Экологиялық саясат

Экологиялық саясат15.09.2021

Қазақстан электр энергиясын дамытудың жаңа кезеңі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен 26 мамырда электр энергетикасы саласын дамыту бойынша кеңес өтті. Іс-шара барысында Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов, Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Төрағасы Алмасадам Сәтқалиев, Қазақстан күн энергетикасы қауымдастығы Директорлар кеңесінің Төрағасы Нұрлан Қапенов, Total Energies Kazakhstan компаниясының Бас директоры Алем Фрига Ной баяндама жасады.

Күн тәртібінде қаралатын мэселе аса маңызды, өйткені өнеркәсіптің және тұтастай алғанда, ел экономикасының өміршеңдігі электр энергетикасыныңжай-күйіне байланысты. Қазірдің өзінде энергетикадағы әлемдік трендтерге сәйкес Қазақстан 4-ші энергетикалық ауысуға қосылды, оның шеңберінде бастапқы энергия тұтыну құрылымының өзгеруі жэне қолданыстағы энергиямен қамтамасыз ету схемасынан негізгі лейтмо­тивы жаңартылатын энергетика жөн сілтейтін энергетикалық жүйеніңжаңа жағдайына біртіндеп көшу орын алуда.

Қазіргі уақытта елдегі электр энергиясының шамамен 70%-ы көмірмен жұмыс істейтін дәстүрлі жылу станциялары есебінен өндіріледі. Бұл ретте жаңартылатын энергия көздерін өндіру үлесі 3%-ды құрайды. Елдік мақсаттарға сәйкес электр энергиясын өндірудегі ЖЭК үлесі 2025 жылы 6%-ды құрауы тиіс, ал 2050 жылға қарай баламалы энергетика мен ЖЭК есебінен электр энергиясының 50%-ы өндірілуі тиіс.

Бұдан басқа, 2060 жылға қарай Қазақстан өзінің алдына көміртекті бейтараптыққа қол жеткізу міндетін қойды.

Энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету- басты міндеттердің бірі. Қазақстанда энергия тұтыну қарқыны жылдан жылға артып келеді. Бірақ іске қосылатын жаңа энергия көздері өсу қарқынына сәйкес келмейді. Қазақстан - әлемдегі энергияны көп қажетсінетін елдердің бірі. Қазақстан экономикасы ЭЫДҰ елдерімен салыстырғанда энергияны үш есе көп қажет етеді,бұл ретте біздің ЖІӨ құрылымында көрсетілетін қызметтерді өндіру секторы негізгі үлесті алады. Бұл өнеркәсіптік кәсіпорындардағы негізгі қорлар мен жабдықтардың ЭЫІДҰ мен басқа да озық елдердің қазіргі заманғы стандарттарына сәйкес келмейтінін білдіреді. Көбінесе біздің индустриямыздың негізгі қорларын шынайы жаңғырту емес,ұқсату ғана жүреді.

Тарифтердіңәділдігі мен қолжетімділігі - маңызды экономикалықжәне әлеуметтік мәселе. Пандемияныңтеріс әсерін жеңілдету мақсатында ағымдағы жылдың бірінші тоқсанының соңына дейін барлық тарифтер тоқтатылды. Сонымен қатар тарифтерді бірдеңгейде ұстау үнемі мүмкін емес. Тарифтер негізделген шығындарды жабуы және саланыңдамуына мүмкіндік беруі тиіс.

Жасыратыны жоқ, тарифтердің кез келген өсуі,әдетте, басында бизнес пен бюджеттік ұйымдарға артылады. Кейбір аудандарда айырмашылык,400%-ға жетеді! Бұл нарықты бұрмалап қана қоймай, сонымен қатар энергияны үнемдеуге ынталандырмайды. Энергия тиімділігі және энергия сыйымдылығын төмендету бойынша міндеттер орындалмайды. Егер электр қуатын жай ғана «жағуға» мүмкіндік болса, барынша қымбат энергия үнемдейтін материалдар мен жабдықтарды пайдалану қажеттілігі қанша?! Сондай-ақ,басты қағидат-әлеуметтік көмек көрсетудіңатаулылығы сақталмайды. Осындай бұзушылық салдарынан расымен мұқтаж азаматтардың санаттары жеңілдіктерді қажетті көлемде ала алмайды.

