Әлем жаңалықтары

Әлем жаңалықтары27.01.2023

Чили энергияны сақтау жүйесі бар, қуаты 105,6 МВт құрайтын ЖЭС салуды бастады

QAZAQ GREEN. Enel энергетикалық концернінің чилилік еншілес компаниясы Enel Green Power Chile қуаты 105,6 мегаватт (МВт) болатын La Cabana жел электр станциясын (ЖЭС) салуға кірісті, ол Чилидің орталық бөлігіндегі Араукания аймағында орналаспақ. Электр станциясы қуаты 34,3 МВт құрайтын аккумуляторларды сақтау жүйесімен жабдықталады, деп хабарлайды Global Energy Prize.

Кешен 22 жел турбинасынан тұрады, олардың әрқайсысының қуаты 4,8 МВт құрайды. Құрылыс қарқыны артқанда, жұмысшылар саны 450 адамды құрайды, капитал салымдарының көлемі $190 млн жетеді. Жаңа ЖЭС жылына 300 гигаватт-сағат электр энергиясын өндіре алады, бұл Чилидегі электр энергиясының жылдық өндірісінің 0,3%-на тең. Жоба жаңартылатын энергетика (ЖЭК) саласындағы Enel Chile объектілерінің желісін кеңейтеді, олардың қатарында қазірдің өзіндеа жалпы қуаты 3,5 ГВт болатын гидроэлектростанциялар (ГЭС), қуаты 1,5 ГВт құрайтын күн электр станциялары (КЭС), сондай-ақ қуаты тиісінше 642 МВт және 69 МВт болатын жел және геотермалдық станциялар бар.

Энергияны сақтау жүйесін қолдану желсіз ауа райы кезінде энергиямен жабдықтау тәуекелдерін шектеу қажеттілігіне байланысты болады. ЖЭС-тегі өндірістің белгілі бір маусымы бар: мысалы, АҚШ-та 2022 жылы жел генераторларының жүктемесінің артуының «шыңы» ақпан мен мамыр аралығында байқалды, осы кезде ол 40%-дан асты, ал шілдеден қыркүйекке дейін оның мәні 30%-дан төмендеді. КЭС-ке басқа заңдылық тән: Энергетика ақпараты басқармасының (EIA) мәліметі бойынша, сәуір мен маусым аралығында олардың АҚШ-тағы орташа жүктемесі 30%-дан асты, ал қаңтар мен қарашада ол 15%-дан аз болды.

Жаңа жел және күн генераторларының енгізілуі энергияны сақтау саласында серпіліс тудырды. Халықаралық энергетика агенттігінің (ХЭА) мәліметтері бойынша, энергия жинақтаушылар құрылысына салынған жаһандық инвестиция 2021 жылы $9 млрд-тан 2022 жылы $18 млрд-қа дейін өсті. Аккумуляторлардың ең көп таралған түрі литий-ионды батареялар болып қала береді, олардың кемшілігі - қызып кету қаупінің жоғары болуы. Оны ағынсыз мырыш-бромды аккумуляторлар деп аталатындар арқылы жоюға болады, олар электр тоғын алу үшін бром мен мырыш арасындағы химиялық реакцияны, ал оның өткізгіштігін қамтамасыз ету үшін мырыш бромидінің гель ерітіндісін қолданады. Мұндай аккумуляторлар арнайы салқындату жүйелерін қолдануды қажет етпейді, мұны 2022 жылы Испанияда Acciona Energía компаниясына тиесілі, қуаты 1,2 МВт құрайтын КЭС-те жүргізілген сынақтар растады.


25.04.2024
Ғалымдар қайта өңделетін материалдардан қалақтарды 3D басып шығаруды әзірлеуде
25.04.2024
Қытайда теңіз КЭС құрылысына рұқсат етілген теңіз аймақтары анықталды
24.04.2024
1 миллионға жуық американдық отбасы күн батареясынан қуат алады
24.04.2024
Мәжіліс жаңартылатын энергия көздеріне қатысты заңды қабылдады
23.04.2024
Вильнюс қаласында Литвада өндірілген алғашқы күн батареясы ұсынылды
23.04.2024
Айнұр Соспанова: Екіжақты шарттар нарығының жұмысын реттейтін нақты ережелер қажет
23.04.2024
ГЭС, ЖЭС құрылысына ЖЭК аукциондық сауда-саттығына қатысушылардың тізіліміне енгізу үшін құжаттарды қабылдау басталды
22.04.2024
JinkoSolar энергияны жинақтау бойынша 1-деңгейдегі BNEF тізіміне енді
22.04.2024
Жапония 2025 жылы ғарыштан Жерге күн энергиясын беруді жоспарлап отыр
19.04.2024
АҚШ-та шойын мен болатты тазарту технологияларын әзірлеуге 28 миллион доллар бөлінеді
19.04.2024
Австралия қараусыз қалған көмір шахтасында қуаты 1 ГВт ГЭС салуды жоспарлап отыр
19.04.2024
Apple жаңартылатын энергия көздері мен су ресурстарының тұрақтылығына күш салуда
18.04.2024
Еуропада екі мемлекет жел генераторларының қуатын арттырудың арқасында 100% жаңартылатын энергиямен қамтамасыз етілді
18.04.2024
IRENA есебі: ЖЭК-ке көшу энергия қауіпсіздігіне жаңа көзқарасты қажет етеді
17.04.2024
CATL өнеркәсіптік батареяны, Megapack Tesla баламасын ұсынды
17.04.2024
Бакуде жел электр станциясы салынады
17.04.2024
Қазақстан мен Оңтүстік Корея Түркістанда бу-газ қондырғысын салуға ниетті
17.04.2024
Астанада ҚР – ЕО Энергетика, көлік, қоршаған орта және климаттық өзгерістер жөніндегі кіші комитетінің 7-ші отырысы өтті
16.04.2024
Алмасадам Сәтқалиев: Қазақстан метан шығарындыларын азайту бойынша жұмысты күшейтуге ниетті
16.04.2024
Дубайда күн батареясымен жүретін көлік іске қосылуы мүмкін