Қазақстан жаңалықтары

Қазақстан жаңалықтары17.04.2026

Қазақстандық ауадан су өндіру стартапы Венада өткен GCIP байқауында үздік үштікке енді

QAZAQ GREEN.«Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығының» (IGTIC) қазақстандық стартапы HydroTech – GCIP (Global Cleantech Innovation Programme) бағдарламасының жаһандық финалында ең үздік үштігіне кіріп, Cleantech Days 2026 халықаралық алаңында Special Recognition: Youth Leadership арнайы наградасымен марапатталды.

Жобаның негізін қалаушы – климаттық кәсіпкерлердің жаңа буынының өкілі Дана Қадырбек, Жас кәсіпкер ғаламдық платформаларда сөз сөйлеп, халықаралық сарапшылар мен мемлекеттік қайраткерлермен тең дәрежеде технологиялық шешімдерді таныстырып жүр.

HydroTech жобасы күн энергиясын пайдалану арқылы ауадан ауыз су алудың инновациялық технологиясын ұсынады. Шешім су ресурстары тапшы өңірлерде су қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған және климаттың өзгеруінің негізгі қауіп-қатерлеріне қарсы қоданылады.

Іскерлік бағдарлама аясында Дана Қадырбек Vienna Energy and Climate Forum шеңберінде «Securing the Green Transformation: Resilient Technologies and Infrastructure» пленарлық сессиясында сөз сөйледі, онда министрлер мен халықаралық сарапшыларды қоса алғанда, жоғары лауазымды қатысушылармен бір алаңда өз жобасын таныстырды.

GCIP 2026 жаһандық финалы 7-10 сәуір аралығында Вена қаласында Global Environment Facility (GEF) қолдауымен UNIDO бастамасымен өтті және онда бүкіл әлемнің көшбасшылары, инвесторлары және климаттық технологияларды әзірлеушілер бас қосты.

2026 жылы Қазақстанды халықаралық финалда 51 жобаның ішінен іріктелген үш стартап - GCIP 2025 ұлттық кезеңінің финалистері таныстырды:

HydroTech - ауадан су алу технологиясы, Forest Hero - ормандар мен көміртегі жобалары мониторингінің цифрлық платформасы, SpaceLab - спутниктік технологиялар негізінде ерте хабарлау жүйесі.

HydroTech-тің жаһандық байқаудың ТОП үштігіне шығуы және халықаралық награда алуы қазақстандық әзірлемелердің жоғары әлеуетін растайды және елдің климаттық инновациялар саласындағы ұстанымын күшейтеді.

Қазақстан 2022 жылы GCIP бағдарламасына қосылған Орталық Азиядағы алғашқы ел болды. Отандық стартаптардың жаһандық финалға қатысуы елдің орнықты технологияларды дамытуға, экономиканы декарбонизациялауға және әділ энергетикалық көшуді қалыптастыруға қосқан үлесін көрсетті.

17.04.2026
Қазақстандық ауадан су өндіру стартапы Венада өткен GCIP байқауында үздік үштікке енді
16.04.2026
Қазақстанда құс фабрикасы қалдықтан 15 млн кВт·сағ энергия өндірді
16.04.2026
Қытай мен Испания күн және жел энергиясы саласындағы серіктестігін нығайтуда
16.04.2026
Моңғолия Hanwha Group компаниясына ЖЭК дамыту мен шикізатты өңдеуге қатысуды ұсынды
16.04.2026
Ресей Адыгейдегі жаңа полигонда көлденең және тік ЖЭС сынақтан өткізеді
15.04.2026
Брюссель электрлендіруді күшейтеді: желілік пакет — жазда, стратегия — күзде
15.04.2026
ӨЭС 2026 аясында жаңартылатын энергия көздерін дамыту үшін мамандар даярлау мәселелері талқыланады
14.04.2026
Алжир 400 МВт болатын екі күн электр станциясын іске қосты
14.04.2026
KOREM жел және күн станциялары бойынша сәуірде төрт аукцион өткізеді
14.04.2026
ЖЭК энергетикалық дағдарысқа жауап: IRENA елдерге іс-әрекеттер жоспарын ұсынады
14.04.2026
Қазақстанда ЖЭК өндірісі 2026 жылдың бірінші тоқсанында 15%-ға өсті
14.04.2026
Қазақстан Climatescope таза энергетикаға инвестиция әлемдік рейтингіндегі позициясын жақсартты
13.04.2026
Қазақстан мен Қытай бірлескен Сутегі технологиялары орталығын іске қосты
13.04.2026
Швейцария әлемдегі ең қуатты редокс-ағынды батареясын құрап жатыр
09.04.2026
Ұлыбритания елдегі ең ірі КЭС құрылысын мақұлдады
09.04.2026
Sonnedix Италияда ірі күн энергиясы келісімшарттарын жеңіп алды
09.04.2026
Қытайлық компания Лаостың таулы аймағында 1000 МВт-ға КЭС-ті іске қосты
09.04.2026
Қазақстан Сенаты энергияны Еуропаға экспорттауға арналған құжатты мақұлдады
08.04.2026
Zayed Sustainability Prize өтінімдерді қабылдаудың басталғаны туралы хабарлайды
08.04.2026
Әзірбайжандағы «жасыл энергияның» күнделікті үлесі 29%-дан асты