Экологиялық саясат

Экологиялық саясат09.05.2022

ЖЭК дамыту: миссия мүмкін емес пе?

Мемлекет басшысының саясаты мен «жасыл» бағытты ұстануының арқасында соңғы 3 жылда ЖЭК секторы даму үшін қуатты ынталандыру алды: экономиканы «көгалдандыру» елдің жаңа экономикалық саясатының негізгі қағидаттарының бірі болып танылды, энергия теңгеріміндегі ЖЭК үлесі бойынша нысаналы көрсеткіш 2030 жылға дейін 10%-дан 15%-ға дейін ұлғайды, ЖЭК электр энергиясын сатып алу шартының мерзімі 15 жылдан 20 жылға дейін ұзартылды, ЖЭК жобалары басым инвестициялық жобаларға жатқызылды, маневрлік генерация (газ және гидростанциялар) құрылысы бойынша заңнамалық нормалар қабылданды. Алайда, қазіргі уақытта ЖЭК іскерлік қоғамдастығы ЖЭК саласының алдында тұрған бірқатар проблемалар мен сын-тегеуріндерді көріп отыр. 

ЖЭК ШАҒЫН КӨЛЕМДІ ЖОБАЛАРЫН ДАМЫТУ

Қазіргі уақытта энергетиканы орталықсыздандырудың әлемдік тренді байқалады. Бұл үрдістің дамуына технологияларды жетілдіру, қаржылық мүмкіндіктер мен ынталандырудың түрлі бағдарламаларының қолжетімділігі, сондай-ақ халықтың экология мәселелеріндехабардар болуы ықпал етеді.

Халықаралық энергетикалық агенттіктің мәліметтері бойынша, 2018 жылы үйдегі қондырғылардың (куаттылығы 10 кВт-қа дейін шатырлы күн қондырғылары) жалпы белгіленген куаты 58 ГВт* шамасына жетті және 2024жылға қарай бұл көрсеткіш 2,5 есе артады деп жоспарлануда.

Германияда бөлінген генерацияның (КЭС) жалпы куаты 33 ГВт курады, бұл ретте үй қондырғыларының белгіленген куаты 6,5 ГВт, ал шағын және орта бизнес өз мұқтаждықтары үшін белгілейтін коммерциялык, және өнеркәсіптік қондырғылардың куаты - 26,5 ГВт (елдің барлык, күн станцияларының жалпы белгіленген куатының 60%-дан астамы) курады. Жапонияда 34 ГВт, оныңішінде 9 ГВт - үй қондырғылары, Италияда 16 ГВт, оныңішінде 4,2 ГВт - үй қондырғылары. Бұл ретте келтірілген деректер текэлектр энергиясымен жабдықтау секторына ғана қатысты.

Осы бағытты дамытуды ынталандыру мақсатында Қазақстанда бірнеше жыл бойы «ЖЭК-ке инвестициялау тәуекелдерін төмендету» БҰҰДБ-ҒЭҚ (бұдан әрі - БҰҰДБ-ҒЭҚ) жобасы жұмыс істейді. Жүргізілген зерттеуге сәйкес БҰҰДБ-ҒЭҚ елімізде электр энергиясына өз мұқтаждықтарын жабу үшін үй шаруашылықтары да, шағын және орта бизнес өкілдері де қуаты 1-ден 1000 кВт-қа дейінгі 5907 қондырғыны пайдалануға берді. Әсіресе, бұл үрдіс күн әлеуеті жоғары және электр энергиясына бизнес үшін тарифтері жоғары (Түркістан облысы - 24,7 тг/кВт*сағ) еліміздің оңтүстік облыстары үшін өзекті.

Сондай-ак, БҰҰДБ-ҒЭҚЖЭК шағын жобаларын желіге интеграциялау мәселесі бойынша Шымкент қаласын қоса алғанда,Түркістан облысының тарату энергия желісіне модельдеужүргізілді. Модельдеу өте қызықты нәтижелер көрсетті:үй шаруашылықтарының 5-10%о әлеуеті куаты 500 - 1000 МВт болатын ірі ЖЭО курылысына тең. Облыс ауқымында күн электр станцияларының үй кондырғылары деп аталатын электр желісіне косылу желінің сенімділігін арттыруға, шамадан тыс жүктелген тораптарды жүктеуге және электр энергиясының шығынын азайтуға ыкпал етеді.

