Сала жаңалықтары

Сала жаңалықтары02.09.2025

«Цифрлық жасыл көпір»: форсайттан климаттық технологияларды трансфертеудің жаһандық платформасына

a:2:{s:4:"TEXT";s:65534:"a:2:{s:4:"TEXT";s:66040:"
Сәуле Қозыке, «Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы» КЕАҚ Басқарма төрағасының орынбасары, PhD in Economics.


Жаһандық климаттық күн тәртібі елдерден тек өршіл мақсаттарды ғана емес, сондай-ақ оларды іске асырудың тиімді тетіктерін құруды талап етеді. Қазақстан 2010 жылы «Жасыл көпір» серіктестік бағдарламасын (ЖКСБ) ұсынған болатын, енді осы бастаманы өңірлік және халықаралық деңгейде қайтадан назарға шығарып отыр.

ЖКСБ Бакуде өткен БҰҰ COP 29 конференциясында жаңа серпін алды, онда бағдарламаның цифрлық қайта іске қосылуы және оны БҰҰ құрылымына, атап айтқанда ЭСКАТО – Азия мен Тынық мұхиты үшін Экономикалық және әлеуметтік комиссия арқылы кіріктіруі таныстырылды.

2023-2024 жылдары өткізілген «Жасыл» технологиялардың ұлттық форсайты (GreenTech) тұрақты дамудың басымдықтарын айқындап, Қазақстан климаттық инновациялар мен технологияларды трансферттеу жолсерігі және хабы бола алатын бағыттарды белгіледі.

ЖКСБ жаңартылған моделінде ашық инновациялардың тетіктері – технологиялармен алмасу, халықаралық ұйымдармен серіктестік және ұлттық мәнмәтінде жаһандық білімді пайдалану ерекше маңыз алуда. Қазақстан инновациялық экожүйенің барлық қатысушыларын: мемлекет, бизнес, ғылым және халықаралық институттарды тартуға бәс тігуде.

Осы тұрғыда Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Абу-Даби тұрақты даму апталығы» саммитіндегі сөздері елдің негізгі қағидатқа негізделгенін халықаралық ынтымақтастық пен технологиялық бастамаларының өзектілігін айқындайды: «Бірінші, «жасыл» қаржыландырудың қолжетімділігі. Оның көлемі елеулі түрде ұлғаюға тиіс. Екіншісі, технологияны трансферттеу, техникалық қолдау және ғылыми зерттеулер саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың аясын кеңейту. Үшіншісі, климаттың өзгеруіне қарсы күрестегі басымдықтардың, экономикалық даму мен жасанды интеллекттің синергиялық ықпалдастығы».

Осы қағидаттарды іске асыруда Қазақстан мемлекеттің, ғылымның және бизнестің күш-жігерін біріктіретін, климаттық технологияларды трансферттеудің халықаралық платформасы ретінде қызмет ететін «Жасыл көпір» серіктестік бағдарламасы (ЖКСБ) арқылы әрекет етеді.

Әлемдік шындық және сын-тегеуріндер

Жасыл технологиялар бойынша әлемдік нарық қарқынды өсім көрсетіп отыр: 2025–2032 жылдар аралығында оның жыл сайынғы өсімі 22–24% деңгейінде болады деп болжануда, бұл әлемдік экономиканың өсім қарқынынан әлдеқайда жоғары. Fortune Business Insights мәліметтері бойынша, GreenTech нарығының көлемі 2023 жылы 17,2 миллиард АҚШ долларын құрап, 2032 жылға қарай 105 миллиард долларға жетуі мүмкін. Энергетикалық технологиялар саласындағы стартаптар климаттық шешімдерге барлық инвестициялардың 35%-ын тартты, деп атап өтеді PWC. Климаттық сын-қатерлерге бейімделу үшін дамушы елдерге 2030 жылға дейін жылына шамамен 2,4 трлн доллар қажет болады.

«Жасыл» технологиялар саласындағы жетекші технологиялық экожүйелер Солтүстік Америка мен Еуропада орналасқан (ірі инновациялық кластерлердің тиісінше 44% және 40%-ы), олардың қатарында Силикон алқабы, Тель-Авив, Стокгольм, Лондон және Лос-Анджелес бар. Бұл Азия мен Тынық мұхиты елдерінің, оның ішінде Қазақстанның, қалыптасып келе жатқан жаһандық «жасыл» технологиялар нарығындағы орнын нығайту қажеттігін айқындайды.

Қазақстанның әлемдік индекстердегі орны

2024 жылы Қазақстан инновациялық және экологиялық салаларда қалыпты ілгерілеу көрсетіп отыр. Global Innovation Index (GII) мәліметтері бойынша, ел 133-тен 78-орында, ал Environmental Performance Index (EPI) индексінде 47,8 жалпы балмен 180-ден 72-орында. АТР ішінде Қазақстан Сингапур, Оңтүстік Корея, Жапония, Қытай, Үндістан және Ираннан кейін шамамен 15-20-орында.