Мемлекет басшысы жаңа өндіруші куаттарды жаңғырту мен іске қосудың маңыздылығын атап өтіп, Алматы ЖЭО-2-ні газға көшіру жобасына жеке тоқталды. Бұл мәселенің стратегиялык, маңызы бар. Алматы қаласының экологиясы және азаматтардың өмір сүру сапасын арттыру осы проблеманы шешуге байланысты. Сондықтан Үкіметке, «Самұрық-Қазына» қорына әкімдікпен бірге ЖЭО2-ні жаңғырту жобасын түпкілікті анықтап, мүмкіндігінше тезірек іске асыруға кірісу тапсырылды. Президент атап өткендей, бұл жобаны кешіктіруге мүлдем жол берілмейді.

Бүкіл әлемде тұрақты үрдіс - өнеркәсіп пен экономиканы көміртексіздендіру байқалады. Еуропалық одақ елдерінде парниктік газдар шығарындыларын 2030 жылға қарай 55%-ға қысқарту жоспарланып отыр. Қазақстан 2060 жылға қарай толык, климаттық бейтараптандыруға қол жеткізуді жоспарлап отыр. 2023 жылдан бастап Еуропалық одак, көміртек салығын (carbon tax) енгізеді, бұл біздің өнімдеріміздің экспортын едәуір қиындатуы мүмкін.Жаңа шындықты ескере отырып, тауарларға қойылатын техникалык, регламенттер, стандарттар мен талаптар өзгеретін болады. Сондықтан біз дайын болуымыз керек. Бейімделу процесі қарапайым болмайтыны анық.

Қазақстан Еуропа мен Орталық Азиядағы парниктік газдардың ірі эмитенттерінің бірі болып табылады. Бұл электр энергиясын өндірудің 70%-ы көмірге,ал табиғи газ (20%), гидроэнергетика (7%) және жаңартылатын энергия көздері (3%) сияқты таза энергия көздері Қазақстанның энергия балансының үштен бірін құрайтындығына  байланысты. Сондықтан ұзак, уақыт бойы ел дәстүрлі энергия көздеріне сенім артуға мәжбүр болады. Бұл - шындық. Олардың арасынан таңдап, барынша таза көздерге, яғни су мен газға екпін жасау қажет. Осыған байланысты электр энергетикасын дамыту бойынша жұмыста бастапқы отынның негізгі көзі ретінде газ нарығын дамытумен байланыстыруды қамтамасыз ету маңызды. Бұл мәселе ҚР Энергетика министрлігі мен «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ ерекше назарында болуы тиіс.

«ТАЗА» КӨМІР

Осылайша, дамудың«жасыл» векторы ішкі және сыртқы факторларға байланысты. Өткен жылғы Жолдауда Мемлекет басшысы Қазақстанның 2050 жылға дейінгі төмен көміртекті даму тұжырымдамасын әзірлеуді тапсырды. Бұл құжатта эко­номиканы терең және құрылымдык, көміртексіздендіру туралы нақты көзқарас болуы керек. Үкімет электрэнергетикасын дамыту жөніндегі Ұлттық жобаны пысықтауда. Бұл қолданбалы құжат таяудағы кемінде бесжылда саланы дамытудың негізіне айналуы тиіс. Екі кұжаттың өзара байланысын қамтамасыз ету қажет. Оларды әлемдік және отандық сарапшылармен мұқият талқылаған жөн.

ЭНЕРГИЯ ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ҮШІН ЭНЕРГИЯ ҚУАТТЫЛЫҒЫНЫҢ ІСКЕ ҚОСЫЛУЫ НЕМЕСЕ ІСТЕН ШЫҒУЫ, ОЛАРДЫ ЖӨНДЕУ ЖӘНЕ ЖАҢҒЫРТУ ҚАШАН ӨТЕТІНІН НАҚТЫ ТҮСІНУ ҚАЖЕТ