2021 жылғы 26 мамырда электр энергетикасы саласын дамыту жөніндегі кеңесте Қазақстан Республикасының Үкіметіне орындау мерзімі 2022 жылғы маусымға дейін ЖЭК-тің осы сегментін дамыту жөнінде накты тапсырмалар берілді:

• үй шаруашылыктарының таза энергия генерациясы үшін рұқсат беру кұжаттарының тізбесін оңайлату және куаты азүй кондырғылары бойынша күрделі шығындарды субсидиялау тетігін жетілдіру бөлігінде заңнамалық өзгерістер дайындау және енгізу;

• жаңартылатын энергия көздерін пайдалану үшін халықты ынталандыру шараларын жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу (артық өндірілген энергияны желіге сату, жабдықты сатып алуды субсидиялау, оның ең жоғары құнын және субсидиялау нормативін ұлғайту жағына қайта қарау, ЖЭК орнатуға рұқсат алу рәсімдерін оңайлату), «ақылды» қалаларды дамыту шеңберінде ЖЭК пайдалану жөніндегі пилоттық жобалар пулын қалыптастыру.

• БҰҰДБ-ҒЭҚ шағын көлемді ЖЭК дамытуды қолдау шеңберінде халықаралық тәжірибе негізінде заңнамалық және нормативтік-құқықтық актілерге мемлекеттік қолдау мен түзетудің нақты шаралары әзірленді, олар ел халқының ЖЭК технологияларын енгізуіне серпін бере алады:

• шағын көлемді жобаларды сатып алуға, орнатуға және пайдалануға беруге жұмсалған шығындардың бір бөлігін мемлекеттің өтеуі бөлігінде жеке және нетто-тұтынушыларға атаулы көмек;

• электр желілеріне қосу және ЖЭК шағын көлемді объектілерін пайдалануға беру тетіктері;

• шағын көлемді ЖЭК объектілерінің жұмыс істеуін мониторингтеу және бақылау тетіктері;

• ЖЭК шағын көлемді объектілері өндірген желілер бойынша электр энергиясын беруге еркін қол жеткізу және өндірілген электр энер­гиясын бергені үшін көрсетілетін қызметтерге ақы төлеуден босату;

• келесі есеп айырысу кезеңдерінде өндіріс пен тұтынуды есепке алу үшін желіде өндірілген және жеткізілген артық электрэнергиясын есепке алу тетіктері.

Бұл шаралар 2020-2022 жылдар аралығында іскерлік қоғамдастықтың, уәкілетті мемлекеттік органның, жүйелік оператордың, даму институттарының, бизнестің қатысуымен әр түрлі алаңдарда бірнеше рет талқыланғанын атап өту қажет. Жоғарыда көрсетілген шараларды іске асыру үшін жеке және нетто-тұтынушыларға атаулы көмек бөлу жөніндегі республикалық бюджет комиссиясының шешімі, жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы, табиғи монополиялар туралы заңнамаға өзгерістер енгізу, заңға тәуелді нормативтік-құқықтық актілерді әзірлеу қажет.

Сонымен қатар, 2021 жылғы 27 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өнеркәсіптік саясат мәселелері бойын­ша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен «Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы» ҚР Заңына өзгерістер енгізілді, оған сәйкес «ЖЭК жөніндегі ҚЕАО» ЖШС-мен шарттар жасасқан энергия өндіруші ұйымдар, сондай-ақ жаңартылатын энергия көздерін өз мұқтаждары үшін пайдаланатын, олармен біртұлғалар тобына кіретін сатып алушылар мен олардың энергия өндіруші ұйымдары энергия беруші ұйымдардың электр энергиясын беру қызметтеріне ақы төлеуден босатылады.

Осылайша, аталған санаттарға ЖЭК технологияларын енгізгісі келетін немесе енгізген үй шаруашылықтары мен нетто-тұтынушылар жатпайды. Қазірдің өзінде бұл энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың шағын көлемді қондырғылардан ЖЭК электр энергиясын сатып алудан бастартуына әкеп соқты, өйткені бүгінде осы электр энергиясын соңғы пайдаланушылар ретінде оны бергені үшін ақы төлеу міндеті пайда болды.