Жаһандық инновациялық индекс елдерді екі қосалқы индекске біріктірілген 81 көрсеткіш бойынша бағалайды – инновация ресурстары және енгізу нәтижелері. Қазақстан электрондық үкімет, патенттік белсенділік және креативті экономика салаларында мықты позицияларды көрсетіп отыр, бірақ әзірге «жасыл» экономикаға, ғылым мен инфрақұрылымға жеткілікті инвестиция салмайды, бұл саланың жедел дамуына кедергі келтіреді. Экологиялық тиімділік индексі (EPI) Қазақстанның экожүйелер мен биоалуантүрліліктің салыстырмалы тұрақтылығын сақтайтынын көрсетеді, алайда ауа сапасы, қалдықтарды қайта өңдеу және парниктік газдар шығарындыларын азайту саласында елеулі сын-қатерлерге кездеседі.

БҰҰ Сауда және даму конференциясының (UNCTAD) мәліметтері бойынша, «жасыл» ауысуға дайындық рейтингінде АҚШ, Швеция, Сингапур, Швейцария және Нидерланды көшбасшы болды. Қазақстан «жасыл» технологияларды пайдалану, қабылдау және бейімдеу деңгейі бойынша 68-орынды иеленді.

Саланың инновациялық және технологиялық дамуының ағымдағы жай-күйі келесі шектеулермен сипатталатынын атап өту қажет:

• қоршаған ортаны қорғау саласындағы ҒЗТКЖ шығындарының төмен үлесі – ҒЗТКЖ шығындарының жалпы көлемінен небәрі 2,7%;

• саланың негізгі капиталына инвестициялардың елеусіз үлесі – елдің барлық инвестицияларыныан 1,6%;

• жалпы өндіріс көлеміндегі экологиялық таза өнімнің төмен үлесі – 0,2%;

• «ластаушы» ірі өнеркәсіптік кәсіпорындарда «жасыл» технологияларды енгізудің төмен деңгейі, онда 2554 кәсіпорынның тек 141-і (5,5%) экологиялық таза технологияларды енгізді;

•  «жасыл» жұмыс орындарының шектеулі саны – елдегі жұмыс орындарының жалпы санынан 1,3%.

Бұл ретте айтарлықтай ғылыми-техникалық әлеует бар: 2531 «жасыл» патент және білікті кадрлар, алайда кәсіпорындардың инновациялық белсенділігі өте төмен болып қалуда – шамамен 0,3%.

Қазақстанның жаһандық рейтингтердегі орны мен осы деректерді салыстыра отырып, елдің ғылыми-техникалық әлеуеті мен білікті кадрлары бар екені көрінеді, алайда «жасыл» технологияларды енгізу үшін инфрақұрылымды, заңнамалық базаны және іске асыру тетіктерін жүйелі түрде жетілдіру қажет.

Қазақстанның «жасыл» технологиялар саласындағы жүйелі сын-тегеуріндері

Инновациялық және экологиялық салалардағы жетістіктерге қарамастан, Қазақстан «жасыл» технологияларды трансферттеу мен енгізудің тиімділігін және шектейтін бірқатар жүйелік кедергілерге тап болуда:

•  Технологиялық тәуелділік және жобалардың жетілмегендігі: технологиялардың шамамен 70%-ы импортталады, көптеген әзірлемелер ерте дайындық сатысында, бұл оқшаулау мен коммерциялауға қауіп төндіреді.

• Қаржыландырудың және ынталандырушы тетіктердің жетіспеушілігі: ҒЗТКЖ шығындарының төмен үлесі (2,7%), венчурлық қорларға шектеулі қолжетімділік және инновацияларды енгізуді қолдау құралдарының тапшылығы.

•  Ғылым мен нарық арасындағы алшақтық: әзірлемелердің едәуір бөлігі нарықтық сатыға жетпей, зертханаларда қалады; акселераторлар, технопарктер және демонстрациялық алаңдар құру талап етіледі.

•  Халықаралық желілерге әлсіз интеграция: қазақстандық институттар мен компаниялардың жаһандық инновациялық платформаларға жеткіліксіз қатысуы білім алмасуға және озық шешімдерге қол жеткізуге кедергі келтіреді.

• Экологиялық таза өнім және «жасыл» жұмыс орындарының төмен үлесі: экологиялық таза өнімнің үлесі 0,2%, ал «жасыл» жұмыс орындарының үлесі 1,3% құрайды; ірі кәсіпорындарда тек 5,5% ғана экологиялық таза технологияларды енгізді.

•  Заңнамалық және инфрақұрылымдық қамтамасыз етудің жеткіліксіздігі: инновацияларды әлсіз ынталандыру, демонстрациялық орталықтар мен коммерцияландыруды қолдау құралдарының тапшылығы.

