Қазақстан жаңалықтары

Қазақстан жаңалықтары19.02.2025

Түркістан облысында қуаты 1000 МВт болатын бу-газ электр станциясы салынуда

QAZAQ GREEN.  Түркістан облысында қуаты 1000 МВт-қа дейін жететін бу-газ электр станциясының құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Бұл жоба Мемлекет басшысы белгілеген «Дамыған аймақтар – қуатты экономика» қағидатын іске асыру аясында жүзеге асуда. Станцияның іске қосылуы Түркістан облысындағы электр энергиясының тапшылығын жоюға мүмкіндік береді, деп хабарлады Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Электр станциясы Сайрам ауданының Қарамұрт ауылында салынып жатыр. Жобаны «Самұрық-Қазына» қорының еншілес ұйымы – «БГҚ Түркістан» ЖШС жүзеге асыруда. Құрылыс жұмыстары оңтүстіккореялық Doosan Enerbility және қазақстандық Bazis Construction компанияларының консорциумы тарапынан жүргізілуде. Станция іске қосылғаннан кейін ол екі миллионнан астам тұрғынды электр қуатымен қамтамасыз етеді.

Жалпы құны 800 миллиард теңгені құрайтын бұл жоба толық қуатына шыққанда 926,5 МВт электр энергиясын өндіретін болады. Негізгі техникалық жабдықтарды жеткізушілер арасында Siemens Energy (Германия) газ турбиналарын, Doosan Skoda Power (Чехия) бу турбиналарын ұсынады. Сондай-ақ қазандық құрылғылары Италиядан әкелінсе, қуат арттыру трансформаторларын қазақстандық Asia Trafo компаниясы жеткізеді. Құрылысы заманауи технологиялар негізінде жүргізіліп жатқан кешенге 60 гектар жер бөлінген.

Қазіргі уақытта құрылыс жұмыстарына 11 компаниядан 2500-ге жуық адам тартылған, олардың басым бөлігі – Төлеби және Сайрам аудандарының тұрғындары. Станция толық іске қосылғаннан кейін 300-400 адам тұрақты жұмысқа орналасады деп күтілуде.

Станцияны газбен қамтамасыз ету үшін магистральды газ құбыры тартылуда. Газ жүйелері жүргізілетін аймақтарда жер телімдерін сатып алу жұмыстары жүргізіліп, құрылыс-монтаждау қарқыны артып келеді.

Жобаның жүзеге асырылуы өңір экономикасына оң әсер етіп, жаңа жұмыс орындарын ашуға және Түркістан облысының өндірістік әлеуетін арттыруға ықпал етеді. Сонымен қатар, осы аймақта индустриалды парк құру жоспарлануда.

16.04.2026
Қазақстанда құс фабрикасы қалдықтан 15 млн кВт·сағ энергия өндірді
16.04.2026
Қытай мен Испания күн және жел энергиясы саласындағы серіктестігін нығайтуда
16.04.2026
Моңғолия Hanwha Group компаниясына ЖЭК дамыту мен шикізатты өңдеуге қатысуды ұсынды
16.04.2026
Ресей Адыгейдегі жаңа полигонда көлденең және тік ЖЭС сынақтан өткізеді
15.04.2026
Брюссель электрлендіруді күшейтеді: желілік пакет — жазда, стратегия — күзде
15.04.2026
ӨЭС 2026 аясында жаңартылатын энергия көздерін дамыту үшін мамандар даярлау мәселелері талқыланады
14.04.2026
Алжир 400 МВт болатын екі күн электр станциясын іске қосты
14.04.2026
KOREM жел және күн станциялары бойынша сәуірде төрт аукцион өткізеді
14.04.2026
ЖЭК энергетикалық дағдарысқа жауап: IRENA елдерге іс-әрекеттер жоспарын ұсынады
14.04.2026
Қазақстанда ЖЭК өндірісі 2026 жылдың бірінші тоқсанында 15%-ға өсті
14.04.2026
Қазақстан Climatescope таза энергетикаға инвестиция әлемдік рейтингіндегі позициясын жақсартты
13.04.2026
Қазақстан мен Қытай бірлескен Сутегі технологиялары орталығын іске қосты
13.04.2026
Швейцария әлемдегі ең қуатты редокс-ағынды батареясын құрап жатыр
09.04.2026
Ұлыбритания елдегі ең ірі КЭС құрылысын мақұлдады
09.04.2026
Sonnedix Италияда ірі күн энергиясы келісімшарттарын жеңіп алды
09.04.2026
Қытайлық компания Лаостың таулы аймағында 1000 МВт-ға КЭС-ті іске қосты
09.04.2026
Қазақстан Сенаты энергияны Еуропаға экспорттауға арналған құжатты мақұлдады
08.04.2026
Zayed Sustainability Prize өтінімдерді қабылдаудың басталғаны туралы хабарлайды
08.04.2026
Әзірбайжандағы «жасыл энергияның» күнделікті үлесі 29%-дан асты
08.04.2026
Тәжікстанда 250 МВт күн электр станциясы салынады