Орталық Азия жаңалықтары

Орталық Азия жаңалықтары13.02.2023

Қырғызстанда Қаракөл ГЭС-ін салушы белгілі болды

QAZAQ GREEN. Қарақөл шағын гидроэлектростанциясының (ГЭС) құрылысын шетелдік инвестормен бірлесіп «Демир Кыргыз Интернэшнл Банк» (DemirBank) ЖАҚ басқармасы қолға алғысы келеді. Бұл туралы инвестициялық форумның отырысында Қырғызстан министрлер кабинетінің төрағасы Ақылбек Жапаров мәлімдеді, деп хабарлайды Kabar.

Оның айтуынша, бұған дейін инвестор ретінде Дүниежүзілік банкті қарастыру жоспарланған болатын. Дегенмен, бұл жағдайда жобаны ратификациялау процесі белгілі бір уақытты алатын еді.

«Өз кезегінде банк басқармасы мен шетелдік инвестор шағын ГЭС құрылысын 1,5-2 жылда аяқтауды жоспарлап отыр», – деді ол.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Қырғызстанның Энергетика министрлігінде Қара Суу өзенінде шағын ГЭС салуға конкурс жариялауға дайын екендігі туралы хабарланған болатын.

Қаракөл ГЭС құрылысы Жалал-Абад облысының Тоқтоғұл ауданындағы Қара-Суу өзенінде жоспарланған. Бұл өзен - Нарын өзенінің сол жағалауындағы саласы. Ол Тоқтоғұл ГЭС төменгі бьефімен түйісетін сағалық учаскеде орналасқан.

Оның құрылысы 25 млн долларға бағаланады. Жобалық қуаты 18 МВт құрайды. Орташа жылдық өндірісі 110 млн кВт/сағ бағаланады.

Еске сала кетейік, Еуразиялық Даму Банкі (ЕАДБ) және «Нарын» өндірістік кәсіпорны» ЖШҚ Қырғыз Республикасында қуаты 100 МВт болатын «Құланақ» ГЭС-ін салу мен пайдалануды қаржыландыру шартын жасасқан болатын.


17.04.2026
Қазақстандық ауадан су өндіру стартапы Венада өткен GCIP байқауында үздік үштікке енді
16.04.2026
Қазақстанда құс фабрикасы қалдықтан 15 млн кВт·сағ энергия өндірді
16.04.2026
Қытай мен Испания күн және жел энергиясы саласындағы серіктестігін нығайтуда
16.04.2026
Моңғолия Hanwha Group компаниясына ЖЭК дамыту мен шикізатты өңдеуге қатысуды ұсынды
16.04.2026
Ресей Адыгейдегі жаңа полигонда көлденең және тік ЖЭС сынақтан өткізеді
15.04.2026
Брюссель электрлендіруді күшейтеді: желілік пакет — жазда, стратегия — күзде
15.04.2026
ӨЭС 2026 аясында жаңартылатын энергия көздерін дамыту үшін мамандар даярлау мәселелері талқыланады
14.04.2026
Алжир 400 МВт болатын екі күн электр станциясын іске қосты
14.04.2026
KOREM жел және күн станциялары бойынша сәуірде төрт аукцион өткізеді
14.04.2026
ЖЭК энергетикалық дағдарысқа жауап: IRENA елдерге іс-әрекеттер жоспарын ұсынады
14.04.2026
Қазақстанда ЖЭК өндірісі 2026 жылдың бірінші тоқсанында 15%-ға өсті
14.04.2026
Қазақстан Climatescope таза энергетикаға инвестиция әлемдік рейтингіндегі позициясын жақсартты
13.04.2026
Қазақстан мен Қытай бірлескен Сутегі технологиялары орталығын іске қосты
13.04.2026
Швейцария әлемдегі ең қуатты редокс-ағынды батареясын құрап жатыр
09.04.2026
Ұлыбритания елдегі ең ірі КЭС құрылысын мақұлдады
09.04.2026
Sonnedix Италияда ірі күн энергиясы келісімшарттарын жеңіп алды
09.04.2026
Қытайлық компания Лаостың таулы аймағында 1000 МВт-ға КЭС-ті іске қосты
09.04.2026
Қазақстан Сенаты энергияны Еуропаға экспорттауға арналған құжатты мақұлдады
08.04.2026
Zayed Sustainability Prize өтінімдерді қабылдаудың басталғаны туралы хабарлайды
08.04.2026
Әзірбайжандағы «жасыл энергияның» күнделікті үлесі 29%-дан асты