GreenTech форсайтының нәтижелері

2023 жылы Қазақстанда ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің қатысуымен «QazInnovations» инновацияларды дамыту жөніндегі ұлттық агенттігі» АҚ ұйымдастырған, технологиялық дамудың басымдықтарын, сондай-ақ «жасыл» технологиялар саласында инновацияларды енгізуді ынталандыру жөніндегі заңнамалық бастамаларды айқындаған «жасыл» технологиялардың алғашқы ауқымды технологиялық форсайты өткізілді.

GreenTech технологиялық форсайтының мақсаты – әзірленуі көміртегі шығарындыларын азайтуға және елдің тұрақты дамуына қол жеткізуге әсер ететін негізгі (басым) технологияларды, тауашаларды, өнімдер мен қызметтерді анықтау.

Талдау жеті басым бағытқа шоғырланды: энергия тиімділілік, жаңартылатын энергетика, қалдықтарды басқару, су ресурстарын басқару, «жасыл» құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, таза ауа мен жасыл кеңістік және экологиялық таза көлік.

Зерттеуге ғылым, бизнес, мемлекеттік құрылымдар мен халықаралық ұйымдардан 670-тен астам сарапшы қатысты, 18-ден астам стратегиялық сессия өткізілді, бұл оны Қазақстандағы соңғы жылдардағы ең кең салалық диалогқа айналдырды.

GreenTech технологиялық форсайты төрт кезеңде өткізілді:

•             Әлемдік және Қазақстанда қолданылатын трендтерді, кедергілерді және «жасыл» технологияларды енгізудің негізгі проблемаларын анықтау.

•             Технологиялық міндеттер мен шешімдерді анықтау, SWOT-талдау және GreenTech бағыттарының дамуын сценарийлік жоспарлау.

•             Басым тауашалар мен перспективалы өнімдерді анықтау, әр бағыт бойынша нарық сыйымдылығын есептеу.

•             Сарапшылардың ұсыныстарын жинау және жеті кіші салада инновацияларды ынталандыру үшін заңнамалық шаралар пакетін әзірлеу.

Нәтижелер: қажетті технологиялардың 30%-дан астамы қазірдің өзінде бар және оларды трансферттеу мен ауқымдандыру арқылы енгізуге болады (мысалы, ПӘК 22%-дан жоғары күн панельдері, қуаты 5 МВт-қа дейінгі жел генераторлары, тамшылатып суару және дәл егіншілік жүйелері, пиролиз технологиялары).

Форсайт жаңа шешімдер ойлап табудан гөрі, коммерциялардыруға, трансферттеу мен ауқымды енгізуге жағдай жасауды басты назарға алды, бұл Қазақстанға АТР аймағындағы жасыл технологиялар бойынша өңірлік хабқа айналуға мүмкіндік ашады.

GreenTech жаһандық мегатрендтері:

•             Көміртегі бейтарап және климаттық технологиялар – CO₂ тұту және сақтау технологияларын (CCUS) дамыту, сутегі энергетикасы, жаңартылатын энергияның жаңа түрлері.

•             Нанотехнологияларды, биотехнологияларды, ақпараттық және когнитивтік ғылымдарды біріктіретін конвергентті климаттық технологиялар (NBIC-технологиялар).

•             Цифрландыру және «ақылды» басқару жүйелері – Smart Grid, Big data, энергия тұтынуды және табиғи ресурстарды бақылау мен оңтайландыру үшін жасанды интеллект.

•             Циркулярлы экономика және қалдықтарды басқару – сызықтық модельден циклдік модельге көшу: қайта өңдеу, қайта пайдалану, «нөлдік қалдықтар» технологиясы.

•             Су ресурстарын тұрақты пайдалану – тазарту, қайта пайдалану және өндірістің су сыйымдылығын төмендету технологиялары.

•             Көлікті электрлендіру және отынның жаңа түрлері – электромобильдерді жаппай енгізу, зарядтау инфрақұрылымын дамыту, биоотын мен сутегі отынын өндіру.

•             GreenTech-те инвестициялар мен венчурлық экожүйелердің өсуі – стартаптардың жаһандық нарығын қалыптастыру, технологияларды трансфертеу мен климаттық инновацияларды қолдау.

Сарапшылар нақты технологияларды ғана емес, сонымен қатар GreenTech дамуының негізгі трендтерін: цифрландыру мен ресурстардың мониторингі үшін үлкен деректерді, климаттық стартаптарға инвестициялардың өсуін, сондай-ақ халықаралық климаттық міндеттемелердің қатаңдатылуын атап көрсеткені маңызды. Әлемдік күн тәртібінде шығарындыларды азайтуға және жаңартылатын энергетиканы дамытуға баса назар аударылды, ал Қазақстан үшін технологиялардың күрт континенттік климат пен инфрақұрылым ерекшеліктеріне бейімделуі ерекше маңызға ие.

