ТМД елдерінің жаңалықтары25.01.2023
ЕҚДБ Әзербайжанда ЖЭС құрылысын қаржыландыруды жоспарлап отыр - басқарушы директор

QAZAQ GREEN. Еуропалық Қайта Құру және Даму банкі (ЕҚДБ) Абшерон түбегінде жел электр станциясының құрылысын қаржыландыруды жоспарлап отыр. Бұл туралы Trend-ке берген эксклюзивті сұхбатында ЕҚДБ-ның Шығыс Еуропа және Кавказ бойынша басқарушы директоры Маттео Патроне айтты.
Оның айтуынша, баламалы энергия көздері бүгінде «жасыл» технологияларға көшу тұрғысынан ғана емес, қаржылық тұрғыдан да тартымды.
«Біз Әзербайжандағы декарбонизация бағдарламаларын инвестициялық деңгейде де, саяси деңгейде белсенді қолдаймыз. Біз бұған дейін Гарадагтағы алғашқы күн электр станциясының құрылысына инвестиция салдық, енді Абшерон түбегіндегі жел электр станциясының құрылысын қаржыландыруды жоспарлап отырмыз. Бұдан басқа, біз Әзербайжанды ЖЭК реттеудің заңнамалық базасын әзірлеуде қолдадық. Әрине, мұның негізі ЕҚДБ мен Әзербайжан Энергетика министрлігінің көп жыл бойғы жұмысы болды», - деді басқарушы директор.
Патроне 2022 жыл ЕҚДБ мен Әзербайжанның жаңартылатын энергия көздері саласындағы жобалар бойынша ынтымақтастығында тарихи жыл болғанын айтты.
Естеріңізге сала кетейік, ЕҚДБ мен Әзербайжанның Энергетика министрлігі бұған дейін елдің Париж келісімі бойынша міндеттемелеріне сәйкес Әзербайжанда төмен көміртекті және климатқа төзімді энергетикалық секторды дамытуға бағытталған өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойған болатын.
Қазақстанда ЖЭК аукциондарына өтінім беру мерзімі жалғасуда
Орталық Азияның төрт елінің энергетика министрлері аймақтың су-энергетикалық балансын талқылады
Орталық Азияның жетекші техникалық ЖОО мен ОАӨЭО ЖЭК мамандарын даярлау туралы меморандумдарға қол қойды
Қазақстан мен БҰҰ ЕЭК энергетикалық тұрақтылық пен төмен көміртекті технологияларды дамыту мәселелерін талқылады
100 000 жұмыс орны мен кадрлардың тапшылығы: Орталық Азияның ЖЭК серпілісіне дайындығы қандай
Тасымалдаусыз ауысым жоқ: Орталық Азия энергетикалық болашағын қалай құруда
Азия даму банкі Қазақстан жобаларына 5,5 млрд доллар инвестиция салады
Астанада RES 2026 EXPO көрмесінің ашылуында $2,3 млрд астам сомаға 17 меморандумға қол қойылды
Банк Орталық Азия экожүйесінің интеграциялануына $1 млрд салым жасайды
Қазақстан мен Қытай Қарағанды облысында 500 МВт жел электр станциясын іске қосады
Қазақстан мен Тәжікстан Роғун СЭС электр энергиясын импорттау туралы келіссөздер жүргізуде
Өңірлік экологиялық саммит 2026 Астанада өз жұмысын бастайды
Күн энергиясы және тамшылатып суару Қырғызстан егінін сақтаудың жолы
Ормуз дағдарысы көмірге жол ашпады: ЖЭК газ тапшылығын жапты
Астанада RES 2026 EXPO ашылып, халықаралық келісімдерге қол қойылады
Орталық Азия елдері Астанада өтетін 2026 жылғы ӨЭС-те энергетикалық көшуді талқылайды
Молдова ЖЭК орнатылған қуаты бойынша 1 ГВт шегінен асып түсті
Қытай Камбоджада құны $ 1 млрд ГЭС құрылысын бастады
Германияда ондаған мың адам «жасыл көшуді» жеделдетуге шақырды
Ресей мен Өзбекстан ғалымдары «жасыл» энергия жүйелерінің тұрақтылығын 24%-ға жақсартты