Әлем жаңалықтары

Әлем жаңалықтары14.02.2025

Еурокомиссия 2040 жылға қарай шығарындыларды 90%-ға азайтуды ұсынды

QAZAQ GREEN.  ЕО-ның бәсекеге қабілеттілігін, қауіпсіздігін және экономикалық тұрақтылығын нығайтуға баса назар аударылған. Құжатта Президент Урсула фон дер Ляйеннің саяси басымдықтары айқындалған.

Бағдарлама инновацияларды ынталандыруға, жаңа мүмкіндіктер жасауға және экономикалық өсуді жеделдетуге бағытталған бірнеше негізгі бастамаларды қамтиды. Сондай-ақ қолданыстағы нормативтік актілердің тиімділігін арттыру үшін оларды қайта қарау жоспарланған.

Негізгі басымдықтардың бірі – реттеуді жеңілдету. Алғашқы шаралар әкімшілік жүктемені азайтуды, тұрақты қаржыландыру ережелерін оңтайландыруды, экологиялық есептілікті жақсартуды және корпоративтік жауапкершілік талаптарын қайта қарауды қамтиды. Өнеркәсіптік сектор үшін Өнеркәсіпті декарбонизациялау жөніндегі акт рұқсат беру рәсімдерін жеңілдетіп, бюрократиялық кедергілерді азайтады. Сондай-ақ шағын және орта кәсіпорындарға (ШОК) арналған жаңа жіктеу жүйесі енгізіледі, бұл орта компанияларға артық реттеусіз дамуға мүмкіндік береді.

Экология саласындағы негізгі бастамалардың бірі – «Таза өнеркәсіп келісімі,» ол 2040 жылға қарай шығарындыларды 90%-ға қысқартуға негіз болады. Сонымен қатар, фермерлер үшін әкімшілік жүктемені жеңілдету мақсатында Ортақ ауыл шаруашылығы саясаты қайта қаралатын болады.

Бағдарлама аясында ЕО-ның қорғаныс қабілетін арттыру, НАТО-мен инвестицияларды үйлестіру және дағдарысқа ден қою стратегиясын әзірлеу жоспарланған. Сыртқы саясатта ЕО Украинаға қолдау көрсетуді жалғастырады, «Жерорта теңізі пактісін» енгізеді, Қара теңіз стратегиясын дамытады және Үндістанмен жаңа стратегиялық серіктестік күн тәртібін бекітеді.

Басқа бастамаларға әлеуметтік саясатты жаңғырту, еңбек нарығын технологиялық өзгерістерге бейімдеу, демократияны қорғау және дезинформациямен күрес кіреді. Сондай-ақ, ЕО бюджет саясатын реформалауды және Одақтың кеңеюіне дайындықты жоспарлап отыр, бұл оның жаңа құрамдағы тиімділігін арттыруға бағытталған.

30.06.2025
Билл Гейтс инвестициялаған революциялық жел станциясының құрылысы басталды
30.06.2025
Тандемдік перовскиттік фотоэлементтер 26,4% тиімділікке қол жеткізді
27.06.2025
Қазақстан мен Қытай стратегиялық энергетикалық әріптестікті талқылады
27.06.2025
Ғарышқа арналған органикалық күн элементтері бойынша инновациялық зерттеу
27.06.2025
Қазақстан мен Өзбекстан Орталық Азияда «жасыл» энергетиканы белсенді дамытуда
27.06.2025
ҚазМұнайГаз Атырауда «жасыл» сутегі өндіру бойынша пилоттық жобаны іске қосты
26.06.2025
Қазақстанда жеке үй иелері күн батареяларынан қалай ақша таба алады
26.06.2025
Қазақстан аукциондық жүйе арқылы ЖЭК саласына 14 елден инвестиция тартты
25.06.2025
Жасыл сутегі Қазақстан энергетикасын қалай өзгерте алады
25.06.2025
IKEA балкондарға арналған дайын күн электр станциясын ұсынады
25.06.2025
Adani Үндістанда «жасыл» сутегі өндіретін автономды қондырғыны іске қосты
25.06.2025
Тәжікстанда «жасыл» энергетика бойынша Жол картасын ұсынды
24.06.2025
KOREM аукционының нәтижесінде үш ГЭС жобасы іріктелді
24.06.2025
Еуропалық парламент пен ЕО Кеңесі CBAM жеңілдетуді мақұлдады
24.06.2025
Глазго ғалымдары қалақсыз жел турбиналарының әлеуетін ашты
24.06.2025
Өзбекстан жыл соңына дейін 16 ЖЭК нысанын іске қосады
23.06.2025
Қазақстанда 50 МВт шағын ГЭС жобаларына аукцион өтті
23.06.2025
Қазақстан мен ЕҚДБ декарбонизация және ЖЭК саласындағы ынтымақтастықты талқылады
23.06.2025
Мысырда құны 200 миллион доллар тұратын күн индустриялық кешені салынуда
23.06.2025
Испаниядағы блэкауттың себептері анықталды: ресми есеп жарияланды