ҚР Президент) Қ.-Ж.Тоқаевтыңтапсырмасы бойынша елдің 2035 жылға дейінгі энергия теңгерімі дайындалуда. Жиналыста оның негізгі сипаттамалары мен параметрлері ұсынылып, жалпы мақұлданды. Сонымен қатар, бұл - есептелген сандар. Энергия өндіретін объектілерде нақты көрініске ие болу маңызды. Қазақстанда негізгі өндіруші қуаттар, оныңішіндежылу станциялары қырық және одан да көп жыл бойы пайдаланылуда. Сарапшылардың пікірінше, олардың жалпы тозуы 50%-дан асады. Бұл станцияларда технологиялык, бұзушылықтардың өсуіне әкеледі. 2019 жылы - 4010 бұзушылық, 2020 жылы - 4458 бұзушылық; осылайша өсу 11%-ды құрайды. Энергия көздерінің ауқымды техникалық аудитінің қажеттілігі пісіп-жетілді. Аудит нәтижелері мемлекеттіксаясатты жетілдіру, сондай-ақ салаға одан әрі инвестициялар салу үшін негіз болады. Цифрландыру бұл жұмысты сапалы жүргізуге мүмкіндік береді. Мемлекет басшысы энергия қуаттарын іске қосу немесе шығару, оларды жөндеу және жаңғырту қайда және қашан өтетінін нақты түсіну қажеттігіне назар аударды. Алда объектілердің нақты жағдайға жақын режимдегі жай-күйін қадағалауға мүмкіндік беретін генерациялау объектілерінің толыққанды цифрлык, картасын жасау міндеті тұр.

ЖАҢАРТЫЛАТЫН ЖӘНЕ БАЛАМАЛЫ ЭНЕРГИЯ КӨЗДЕРІН ДАМЫТУДЫҢ ТҰРАҚТЫ БАҒДАРЫ

Біздің еліміз жаңартылатын және баламалы энергия көздерін дамытуға тұрақты бағыт алды. Ойластырылған саясат пен дәйекті іске асырудыңарқасында Қазақстан жалпы энергия теңгерімі құрылымында ЖЭК-тіңсапалы өсуіне қол жеткізді, ол 3%-ға жетті. Бұл біздің еліміз үшін жаман емес. Бұған дейін бұл көрсеткішті 2030 жылға қарай 10%-ға жеткізу мақсаты белгіленген болатын. Жаңа шындык, пен ағымдағы оң қарқынды ескере отырып, Мемлекет басшысы электр өндірісіндегі ЖЭК үлесін 2030 жылға қарай 15%-ға дейін арттыру міндетін қойды. Елдің әзірленіп жатқан энергия теңгерімі осы міндетке негізделуі тиіс. Сондай-ақ бағдарламалык, құжаттар шеңберінде осы мақсатқа сөзсіз қол жеткізуүшін саланы реттеу мен қолдаудың қажетті шараларын көздеу керек.

Келесі мәселе. Баламалы энергетиканың әлеуетін барынша тиімді пайдалану маңызды. Ұлттык, қоғамдық сенім кеңесінің ақпан айында өткен отырысында ҚР Президенті Қ.-Ж.Тоқаев Үкіметке сутек, өнеркәсіптік газдар, көмір қабаттарындағы газ метаны және басқа да баламалы энергия көздерін дамыту туралы жаңа заң әзірлеуді тапсырды. Қазақстан зор энергетикалык, ел бола отырып, болашақта да жаңа энергетикада көшбасшылык, позицияны сақтап қалуы тиіс. Энергетика министрлігі барлык, мүдделі тараптармен бірлесіп, осы мәселені жұмыс тобының шеңберінде барынша егжей-тегжейлі пысықтауы тиіс. Мемлекет басшысының пікірінше, бұл жұмыс үшін сала өкілдерін және Отандық сарапшыларды, халықаралықұйымдарды шақырып, ғылымды тарту қажет. Әлемде мұндай заңдар аз, сондықтан біздің заңымыз үлгі болуы керек.

ЖЭК жобаларындағы қазақстандык, қамту үлесі әлі де өте аз. Алда жаңа жарқыраған станцияларды салуды ғана емес, сонымен қатар жергілікті өндірісті, ғылым мен технологияны дамытуды, білікті отандык, кадрлар даярлауды үйрену міндеті тұр. Әйтпесе, бүкіл ел тарифтер арқылы төлей отырып, шетелдік тауарлар мен технологияларға инвестиция салады. Үкіметке ЖЭК және жалпы энергетика саласындағы оқшаулаудың халықаралық озык, тәжірибесін мұқият зерделеп, қолдану тапсырылды.

Келесі мәселе - таза энергетика және экономика саласындағы жобалар, сөзсіз, даму институттары тарапынан тиісті назар аударуды талап етеді. Үкіметке «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ-мен бірлесіп, «жасыл» энергетика және «жасыл» экономика саласындағы мемлекеттіксаясатты қолдау жөнінде ұсыныстар дайындау тапсырылады.

