Сала жаңалықтары

Сала жаңалықтары20.12.2024

Жамбыл облысында жел электр станциясына қажетті құрал-жабдықтар өндіретін зауыттың құрылысы басталды

Орталық Азияда теңдесі жоқ зауыттың іргетасын қалау рәсіміне Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев, ҚР энергетика вице-министрі Ілияс Бақытжан, «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов, сондай-ақ Алматыдағы ҚХР бас консулы Цзян Вэй мен Sany Renewable Energy компаниясының өкілдері қатыстыб деп хабарлайды Жамбыл әкімдігінің баспасөз қызметі.

Салтанатты шарада облыс әкімі Ербол Қарашөкеев, «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов, Sany Renewable Energy компаниясының атқарушы президенті Чжоу Фугуй құттықтау сөз сөйледі.

Инвестициялық жобаны Sany Renewable Energy компаниясы мен отандық «Самұрық-Қазына Инвест» ЖШС-і бірлесіп жүзеге асыруда. Жалпы жоба құны - 53,6 млрд. теңгені құрайды.

Жаңа өндіріс ошағы Шу ауданы «Jibek Joly» арнайы экономикалық аймағының (АЭА) аумағында орналасады.

Зауыт 2025 жылдың соңына дейін қолданысқа беріледі деп күтілуде. 300-ге жуық жаңа жұмыс орны құрылып, мамандардың біліктілігін арттыруға басымдық беріледі. Жылына 2 ГВт жел электр станциясына қажетті құрал-жабдықтар құрастырылады.

Кәсіпорын өнімдері ішкі нарықты ғана емес, экспорттық әлеуетті де қамтамасыз етеді.

Жамбыл облысының инвестициялық қоржынында 3,3 трлн. теңгенің 80 жобасы бар. Ол 6 362 жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді. Бұдан бөлек, шетелдік инвесторлардың қатысуымен 1,6 трлн. теңгеге 12 инвестициялық жоба іске асырылуда. Онда 4 500 жұмыс орны ашылады.

Ағымдағы жылы 1 453 жаңа жұмыс орнын құра отырып, 214 млрд. теңгеге 35 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланған. Бүгінгі таңда 146,7 млрд. теңгеге 20 жоба іске қосылып, 674 жұмыс орны ашылды.

Еске салайық, Жамбыл облысы жаңартылатын энергия көздерін (ЖЭК) дамыту бойынша көш бастап тұр.

Өңірде жалпы қуаты 571,3 МВт-ты құрайтын 22 ЖЭК нысаны, оның ішінде 6 су электр станциясы (24,4 МВт), 10 жел электр станциясы (275,6 МВт), 6 күн электр станциясы (251,25 МВт) бар. 2024 жылдың 10 айында 588,4 млн. кВт/сағ. электр қуаты өндірілді.

Алдағы жылдары шетелдік әлеуетті компаниялармен бірлесіп, Мойынқұм, Талас, Сарысу аудандарында ірі жел электр станциясын салу көзделіп отыр.

Бұл күні облыс әкімі «Jibek Joly» АЭА-ның жұмысын зерделеп, аралап көрді. Атап айтқанда, «Taraz Gelatin» (желатин, сабын, коллаген өндірісі мен тері өңдеу), «JVictorNewEnergy» (кремний өндірісі), «Kazakhstan Hydrogen Peroxide» (сутегі асқын тотығы өндірісі) сынды өндіріс ошақтарының құрылыс қарқынын тексерді.

Жалпы АЭА-да 19 жобаны жүзеге асыру көзделген. Бүгінде үш өндіріс іске қосылып, жеті жобаның құрылысы жүргізілуде.

 

17.04.2026
Қазақстандық ауадан су өндіру стартапы Венада өткен GCIP байқауында үздік үштікке енді
16.04.2026
Қазақстанда құс фабрикасы қалдықтан 15 млн кВт·сағ энергия өндірді
16.04.2026
Қытай мен Испания күн және жел энергиясы саласындағы серіктестігін нығайтуда
16.04.2026
Моңғолия Hanwha Group компаниясына ЖЭК дамыту мен шикізатты өңдеуге қатысуды ұсынды
16.04.2026
Ресей Адыгейдегі жаңа полигонда көлденең және тік ЖЭС сынақтан өткізеді
15.04.2026
Брюссель электрлендіруді күшейтеді: желілік пакет — жазда, стратегия — күзде
15.04.2026
ӨЭС 2026 аясында жаңартылатын энергия көздерін дамыту үшін мамандар даярлау мәселелері талқыланады
14.04.2026
Алжир 400 МВт болатын екі күн электр станциясын іске қосты
14.04.2026
KOREM жел және күн станциялары бойынша сәуірде төрт аукцион өткізеді
14.04.2026
ЖЭК энергетикалық дағдарысқа жауап: IRENA елдерге іс-әрекеттер жоспарын ұсынады
14.04.2026
Қазақстанда ЖЭК өндірісі 2026 жылдың бірінші тоқсанында 15%-ға өсті
14.04.2026
Қазақстан Climatescope таза энергетикаға инвестиция әлемдік рейтингіндегі позициясын жақсартты
13.04.2026
Қазақстан мен Қытай бірлескен Сутегі технологиялары орталығын іске қосты
13.04.2026
Швейцария әлемдегі ең қуатты редокс-ағынды батареясын құрап жатыр
09.04.2026
Ұлыбритания елдегі ең ірі КЭС құрылысын мақұлдады
09.04.2026
Sonnedix Италияда ірі күн энергиясы келісімшарттарын жеңіп алды
09.04.2026
Қытайлық компания Лаостың таулы аймағында 1000 МВт-ға КЭС-ті іске қосты
09.04.2026
Қазақстан Сенаты энергияны Еуропаға экспорттауға арналған құжатты мақұлдады
08.04.2026
Zayed Sustainability Prize өтінімдерді қабылдаудың басталғаны туралы хабарлайды
08.04.2026
Әзірбайжандағы «жасыл энергияның» күнделікті үлесі 29%-дан асты