Әлемдік экологиялық ғылымда конвергентті технологияларға (NBIC) көбірек көңіл бөлінеді. Бұл терминді алғаш рет М. Роко мен У. Бейнбридж Converging Technologies for Improving Human Performance (WTEC, 2002) есебінде ұсынып, әр түрлі білім салаларының синергиясы жаңа технологиялық және экономикалық «ядроны» қалыптастыратынын атап өтті.

Айта кету керек, АҚШ соңғы онжылдықтарда жаңа технологиялық толқындарға тез бейімделуге қабілетті инновациялық экологиялық таза технологиялар жүйесін құрды. NBIC технологиялары негізінде болашақ нарықтар құрылады – «ақылды» материалдар мен дербестендірілген медицинадан бастап когнитивті технологияларға дейін, олар, сарапшылардың бағалауы бойынша, атом технологиясына қарағанда адамзаттың дамуына терең әсер етуі мүмкін.

Қазақстан мен Азия және Тынық мұхиты елдері үшін бұл тренд ерекше маңызға ие: «жасыл» экономикаға көшуді NBIC-тен оқшаулап қарау мүмкін емес. Биоотынның, сутегі энергетикасының, «таза» көмір технологияларының және экологиядағы үлкен деректерді басқару жүйелерінің дамуы бүгінде NBIC инновацияларымен тікелей байланысты. Бұл тұрғыда конвергентті технологиялар өңірдегі білім мен технологияларды трансферттеу үшін негіз бола алады, ал Қазақстан «Жасыл көпір» арқылы күн тәртібін қалыптастыра отырып, өзін жаһандық ғылыми орталықтар мен өңірлік қажеттіліктер арасындағы байланыстырушы буын ретінде көрсете алады.

«Qazinnovations» ИДҰА бастамасымен жүргізілген форсайт-зерттеу нәтижелері бойынша Қазақстанда даму үшін 26 басым технологиялық тауаша мен 39 «жасыл» технология анықталды.

Осыған байланысты, экология саласындағы басым бағыттардың қатарына жаһандық климаттық өзгерістердің салдарын еңсеру, энергия үнемдейтін және экологиялық таза технологияларды, баламалы энергия көздерін, сутегі отынын, биоотынды пайдалану саласындағы зерттеулер, сондай-ақ көмірді пайдаланудың «таза» технологияларын әзірлеу және енгізу бойынша зерттеулер жатады.

«Жасыл көпір» серіктестік бағдарламасы: болжамнан іске асыруға дейін

«Жасыл көпір» серіктестік бағдарламасы (ЖКСБ) мемлекеттің, бизнестің, ғылымның және халықаралық ұйымдардың көпжақты ынтымақтастығы арқылы елдердің «жасыл» экономикаға ауысуы үшін идеологиялық және саяси негіз жасайды. Бағдарламаның негізгі мақсаты – озық экологиялық технологияларды енгізу үшін Еуропа мен Азия-Тынық мұхиты өңірінің үкіметтік органдарының, халықаралық ұйымдарының, ғылыми-зерттеу институттары мен кәсіпкерлік секторларының күш-жігерін біріктіру.

ЖКСБ халықаралық мойындауға ие болды: ол «Рио+20» тұрақты даму жөніндегі бүкіләлемдік саммитінде БҰҰ-ның қолдауына ие болған жалғыз өңіраралық экологиялық бағдарлама ретінде ерекшеленді. Сонымен қатар, бағдарлама ЭСКАТО (2010) және БҰҰ-ның ЕЭК (2011) тиісті қарарларымен де қолдау тапты. Қазіргі уақытта ЖКСБ 17 елді біріктіреді: Албания, Болгария, Германия, Испания, Польша, Сербия, Финляндия, Біріккен Араб Әмірліктері, Черногория, Швеция, Ресей, Беларусь, Грузия, Қазақстан, Қырғызстан, Моңғолия және Тәжікстан.

Қазақстан оны «жасыл» климаттық технологиялар мен ең озық қолжетімді техникалар үшін жаһандық цифрлық платформа құру жолымен жаңартуға бастамашы болды, ол бойынша ұсыныс 2024 жылғы қарашада Бакуде өткен СОР-29 конференциясында айтылды.

Халықаралық ілгерілету:

Бұл бастама халықаралық алаңдарда белсенді түрде талқыланды:

•             2024 жылғы қарашада Әзірбайжанның Баку қаласында өткен COP29 конференциясы;

•             2025 жылғы сәуірде Алматыда өткен PowerTech халықаралық форумы;

•             2025 жылғы сәуірде Бангкокта өткен БҰҰ-ның ЭСКАТО 81-ші сессиясы;

•             2025 жылы Ашхабадта өткен Климаттың өзгеруіне арналған Орталық Азия конференциясы (ОАҚӨК).

