Қазақстан жаңалықтары30.05.2024
Қазақстанда QazaqGreenFest-2024 III Халықаралық іскерлік фестивалі басталды

QAZAQ GREEN. «Жасыл» энергетикаға арналған QazaqGreenFest – 2024 III Халықаралық іскерлік фестивалі 30-31 мамырда Бурабайда «Қазіргі сын-тегеуріндерді қабылдап, бірге тұрақты болашаққа!» ұранымен өтіп жатыр. Ұйымдастырушылар – Қазақстан электр энергетикалық қауымдастығымен бірлесіп «Qazaq Green» ЖЭК қауымдастығы. БҰҰ Даму бағдарламасы, Герман халықаралық ынтымақтастық қоғамы, Huawei, ACWA Power, Total Energies, Sany, Jinko Solar, Unicase, Goldbeck Solar компаниялары іс-шараның серіктестері болды. Фестивалді Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі қолдады
Қазақстан Париж келісімін ратификациялаған және Көміртегі бейтараптығына қол жеткізуінің 2060 жылға дейінгі стратегиясын қабылдаған Орталық Азия өңіріндегі алғашқы ел болды. Елімізде жел және күн энергетикасын дамытуда зор әлеует бар.
COP 28-де Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев болашақ ұрпақ үшін қоршаған ортаны сақтау жөніндегі БҰҰ үндеуіне қолдау білдіріп, әділ энергетикалық ауысу бойынша әріптестік арқылы өңірде көмір проблемасын шешуде елді қолдауға шақырды. Бұған қоса, ол климаттық бағдарламаларды қаржыландыруды ұлғайту қажеттігін атап өтіп, климаттың өзгеруіне қарсы күрестің, әсіресе Орталық Азия елдері үшін маңыздылығын атап өтті.
ЕО елдерінің көміртегі салығын енгізуі экспорттық тауарлардың құнына және өнімнің бәсекеге қабілеттілігіне автоматты түрде әсер етеді. Көтерілген баға отандық тауарлар үшін кейбір нарықтарды жабуы мүмкін, сондықтан кәсіпорындар көміртексіздендіру және балама технологияларға көшу бойынша жұмысты бастауы керек. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жаңартылатын энергия көздерінің үлесі 2030 жылға қарай 15%-ды құрауы тиіс.
Энергетика министрлігінің деректері 2023 жылы электр энергиясын өндірудің жалпы көлеміндегі ЖЭК үлесі шамамен 6% құрағанын көрсетеді. Қазақстанда жел, күн, гидроэлектр станциялары мен биоэнергетиканы қоса алғанда, жалпы белгіленген қуаты 2 903,54 МВт болатын 148 ЖЭК нысаны жұмыс істейді. Сондай-ақ жылу сорғыларын, биоотын қазандықтарын және артық жылуды кәдеге жарату жүйелерін енгізу қарастырылуда.
ЖЭК интеграциясы экономиканы көміртексіздендірудің және әр түрлі салаларды электрлендіруді күшейтудің маңызды элементі болып табылады. Қазақстан өз теңгерімінде ЖЭК үлесін ұлғайтуға ұмтылады, бірақ электр желілерін дамытуға және заңнамалық реттеуге байланысты сын-тегеуріндерге кездесуде. Осы және басқа да мәселелерді ЖЭК және электр энергетикасы нарығының негізгі қатысушылары QazaqGreenFest 2024 шеңберінде – Қазақстанда жаңартылатын энергетиканы дамыту сарапшыларының талқылауы үшін негізгі алаңда талқылайды.
ЖЭК-ті дамыту электр энергетикасы саласын түрлендірудің драйвері болып саналады және ол елдің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, шағын ауқымды ЖЭК-ті дамыту және энергия жинақтау жүйелерін пайдалану үшін қажет.
«Батыс Каспий Энерго» Атырау облысындағы 250 МВт жел паркіне арналған аукционда жеңді
Ember: Жаңартылатын энергия көздері тарихта алғаш рет көмірден асып түсті.
Қазақстанда ЖЭК аукциондарына өтінім беру мерзімі жалғасуда
Орталық Азияның төрт елінің энергетика министрлері аймақтың су-энергетикалық балансын талқылады
Әділ ауысым: адамдарды қалай энергетикалық трансформациядан тыс қалдырмауға болады
Орталық Азияның жетекші техникалық ЖОО мен ОАӨЭО ЖЭК мамандарын даярлау туралы меморандумдарға қол қойды
Қазақстан мен БҰҰ ЕЭК энергетикалық тұрақтылық пен төмен көміртекті технологияларды дамыту мәселелерін талқылады
100 000 жұмыс орны мен кадрлардың тапшылығы: Орталық Азияның ЖЭК серпілісіне дайындығы қандай
Тасымалдаусыз ауысым жоқ: Орталық Азия энергетикалық болашағын қалай құруда
Азия даму банкі Қазақстан жобаларына 5,5 млрд доллар инвестиция салады
Астанада RES 2026 EXPO көрмесінің ашылуында $2,3 млрд астам сомаға 17 меморандумға қол қойылды
Банк Орталық Азия экожүйесінің интеграциялануына $1 млрд салым жасайды
Қазақстан мен Қытай Қарағанды облысында 500 МВт жел электр станциясын іске қосады
Қазақстан мен Тәжікстан Роғун СЭС электр энергиясын импорттау туралы келіссөздер жүргізуде
Өңірлік экологиялық саммит 2026 Астанада өз жұмысын бастайды
Күн энергиясы және тамшылатып суару Қырғызстан егінін сақтаудың жолы
Ормуз дағдарысы көмірге жол ашпады: ЖЭК газ тапшылығын жапты
Астанада RES 2026 EXPO ашылып, халықаралық келісімдерге қол қойылады
Орталық Азия елдері Астанада өтетін 2026 жылғы ӨЭС-те энергетикалық көшуді талқылайды
Молдова ЖЭК орнатылған қуаты бойынша 1 ГВт шегінен асып түсті