Қазақстан жаңалықтары

Қазақстан жаңалықтары09.06.2022

Үкімет қалдықтарды саудалауға қатысты ұлттық жүйені еуропалық жүйеге жақындату үшін жұмыс істеуде

Қазақстан Президенті Қасымжомарт Тоқаев шетелдік инвесторлар Кеңесінің 34-ші пленарлық отырысы барысында экономиканы декарбонизациялау және төмен көміртекті технологияларды енгізудің маңыздылығына назар аударды, деп хабарлайды Qazaq Green.

Президент Еуропа одағының 2030 жылға қарай парниктік газ қалдықтарын 55 пайызға азайтуға және 2050 жылға қарай көміртегінен бейтараптыққа қол жеткізуге ниетті екенін еске салды. Бұл ретте Мемлекет басшысы 2026 жылдан бастап қазақстандық экспорттаушылар Еуропа одағының бюджетіне шекаралық көміртегі салығын төлейтініне және бұл отандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігіне әсер етуі мүмкін екеніне назар аударды.

Осы ретте Қасым-Жомарт Тоқаев ел экономикасындағы көміртегін пайдалану көлемін төмендету және экономикалық шығындардың алдын алу үшін атқарылып жатқан шараларға егжей-тегжейлі тоқталды. Атап айтқанда, қалдықтарды саудалауға қатысты ұлттық жүйені еуропалық жүйеге жақындату жөнінде Үкіметтің атқарып жатқан жұмысы туралы мәлімдеді.

«Парниктік газ қалдықтарының үлестік коэффициенттерінің есептеу әдістемесін күшейту бағытында қайта қарауды жеделдету қажет. Есептеу тәсілі еуропалық әдіске сәйкес, яғни саладағы ең озық 10 өндіріс негізінде жасалуға тиіс. Осы ретте өндірістің негізгі ғана емес, қосалқы түрлерін де ескеру керек. Сондай-ақ Еуропа одағының қалдықтарды сату жүйесі сияқты экономика секторларын кеңінен қамту қажет. Кеңес мүшелері іс жүзінде көмек көрсетуге тиіс. Бұл жұмысты келесі жылы аяқтау қажет», – деді президент.

Мемлекет басшысы экономиканың экспортқа бағытталған секторларына арналған квоталарды ақылы түрде бөлуге кезең-кезеңімен көшу қажет екенін атап өтті. Президенттің пікірінше, квота саудасының отандық жүйесі парниктік газ қалдықтарын өлшеу және тексеру бойынша сенімді деректерге негізделуі керек.

«Алайда, іс жүзінде, біз мүлде олай емес екенін көріп отырмыз. Парниктік газ қалдықтарын тексеру және анықтау жөніндегі органдар берілген есептерді қашықтан куәландырып, қондырғылар орнатылған операторлық учаскелерге бармайды. Осылайша, елдің әртүрлі аймағында олар бір уақытта жиырмаға жуық есепті тексере алады. Мұндай есептердің дұрыстығы күмән тудырады. Сондықтан Үкіметке парниктік газ қалдықтарын тексеру және анықтау жөніндегі органдардың жауапкершілігі мен құзыретін күшейту жөнінде пәрменді шаралар қабылдауды тапсырамын», – деді мемлекет басшысы.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев үлкен энергетикалық тәсілге көшуге дайындық жұмыстарын біртіндеп ынталандыруға бағытталған жаңа Экологиялық кодекстің қабылданғаны жөнінде айтты. Құжат кәсіпорындарды экологиялық төлемдерден толығымен босату арқылы өндірісті жаңғыртуға мүмкіндік береді. Бұл ретте Президент ірі өнеркәсіп кәсіпорындарына 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап қалдықтарға мониторинг жасайтын автоматтандырылған жүйені орнату жөніндегі міндеттерін еске салды. Сондай-ақ Үкіметке осы талапты уақтылы және сапалы орындауды қамтамасыз етуді тапсырды.

 

25.04.2024
Ғалымдар қайта өңделетін материалдардан қалақтарды 3D басып шығаруды әзірлеуде
25.04.2024
Қытайда теңіз КЭС құрылысына рұқсат етілген теңіз аймақтары анықталды
24.04.2024
1 миллионға жуық американдық отбасы күн батареясынан қуат алады
24.04.2024
Мәжіліс жаңартылатын энергия көздеріне қатысты заңды қабылдады
23.04.2024
Вильнюс қаласында Литвада өндірілген алғашқы күн батареясы ұсынылды
23.04.2024
Айнұр Соспанова: Екіжақты шарттар нарығының жұмысын реттейтін нақты ережелер қажет
23.04.2024
ГЭС, ЖЭС құрылысына ЖЭК аукциондық сауда-саттығына қатысушылардың тізіліміне енгізу үшін құжаттарды қабылдау басталды
22.04.2024
JinkoSolar энергияны жинақтау бойынша 1-деңгейдегі BNEF тізіміне енді
22.04.2024
Жапония 2025 жылы ғарыштан Жерге күн энергиясын беруді жоспарлап отыр
19.04.2024
АҚШ-та шойын мен болатты тазарту технологияларын әзірлеуге 28 миллион доллар бөлінеді
19.04.2024
Австралия қараусыз қалған көмір шахтасында қуаты 1 ГВт ГЭС салуды жоспарлап отыр
19.04.2024
Apple жаңартылатын энергия көздері мен су ресурстарының тұрақтылығына күш салуда
18.04.2024
Еуропада екі мемлекет жел генераторларының қуатын арттырудың арқасында 100% жаңартылатын энергиямен қамтамасыз етілді
18.04.2024
IRENA есебі: ЖЭК-ке көшу энергия қауіпсіздігіне жаңа көзқарасты қажет етеді
17.04.2024
CATL өнеркәсіптік батареяны, Megapack Tesla баламасын ұсынды
17.04.2024
Бакуде жел электр станциясы салынады
17.04.2024
Қазақстан мен Оңтүстік Корея Түркістанда бу-газ қондырғысын салуға ниетті
17.04.2024
Астанада ҚР – ЕО Энергетика, көлік, қоршаған орта және климаттық өзгерістер жөніндегі кіші комитетінің 7-ші отырысы өтті
16.04.2024
Алмасадам Сәтқалиев: Қазақстан метан шығарындыларын азайту бойынша жұмысты күшейтуге ниетті
16.04.2024
Дубайда күн батареясымен жүретін көлік іске қосылуы мүмкін