Қазақстан жаңалықтары

Қазақстан жаңалықтары12.05.2022

Германиялық инвесторлар Қазақстанда жаңа жобаларды іске қосуда

ҚР премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Склярдың қатысуымен Қазақстан-Германия бизнес-форумы өтті. 250-ге жуық делегат қатысқан іс-шараның лейтмотиві жоғары технологиялар, жасыл экономика және логистика саласындағы қазақстан-герман экономикалық ынтымақтастығын дамыту болды, деп хабарлайды Qazaq GreenKazakh Invest компаниясына сілтеме жасап.

Пленарлық отырысты ашқан Роман Скляр ГФР Қазақстанның маңызды серіктестерінің бірі болып табылатынын атап өтіп, сауда-экономикалық ынтымақтастық деңгейін және екіжақты өзара іс-қимыл перспективаларын жоғары бағалады. Өз сөзінде ол тәуелсіздік алған сәттен бастап ел басшылығының стратегиялық бастамалары экономиканы сапалы әртараптандыруға, базалық салаларды технологиялық жаңғыртуға және адами капиталды дамытуға бағытталғанын атап өтті.

Премьер-министр бірінші орынбасарының айтуынша, Қазақстан әртараптандырылған энергия көздеріне, логистикаға және айтарлықтай табиғи ресурстарға ие бола отырып, "жасыл" энергияны өндіру және одан әрі экспорттау үшін айтарлықтай әлеуетке ие.

Спикер германиялық инвесторларды ынтымақтастыққа шақырып, Қазақстан жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды жаңғырту, сондай-ақ жаңа жоғары технологиялық өндірістер құру мақсатында германиялық инвестицияларды цифрлық технологияларға тартуға мүдделі екенін атап өтті. Германия компанияларының Қазақстан экономикасына тікелей инвестицияларының көлемі 2005 жылдан бастап шамамен $5,5 млрд құрады, олардың басым бөлігі өңдеу өнеркәсібіне бағытталды. Қазақстанда германиялық капиталдың қатысуымен 600-ден астам кәсіпорын жұмыс істейді, олардың ішінде: "Linde AG", "HeidelbergCement", "BASF", "Knauf", "Siemens", "Wilo", "Metro Cash and Carry", "CLAAS" және т. б.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда бірінші вице-премьердің төрағалық етуімен Германиямен инвестициялық ынтымақтастықты дамыту жөніндегі арнайы үкіметтік жұмыс тобы жұмыс істейді. Бұдан басқа, екі жақты өзара іс-қимыл шеңберінде Берлин Еуразиялық клубы және Қазақстан-Герман Іскерлік Кеңесі сияқты тиімді диалог алаңдары жұмыс істейді.

Германия экономикасы Шығыс комитетінің басқарма мүшесі және Орталық Азия елдері бойынша топтың спикері Манфред Грундке өз сөзінде отыз жыл ішінде Германия мен Қазақстанның экономикалық қатынастары жоғары деңгейге жеткенін атап өтті: "Қазақстан Германияның Орталық Азиядағы маңызды сауда серіктесі болып табылатыны сөзсіз. Технологиялық шешімдер мен ноу-хаудың арқасында германиялық компаниялар экономиканың барлық секторларында өнімділікті арттыратыны сөзсіз. Біз бірге көп нәрсеге қол жеткізе аламыз және жүзеге асырамыз-да. Біз үшін Қазақстан - тек шикізат өндіруші ғана емес. Біз Қазақстанның әртараптандырылған дамудан неғұрлым орнықты пайда ала алатынына сенімдіміз".

Манфред Грундке ауыл шаруашылығы, логистика, цифрландыру, сондай – ақ өнеркәсіптік өндіріс Қазақстанды жаңа экономикалық деңгейге көтере алатынын атап өтті.  Қазақстан Үкіметі қолайлы инвестициялық ахуал мен инвесторларды мемлекеттік арқылы қолдау бағдарламаларын жасау арқылы инновациялар мен капиталдың орнықты ағынын қамтамасыз етуге ұмтылуда. Герман экономикасы Шығыс комитетінің басқарушы директоры Михаэль Хармс Қазақстанның ЖЭК саласындағы зор әлеуетін атап өтті, ол Герман экономикасы жасыл экономикаға көшкен кезде, декарбонизация және цифрландыру процесінде оған демеу бола алатынын алға тартты.

 "KAZAKH INVEST "ҰК" АҚ Басқарма төрағасы Мейіржан Юсупов форум қатысушыларын Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктерімен таныстырды.