ПИЛОТТЫҚ ЖОБАЛАР

Халык, арасында жаңартылатын энергияны пайдалануды ынталандыру маңызды рөл аткарады. Үлестірілген генерация Еуропалык одақта, Үлыбританияда және баска да біркатар елдерде бүрыннан колданылып келеді. «Акылды» калаларды дамыту аясында КР Президент К.-Ж. Токаев ел халкының үлестірілген генерацияны пайдалануы үшін күн панельдері мен шағын станцияларды пайдалану бойынша пилоттык жобалар ды іске асыруға тапсырма берді. Бүл, әсіресе, оңтүстік аймактарға катысты. Пилоттык жоба шеңберінде жаңа түрғын үй кешендерін жоспарлау және салу кезінде таза энергияны камтамасыз ету үшін күн панельдерін орнату және пайдалану мүмкіндігін алдын ала көздеу кажет.

Үй шаруашылықтарыныңтаза электр энергиясын өндіруі үшін рұқсат беру кұжаттарын барынша жеңілдету маңызды. Қуаты аз үй қондырғылары бойынша күрделі шығындарды субсидиялау тетігін жетілдіру қажет. Мемлекет басшысы ҚР Үкіметіне қажетті өзгерістер әзірлеп, заңнамаға енгізуді тапсырды.

Бірқатар сарапшылардың пікірінше, атом энергиясын түпкілікті есептен шығаруға ерте және бұл қате. Бүкіл дамыған әлем атом энергиясына сүйенеді. Қорқыныш мұнда орынсыз. Бірақ азаматтар арасында табанды түсіндіру жұмыстарын жүргізу керек. Біз атом станцияларын салуға асықпаймыз, бірақ бұл істе кешікпеуіміз керек.

ЭЛЕКТРМЕН ЖАБДЫҚТАУ СЕНІМДІЛІГІ, ЭЛЕКТР ЭНЕРГИЯСЫНЫҢ ШЫҒЫНЫН ЖӘНЕ ЖЕЛІЛЕРДІҢ ФИЗИКАЛЫҚ ТОЗУЫН ТӨМЕНДЕТУ

Генерациядан басқа, электр желілік компаниялардың маңы- зы зор. Электр желілік компаниялардың қызметіне тәртіп енгізу қажеттігі атап өтілді. Атап айтқанда, электр желілеріне қызмет көрсетуүшін техникалык, кұралдары мен персоналы жоқ кәсіпорындар санын барынша азайту. Үлкейту бойынша тапсырма ертерек, бесжылдан астам уақыт бұрын берілді. Оны орындау нәтижелері аз. 32 мың шақырымнан астам электр желілері ірі энергия беруші ұйымдардың балансына берілмеген. Олар әлі күнге дейін жергілікті атқарушы органдардың балансында. Ұлттық желілердің электр энергиясының нормативтік шығындары 6% деңгейінде сақталады және 2014 жылдан бастап төмендемейді. Өңірлікжелілерде шығын деңгейі екі есежоғары. Электр беру желілерінің тозу деңгейі жоғары. Ұлттық желілерде бұл көрсеткіш 67%-ды кұрайды. Бұл - маңызды мәселе, оған электрмен жабдықтаудың сенімділігі тәуелді. Үкіметке және облыс әкімдіктеріне электр желілерінің физикалық тозу деңгейін кезең-кезеңімен төмендету бойынша шаралар кешенін қабылдау тапсырылды.

САЛАДА КАДРЛАРДЫҢ ЖЕТКІЛІКТІЛІГІ МЕН БІЛІКТІЛІГІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ ПРОБЛЕМА БАР

Электрмонтерлер, жоғары вольтты желілерді жөндеушілер және басқа да жұмысшы мамандар жетіспейді. Бұл - Қазақстанда энергетика саласы үшін кадрлар даярлайтын 24 ЖОО болуына қарамастан. Инженерлік-техникалык, персоналдың орташа жасы шамамен 50 жасты құрайды. Бұл жағдай орташа жалақы деңгейінің жеткіліксіздігімен күрделене түседі. Нәтижесінде, 2015-2020жылдары кадрлардың тұрақтамауы 4-тен 15%-ға дейін өсті. Бұл мәселені жедел түрде шешу керек, әйтпесе біз жақын арада кадрлық аштыққа тап болуымыз мүмкін.

