Сала жаңалықтары

Сала жаңалықтары08.09.2022

ЭЭТН бар, проблемалар жоқ!

Шілде айының ортасында ҚР Энергетика министрлігі «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жылу энергетикасы және электр энергетикасы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы тұжырымдамасының жобасын ұсынды.

Бұл құжаттың негізгі үндеуі осы уақытқа дейін 13 жыл бойы иммитациялық режимде болған электр энергиясының теңгерімдеуші нарығын (ЭЭТН) нақты режимде іске қосуға бағытталған.  ЭЭТН иммитациялық режимдегі жұмысының ерекшелігі - нарықтың қандай да бір қатысушысы жіберген ҚР БЭЖ бойынша теңгерімсіздік үшін барлық шығындар оның барлық қатысушыларына бөлінеді, яғни нарықтың белгілі бір қатысушыларының жауапкершілігін бірден нарықтың барлық қатысушыларына біркелкі бөлу орын алады. Үлкен немесе кіші, елеулі немесе елеусіз әсер еткен теңгерімсіздікке жол берілгеніне қарамастан, барлығы орташа бағамен өзінің тұтынуы мен өз генерациясының сомасына пропорционалды түрде төлейді.  Құжат жобасының авторлары энергия жүйесіне теріс әсер ететін бірқатар факторларды атап өтеді:

-      жасалатын теңгерімсіздіктер үшін қаржылық жауапкершіліктің болмауы (электр энергиясын өндіру-тұтынудың сағаттық нақты көлемінің сағаттық жоспарлы мәндерден ауытқуы);

-      нарық субъектілерінде теңгерімдеуге экономикалық ынталандырудың болмауы, бұл субъектілердің электр энергиясын өндіру-тұтыну кестесін оңтайлы жоспарлауға және ауытқуларды жабуға қатысуға мүдделі болмауына әкеп соғады;

-      ҚР электр энергиясы нарығы субъектілері ауытқуларының ұлғайып келе жатқан көлемі;

-      Ресей Федерациясының энергия жүйесімен шекарадағы электр энергиясының нақты сальдо-ағындарының жоспарлы мәндерден айтарлықтай ауытқуы (150 МВт рұқсат етілген диапазонда ауытқу көлемі 1500 МВт құрады).

Сондай-ақ, бүгінде елімізде дамып келе жатқан, тұрақсыз болып табылатын және өз теңгерімсіздіктері үшін ешқандай жауапкершілік көтермейтін жаңартылатын энергия көздерінің (ЖЭК) қуаты бойынша осындай көлемге жеткендігі, ҚР энергия жүйесіндегі тәулік сайынғы барлық ауытқулардың шамамен 10%-ы кешкі уақытта осындай көздердің себебінен болатындығы да орын алып отыр. ҚР энергия жүйесіне ЖЭК теріс әсерінің өсу үрдісі жалғасуда, өйткені ЖЭК-ті енгізу жылдан-жылға өсуде, ал 2030 жылға дейінгі нысаналы индикаторларды ескере отырып, жағдай одан да күрделі болады. Нәтижесінде, құжатты әзірлеушілердің пікірінше, дәл осы ЭЭТН-ді нақты режимде енгізу ҚР энергия жүйесіндегі теңгерімсіздіктер проблемасын шешуге мүмкіндік береді. Бұдан басқа, құрылған теңгерімсіздіктерді қаржылық реттеу тетігі генерацияның маневрлік режимі бар станциялардың энергия жүйесінде тиімді жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

Әрине, Qazaq Green ЖЭК станцияларының энергожүйедегі жұмыс істеуі тұрғысынан әрқашан электр энергиясын өндіруді болжау сапасын жақсартуды және ЖЭК объектілерінің жауапкершілігін арттыруды жақтады. Алайда, ЭЭТН – бұл, ең алдымен, нарық субъектілерінің электр энергиясын өндіру және тұтыну режимдері бойынша жауапкершілігін экономикалық әдіспен ұлғайтуға арналған нарықтық тетік екенін түсіну қажет.

Сонымен бірге, энергия жүйесінде «физика» әлі де бастапқы, ал экономикалық әдістер қайталама деген тезисті алға тартатын инфрақұрылымдық проблемалар бар. Ең алдымен, өндіруші қуаттардың ескіруі және авариялық жөндеулер көлемінің өсуі проблемасын айтып отырмын. Осылайша, апаттылықтың өсу көрсеткіші бойынша 2021 жылдың қорытындысы өткен жылғы көлемнен 6%-ға асып түсті. Жүйелік оператордың 2021 жылдың қараша айында еліміздің негізгі өндіруші объектілері мен өңірлік ЖЭО-да бір мезгілде авариялық жөндеу кезінде 1150 МВт көлемінде қуаттылық болған кездегі алаңдатарлық хабарламалары есімізде.

