Қазақстан жаңалықтары

Қазақстан жаңалықтары08.06.2022

«ҚазМұнайГаз» және «Шеврон» көміртегі шығарындыларын азайту мүмкіндіктерін зерттеуге арналған ынтымақтастық туралы мәлімдеді

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (бұдан әрі – ҚМГ) және «Шеврон» корпорациясы өз филиалы «Шеврон Мұнайгаз Инк.» (бұдан әрі – «Шеврон») арқылы Қазақстанда көміртегі шығарындыларын азайту саласында әлеуетті жобаларды зерттеу үшін Өзара түсіністік туралы меморандумға (бұдан әрі – Меморандум) қол қойғаны жөнінде мәлімдеді, Qazaq Green бұл туралы ҚМГ ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
ҚМГ мен «Шеврон» көміртегіні ұстап қалу, кәдеге жарату мен сақтау (CCUS), төмен көміртекті сутегіні пайдалану, метан шығарындыларын басқару, энергия тиімділігін арттыру және көміртегі бағасын іштей белгілеу тетіктерін енгізу саласындағы ортақ жобаларды жүзеге асыру мүмкіндіктерін зерттеуді жоспарлап отыр.

Меморандумға ҚМГ Басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиев және «Шеврон» Еуразия бөлімшесінің басқарушы директоры Дерек Магнесс қол қойды. Құжатқа қол қою рәсімі Нұр-Сұлтан қаласында Шетел инвесторлары кеңесінің 34-ші пленарлық отырысы қарсаңында «Шеврон» компаниясының барлау және өндіру жөніндегі атқарушы вице-президенті Джей Джонсонның қатысуымен өткен ресми кездесу аясында өтті.

«БҰҰ Климаттық амбициялар саммитінде ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның 2060 жылға қарай көміртегіге бейтарап мемлекет болатыны туралы мәлімдеме жасаған еді. ҚазМұнайГаз өз тарапынан көміртек ізін 2031 жылға қарай 2019 жылдың деңгейінен 15 пайызға қысқартуды мақсат етіп отыр. Алдағы уақытта да Париж келісімінің және әзірленіп жатқан еліміздің 2060 жылға қарай көміртегі бейтараптығына жету жөніндегі стратегиясының міндеттеріне сәйкес жан-жақты жұмыс істейді. Дегенмен карбонсыздану біз үшін жаңа сала. Шевронның мұнай-газ саласында озық технологиялар мен жетістіктерді енгізудегі мол тәжірибесі біздің әлеуетімізді арттыруға септігін тигізіп, болашақта энергетика көздерін жаңарту бағытындағы төмен көміртегі жобаларын бірігіп іске асырамыз деген сенімдеміз», – деді ҚМГ басшысы Мағзұм Мырзағалиев.

«Шеврон» отыз жыл бойына Қазақстанның инвесторы болып келеді. Біз берік қарым-қатынасымызды мақтан тұтамыз және елдің энергетикалық болашағына инвестиция құюға ұмтыламыз. Бүгін «ҚазМұнайГаз» компаниясымен жасалған меморандум Қазақстанның энергетика саласын дамыту жолында компанияларымыздың қолдау ниетінің жаңа кезеңі іспетті, - деді Магнесс. – Біз Қазақстанның жасыл энергияға көшу мен көміртегі шығарындыларын азайту бағытында біраз жұмыс атқаратынымызға кәміл сенеміз. «ҚазМұнайГаз» компаниясымен орнаған ынтымақтастықтың арқасында біз қолжетімді, сенімді әрі таза энергияны қамтамасыз етуге өз үлесімізді қосып, біздің өнімді пайдаланатын салалар мен клиенттерімізге көміртегі шығарындыларын азайту мақсатына жетуде қолдау көрсетеміз деп үміттенеміз».

«Шеврон» болашақты төмен көміртекті энергетикамен байланыстырады. Парижде қабылданған келісім аясында шығарындыларды қысқарту жөніндегі жаһандық міндеттерді орындау үшін ынтымақтаса отырып жұмыс істеуіміз керек. Біз «ҚазМұнайГаз» компаниясымен төмен көміртекті дамыту саласындағы әлеуетті жобаларды бірге зерттеу мүмкіндігін жоғары бағалаймыз және Қазақстанның таза энергия көздеріне көшу үрдісіне мол үлес қосуды көздеп отырмыз, - деді 2021 жылы көміртегіні ұстап қалу, кәдеге жарату мен сақтау (CCUS), төмен көміртекті сутегіні, жаңартылатын отын түрлерін, оффсеттерді пайдалану саласындағы және басқа жобалармен жұмыс істеу үшін құрылған «Chevron New Energies» бөлімшесінің президенті Джефф Густавсон.

«ҚазМұнайГаз» бен «Шеврон» компанияларының ынтымақтастығы – бұл Қазақстанның 2060 жылға қарай көміртегі бейтараптығына жету мақсаттарына қолдау көрсетудің нақты көрінісі.

25.04.2024
Ғалымдар қайта өңделетін материалдардан қалақтарды 3D басып шығаруды әзірлеуде
25.04.2024
Қытайда теңіз КЭС құрылысына рұқсат етілген теңіз аймақтары анықталды
24.04.2024
1 миллионға жуық американдық отбасы күн батареясынан қуат алады
24.04.2024
Мәжіліс жаңартылатын энергия көздеріне қатысты заңды қабылдады
23.04.2024
Вильнюс қаласында Литвада өндірілген алғашқы күн батареясы ұсынылды
23.04.2024
Айнұр Соспанова: Екіжақты шарттар нарығының жұмысын реттейтін нақты ережелер қажет
23.04.2024
ГЭС, ЖЭС құрылысына ЖЭК аукциондық сауда-саттығына қатысушылардың тізіліміне енгізу үшін құжаттарды қабылдау басталды
22.04.2024
JinkoSolar энергияны жинақтау бойынша 1-деңгейдегі BNEF тізіміне енді
22.04.2024
Жапония 2025 жылы ғарыштан Жерге күн энергиясын беруді жоспарлап отыр
19.04.2024
АҚШ-та шойын мен болатты тазарту технологияларын әзірлеуге 28 миллион доллар бөлінеді
19.04.2024
Австралия қараусыз қалған көмір шахтасында қуаты 1 ГВт ГЭС салуды жоспарлап отыр
19.04.2024
Apple жаңартылатын энергия көздері мен су ресурстарының тұрақтылығына күш салуда
18.04.2024
Еуропада екі мемлекет жел генераторларының қуатын арттырудың арқасында 100% жаңартылатын энергиямен қамтамасыз етілді
18.04.2024
IRENA есебі: ЖЭК-ке көшу энергия қауіпсіздігіне жаңа көзқарасты қажет етеді
17.04.2024
CATL өнеркәсіптік батареяны, Megapack Tesla баламасын ұсынды
17.04.2024
Бакуде жел электр станциясы салынады
17.04.2024
Қазақстан мен Оңтүстік Корея Түркістанда бу-газ қондырғысын салуға ниетті
17.04.2024
Астанада ҚР – ЕО Энергетика, көлік, қоршаған орта және климаттық өзгерістер жөніндегі кіші комитетінің 7-ші отырысы өтті
16.04.2024
Алмасадам Сәтқалиев: Қазақстан метан шығарындыларын азайту бойынша жұмысты күшейтуге ниетті
16.04.2024
Дубайда күн батареясымен жүретін көлік іске қосылуы мүмкін