Осыған байланысты, қазіргі жағдайда шағын көлемді ЖЭК сегментін дамы­ту іс жүзінде мүмкін емес. Ү. ж. наурыз айының басында ҚР Ұлттық экономика министрлігі бастамашылық еткен «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекет басшысының жекелеген тапсырмаларын іске асыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы белгілі бір оптимизм енгізді. Бұл заң жобасы «Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы» ҚР Заңына БҰҰДБ-ҒЭҚ жобасының әзірлемелері негізінде ЖЭК шағын көлемді жобаларын дамыту бөлігінде маңызды түзетулерді енгізді. Ол сондай-ақ түзету режимінде өткен жылдың соңында пайда болған және жоғарыда сипатталған заңнамалык, қайшылыққа қатысты түзетулерді қамтиды.

Qazaq Green ҚР ҰЭМ ұсынған заң жобасы қабылданады деген үміт білдіреді. БҰҰДБ-ҒЭҚ көп жылдықжұмысының нәтижесін пайдалану қажет және Мемлекет басшысы берген тапсырмаларды орындау мақсатында, ең алдымен, халық пен ШОБ тарапынан көміртексіздендіру бастамаларын қолдауға бағытталған халықаралық және отандық сарапшылар ұсынған қолдау шараларын қабылдау қажет.

ЖЕКЕ ҚАЖЕТТІЛІКТЕР ҮШІН БИЗНЕСТІҢ ЖЭК ЖОБАЛАРЫН ІСКЕ АСЫРУЫ 

2020 жылғы желтоқсанда біздің еліміз көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша жаһандық климаттық қозғалысқа қосылды. Көптеген бизнесмендер, экономиканың нақты секторының өкілдері (металлургия, мұнай-газ секторы, телекоммуникациялар және т.б.) бұл жаңалықты өздерінің электр энергиясын тұтынуын әртараптандыру және өздерінің түпкі өнімдерін өндіруде көміртегі ізін азайту мүмкіндігі ретінде қабылдады. Алайда, бұл жерде компаниялар «ЖЭК жөніндегі ҚЕАО» ЖШС қолдауынсыз В2В форматында екіжақты шарттар шеңберінде электр энергиясына өз қажеттіліктерін жабу үшін өз есебінен ЖЭК объектілерін салғысы келетініне қарамастан, «KEGOC» АҚ жүйелік операторының талаптарына байланысты проблемалар бар.

Нормативтік-құқықтық актілердің талаптарына сәйкес, мұндай объектілер «КЕСОС» АҚ-мен қуат беру схемасын келісуі тиіс. Атап айтқанда, компаниялардың бірі 17 МВт күн станциясын оны желілерге қоспай салуды жоспарлап отыр, яғни зауыт электр энергиясын желілерденде,тікелей күн станциясынан да тұтынады.

«KEGOC» АҚ ақпараты бойынша, жобаны іске асыру ниеті болған жағдайда, өтінім берушіден жиілікті және куатты автоматты реттеуге (ЖҚАР) қосыла отырып және «КЕGОС» АҚ-мен Қазақстан БЭЖ-де электр куатын реттеубойынша қызметтер көрсетуге тиісті шарт жасай отырып, реттеу қуатын ұсыну қажетті шарт болып табылады. Бұл ретте реттеу куаты ретінде қазіргі уақытта Қазақстан БЭЖ-нің қуат теңгерімінде іске қосылмаған маневрлік генерациялайтын қуаттар ұсынылуы тиіс.

Баламалы нұсқа ретінде КЭС-ті куаты КЭС-тің белгіленген қуатының 50% энергия жинақтағышымен және жинақтағыштың белгіленген куатын беру үшін жеткілікті сыйымдылықпен төрт сағат ішінде жарақтандыруды қарауға болады.

Яғни, бір жағынан, мұндай жобаларды жүзеге асыруға тыйым салынбайды, бірак, оны жүзеге асыруүшін күн станциясының жанында маневрлік генерация түрінде күн станциясының жұмысын реттейтін газ станциясын орнату керек, бұл ретте желідегі күн станциясы физикалықтүрде қосылмайды. Немесе, екінші сценарийде күн станциясына энергия дискілерін (аккумуляторларды) салу қажет, бұл күрделі шығындарды кем дегенде 1,5 есе арттырады.

