Қазақстан жаңалықтары

Қазақстан жаңалықтары08.11.2023

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда АЭС құрылысы туралы айтты

QAZAQ GREEN. Ақорда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ресейлік «Известия» газетіне берген сұхбатын жариялады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Ресей арасындағы бейбіт мақсатта қолданылатын атом саласындағы ықпалдастық – энергетикалық ынтымақтастығымыздың негізгі бағытының бірі екенін атап өтті. Сондай-ақ, президент еліміздегі атом энергетикасын дамыту әлеуеті туралы, атап айтқанда Қазақстандағы атом электр станциясы туралы айтты.

«Елімізде АЭС салуға қатысты түрлі пікір айтылып жүр. Бір жағынан, Қазақстанның атом энергетикасын дамыту әлеуеті мол. Еліміз табиғи уран өндіру көлемі жөнінен әлемде бірінші орын алады. Сондай-ақ ядролық отын компоненттерін өз елімізде өндіреміз және уранды изотопты байыту жөніндегі қызметтерге қол жеткізе аламыз. Үлбі металлургия зауытының базасында Қытайдың атом электр станциялары үшін дайын ядролық отын шығарылады.

Екінші жағынан, көптеген азаматтар мен сарапшылар атом станциясының қауіпсіздігіне күмән келтіреді. Семей ядролық сынақ полигонының ауыр қасіретін ескерсек, мұны түсінуге болады. Қазақстан аумағында АЭС салу мәселесінде Ресей тарапының жәрдем беру ұсынысын жоғары бағалаймыз. Әйтсе де АЭС құрылысы жөніндегі түпкілікті шешім референдум қорытындысы бойынша қабылданады», - деді Қазақстан президенті.

Қасым-Жомарт Тоқаев сайлауалды тұғырнамадан берген уәдесін еске салып өтті.

«Мен 2019 жылғы сайлауалды бағдарламамда аса маңызды стратегиялық проблемаларға қатысты шешім референдум арқылы қабылданады деп мәлімдеген едім», – деді ол.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанның энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев бұған дейін Франция, Қытай, РФ және Кореядан қатысушылардың тізімі ресми түрде құрылғанын айтқан болатын. Осы тізімге қосымша Энергетика министрлігі американдық компаниялардың шағын модульдік реакторлар салу жөніндегі ұсыныстарын қарастыруда.

Бұл ретте министр мемлекет басшысының мәлімдемесіне сәйкес Қазақстанда атом станциясын салу жөнінде түпкілікті шешім қабылдау үшін жалпыұлттық референдум өткізілетінін атап өтті.

17.04.2026
Қазақстандық ауадан су өндіру стартапы Венада өткен GCIP байқауында үздік үштікке енді
16.04.2026
Қазақстанда құс фабрикасы қалдықтан 15 млн кВт·сағ энергия өндірді
16.04.2026
Қытай мен Испания күн және жел энергиясы саласындағы серіктестігін нығайтуда
16.04.2026
Моңғолия Hanwha Group компаниясына ЖЭК дамыту мен шикізатты өңдеуге қатысуды ұсынды
16.04.2026
Ресей Адыгейдегі жаңа полигонда көлденең және тік ЖЭС сынақтан өткізеді
15.04.2026
Брюссель электрлендіруді күшейтеді: желілік пакет — жазда, стратегия — күзде
15.04.2026
ӨЭС 2026 аясында жаңартылатын энергия көздерін дамыту үшін мамандар даярлау мәселелері талқыланады
14.04.2026
Алжир 400 МВт болатын екі күн электр станциясын іске қосты
14.04.2026
KOREM жел және күн станциялары бойынша сәуірде төрт аукцион өткізеді
14.04.2026
ЖЭК энергетикалық дағдарысқа жауап: IRENA елдерге іс-әрекеттер жоспарын ұсынады
14.04.2026
Қазақстанда ЖЭК өндірісі 2026 жылдың бірінші тоқсанында 15%-ға өсті
14.04.2026
Қазақстан Climatescope таза энергетикаға инвестиция әлемдік рейтингіндегі позициясын жақсартты
13.04.2026
Қазақстан мен Қытай бірлескен Сутегі технологиялары орталығын іске қосты
13.04.2026
Швейцария әлемдегі ең қуатты редокс-ағынды батареясын құрап жатыр
09.04.2026
Ұлыбритания елдегі ең ірі КЭС құрылысын мақұлдады
09.04.2026
Sonnedix Италияда ірі күн энергиясы келісімшарттарын жеңіп алды
09.04.2026
Қытайлық компания Лаостың таулы аймағында 1000 МВт-ға КЭС-ті іске қосты
09.04.2026
Қазақстан Сенаты энергияны Еуропаға экспорттауға арналған құжатты мақұлдады
08.04.2026
Zayed Sustainability Prize өтінімдерді қабылдаудың басталғаны туралы хабарлайды
08.04.2026
Әзірбайжандағы «жасыл энергияның» күнделікті үлесі 29%-дан асты