Сала жаңалықтары

Сала жаңалықтары21.12.2022

Enbek. kz сайтында ЖЭК секторындағы бос орындар пайда болды

Қыркүйек айында EY консалтинг практикасының сарапшылары мен Еңбек ресурстарын дамыту орталығының өкілдері электрондық еңбек биржасының Enbek.kz порталында арнайы веб-парақшаны таныстырды.

Жаңартылатын энергия көздері (ЖЭК) секторындағы босжұмысорындары бар платформа жүмыс іздеушілер мен жұмыс берушілер үшін тегін негізде қолжетімді. Аймақ, жұмыспен қамту түрі, білім деңгейі және басқа критерийлер бойынша іске асырылған сүзгілердің арқасында бос жұмыс орындарын іздеу және үміткерлерді таңдау жеңілдейді. Мамандандырылған парақшада бағдарлама туралы жалпы ақпарат, ЖЭК секторының ағымдағы жай-күйін бағалау туралы есептен үзінділер және жаңартылатын энергиямен байланысты пайдалы ресурстарға сілтемелер бар. Бұл бастама Еуропалық қайта қүружәне даму банкі мен Жасыл климаттық қор бағдарламасынын, қолдауымен Қазақстан Үкіметімен ынтымақтастықта іске асырылды және ЖЭК секторын қолдауға, сондай-ақ Қазақстанда гендерлік теңдікті ілгерілетуге бағытталған.

Еңбек ресурстарын дамыту орталығымен ынтымақтастық туралы айта келе, консалтинг практикасының менеджері Дилара Шуршенова атап өткендей, Enbek. kz платформасының негізінде жаңартылатын энергетикадағы мамандықтарға арналған кіші бөлімнің іске қосылуы осы секторға тартылуы мүмкін жастарды қамтуды кеңейтеді.

«Жұмыс іздеушілер, әсіресе әйелдер мен қыздар, саладағы мансаптық перспективаларды көре, жұмыс берушілермен таныса және өздерінін, кәсіби жолдарын нарық талаптарына сәйкес реттей алады. Қазіргі заманғы диджитал-платформа бүл жай ғана жүмысқа орналасуға арналған сайт емес, кәсіби өсуге, ЖЭК мамандары үшін мүмкіндіктер шекарасын кеңейтуге арналған алаң»,-деп атап өтті Дилара Шуршенова.

«Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ президенті Дәулет Арғандыков, өз кезегінде, бул бастаманың уақтылы жургізілгенін атап өтті:

«Бізэ лектрондық еңбек биржасының жаңа мүмкіндіктері бөлімінде ЖЭК секторы туралы мамандандырылған парақшаны жұртшылыққа ұсынуға қуаныштымыз. Жаңа кәсіптер мен құзыреттер атласында атап өтілгендей, таяу жылдары Қазақстанға осы салада көбірек мамандар қажет болады. Елде ЖЭК үшін компоненттерді жобалауға, өндіруге, сондай-ақ оларды салуға, қызмет көрсетуге және басқаруға байланысты мамандықтар дамитын болады. Сектордың дамуы тұрақты және инклюзивті жолмен жүруі керек, біз ұсынылған парақшамен ықпал етуге тырыстық».

ЕУ сарапшылары ЖЭК секторындағы кәсіпорындардан және еліміздің жоғары оқу орындарынан жұмыс берушілер мен ізденушілер арасында осы платформаны көбірек хабардар ету және танымал ету үшін ақпараттық науқанды жоспарлап отыр. Жақын арада менторингтік бағдарламаны, сондай-ақ студенттерге арналған жұмыс орнында оқыту бағдарламасын іске қосу, «ЖЭК саласындағы әйел» марапатын жариялау және жаңартылатын энергия секторын қолдау мен гендерліктеңдікті ілгерілету жөніндегі басқа да іс-шаралар жоспарлануда.

Қазақстанда ЖЭК секторын дамыту және қолдау сектордың техникалық қуаттарын дамытуды ғана емес, сонымен қатар сектор ішінде гендерліктеңдікті ілгерілетуді көздейтін елдің неғұрлым орнықты болашағы туралы үлттық стратегиялық пайымның бір бөлігі.

 ■ ЕҮ КОМПАНИЯСЫ ТУРАЛЫ АНЫҚТАМА

Өзінің бизнесті жетілдіру, әлемді жақсарту миссиясын ұстана отырып, ЕҮ компаниясы клиенттерге, қызметкерлерге және жалпы коғамға ұзақ мерзімді пайдалы әсер жасауға ықпал етеді, сонымен қатар капитал нарығына деген сенімді нығайтуға көмектеседі.

