Қазақстан жаңалықтары

Қазақстан жаңалықтары08.05.2025

Қостанай облысында 2026 жылға дейін алты жаңартылатын энергия жобасы іске асырылады

QAZAQ GREEN.  Қостанай облысында энергиямен қамту жүйесін дамыту стратегиялық маңызға ие. Дәстүрлі энергия көздерімен қатар, жаңартылатын энергия көздеріне (ЖЭК) – жел, күн және газ энергиясына да ерекше көңіл бөлінуде, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

2022 жылы Қостанай ауданында қуаты 50 МВт жел электр станциясы іске қосылды («Жел Электрик»), 2023 жылы Арқалық қаласында қуаты 48 МВт болатын тағы бір жел станциясы жұмысын бастады («KazWindEnergy»).

Алдағы екі жылда тағы алты ЖЭК нысанын салу жоспарланған. Бейімбет Майлин ауданында қуаты 22,6 МВт болатын күн электр станциясының құрылысы басталады. Жобаның инвесторы – «Altyn Solar Energy» ЖШС жобалауды аяқтап, сараптама қорытындысын алды. Құрылыс мамыр айында басталып, 2026 жылдың алғашқы тоқсанында аяқталады деп жоспарлануда.

Осы ауданда «ГПЭС «Варваринское» компаниясы қуаты 40 МВт болатын газ-поршеньді станция салатын болады. Бұл нысан 2026 жылдың екінші тоқсанында пайдалануға беріледі деп күтілуде.

Арқалықта «Aspan Energo» компаниясы қуаты 50 МВт болатын жаңа жел электр станциясының құрылысын бастады. Бұл нысан 2026 жылғы 1 маусымда пайдалануға беріледі.

Қостанай ауданында да екі ірі жоба қолға алынған. «Mars Wind» және «Jupiter Wind» компаниялары жалпы қуаты 100 МВт болатын екі жел станциясының құрылысын бастап кетті. Бұл нысандар 2026 жылдың соңында іске қосылады.

Сонымен қатар, осы ауданда жалпы қуаты 1 ГВт болатын, 165 жел генераторынан тұратын ірі жел паркін салу жоспарланған. Жобаны жүзеге асыру бойынша тендерде жеңімпаз – «TuranWindEnergy» компаниясы.

Барлық жобалар толық іске асқанда, өңірдегі ЖЭК-тен өндірілетін электр қуаты 10 есе артады – қазіргі 0,12 ГВт-тан 1,27 ГВт-қа дейін. Бұл Қостанай облысының энергетикалық дербестігін нығайтады, энергияны жеткізу кезіндегі шығындарды азайтады және жаңа жұмыс орындарын ашады.

27.04.2026
Ember: Жаңартылатын энергия көздері тарихта алғаш рет көмірден асып түсті.
27.04.2026
Қазақстанда ЖЭК аукциондарына өтінім беру мерзімі жалғасуда
27.04.2026
Орталық Азияның төрт елінің энергетика министрлері аймақтың су-энергетикалық балансын талқылады
26.04.2026
Әділ ауысым: адамдарды қалай энергетикалық трансформациядан тыс қалдырмауға болады
24.04.2026
Орталық Азияның жетекші техникалық ЖОО мен ОАӨЭО ЖЭК мамандарын даярлау туралы меморандумдарға қол қойды
24.04.2026
Қазақстан мен БҰҰ ЕЭК энергетикалық тұрақтылық пен төмен көміртекті технологияларды дамыту мәселелерін талқылады
24.04.2026
100 000 жұмыс орны мен кадрлардың тапшылығы: Орталық Азияның ЖЭК серпілісіне дайындығы қандай
24.04.2026
Тасымалдаусыз ауысым жоқ: Орталық Азия энергетикалық болашағын қалай құруда
23.04.2026
Азия даму банкі Қазақстан жобаларына 5,5 млрд доллар инвестиция салады
23.04.2026
Астанада RES 2026 EXPO көрмесінің ашылуында $2,3 млрд астам сомаға 17 меморандумға қол қойылды
22.04.2026
Банк Орталық Азия экожүйесінің интеграциялануына $1 млрд салым жасайды
22.04.2026
Қазақстан мен Қытай Қарағанды облысында 500 МВт жел электр станциясын іске қосады
22.04.2026
Қазақстан мен Тәжікстан Роғун СЭС электр энергиясын импорттау туралы келіссөздер жүргізуде
22.04.2026
Өңірлік экологиялық саммит 2026 Астанада өз жұмысын бастайды
21.04.2026
Күн энергиясы және тамшылатып суару Қырғызстан егінін сақтаудың жолы
21.04.2026
Ормуз дағдарысы көмірге жол ашпады: ЖЭК газ тапшылығын жапты
20.04.2026
Астанада RES 2026 EXPO ашылып, халықаралық келісімдерге қол қойылады
20.04.2026
Орталық Азия елдері Астанада өтетін 2026 жылғы ӨЭС-те энергетикалық көшуді талқылайды
20.04.2026
Молдова ЖЭК орнатылған қуаты бойынша 1 ГВт шегінен асып түсті
20.04.2026
Қытай Камбоджада құны $ 1 млрд ГЭС құрылысын бастады