А.ж. ақпан айының соңында «KEGOC» АҚ электр станциялары мен желілерін техникалык, пайдалану қағидаларына түзетулер енгізуге бастамашы болды, оларға сәйкес ЖЭС және КЭСүшін желіге интеграциялау және энергияны жинақтау жүйелерін пайдалану бойынша мынадай талаптар қойылады:

•   жел электр станциясы үшін электр энергиясын жинақтау жүйесі жел электр станциясының белгіленген куатының кемінде 50% куатымен және екі сағат ішінде жинақтағыштардың толык, куатын беру үшін жеткілікті сыйымдылықпен белгіленеді.

•   күн электр станциясы үшін электр энергиясын жинақтау жүйесі күн электр станциясының белгіленген куатының кемінде 50% куатымен және төрт сағат ішінде жинақтағыштардың толык, қуатын беруүшін жеткілікті сыйымдылықпен белгіленеді.

Соның салдарынан ЖЭК есебінен электр энергиясына мүдделі бизнес ЖЭК объектісін интеграциялау жөніндегі талаптармен байланысты,тіпті желілік қосылусыз да нақты тәуекелдерді көреді.Ал мұндай компаниялар ҚР БЭЖ-не электр энергиясы тапшылығына байланысты ағымдағы проблемаларды шешуге көмектесе алады, өйткені оларда ҚР БЭЖ-нен тұтыну көлемінің бір бөлігі төмендейді.

Ағымдағы жылғы 4 наурызда Qazaq Green қауымдастығы осы бастамаларды ЖЭК бизнес-қауымдастығымен талқылады. Инвесторлар мен девелоперлердің пікірінше,жүйелік оператор энергияны жинақтау жүйелері есебінен реттеуді жүзеге асыруға ниетті. Тұтастай алғанда, бірқатар жағдайларда баламалы технологиялык, шешімдерді (мысалы, газ турбиналык, немесе газ поршеньдік қондырғыларды) пайдалану мүмкін және орынды болады. Бұдан басқа, қатысушылар ағымдағы сәтте энергияны жинақтау жүйелері куаттарының талап етілетін көлемін растайтын қандай да бір есептеулердің жок, екенін, сондай-ақ ЭЖЖ енгізу ЖЭК аукциондарындағы тарифтерге қалай әсер ететіні туралы нақты пайымның жок, екенін атап өтті.

Бизнес-қауымдастык, жүйеде теңгерімдеу мақсатында энергияны сақтау жүйелерін пайдалану - бұл ЖЭК нарығы үшін ең қымбат, шығынды және тиісінше техникалык,(қызмет ету мерзімі қысқа, тез тозу, шығындар) және экономикалық тиімсіз шешім екенін атап өтеді. Халықаралык, тәжірибеден мұндай жүйелер ЖЭК станцияларында станциялардың өздері өндіретін тәуліктік кестелерді тегістеу үшін ғана қолданылатынын айтуға болады. Сонымен қатар, жүйелік оператор энергия жүйесінде ЖЭК-ті желіге қауіпсіз интеграциялау үшін жағдайлар жасайды, бұл ретте келесі құралдарды пайдаланады: маневрлік гене­рация, қолда бар куат резервтері, автоматтандырылған басқаружүйелері, нарықтык, тетіктер (мысалы, сұранысты басқару, сараланған тариф, теңгерімдеуші нарық), шектес мемлекеттермен тиімді құрылған трансұлттық ағындар. Ал ЭЖЖ жоғарыда аталған құралдардың бірі болып табылады.