ЕҮ компаниясының көп салалы командалары элемнің 150-ден астам, елінде ұсынылған. Деректер мен технологияларды пайдалана отырып, біз ақпаратқа сенімділікті қамтамасыз етеміз, оның дұрыстыгын растаймыз, сондай-ақ клиенттерге өз қызметін кеңейтуге, түрлендіруге және табысты жүргізуге көмектесеміз.

ЕҮ компаниясының аудит, консалтинг, стратегия, салық салу және мәмілелер саласындағы мамандары бүгінгі куннің сын-қатерлеріне жаңа жауаптар табуға мүмкіндік беретін дурыс сұрақтар кояды.

ЕҮ атауы жаһандық ұйымға қатысты жэне әрқайсысы жеке заңды, тұлға болып табылатын Ernst & Young Global Limited құрамына кіретін бір немесе бірнеше компанияларға катысты болуы мумкін. Ernst & Young Global Limited Ұлыбритания заңнамасына сәйкес құрылған заңды тұлға оның мүшелерінің кепілдіктерімен шектелген және клиенттерге қызмет көрсетпейтін компания. ЕҮ компаниясының дербес деректерді қалай жинайтыны және пайдаланатыны туралы ақпаратпен, сондай-ақ деректерді корғау туралы заңнамада көзделген жеке тұлғалардың кұқықтарының сипаттамасымен мына мекенжай бойынша танысуға болады: ey.com/privacy. Толығырақ акпарат біздің ey.com сайтымызда ұсынылған.

Біз Кавказ және Орталық Азия елдерінің компанияларымен өзара іс-қимыл жасаймыз, оларға бизнес-мақсаттарға қол жеткізуде жәрдемдесеміз. Астана, Алматы, Атырау, Баку, Бішкек, Ереван, Ташкент жэне Тбилиси қалаларында орналасқан фирмамыздың сегіз кеңсесінде 1 300-ден астам кәсіпқой қызмет етеді.




 

06.05.2024
Шымкенттің кәріз ағындарын қалай электр энергиясына түрлендіреді
06.05.2024
Eurostar 2030 жылға қарай барлық пойыздарды ЖЭК-ке ауыстыруға ниетті
06.05.2024
Ресейде нанотехнологиялардың көмегімен күн батареялары жетілдірілді
04.05.2024
Жел турбиналарының «әлемдегі алғашқы» ағаш қалақтары Германияда орнатылды
04.05.2024
АҚШ-та натрий-ионды аккумуляторлардың алғашқы сериялық өндірісі пайда болды
04.05.2024
Ташкент инвестициялық форумында Камбаратин ГЭС-1 құрылысының жобасы ұсынылды
03.05.2024
G7 елдері 2035 жылға қарай көмірден бас тарту туралы келісімге келді
03.05.2024
2032 жылға қарай Тәжікстан ЖЭК-ке толығымен көшуді жоспарлап отыр
03.05.2024
Африкада қалқымалы күн электр станциялары салынуда
02.05.2024
Оңтүстік кореялық компаниялар Астана, Алматы, Павлодар ЖЭО және Топар ГРЭС-ін жаңғыртуды жоспарлап отыр
02.05.2024
Көміртексіздендіру және тұрақты даму «Орталық Азия және Каспийдегі мұнай-газ химиясы және мұнай өңдеу» 11-ші конференциясының басты тақырыбына айналады
01.05.2024
Каспий теңізінің түбімен энергетикалық кабель тарту жобасы: Қазақстан, Әзірбайжан және Өзбекстан Энергетика министрлігінің басшылары меморандумға қол қойды
30.04.2024
Қытайда әлемдегі ең ірі толығымен электрлі контейнер тасушы кеме пайдалануға берілді
30.04.2024
Masdar Грузияда ірі күн электр станциясын салады
30.04.2024
Түркияда ЖЭК үлесі 50%-ға жақындады
29.04.2024
Acwa Power Қазақстанның Каспий маңы аймағында ЖЭК жобасын құрмақ
29.04.2024
Баварияда тік қалқымалы фотоэлектрлік жүйе құрылады
29.04.2024
Латвияда ең ауқымды күн электр станциясы 2 мамырда ашылады
29.04.2024
2024 жылы Жетісуда жаңартылған энергия көздері бағытында 4 жоба іске қосылады
26.04.2024
ЕАЭО-ның энергетикалық перспективалары көміртексіздендіруге ауысуды және климаттық күн тәртібінің басымдығын ескеруі тиіс