Үкіметке саланың кәсіби кадрлық әлеуетін және еңбекке ақы төлеудің бэсекеге қабілетті деңгеиін қалыптастыру жөніндегі шараларды іске асыру тапсырылды.

САЛАНЫ ДАМЫТУ ҮШІН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ИНВЕСТОРЛАРДЫ ТАРТУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Біріккен Араб Әмірліктерінің, Францияның және Еуропаның басқа да елдерінің инвесторларымен келіссөздер жүргізілуде.Аталған жұмысты жеделдету және ағымдағы жылдың 1 қыркүйегіне қарай келісілген инвестициялық ұсыныстар енгізу тапсырылды.

ЖАБДЫҚТАУ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ, ТАРИФТЕРДІҢ ҚОЛЖЕТІМДІЛІГІ - БҰЛ ҰЛТТЫҚ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІКТІҢ НЕГІЗГІ ҚҰРАУЫШТАРЫ

Энергетика, бірінші кезекте, маңызды ресурс - электр энергиясын жеткізуші ретінде маңызды. Жабдықтау тұрақтылығы, тарифтердің қолжетімділігі - бұл ұлттық бәсекеге қабілеттіліктің негізгі құрауыштары. Сондықтан электр энергиясының бағасы оның әділ нарықтық құнына негізделуі маңызды. Бүгінгі таңда электр энергиясының көтерме сауда нарығында нарықтың 70%-ын алып отырған үш компания үстемдікке ие. Бұл дұрыс емес. Екіжақты шарттар бойынша электр энергиясын көтерме сату жаңа өткізу компаниялары үшін бөгет болады, электрмен жабдықтаудың бөлшек сауда нарығында бәсекелестікті дамытуға кедергі жасайды. Бұл - соңғы тұтынушылар үшін жоғары бағаға әкелетін тікелей жол. Прези­дент бұған дейін биржалық, оның ішінде электрондық сауданы дамыту үшін шаралар қабылдауды тапсырған болатын. Бұл – бәсекелестікке және нәтижесінде бағаның төмендеуіне ықпал ететін өркениетті және ашық механизм. Өкінішке қарай, қазір ЭЭҚРҚО электронды және орталықтандырылған алаңы арқылы өтетін сауда-саттықтың үлесі электр энергиясының көтерме сауда нарығының жалпы көлемінің1%-нан азын құрайды. Энергетика министрлігіне Бәсекелестікті қорғау агенттігімен бірлесіп бұл мәселені мұқият пысықтау тапсырылды. Атап айтқанда, орталықтандырылған алаңдар арқылы міндетті түрде өткізуге жататын электр энергиясының үлесін айқындау талап етіледі.

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ САЛАНЫ ДАМЫТУДА ЕРЕКШЕ ӨЗЕКТІЛІККЕ ИЕ

Кәсіпорындарды экологияға теріс әсерін азайтуға ынталандыру құралдарының бірі парниктік газдар шығарындыларына квоталар саудасы жүйесі болып табылады. Жүйе кәсіпорындарға энергия тиімді шараларды енгізуге икемді қарауға мүмкіндік береді. Квоталар саудасының ішкі нарығын іске қосу бойынша бүған дейінгі күш-жігер елеулі нәтижелер әкелмеді. Үкіметке кво­талар саудасының бүкіл жүйесін қайта іске қосуды қамтамасыз ету тапсырылды. Бүл ретте оны ұқсас әлемдік платформалармен синхрондауды көздеу керек.

ЭНЕРГЕТИКА САЛАСЫНДА ЖОҒАРЫ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ИННОВАЦИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ ТӘЖІРИБЕСІН ПЫСЫҚТАУ ҚАЖЕТ

Энергетика саласын дамытудағы тактикалықсипаттағы шаралардан басқа, орта мерзімді кезеңге қарау маңызды. Әлемде энергияны өндіру мен сақтаудың жаңа технологиялары пайда болып, сынақтан өткізілуде. Техникалық прогрестің секірмелігін ескере отырып, олар көп ұзамай шындыққа айналуы мүмкін. Атап айтқанда, сутек энергетикасын дамытудағы ықтимал серпілістуралы сөз болып отыр. Біз осындай сценарийге дайын болуымыз керек. Бұл технологиялармен жұмыс істеуге қабілетті мамандар пулы болуы қажет. Мемлекет басшысы жаңа энер­гетика бойынша құзыреттер орталығын құруды ұсынды, онда энергетикалықсалада жоғары технологиялық инновацияларды пайдалану тәжірибесі эксперименттік режимде пысықталады.