Сондай-ақ сарапшылар жүйелі проблемаларды шешу үшін жоғары шығындарды талап етпейтін және норма шығару қызметі шеңберінде қабылдануы мүмкін тетіктерді пайдалану қажет екенін атап өтті:

•   ЖЭК объектілерінің электр энергиясын өндіруін болжау сапасын арттыру;

•   ЖЭК объектісінің болжамды және нақты қуаты арасындағы ауытқуларды ЭЖЖ орнатуға ынталандырудың бірі ретінде жабу бойынша қаржылык, жауапкершілікті енгізу;

•   Өндіруді жоспарлаудыңтәуліктік кестесінен сағаттык, кестелерге көшу;

•   ЖЭК орналастыру жоспары арқылы ЖЭК геокеңістіктік таратуды желілерді жаңғырту бойынша жүйелік оператор үшін құрал ретінде пайдалану;

•   Электр энергиясының теңгерімдеуші нарығын іске қосу;

Сұранысты басқару бағдарламасын енгізудің бастапқы кезеңі ретінде көтерме және бөлшек тұтынушылар үшін тәулік сағаттары бойынша сараланған тарифтер практикасына қайта оралу (тарифтерді ең жоғары сағаттарда көтеру және сәтсіздік сағаттарында төмендету);

• Қосалқы жүйелік қызметтер нарығын дамыту.

Сондай-ақ қолда бар және бұрын қолжетімсіз генерацияға қосыла отырып, жүйе куатының резервтерін ұлғайту үшін инфрақұрылымдық шешімдерді қолдану қажет. Ал жүйелік оператор энергияны жинақтау жүйелері бойынша осындай шарттарды қабылдауға бағытталған жағдайда - қызметтің бұл түрі ЖЭК объектілерінен (бизнестің жекелеген сегменті) көрсетілетін жүйелік қызметтердің негізіне жатқызылуы тиіс. Бұл ретте, жүйелік оператор жеке қызмет ретінде жеке тариф (электр энергиясын ЖЭК объектілерін генерациялаудан өзгеше) бойын­ша реттеуге ЭЖЖ-ге қатысу үшін ЖЭК объектілерімен жеке шарттар жасасуы тиіс.

Жоғарыда айтылған ұстанымды білдіре отырып, Qazaq Green мүшелері қаралып отырған мәселенің өзектілігі мен маңыздылығын, сондай-ақ одан әрі талқылауға және қажетті шешімдерді әзірлеуге дайындығын атап өтті.

ЖЭК ІРІ АУҚЫМДЫ ОБЪЕКТІЛЕРІН ДАМЫТУ 

Бүгінгі күні ЖЭК ірі ауқымды жобаларын іске асырудың неғұрлым ашықтетігі 2018 жылы ҚР Энергетика министрлігі іске қосқан аукциондык, сауда-саттық болып табылады. Соңғы 4 жылда аукциондық сауда-саттыққа әлемнің 12 елінен 196 компания қатысты, сауда-саттықта күн, жел, гидро және био-энергетиканың 1705 МВт куаты жарияланды.

Алайда, ҚР БЭЖ-дегі проблемаларға байланысты ЖЭК көлемі жылдан жылға төмендеп келе жатқанын атап өту қажет. Мысалы, 2018 жылы сауда-саттықта куаттылык, көлемі 1000 МВт құрады, оның ішінде күн электр станциялары бойынша - 290 МВт, 2019 жылы жалпы көлемі - 255 МВт, күн станциялары бойынша - 80 МВт, 2020 жылы жалпы көлемі - 250 МВт, күн станциялары бойынша - 55 МВт, 2021 жылы - 200 МВт, күн станциялары бойынша - 20 МВт.

Бұдан баска ЖЭК іскерлік қоғамдастығы секторды дамыту үшін 2-3 жыл бұрын сауда-саттыққа белгіленген куаттылықтардың бекітілген көлемі болуы қажет деген пікір білдірді. Бұл, ең алдымен, ЖЭК саласындағы инвестор компанияларда бюджетті жоспарлау үшін қажет. Жасыратыны жоқ, ірі компанияларда келесі жылға арналған бюджет өткен жылдың соңында қалыптасады, оны өзгерту регламенттері бар. Ағымдағы сәтте қалыптасқан практикаға сүйене отырып, аукциондық сауда-саттық кестесі сауда-саттық өткізілгенге дейін бірнеше ай бұрын жарияланады, онда сауда-саттықтың мерзімдері мен көлемдері көрсетіледі.