2024 жылы ҚР Сыртқы істер министрлігі арқылы ЖКСБ-на қосылған 17 елге хаттар жолданды. 2025 жылы екіжақты кездесулер өткізілді: Ұлыбритания Елшілігімен, Катар мемлекетімен, Еуропалық одақтың Қазақстандағы өкілдігімен, Румынияның Қоршаған ортаны қорғау министрлігімен, Өзбекстанның Экология министрлігімен, Түрікменстан мен Әзірбайжанның Сыртқы істер министрліктерімен.

«Digital Green Bridge» ЖКСБ цифрлық платформасы

Осы бастаманы іске асыру үшін Қазақстан ЭСКАТО-мен 2025-2027 жылдарға арналған «Жасыл көпір» жаһандық цифрлық платформасын дамыту жөніндегі нақты іс-қимылдарды талқылауды бастады.

ЖКСБ цифрлық платформасы жасыл трансформацияны жеделдету үшін деректерді, технологияларды және қатысушыларды біріктіретін экожүйе түрінде келеді. Ол жасанды интеллект пен «үлкен деректерді» қолдана отырып, ақпараттың үлкен ағынын ұйымдастырады, технологияларды сәйкестендіру, бағалау, бейімдеу және енгізу процестерін автоматтандырады. Платформа әдістемелерге, мониторинг және есеп беру құралдарына (DMRV) қол жеткізуді қамтамасыз етеді, тәжірибе мен жинақталған біліммен алмасуды жеңілдетеді, UNEP, UNIDO, IRENA және WIPO Green халықаралық платформаларымен біріктіріліп, ғылыми ұйымдар, бизнес, мемлекеттер және инвесторлар үшін бірыңғай цифрлық кеңістік құрады.

Бұдан басқа, «Digital Green Bridge» зияткерлік меншік, IT-қорғау және қаржыландыру мәселелерін қоса алғанда, елдер арасында технологияларды берудің ашық және келісілген тетіктерін қамтамасыз ете отырып, климаттық технологияларды трансферттеу бойынша халықаралық техникалық келісімді іске асыру үшін негіз болады. Бұл барлық елдердің ЖКСБ қатысуына бірыңғай жағдай жасайды, озық экологиялық шешімдерді енгізуді жеделдетеді және технологияларды коммерцияландыру үшін кедергілерді азайтады. Платформа технологиялардың тиімділігін болжауға, перспективалық шешімдерді анықтауға мүмкіндік береді және Қазақстанның «жасыл» экономикадағы өңірлік көшбасшы және жаһандық ойыншы ретіндегі рөлін күшейтеді.

Ұсынылып отырған климаттық технологиялардың цифрлық платформасы тәжірибе және жинақталған білім алмасуға, озық тәжірибені енгізуге және БҰҰ ЕЭК жетекшілік ететін платформаларды қоса алғанда, ЖКСБ елдері мен қолданыстағы платформалар, сондай-ақ басқа да жеке және өңірлік бастамалар арасында өзара ақпарат алмасуға ықпал етеді.

Цифрлық платформаның негізгі бағыттары:

Митигация (салдарды жұмсарту): CO₂ шығарындыларын азайту, жаңартылатын энергия көздері, энергия тиімді технологиялар, CCUS, қалдықтарды қайта өңдеу, циркулярлы экономика.

Бейімделу: тұрақты ауыл шаруашылығы (құрғақшылыққа төзімді дақылдар, суару), суды тиімді пайдалану, климатқа төзімді инфрақұрылым және экожүйелерді қалпына келтіру.

Технологияларды беру үшін жаһандық платформаны құру халықаралық климаттық міндеттемелерді іске асыруға, ҰДАҮ енгізуді жеделдетуге және күшейтуге, сондай-ақ өңірлік және жаһандық деңгейлерде ЖКСБ елдері арасындағы көп секторлы ынтымақтастықты дамытуға айтарлықтай әсер етеді. Сонымен қатар, ол өңірлер мен қалаларға отандық және шетелдік инвестицияларды тарту, жаңа компаниялар құру және «жасыл» жұмыс орындарын қалыптастыру үшін мүмкіндіктер ашады, осылайша қатысушы елдердің экономикалық және технологиялық тұрақтылығын нығайтады.

Жасыл климаттық технологиялардың жаһандық цифрлық платформасын құру келесі кезеңдерден тұрады:

1-кезең: Технологияны сәйкестендіру және басымдық беру

ЖКСБ цифрлық платформасы форсайт, салалық статистика және халықаралық бенчмарк деректері негізінде халықаралық әлеуеті бар және максималды мультипликативті әсері бар технологияларды таңдайды.

Шығарындыларды азайтатын, ресурстарды үнемдейтін және өнімділікті арттыратын шешімдерге басымдық беріледі: күн панельдері, жел генераторлары, энергияны үнемдейтін қозғалтқыштар, жылуды қалпына келтіру жүйелері, тамшылатып суару, тік егіншілік, биопестицидтер және ТКШ үшін «ақылды» есептегіштер.

