Қазақстан жаңалықтары04.10.2023
Қазақстан таза және жаңартылатын энергия көздеріне инвестициялар тарту үшін қолайлы жағдайлар жасады – президент

QAZAQ GREEN. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елордада өтіп жатқан XV KazEnergy Еуразиялық форумына қатысушыларға құттықтау жолдады. Президент құттықтауын Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев оқып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Қазіргі жаһандық энергетика маңызды климаттық және геосаяси қиындықтарға тап болып отыр. Бұл энергетикалық қауіпсіздіктің, тұрақты энергия жеткізу тізбегінің және «жасыл» технологияның маңыздылығын көрсетеді. Қазақстан экспорттық бағыттарды, сондай-ақ қажетті көліктік-логистикалық инфрақұрылымды белсенді дамыта отырып, әлемдік нарыққа энергия ресурстарын сенімді жеткізуші ретінде өзін танытты», - деп атап өтеді Мемлекет басшысы.
Президенттің атап өтуінше, отын-энергетика кешені еліміздің үдемелі ілгерілеуінің басты қозғаушы күштерінің бірі саналады. Сала ауқымды шетелдік инвестициялар мен жаңа технологияларды тартады.
«Сонымен бірге біз экономиканы дәйекті әртараптандыруға ерекше назар аударамыз. Біздің алдымызда тұрған міндет - серпінді жобаларды, оның ішінде мұнай мен газды терең өңдеу саласындағы жобаларды іске асыру арқылы қосылған құны жоғары кластерлерді құру. Еліміз таза және жаңартылатын энергия көздеріне инвестициялар тарту үшін қолайлы жағдайлар жасады және 2060 жылға қарай көміртегі бейтараптығына қол жеткізу стратегиясын қабылдады. 2030 жылға қарай елдің энергия теңгеріміндегі жаңартылатын энергия көздерінің үлесі кемінде 15 пайызды құрауы тиіс. Бүгінгі форум мен Қазақстанның энергетикалық апталығы барысында қатысушылар идеяларымен алмасып, энергетикалық секторды одан әрі дамытудың жаңа тәсілдерін әзірлейтініне сенімдімін», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Қазақстандық ауадан су өндіру стартапы Венада өткен GCIP байқауында үздік үштікке енді
Қазақстанда құс фабрикасы қалдықтан 15 млн кВт·сағ энергия өндірді
Қытай мен Испания күн және жел энергиясы саласындағы серіктестігін нығайтуда
Моңғолия Hanwha Group компаниясына ЖЭК дамыту мен шикізатты өңдеуге қатысуды ұсынды
Ресей Адыгейдегі жаңа полигонда көлденең және тік ЖЭС сынақтан өткізеді
Брюссель электрлендіруді күшейтеді: желілік пакет — жазда, стратегия — күзде
ӨЭС 2026 аясында жаңартылатын энергия көздерін дамыту үшін мамандар даярлау мәселелері талқыланады
Алжир 400 МВт болатын екі күн электр станциясын іске қосты
KOREM жел және күн станциялары бойынша сәуірде төрт аукцион өткізеді
ЖЭК энергетикалық дағдарысқа жауап: IRENA елдерге іс-әрекеттер жоспарын ұсынады
Қазақстанда ЖЭК өндірісі 2026 жылдың бірінші тоқсанында 15%-ға өсті
Қазақстан Climatescope таза энергетикаға инвестиция әлемдік рейтингіндегі позициясын жақсартты
Қазақстан мен Қытай бірлескен Сутегі технологиялары орталығын іске қосты
Швейцария әлемдегі ең қуатты редокс-ағынды батареясын құрап жатыр
Ұлыбритания елдегі ең ірі КЭС құрылысын мақұлдады
Sonnedix Италияда ірі күн энергиясы келісімшарттарын жеңіп алды
Қытайлық компания Лаостың таулы аймағында 1000 МВт-ға КЭС-ті іске қосты
Қазақстан Сенаты энергияны Еуропаға экспорттауға арналған құжатты мақұлдады
Zayed Sustainability Prize өтінімдерді қабылдаудың басталғаны туралы хабарлайды
Әзірбайжандағы «жасыл энергияның» күнделікті үлесі 29%-дан асты