Қазақстан жаңалықтары20.01.2025
Қазақстан мен Қытай жел генератырлары мен энергия сақтау жүйелерін шығаратын зауыт салады

QAZAQ GREEN. Қазақстанда жел генератырлары мен энергия сақтау жүйелерін шығаратын жаңа зауыт бой көтермек. Жоба «Қазақстан коммуналдық жүйелері» компанияның жасыл энергетика саласындағы жаһандық көшбасшы Envision Energy компаниясымен әріптестік аясында жүзеге асырылуда. Зауыт жылына 250 жел турбинасы жиынтығы мен 100 энергия сақтау жүйесі жиынтығын өндіруді жоспарлап отыр, деп хабарлады «Қазақстан коммуналдық жүйелері» компаниясы.
17 қаңтар күні Жетісу облысындағы «Хоргос – Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағында жел генераторлары мен энергия жинақтау жүйелерін өндіретін зауыттың құрылысы бастау алып, капсула салу рәсімі өтті.
Зауытқа салынатын жалпы инвестиция көлемі 40 миллион долларды құрайды және ол Қазақстанда жаңартылатын энергетиканы дамытуға елеулі үлес қосады. Кәсіпорында 300-ден астам жұмыс орны ашылады. Өндірілген өнімнің 60%-ы ішкі нарыққа бағытталып, 40%-ы Орталық Азия мен Кавказ елдеріне экспортталатын болады. Алғашқы кезеңде өндірістің қазақстандық үлесі 30% деңгейінде болса, кейін бұл көрсеткіш кезең-кезеңімен 90%-ға дейін жеткізіледі.
Қазақстан 2060 жылға қарай көміртегі бейтараптығына қол жеткізуді мақсат етіп, жаңартылатын энергетиканы белсенді түрде дамытып келеді. Бұл бағыттағы маңызды қадамдардың бірі – зауыт құрылысы. Кәсіпорынның іске қосылуы 2026 жылдың III тоқсанына жоспарланған. Әлемдік көшбасшы ENVISION компаниясының тәжірибесіне сүйене отырып, бұл кәсіпорын ұлттық деңгейде парниктік газдар шығарындыларын азайту және жаңартылатын энергия көздерінің үлесін арттыру бойынша мақсаттарға қол жеткізуге үлес қосады.
Жел генераторларын шығаратын зауыттың өндірістік қуаты жылына 2 ГВт энергия өндіруге мүмкіндік беріп, жыл сайын 250 жиынтық шығаруды жоспарлап отыр. Сонымен қатар, энергия жинақтау жүйелерінің өндірісі жылына 1 ГВт·сағ қуатқа ие болады, жылына 100 жиынтық шығару көзделген.
«Әлемдік алпауыт Envision Energy компаниясымен бірлескен кәсіпорын құру – Қазақстан үшін стратегиялық маңызды қадам. Біз тек жел генераторлары мен энергия жинақтау жүйелерінің өндірісін іске қосып қана қоймай, әлемдік деңгейдегі бірегей технологияларды тартып отырмыз. Жоба импортқа тәуелділікті азайтып, энергетикалық қауіпсіздікті нығайтады, жаңа жұмыс орындарын ашады, экспорттық мүмкіндіктерді кеңейтеді және төмен көміртекті экономикаға көшу процесін жеделдетеді. Бұл еліміздің болашағына қосқан маңызды үлес», – деп атап өтті «Қазақстан коммуналдық жүйелері» ЖШС бақылау кеңесінің төрағасы Дінмұхамет Идрисов.
Әлемдік көшбасшымен ынтымақтастық алдыңғы қатарлы білім мен технологияларды беру, сондай-ақ кәсіби оқыту бағдарламаларын енгізу арқылы жергілікті мамандардың біліктілігін арттыруға да ықпал етеді. Сонымен қатар, компаниялар жергілікті университеттермен бірлесе өнімді Қазақстан нарығына бейімдеу мақсатында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуді жоспарлап отыр.
Envision Energy Қазақстанға жобалаудан және өндіруден бастап, жабдықты пайдалануға дейінгі барлық кезеңдерді қамтитын толық сервистік қызметтерді қоса алғанда, озық техникалық қолдау көрсететін болады. Сапалы сервисті қамтамасыз ету мақсатында, Техникалық қолдау және қызмет көрсету орталығын құру жоспарлануда. Бұл қазақстандық мамандардың кәсіби дамуына берік негіз қалыптастырады.
«Біз осы игі бастама аясында «Қазақстан коммуналдық жүйелері» ЖШС-мен серіктестік орнатқанымызға қуаныштымыз. Саладағы озық технологияларымызға сүйене отырып, Envision Қазақстанға көмірқышқыл газы шығарындыларын азайтуға, таза энергияны ілгерілетуге, халықаралық инвестициялар мен технологияларды тартуға қолдау көрсетеді. Бұл бастама Қазақстанның тұрақты энергетикалық болашаққа, экономикалық өсім мен инновацияларға өтуін айтарлықтай жеделдетеді», – деп атап өтті Envision Energy компаниясының аға вице-президенті Кейн Сюй.
