Қазақстан жаңалықтары04.02.2025
Алматыда PowerTech 2025 – көміртексіздендіру және жаңартылатын энергетика бойынша конференция өтеді

QAZAQ GREEN. 2025 жылғы 2-4 сәуір аралығында Алматыда PowerTech 2025 – көміртексіздендіру және жаңартылатын энергетика мәселелеріне арналған Орталық Азия конференциясы мен көрмесі өтеді. Іс-шара «Атакент» қазақстандық іскерлік ынтымақтастық орталығында өтеді және мемлекеттік әрі жеке компаниялардың өкілдерін, сондай-ақ жасыл технологиялар саласындағы мамандарды жинайды.
PowerTech 2025 шеңберінде Қазақстан орталық азиялық Ең озық қолжетімді технологиялар бюросының (ЕҚТБ) цифрлық платформасын ұсынады. Платформаны әзірлеумен «Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы» айналысады. Оның мақсаты – экологиялық таза технологияларды енгізуге жәрдемдесу және Орталық Азияда қоршаған ортаға теріс әсерді азайту.
Көрмеде платформаның негізгі функциялары, соның ішінде салалық талдамаға, анықтамалықтарға және Қазақстан Үкіметі бекіткен Ең озық қолжетімді техникаларды (ЕОҚТ) енгізу бойынша өзекті ақпаратқа қолжетімділік көрсетіледі.
PowerTech 2025 үш арнайы бөлімді біріктіреді:
- Renewable Energy Expo – жаңартылатын энергия көздері,
- PowerTech Expo – энергетикалық технологиялар,
- Energy Save Expo – энергия тиімділігі саласындағы шешімдер.
Іс-шараға қатысуды Қазақстан, Қытай, Түркия, Австрия, Оман, Әзірбайжан, Өзбекстан, Беларусь және Ресей компаниялары растады. Басқа елдердің өкілдерімен де келіссөздер жүргізілуде.
Көрме барысында энергияны үнемдеу және көміртегі ізін азайту саласындағы жаңа технологиялар ұсынылады. 100-ден астам компания, 250 сарапшы және 5000 кәсіпқой қатысады деп күтілуде.
Қосымша ақпарат және тіркелу – powertechexpo.kz сайтында.
Қазақстан мен Қытай стратегиялық энергетикалық әріптестікті талқылады
Ғарышқа арналған органикалық күн элементтері бойынша инновациялық зерттеу
Қазақстан мен Өзбекстан Орталық Азияда «жасыл» энергетиканы белсенді дамытуда
ҚазМұнайГаз Атырауда «жасыл» сутегі өндіру бойынша пилоттық жобаны іске қосты
Қазақстанда жеке үй иелері күн батареяларынан қалай ақша таба алады
Қазақстан аукциондық жүйе арқылы ЖЭК саласына 14 елден инвестиция тартты
Жасыл сутегі Қазақстан энергетикасын қалай өзгерте алады
IKEA балкондарға арналған дайын күн электр станциясын ұсынады
Adani Үндістанда «жасыл» сутегі өндіретін автономды қондырғыны іске қосты
Тәжікстанда «жасыл» энергетика бойынша Жол картасын ұсынды
KOREM аукционының нәтижесінде үш ГЭС жобасы іріктелді
Еуропалық парламент пен ЕО Кеңесі CBAM жеңілдетуді мақұлдады
Глазго ғалымдары қалақсыз жел турбиналарының әлеуетін ашты
Өзбекстан жыл соңына дейін 16 ЖЭК нысанын іске қосады
Қазақстанда 50 МВт шағын ГЭС жобаларына аукцион өтті
Қазақстан мен ЕҚДБ декарбонизация және ЖЭК саласындағы ынтымақтастықты талқылады
Мысырда құны 200 миллион доллар тұратын күн индустриялық кешені салынуда
Испаниядағы блэкауттың себептері анықталды: ресми есеп жарияланды
Аукцион қорытындысы: Оңтүстік Қазақстанда 20 МВт КЭС салынады
Қазақстан 2050 жылға қарай ЖЭК үлесін 50%-ға дейін жеткізуді жоспарлап отыр