2-кезең: Технологиялық дайындықты бағалау және бейімделу

ЖКСБ шеңберіндегі әрбір технология Қазақстанның күрт континенттік климаты, судың сапасы, инфрақұрылымның жай-күйі және шикізаттың қолжетімділігі жағдайларында қолданылуы түрғысында талданады. Бұл үдерісте Назарбаев Университеті, Экология ҒЗИ, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, ҚБТУ және Satbayev University сияқты ғылыми институттар мен университеттер маңызды рөл атқарады, олар регламенттерді әзірлеп, жабдықтарды бейімдейді, сынақтар жүргізеді және әдістемелік ұсынымдар береді, сондай-ақ кадрлар дайындайды және пилоттық жобаларды қолдайды.

2023 жылы Green Kazakhstan форсайты шеңберінде жүргізілген 1145 «жасыл» технология мен жобаны талдау жобалардың 70%-ға жуығы енгізуге ерте дайындық сатысында екенін көрсетті.

2024 жылы «Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы» КЕАҚ 112 ғылыми-зерттеу институтынан, 83 университеттен және 24 бейінді ұйымнан инновациялық шешімдерді жинау бойынша ауқымды жұмыс жүргізді. Нәтижесінде 623 ғылыми-техникалық және бизнес-жоба жиналды, оның ішінде 391-і ғылыми зерттеу және 232-сі бизнес-жоба болды. Жасыл технологиялар тізілімінен әзірлемелерді қоса алғанда, 30%-дан астамы коммерцияландыруға дайын.

2024 жылғы 3 желтоқсанда жасалған «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК-мен келісім және Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының Технологиялар мен инновацияларды қолдау орталығының мәртебесі халықаралық патенттік деректерге қол жеткізуді қамтамасыз етті. Бұл деректерді пайдалану технологиялардың жаңашылдығын, өнертапқыштық деңгейін және өнеркәсіптік қолданылуын объективті бағалауға мүмкіндік беріп, олардың жетілуін және әлеуетті сұранысын растайды.

Патенттерді талдау негізінде халықаралық әлеуеті бар 34 «жасыл» технологияның алдын ала тізбесі қалыптастырылды. Іздеу көкжиегін кеңейту үшін халықаралық және еуразиялық патенттік өтінімдер қосымша зерделенді. Бұл тізім коммерцияландыруды және перспективалы технологияларды кеңінен енгізуді қамтамасыз ете отырып, ЖКСБ цифрлық платформасын толтыру және WIPO GREEN-мен интеграциялау үшін негіз болады.

Осылайша, университеттердің, ғылыми-зерттеу институттарының және ЖКСБ ынтымақтастығы технологиялық дайындықты бағалауға, технологияларды бейімдеуге және кадрларды даярлауға кешенді тәсілді қамтамасыз етеді, бұл Қазақстанда жасыл жобаларды енгізуді жеделдетеді және тиімділігін арттырады.

3-кезең: Қаржыландыру және енгізуді ынталандыру

Қаржылық кедергілерді еңсеру үшін ЖКСБ әзірлеушілерге GCF, GEF және ADB арқылы пилоттық жобаларға, жеңілдетілген кредит беруге, салықтық преференцияларға және халықаралық қаржыландыруға гранттар ұсынады. Бұл бизнеске технологияларды минималды тәуекелдермен сынауға мүмкіндік береді және оларды кейіннен коммерцияландыруды жеделдетеді.

4-кезең: Стратегиялық серіктестіктер және халықаралық ынтымақтастық

ЖКСБ ЭСКАТО, CTCN, IRENA, UNIDO, UNEP және WIPO GREEN платформасын қоса алғанда, әлемдік құзыреттілік орталықтарымен байланыс орнатады және Ұлттық технологияларды бағалау (TNA) нәтижелерін пайдаланады. Ынтымақтастықтың мысалдарына қазақстандық инженерлердің шетелдегі тағылымдамалары, күн панельдерін жергілікті өндіру бойынша бірлескен жобалар, Оңтүстік Кореямен «ақылды қалалар» бойынша меморандумдар жатады. Жаңа елдердің қосылуын жеңілдету, ақпарат пен технологиялармен алмасу, серіктестер табу, қаржыландыруды тарту және жобаларды бақылау үшін климаттық технологиялардың жаһандық цифрлық платформасын құруға баса назар аударылады.

ЭСКАТО 81-ші сессиясының ұсынымдары негізінде ЖКСБ дамыту елдердің қосылуын, білім мен технологиялармен алмасуды, серіктестер табуды, қаржыландыруды тартуды және жобалардың мониторингін жеңілдететін климаттық технологиялардың жаһандық цифрлық платформасын құруға бағытталған. ЭСКАТО жіберілген 2025-2027 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл жоспары Қазақстанда цифрлық орталықты орналастыруды көздейді, бұл елді Еуропа мен Азия арасындағы көпірге айналдырады, энергетика, көлік және агросектордағы «жасыл» технологиялармен алмасуды жеделдетеді және ұлттық бастамаларды жаһандық климаттық саясат деңгейіне шығарады. Қазақстан Орталық, Шығыс, Оңтүстік Азия мен Тынық мұхиты аралдарын біріктіре отырып, өңір үшін технологияларды трансферттеу орталығына айналуда.

