Қазақстан жаңалықтары

Қазақстан жаңалықтары20.04.2026

Астанада RES 2026 EXPO ашылып, халықаралық келісімдерге қол қойылады

QAZAQ GREEN. 2026 жылы 22 сәуірде сағат 15:30-да «EXPO» халықаралық көрме орталығының бас сахнасында жасыл технологиялар, инвестициялар және орнықты даму саласындағы Орталық Азиядағы ең ірі алаң — RES 2026 EXPO халықаралық көрмесінің салтанатты ашылу рәсімі және жасыл экономика мен климаттық инвестициялар саласындағы негізгі халықаралық келісімдерге қол қою өтеді.

Салтанатты рәсім көрменің алғашқы күнінің басты оқиғасына айналып, мемлекеттік органдардың, халықаралық ұйымдардың, бизнестің және инвестициялық қауымдастықтың өкілдерін біріктіреді.

Іс-шараға Орталық Азия елдерінің қоршаған ортаны қорғау министрлері, Қазақстан Республикасы премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр, Италия Республикасының Қазақстан Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі Антонелло Де Риу, сондай-ақ Green Climate Fund-тың Шығыс Еуропа бойынша директоры Томас Эрикссон қатысады.

Рәсімнің негізгі оқиғасы «жасыл» экономиканы дамытуға, инвестициялар тартуға және өңірлік ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған бірқатар маңызды халықаралық келісімдерге қол қою болмақ.

Олардың қатарында Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі мен Италия Республикасының Қоршаған орта және энергетикалық қауіпсіздік министрлігі арасындағы меморандум бар. Бұл құжат экология және климаттың өзгеруі саласындағы бірлескен жобаларды іске асыруға, жасыл технологияларды енгізуге, табиғи ресурстарды ұтымды басқаруға, сондай-ақ экологиялық таза және энергия тиімді шешімдерді ілгерілетуге негіз қалайды.

Бұл платформа энергетика және климаттық трансформация секторларындағы елдік басым жобаларды жүйелі түрде қалыптастыруға және сүйемелдеуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ ол мемлекеттік органдарды, даму банктерін және жеке инвесторларды біріктіріп, климаттық қаржыландыруды тартудағы кедергілерді азайтады.

Рәсімнің тағы бір бөлігі Қазақстан Даму Банкі Басқарма Төрағасының қатысуымен ірі өнеркәсіптік және «жасыл» жобаларды қаржыландыруға бағытталған инвестициялық келісімдерге арналмақ.

Сондай-ақ «ҚазМұнайГаз» және Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің қатысуымен энергетика және жаңартылатын энергия көздерін дамыту саласындағы бастамаларды қамтитын стратегиялық құжаттарға қол қойылады. Рәсімге Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов те қатысады.

Қол қойылатын келісімдер өңірдегі халықаралық әріптестікті дамыту, инвестициялық жобаларды іске асыру және орнықты дамуды ілгерілету жолындағы маңызды қадам болады деп күтілуде.

RES 2026 EXPO көрмесі 2026 жылғы 22–24 сәуір аралығында өтеді және 30 елден 300-ден астам компанияны, 1500-ден астам делегатты және 20 000-нан астам келушіні біріктіреді.

https://res2026.kz/RES 2026 туралы ақпарат сайтта: https://res2026.kz/

Өтетін күні мен орны: Астана қ., «EXPO» халықаралық көрме орталығы (Мәңгілік Ел даңғ., 53/1)

20.04.2026
Астанада RES 2026 EXPO ашылып, халықаралық келісімдерге қол қойылады
20.04.2026
Орталық Азия елдері Астанада өтетін 2026 жылғы ӨЭС-те энергетикалық көшуді талқылайды
20.04.2026
Молдова ЖЭК орнатылған қуаты бойынша 1 ГВт шегінен асып түсті
20.04.2026
Қытай Камбоджада құны $ 1 млрд ГЭС құрылысын бастады
20.04.2026
Германияда ондаған мың адам «жасыл көшуді» жеделдетуге шақырды
17.04.2026
Ресей мен Өзбекстан ғалымдары «жасыл» энергия жүйелерінің тұрақтылығын 24%-ға жақсартты
17.04.2026
Қазақстандық ауадан су өндіру стартапы Венада өткен GCIP байқауында үздік үштікке енді
16.04.2026
Қазақстанда құс фабрикасы қалдықтан 15 млн кВт·сағ энергия өндірді
16.04.2026
Қытай мен Испания күн және жел энергиясы саласындағы серіктестігін нығайтуда
16.04.2026
Моңғолия Hanwha Group компаниясына ЖЭК дамыту мен шикізатты өңдеуге қатысуды ұсынды
16.04.2026
Ресей Адыгейдегі жаңа полигонда көлденең және тік ЖЭС сынақтан өткізеді
15.04.2026
Брюссель электрлендіруді күшейтеді: желілік пакет — жазда, стратегия — күзде
15.04.2026
ӨЭС 2026 аясында жаңартылатын энергия көздерін дамыту үшін мамандар даярлау мәселелері талқыланады
14.04.2026
Алжир 400 МВт болатын екі күн электр станциясын іске қосты
14.04.2026
KOREM жел және күн станциялары бойынша сәуірде төрт аукцион өткізеді
14.04.2026
ЖЭК энергетикалық дағдарысқа жауап: IRENA елдерге іс-әрекеттер жоспарын ұсынады
14.04.2026
Қазақстанда ЖЭК өндірісі 2026 жылдың бірінші тоқсанында 15%-ға өсті
14.04.2026
Қазақстан Climatescope таза энергетикаға инвестиция әлемдік рейтингіндегі позициясын жақсартты
13.04.2026
Қазақстан мен Қытай бірлескен Сутегі технологиялары орталығын іске қосты
13.04.2026
Швейцария әлемдегі ең қуатты редокс-ағынды батареясын құрап жатыр