Сондай-ақағымдағы сәтте аукциондык, сауда-саттыққа шекті бағалар алдыңғы сауда-саттық жеңімпазының ең жоғары бағаларының қорытындылары бойынша қалыптастырылады. Бұл тәжірибе кезінде күн энергиясы бойынша ЖЭКаукциондарында тарифтерді 64%-ға (34,61 тг/кВт*сағ-тан 12,49 тг/кВт*сағ-қа дейін), жел энергиясы бойынша38%-ға (22,68тг/кВт*- сағ-тан 14,08 тг/кВт*сағ-қа дейін) төмендетуге мүмкіндік берді. Аукциондардағы баға ұлттык, валютада (мысалы, Өзбекстанда АҚШ долларында) жүзеге асырылатындығын ескере оты­рып, инвесторлар біздіңелдегі сауда-саттыққа қатысу үшін үлкен валюталық тәуекелдерді көреді. Бұл ретте тарифтерді индекстеудің қолданыстағы тетігі өміршең еместігін атап өту қажет.

Аукциондардағы төмен көлемдерді, елеулі валюталық тәуекелдерді ескере оты­рып, біздің ЖЭК нарығымыз жаңартылатын энергетика саласындағы ірі әлемдік инвес­тор компаниялар үшін қызықты емес екенін айтпағанда, соңғы уақытта ЖЭК секторында іскерлік белсенділіктің жылыстауы байқалатынын атап өту қажет.

Қазір елдің энергия жүйесі үшін электр энергиясын кез келген генерациялау қымбат болған жағдайда, сондай-ақ біздің барлық халықаралық жарияланған мақсаттарымыз бен міндеттемелерімізді назарға ала отырып, ЖЭК секторын дамыту үшін жаңа ынталандырулар, инвесторлар үшін түсінікті жаңа сигналдар, жоғарыда айтылған жинақталған проблемаларды жою қажет деп санаймыз. 











26.04.2024
ЕАЭО-ның энергетикалық перспективалары көміртексіздендіруге ауысуды және климаттық күн тәртібінің басымдығын ескеруі тиіс
26.04.2024
SNSF: Швейцариядан тік жел турбиналары электр энергиясын көбірек өндіруге қабілетті
26.04.2024
ХЭА энергия ауысуын жеделдету үшін аккумуляторлардың арзандауына үміттенеді
26.04.2024
Грузияда қалқымалы күн электр станциясы ашылды
25.04.2024
Латвияда үлгілік емес жылыту шешімі бар үйлер пайдалануға берілді
25.04.2024
Ғалымдар қайта өңделетін материалдардан қалақтарды 3D басып шығаруды әзірлеуде
25.04.2024
Қытайда теңіз КЭС құрылысына рұқсат етілген теңіз аймақтары анықталды
24.04.2024
1 миллионға жуық американдық отбасы күн батареясынан қуат алады
24.04.2024
Мәжіліс жаңартылатын энергия көздеріне қатысты заңды қабылдады
23.04.2024
Вильнюс қаласында Литвада өндірілген алғашқы күн батареясы ұсынылды
23.04.2024
Айнұр Соспанова: Екіжақты шарттар нарығының жұмысын реттейтін нақты ережелер қажет
23.04.2024
ГЭС, ЖЭС құрылысына ЖЭК аукциондық сауда-саттығына қатысушылардың тізіліміне енгізу үшін құжаттарды қабылдау басталды
22.04.2024
JinkoSolar энергияны жинақтау бойынша 1-деңгейдегі BNEF тізіміне енді
22.04.2024
Жапония 2025 жылы ғарыштан Жерге күн энергиясын беруді жоспарлап отыр
19.04.2024
АҚШ-та шойын мен болатты тазарту технологияларын әзірлеуге 28 миллион доллар бөлінеді
19.04.2024
Австралия қараусыз қалған көмір шахтасында қуаты 1 ГВт ГЭС салуды жоспарлап отыр
19.04.2024
Apple жаңартылатын энергия көздері мен су ресурстарының тұрақтылығына күш салуда
18.04.2024
Еуропада екі мемлекет жел генераторларының қуатын арттырудың арқасында 100% жаңартылатын энергиямен қамтамасыз етілді
18.04.2024
IRENA есебі: ЖЭК-ке көшу энергия қауіпсіздігіне жаңа көзқарасты қажет етеді
17.04.2024
CATL өнеркәсіптік батареяны, Megapack Tesla баламасын ұсынды