5-кезең: Демонстрация, бағалау және ауқымын кеңейту

Сәтті пилоттық жобалар демонстрациялық алаңдарға айналуда: Алматы облысы – тамшылатып суару; Павлодар облысы – қалдықтарды қайта өңдеу; Астана – «ақылды» жарықтандыру; Шымкент – Yugo Process сарқынды суларды тазарту технологиясы. Экономикалық және экологиялық тиімділікті бағалау ауқымын кеңейтуге арналған үлгілік шешімдерді жасауға мүмкіндік береді.

Халықаралық тәжірибе (UNEP, UNIDO бағдарламалары) бұл тәсіл инновацияларды енгізу уақытын 2-3 есе қысқартатынын және пилоттық шығындарды 30-40%-ға төмендететінін көрсетеді.

ЖКСБ келешегі және стратегиялық маңызы

ЖКСБ жаһандық платформасын құру 2060 жылға қарай көміртегі бейтараптығына қол жеткізу үшін берік негіз жасайды, Қазақстанның «жасыл» экономикадағы көшбасшылығын нығайтады және инвестициялар, жұмыс орындарын құру және технологиялар экспорты үшін жаңа мүмкіндіктер ашады. Инновацияларды енгізу мен тәжірибе алмасу үдерісін жеделдетуге мүмкіндік беретін озық «жасыл» технологияларды трансферттеу тетіктерін дамыту және белсенді халықаралық ынтымақтастық ерекше маңызға ие.

2030 жылға қарай өңірлік деңгейде ЖКСБ ауқымын кеңейту бүкіл өңірдің тұрақты дамуына ықпал ете отырып, технологияларды трансферттеу бойынша Орталық Азия хабын құруға ықпал етеді. Ұзақ мерзімді перспективада заңнамалық базаны жетілдіру және қажетті құқықтық түзетулерді енгізу «жасыл» экономиканың тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз етеді, экожүйелерге жүктемені азайтады және Қазақстанның жаһандық бәсекеге қабілеттілігін арттырады.

Қазақстандағы заңнамалық түзетулер бойынша ынталандыру шаралары мен ұсыныстар

GreenTech технологиялық форсайтының нәтижелері бойынша сарапшылар қауымдастығымен бірлесіп Экология, Салық, Бюджет кодекстеріне, Жер қойнауы туралы кодекске және Құрылыс кодексінің жобасына «жасыл» технологиялардың барлық 7 бағыты бойынша инновацияларды ынталандыру бойынша түзетулер пакеті әзірленді. Аталған түзетулер Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экология және табиғатты пайдалану комитетімен бірлескен дөңгелек үстелде таныстырылды және талқыланды.

Өзгерістер жобасын әзірлеу «жасыл» экономикаға көшу тұжырымдамасында, 2060 жылға дейінгі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу стратегиясында және өзге де стратегиялық құжаттарда көрініс тапқан «жасыл» экономика көзқарасын іске асыру қажеттілігімен негізделген. Бұл құжаттар «жасыл» қаржыландыруды дамытуды және қаржы институттарын тарту, кәсіпорындар үшін «жасыл» технологиялар инфрақұрылым мен ынталандыру тетіктерін құру арқылы инвестициялық тартымдылықты арттыруды айқындайды.

Заңнамалық бастамалардың негізгі бағыттары:

•             «Жасыл» қаржыландыруға қолжетімділікті кеңейту: әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін айыппұлдардан түскен қаражатты пайдалану, ірі жер қойнауын пайдаланушыларды тарту, «жасыл» технологиялар үшін гранттық қаржыландыруды кеңейту.

•             «Жасыл» кәсіпорындар үшін қолайлы институционалдық орта құру: реттеушілік жүктемені жеңілдету және салықтық преференциялар беру.

•             Инфрақұрылымды және акселерациялық қолдауды дамыту: салықтық жеңілдіктермен және Astana Hub моделі бойынша шетелдік компаниялардың қолжетімділігімен «GreenTech Hub» халықаралық технологиялық паркін құру.

«Жасыл» технологиялар тізілімінде жобаның міндетті түрде болуы қолдау шараларының жүйелілігі мен ашықтығын қамтамасыз етеді.

