн ішінде, бұл бірде-бір қосымша энергия молекуласынсыз, ЕО-ның қазба отынын импорттау шоты 22 млрд еуродан астамға өсті.  «Бұл біздің қазба отынына шамадан тыс тәуелділігіміз үшін қаншалықты жоғары баға төлейтінімізді көрнекі етеді», - деп атап өтті фон дер Ляйен. Оның бағалауы бойынша, тіпті атыс кілт тоқтаған жағдайда да, Парсы шығанағынан энергия тасымалдағыштар жеткізудегі үзілістер біраз уақытқа дейін сақталмақ.

Дағдарысқа қарсы жоспардың егжей-тегжейлері келесі аптада Кипрде өтетін ЕО көшбасшыларының бейресми саммиті қарсаңында арнайы коммуникацияда ұсынылады.

Кезек күттірмес шараларға газ қоймаларын толтыруды үйлестіру және мүше мемлекеттердің нарықта бір-бірімен бәсекелесуіне жол бермеу үшін бүкіл блок бойынша мұнай қорларын босату кіреді. Сонымен қатар, осы аптада ақ мүше мемлекеттермен ең осал секторларға мемлекеттік көмек ережелерін жеңілдету бойынша консультациялар басталады. Фон дер Ляйен сәуір айында мемлекеттік қолдаудың жаңа мерзімдік шеңберін қабылдауға ниетті екенін білдірді.

Сұранысты азайту үшін Еуропалық Комиссия ғимараттарды қайта жаңарту және өнеркәсіптік жабдықтарды жаңғырту секілді энергия тиімділігін арттыру шараларын қарастыруда. «Ең арзан энергия - тұтынылмайтын энергия», - деді фон дер Ляйен.

Құрылымдық шараларға бөлігінде, комиссия электр энергиясына салық салу мен электр желісінің тарифтерін реформалау жоспарларын растап, тиісті заңнамалық ұсыныстар мамыр айында енгізілетін болады. Шығарындыларды сату жүйесін (ETS) толықтай қайта қарау шілде айында жоспарланған.

Фон дер Ляйен дағдарысқа стратегиялық жауап ретінде Еуропа экономикасын жеделдетілген электрлендіруді атады. Жаңартылатын энергия көздері мен атомды генерациялау ЕО-да электр энергиясын өндірудің 70%-дан астамын құрайды, дегенмен электр желілері мен сақтау жүйелерінің жеткіліксіз дамуына байланысты таза энергияның көп бөлігі сұанысқа ие болмай қалуда. Жаздың соңына дейін Еуропалық Комиссия жаңа өршіл нысаналы көрсеткішімен электрлендіру стратегиясын ұсынуға, сондай ақ электр желілерін дамыту пакетін жақын арада қабылдауға қол жеткізуге ниетті. Жеке инвестицияларды тарту үшін арнайы инвестициялық конференция өткізу жоспарлануда. 

16.04.2026
Қазақстанда құс фабрикасы қалдықтан 15 млн кВт·сағ энергия өндірді
16.04.2026
Қытай мен Испания күн және жел энергиясы саласындағы серіктестігін нығайтуда
16.04.2026
Моңғолия Hanwha Group компаниясына ЖЭК дамыту мен шикізатты өңдеуге қатысуды ұсынды
16.04.2026
Ресей Адыгейдегі жаңа полигонда көлденең және тік ЖЭС сынақтан өткізеді
15.04.2026
Брюссель электрлендіруді күшейтеді: желілік пакет — жазда, стратегия — күзде
15.04.2026
ӨЭС 2026 аясында жаңартылатын энергия көздерін дамыту үшін мамандар даярлау мәселелері талқыланады
14.04.2026
Алжир 400 МВт болатын екі күн электр станциясын іске қосты
14.04.2026
KOREM жел және күн станциялары бойынша сәуірде төрт аукцион өткізеді
14.04.2026
ЖЭК энергетикалық дағдарысқа жауап: IRENA елдерге іс-әрекеттер жоспарын ұсынады
14.04.2026
Қазақстанда ЖЭК өндірісі 2026 жылдың бірінші тоқсанында 15%-ға өсті
14.04.2026
Қазақстан Climatescope таза энергетикаға инвестиция әлемдік рейтингіндегі позициясын жақсартты
13.04.2026
Қазақстан мен Қытай бірлескен Сутегі технологиялары орталығын іске қосты
13.04.2026
Швейцария әлемдегі ең қуатты редокс-ағынды батареясын құрап жатыр
09.04.2026
Ұлыбритания елдегі ең ірі КЭС құрылысын мақұлдады
09.04.2026
Sonnedix Италияда ірі күн энергиясы келісімшарттарын жеңіп алды
09.04.2026
Қытайлық компания Лаостың таулы аймағында 1000 МВт-ға КЭС-ті іске қосты
09.04.2026
Қазақстан Сенаты энергияны Еуропаға экспорттауға арналған құжатты мақұлдады
08.04.2026
Zayed Sustainability Prize өтінімдерді қабылдаудың басталғаны туралы хабарлайды
08.04.2026
Әзірбайжандағы «жасыл энергияның» күнделікті үлесі 29%-дан асты
08.04.2026
Тәжікстанда 250 МВт күн электр станциясы салынады