Естеріңізге сала кетейік, бұл жоба осыдан бұрын «Қазақстан коммуналдық жүйелері» ЖШС мен Envision Energy арасында жел генератырлары мен энергияны сақтау жүйелерін шығаратын жергілікті өндірістік кәсіпорын құру туралы қол қойылған келісімнің арқасында жүзеге асырылып отыр.
Envision Energy жасыл энергетика саласындағы озық шешімдерімен танымал. 2024 жылы компания жел турбиналарына тапсырыстар көлемі бойынша әлемде бірінші орынды иеленіп, қатарынан үшінші тоқсан бойы BloombergNEF тарапынан энергия сақтау жүйелерінің бірінші деңгейлі (Tier 1) өндірушісі ретінде танылды, бұл оның осы саладағы жетекші компаниялар қатарындағы орнын нығайтты. Компания Қазақстанға инновацияларды енгізіп, көміртегі шығарындыларын азайтуға және таза энергияны ілгерілетуге қолдау көрсетеді.
«Қазақстан коммуналдық жүйелері» ЖШС – еліміздің энергетика нарығындағы ең ірі компаниялардың бірі, «Ordabasy Group» жобалық тобына кіреді. ҚКЖ тобының кәсіпорындары электро- және жылуэнергиясын өндіруден бастап, оны соңғы тұтынушыға жеткізуге дейінгі юарлық өндірістік тізбекті қалыптастырады. Орнатылған қуаттылық бойынша «ҚКЖ» ЖШС еліміздің төрт ірі энергетикалық компаниясының қатарына кіреді.
Envision Energy — әлемдегі экологиялық таза технологиялар саласындағы жетекші компания, жаңартылатын энергия жүйелері үшін шешімдер ұсынатын ұйым. «Тұрақты болашақ үшін мәселелерді шешу» миссиясымен Envision Energy технологиялық инновациялар арқылы жаңартылатын энергияны өндіру, сақтау және синергиясын құру шығындарын үнемі төмендетіп келеді. Компания үш негізгі бизнес секторында жұмыс істейді — ақылды жел турбиналары, энергия сақтау және жасыл сутегі шешімдері. Envision Energy энергияны түрлендіруге арналған кешенді шешімдерді бірлесіп әзірлей отырып, Vestas, Siemens Gamesa, GE Wind Energy және Goldwind компанияларымен бірге әлемдегі ең ірі бес жел турбинасының өндірушілері қатарына кіреді.
Қазақстандық ауадан су өндіру стартапы Венада өткен GCIP байқауында үздік үштікке енді
Қазақстанда құс фабрикасы қалдықтан 15 млн кВт·сағ энергия өндірді
Қытай мен Испания күн және жел энергиясы саласындағы серіктестігін нығайтуда
Моңғолия Hanwha Group компаниясына ЖЭК дамыту мен шикізатты өңдеуге қатысуды ұсынды
Ресей Адыгейдегі жаңа полигонда көлденең және тік ЖЭС сынақтан өткізеді
Брюссель электрлендіруді күшейтеді: желілік пакет — жазда, стратегия — күзде
ӨЭС 2026 аясында жаңартылатын энергия көздерін дамыту үшін мамандар даярлау мәселелері талқыланады
Алжир 400 МВт болатын екі күн электр станциясын іске қосты
KOREM жел және күн станциялары бойынша сәуірде төрт аукцион өткізеді
ЖЭК энергетикалық дағдарысқа жауап: IRENA елдерге іс-әрекеттер жоспарын ұсынады
Қазақстанда ЖЭК өндірісі 2026 жылдың бірінші тоқсанында 15%-ға өсті
Қазақстан Climatescope таза энергетикаға инвестиция әлемдік рейтингіндегі позициясын жақсартты
Қазақстан мен Қытай бірлескен Сутегі технологиялары орталығын іске қосты
Швейцария әлемдегі ең қуатты редокс-ағынды батареясын құрап жатыр
Ұлыбритания елдегі ең ірі КЭС құрылысын мақұлдады
Sonnedix Италияда ірі күн энергиясы келісімшарттарын жеңіп алды
Қытайлық компания Лаостың таулы аймағында 1000 МВт-ға КЭС-ті іске қосты
Қазақстан Сенаты энергияны Еуропаға экспорттауға арналған құжатты мақұлдады
Zayed Sustainability Prize өтінімдерді қабылдаудың басталғаны туралы хабарлайды
Әзірбайжандағы «жасыл энергияның» күнделікті үлесі 29%-дан асты