ЖКСБ климаттық технологиялардың жаһандық цифрлық платформасы: мүмкіндіктер, жетістіктер және сын-тегеуріндер

ЖКСБ тиімділігі мемлекеттің, ғылымның, бизнестің және халықаралық серіктестердің өзара іс-қимылына байланысты. Мемлекет реттеушілік базаны қалыптастырады және күш-жігерді үйлестіреді, ғылыми ұйымдар технологияларды бейімдейді және кадрлар дайындайды, бизнес технологияларға инвестиция салады және енгізеді, халықаралық серіктестер технологияларға қолжетімділікті, сараптама мен қаржыландыруды ұсынады.

«Жасыл көпір» серіктестік бағдарламасының айтарлықтай әлеуеті – мемлекеттік қолдау, мамандардың тәжірибесі және халықаралық ынтымақтастық – болғанына қарамастан, инновацияларды енгізу бірқатар сын-тегеуріндерге тап болады. Корпоративтік секторда сенім мен үйлесімділік проблемалары, жобаларды іске асыру үшін ресурстардың шектеулілігі, сондай-ақ салалық министрліктер деңгейінде белгісіздік байқалады. Ынталандырушы заңнамалық шаралардың жетіспеушілігі технологияларды трансферттеу және инновациялық шешімдерді енгізу үдерісін қосымша баяулатады.

Сонымен бірге жаңа мүмкіндіктер ашылады: халықаралық тәжірибені пайдалану, жоғары технологиялық жұмыс орындарын құру, университеттер, бизнес және мемлекет арасындағы серіктестік желілерін дамыту. Негізгі тәуекел саяси және бюрократиялық ортаның тұрақсыздығында, сондай-ақ қатысушылардың бағдарламаның стратегиялық мақсаттарына ұзақ мерзімді берілгіштігінің жетіспеушілігінде жатыр.

Күшті және әлсіз жақтарды, мүмкіндіктер мен қауіптерді талдау Қазақстанның қолданыстағы сын-тегеуріндерге қарамастан «Жасыл көпір» серіктестік бағдарламасын (ЖКСБ) дамыту үшін айтарлықтай әлеуеті бар екенін көрсетеді.

Институционалдық базаны нығайту, технологияларды трансферттеуді цифрландыру және халықаралық серіктестердің белсенді қатысуы SWOT-талдауда анықталған шектеулерді еңсеру үшін негіз жасайды.

Жалғасы https://qazaqgreen.com/kz/journal-qazaqgreen/journals-association/2986/

29.04.2026
Қазақстанда 100 МВт КЭС аукционының жеңімпазы анықталды
29.04.2026
Қытайлық компания Қырғызстанда күн және жел энергиясын өндіруге $1 млрд инвестиция салуға дайын
29.04.2026
Meta ғарыштық күн энергетикасына және тым ұзақ мерзімді энергия сақтау саласына инвестиция салады
29.04.2026
Токио әлемдегі ең үлкен жүзбелі жел электр станциясын салмақ
28.04.2026
«KOREM» АҚ-да 50 МВт қуат бойынша еркін аукциондық сауда-саттық өтті
28.04.2026
Қасым-Жомарт Тоқаев Әзірбайжан және Өзбекстанмен жасыл энергетикалық дәліз туралы келісімді ратификациялады
28.04.2026
Қытай ЖЭК үлесін жалпы орнатылған қуаттың 60%-ына дейін арттырды
28.04.2026
«Батыс Каспий Энерго» Атырау облысындағы 250 МВт жел паркіне арналған аукционда жеңді
27.04.2026
Ember: Жаңартылатын энергия көздері тарихта алғаш рет көмірден асып түсті.
27.04.2026
Қазақстанда ЖЭК аукциондарына өтінім беру мерзімі жалғасуда
27.04.2026
Орталық Азияның төрт елінің энергетика министрлері аймақтың су-энергетикалық балансын талқылады
26.04.2026
Әділ ауысым: адамдарды қалай энергетикалық трансформациядан тыс қалдырмауға болады
24.04.2026
Орталық Азияның жетекші техникалық ЖОО мен ОАӨЭО ЖЭК мамандарын даярлау туралы меморандумдарға қол қойды
24.04.2026
Қазақстан мен БҰҰ ЕЭК энергетикалық тұрақтылық пен төмен көміртекті технологияларды дамыту мәселелерін талқылады
24.04.2026
100 000 жұмыс орны мен кадрлардың тапшылығы: Орталық Азияның ЖЭК серпілісіне дайындығы қандай
24.04.2026
Тасымалдаусыз ауысым жоқ: Орталық Азия энергетикалық болашағын қалай құруда
23.04.2026
Азия даму банкі Қазақстан жобаларына 5,5 млрд доллар инвестиция салады
23.04.2026
Астанада RES 2026 EXPO көрмесінің ашылуында $2,3 млрд астам сомаға 17 меморандумға қол қойылды
22.04.2026
Банк Орталық Азия экожүйесінің интеграциялануына $1 млрд салым жасайды
22.04.2026
Қазақстан мен Қытай Қарағанды облысында 500 МВт жел электр станциясын іске қосады