Қорытындылай келе, Мемлекет басшысы дұрыс және заманауи реттеуші ортаның маңыздылығын еске салды. 2018 жылы жаңа редакциядағы «Табиғи монополиялар туралы» Заң қабылданды. Заң Еуропалық қайта құру және даму банкімен бірлесіп әзірленді және тарифтік сметалар мен инвестициялық бағдарламаларды тұрақты көтеру, тарифтерді үнемдеуге ынталандырудың болмауы сияқты саланың бірқатар жүйелі проблемаларын шешуге тиіс болды. Бірақ бәрі іс жүзінде жүзеге асырылмады. Үкіметке бұл мәселені шешу және қажет болған жағдайда тиісті түзетулер дайындау тапсырылды.

Халық саны мен экономиканың өсуі, сөзсіз, жаңа қуаттарды іске қосуды талап етеді. Алайда, мүмкіндіктер шексіз емес, сондықтан экономиканың энергия сыйымдылығын төмендету - маңызды міндет. Оның шешімі қазақстандық тауарлар мен тұтас салалардың бәсекеге қабілеттілігіне тікелей әсер етеді. Сәйкесінше, тиісті стратегиялық құжаттарды әзірлеу кезінде де, практикалық шараларды іске асыру шеңберінде де энергия тиімділігін арттыру қажеттілігі толық көлемде ескерілуі тиіс. Мемлекет басшысы Үкіметке бұл мәселені бақылауда ұстауды тапсырды.

«Қазақстан кун энергетикасы қауымдастығы» ЗТБ


Надежда Шаяхметова

 




06.05.2024
Шымкенттің кәріз ағындарын қалай электр энергиясына түрлендіреді
06.05.2024
Eurostar 2030 жылға қарай барлық пойыздарды ЖЭК-ке ауыстыруға ниетті
06.05.2024
Ресейде нанотехнологиялардың көмегімен күн батареялары жетілдірілді
04.05.2024
Жел турбиналарының «әлемдегі алғашқы» ағаш қалақтары Германияда орнатылды
04.05.2024
АҚШ-та натрий-ионды аккумуляторлардың алғашқы сериялық өндірісі пайда болды
04.05.2024
Ташкент инвестициялық форумында Камбаратин ГЭС-1 құрылысының жобасы ұсынылды
03.05.2024
G7 елдері 2035 жылға қарай көмірден бас тарту туралы келісімге келді
03.05.2024
2032 жылға қарай Тәжікстан ЖЭК-ке толығымен көшуді жоспарлап отыр
03.05.2024
Африкада қалқымалы күн электр станциялары салынуда
02.05.2024
Оңтүстік кореялық компаниялар Астана, Алматы, Павлодар ЖЭО және Топар ГРЭС-ін жаңғыртуды жоспарлап отыр
02.05.2024
Көміртексіздендіру және тұрақты даму «Орталық Азия және Каспийдегі мұнай-газ химиясы және мұнай өңдеу» 11-ші конференциясының басты тақырыбына айналады
01.05.2024
Каспий теңізінің түбімен энергетикалық кабель тарту жобасы: Қазақстан, Әзірбайжан және Өзбекстан Энергетика министрлігінің басшылары меморандумға қол қойды
30.04.2024
Қытайда әлемдегі ең ірі толығымен электрлі контейнер тасушы кеме пайдалануға берілді
30.04.2024
Masdar Грузияда ірі күн электр станциясын салады
30.04.2024
Түркияда ЖЭК үлесі 50%-ға жақындады
29.04.2024
Acwa Power Қазақстанның Каспий маңы аймағында ЖЭК жобасын құрмақ
29.04.2024
Баварияда тік қалқымалы фотоэлектрлік жүйе құрылады
29.04.2024
Латвияда ең ауқымды күн электр станциясы 2 мамырда ашылады
29.04.2024
2024 жылы Жетісуда жаңартылған энергия көздері бағытында 4 жоба іске қосылады
26.04.2024
ЕАЭО-ның энергетикалық перспективалары көміртексіздендіруге ауысуды және климаттық күн тәртібінің басымдығын ескеруі тиіс