Сондай-ақ, Қазақстан-Германия инвестициялық ынтымақтастығы $28,4 млрд асатын 46 жобадан тұратынын атап өтті. Бүгінгі таңда жалпы сомасы $1,1 млрд құрайтын 28 жоба іске асырылды. Панельдік сессияның спикерлері ретінде Linde GmbH бизнесті дамыту және сату жөніндегі Атқарушы директоры Флориан Пеннер, EMEA, EOS GmbH аймағы бойынша аға Вице-президенті Маркус Глассер, "ҚазМұнайГаз "ҰК" АҚ Басқарма Төрағасының Стратегия, инвестициялар және бизнесті дамыту жөніндегі орынбасары Дастан Абдулгафаров және "SAP СЕ" Вице-президенті Наталья Панина сөз сөйледі.

Іс - шара аясында жалпы сомасы $200 млн.доллардан асатын 11 екіжақты құжатқа қол қойылды. Олардың қатарында машина жасау, өнеркәсіпті автоматтандыру, мұнай химиясы, логистика, денсаулық сақтау және ақпараттық технологиялар сияқты салалар бар. Қазақстанда Германия инвесторлары жоспарлаған жобалар арасында "Siemens" компаниясымен цифрлық құзыреттілік зертханасын құру, "EMAG" компаниясымен металл өңдеу станоктарын құрастыру бойынша зауыт салу, ""R. S. Engineering"" компаниясымен доңғалақ бандаждарын өндіру, "Knauf" компаниясымен гипс тастарын қайта өңдеу бойынша зауыт салу, Алматы облысында "Rhenus Logistics" компаниясымен интермодальдық терминал салу, сондай-ақ Түркістан, Қызылорда және Атырау облыстарында үш клиника салу.

Қазақстан-Германия бизнес-форумын ҚР Сыртқы істер министрлігі, Қазақстанның ГФР-дағы Елшілігі, "KAZAKH INVEST "ҰК" АҚ, сондай-ақ Герман экономикасының шығыс комитеті және Германия экономикасының Орталық Азиядағы Өкілдігі ұйымдастырды.

25.04.2024
Ғалымдар қайта өңделетін материалдардан қалақтарды 3D басып шығаруды әзірлеуде
25.04.2024
Қытайда теңіз КЭС құрылысына рұқсат етілген теңіз аймақтары анықталды
24.04.2024
1 миллионға жуық американдық отбасы күн батареясынан қуат алады
24.04.2024
Мәжіліс жаңартылатын энергия көздеріне қатысты заңды қабылдады
23.04.2024
Вильнюс қаласында Литвада өндірілген алғашқы күн батареясы ұсынылды
23.04.2024
Айнұр Соспанова: Екіжақты шарттар нарығының жұмысын реттейтін нақты ережелер қажет
23.04.2024
ГЭС, ЖЭС құрылысына ЖЭК аукциондық сауда-саттығына қатысушылардың тізіліміне енгізу үшін құжаттарды қабылдау басталды
22.04.2024
JinkoSolar энергияны жинақтау бойынша 1-деңгейдегі BNEF тізіміне енді
22.04.2024
Жапония 2025 жылы ғарыштан Жерге күн энергиясын беруді жоспарлап отыр
19.04.2024
АҚШ-та шойын мен болатты тазарту технологияларын әзірлеуге 28 миллион доллар бөлінеді
19.04.2024
Австралия қараусыз қалған көмір шахтасында қуаты 1 ГВт ГЭС салуды жоспарлап отыр
19.04.2024
Apple жаңартылатын энергия көздері мен су ресурстарының тұрақтылығына күш салуда
18.04.2024
Еуропада екі мемлекет жел генераторларының қуатын арттырудың арқасында 100% жаңартылатын энергиямен қамтамасыз етілді
18.04.2024
IRENA есебі: ЖЭК-ке көшу энергия қауіпсіздігіне жаңа көзқарасты қажет етеді
17.04.2024
CATL өнеркәсіптік батареяны, Megapack Tesla баламасын ұсынды
17.04.2024
Бакуде жел электр станциясы салынады
17.04.2024
Қазақстан мен Оңтүстік Корея Түркістанда бу-газ қондырғысын салуға ниетті
17.04.2024
Астанада ҚР – ЕО Энергетика, көлік, қоршаған орта және климаттық өзгерістер жөніндегі кіші комитетінің 7-ші отырысы өтті
16.04.2024
Алмасадам Сәтқалиев: Қазақстан метан шығарындыларын азайту бойынша жұмысты күшейтуге ниетті
16.04.2024
Дубайда күн батареясымен жүретін көлік іске қосылуы мүмкін