Күзгі-қысқы кезеңнің басында белгіленген нормативтерден 2-4 есе артық жұмыс істеген қуаттары болған жоспарлы жөндеу жұмыстары да қанағаттанарлықсыз. Мысалы, қараша айында жоспарлы жөндеуде Екібастұз ГРЭС-2 қуаты 500 МВт №2 энергоблогы (жыл сайынғы жұмыс нормативі 6 570 сағат болған кезде жөндеуге шығарусыз 12 304 сағат жұмыс істеді), Екібастұз ГРЭС-1 қуаты 500 МВт №7 энергоблогы (жыл сайынғы 6 570 сағат жұмыс нормативі кезінде жөндеуге шығармай 25 968 сағат жұмыс істеді) болды. 

Осы проблемаларды шешпей, ҚР БЭЖ, тіпті ЭЭТН нақты уақыт режимінде жұмыс істеген кезде де, бұрынғыдай қиындықтарды бастан кешіреді деп санаймыз, өйткені отандық энергия жүйесіндегі проблемалар кешені нарықтық және ұйымдастырушылық шешімдерді ғана емес, сондай-ақ инфрақұрылымдық инвестицияларды да талап етеді.

Алайда, әзірге дәстүрлі энергетика нарығының ойыншылары да, газ өндіруге әлеуетті инвесторлар да, ірі ЖЭК компаниялары да мемлекет тарапынан электр энергетикасының сала ретіндегі одан арғы тағдыры туралы нақты сигналдардың болмауы, саланы дамытудың стратегиялық пайымының болмауы және, ең бастысы, электр энергиясына арналған тарифтер бойынша болжанатын саясаттың болмауы себепті елеулі инвестициялар жасауға дайын емес. Соның салдарынан, саладағы ағымдағы жағдайды және барлық ішкі және сыртқы тәуекелдерді ескере отырып, еліміздің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуде үлкен проблема бар.

 

 

03.05.2024
G7 елдері 2035 жылға қарай көмірден бас тарту туралы келісімге келді
03.05.2024
2032 жылға қарай Тәжікстан ЖЭК-ке толығымен көшуді жоспарлап отыр
03.05.2024
Африкада қалқымалы күн электр станциялары салынуда
02.05.2024
Оңтүстік кореялық компаниялар Астана, Алматы, Павлодар ЖЭО және Топар ГРЭС-ін жаңғыртуды жоспарлап отыр
02.05.2024
Көміртексіздендіру және тұрақты даму «Орталық Азия және Каспийдегі мұнай-газ химиясы және мұнай өңдеу» 11-ші конференциясының басты тақырыбына айналады
01.05.2024
Каспий теңізінің түбімен энергетикалық кабель тарту жобасы: Қазақстан, Әзірбайжан және Өзбекстан Энергетика министрлігінің басшылары меморандумға қол қойды
30.04.2024
Қытайда әлемдегі ең ірі толығымен электрлі контейнер тасушы кеме пайдалануға берілді
30.04.2024
Masdar Грузияда ірі күн электр станциясын салады
30.04.2024
Түркияда ЖЭК үлесі 50%-ға жақындады
29.04.2024
Acwa Power Қазақстанның Каспий маңы аймағында ЖЭК жобасын құрмақ
29.04.2024
Баварияда тік қалқымалы фотоэлектрлік жүйе құрылады
29.04.2024
Латвияда ең ауқымды күн электр станциясы 2 мамырда ашылады
29.04.2024
2024 жылы Жетісуда жаңартылған энергия көздері бағытында 4 жоба іске қосылады
26.04.2024
ЕАЭО-ның энергетикалық перспективалары көміртексіздендіруге ауысуды және климаттық күн тәртібінің басымдығын ескеруі тиіс
26.04.2024
SNSF: Швейцариядан тік жел турбиналары электр энергиясын көбірек өндіруге қабілетті
26.04.2024
ХЭА энергия ауысуын жеделдету үшін аккумуляторлардың арзандауына үміттенеді
26.04.2024
Грузияда қалқымалы күн электр станциясы ашылды
25.04.2024
Латвияда үлгілік емес жылыту шешімі бар үйлер пайдалануға берілді
25.04.2024
Ғалымдар қайта өңделетін материалдардан қалақтарды 3D басып шығаруды әзірлеуде
25.04.2024
Қытайда теңіз КЭС құрылысына рұқсат етілген теңіз аймақтары анықталды