Қазақстан жаңалықтары

Қазақстан жаңалықтары09.09.2022

Жапония мен БҰҰДБ Қазақстанда климаттық тұрғыдан оңтайландырылған агротехнологияларды енгізетін жобаны іске қосты

QAZAQ GREEN.  Бүгін Жапония мен БҰҰ Даму бағдарламасы (БҰҰДБ) Қазақстанда екі әріптестік бастаманы іске қосты. Жобалар «Адам құқықтары саласындағы тиісті сақтық» (HRDD) корпоративтік рәсімі мен бизнесті жауапты жүргізуді ілгерілетуге, сондай-ақ климаттық тұрғыдан оңтайландырылған агротехнологияларды енгізуге бағытталған, деп хабарлайды БҰҰДБ баспасөз қызметі.

«Жапония көптеген жылдар бойы бүкіл әлемдегі елдерге жәрдемдесіп, көмек көрсетіп келеді. Біз бұл жобалардың адам құқықтарының компаниялар тарапынан бұзылуынан болатын залалды азайтатынына және көміртексіздендіруге ықпал ететініне өте қуаныштымыз. Біз осы жобалардың кедергісіз іске асырылып, табысты болуы үшін БҰҰДБ мен Қазақстан Республикасымен өз ынтымақтастығымызды тереңдете бергіміз келеді», – деп атап өтті Жапонияның Қазақстан Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі Джун Ямада.

Бірінші бастама – «Бизнес және адам құқықтары» жобасы – елдер үкіметтерінің, жапон кәсіпорындарының, олардың жеткізушілері мен әріптестерінің  БҰҰ-ның Адам құқықтары тұрғысынан кәсіпкерлік қызметтің басшылыққа алынатын қағидаттарын (АҚБҚ) іске асыру саласындағы түсінігі мен әлеуетін нығайтуға бағытталған.

Қазақстан Жапония үкіметі Қазақстандағы жапон компаниялары мен олардың жеткізілім тізбектерінде жауапты іскерлік тәжірибені ілгерілету жөніндегі осы жаһандық жоба үшін басым елдер ретінде айқындаған 17 елдің бірі болып табылады. Бюджеті 300 000 АҚШ долларына тең жоба жапон компаниялары мен олардың жеткізілім тізбектеріне арналған тренингтер мен нұсқамалар өткізу арқылы АҚБҚ-ның негізгі элементі болып табылатын адам құқықтары саласындағы тиісті сақтық қағидатын ілгерілетуге бағытталады.

Осы жаһандық бастамамен бірге Жапония «Климаттық уәде» бастамасын іске асырудың «Уәдеден – іс-қимылға» деп аталатын келесі кезеңінде БҰҰДБ-ның жаңа және ірі әріптесіне айналып, Қазақстанға ұлттық климаттық уәдені орындау үшін климаттық қорларды ұсынады. Бюджеті 974 408 АҚШ долларына тең климаттық тұрғыдан оңтайландырылған агротехнологияларды енгізу жөніндегі жаңа жоба Қазгидрометтің қолданыстағы бақылау жүйесін цифрлық форматта да, жаңа заманауи жабдықты орнату арқылы да жақсартуға көмектеседі. Жоба аясында Қазақстан өңірлеріндегі фермерлерге қолдау көрсету жоспарлануда. Жаңартылатын энергия көздерін (жел және күн) пайдалану жөніндегі шешімдер әртүрлі ауылшаруашылық өндірістерде цифрлық мониторингті қолдана отырып, пилоттық режимде сынақтан өткізілетін болады.

«Біз Жапония үкіметімен көп жылдық ынтымақтастығымызды және Қазақстандағы адам құқықтары тұрғысынан бизнес жүргізу мәселелері жөніндегі жұмысымызды ұйымдастыруда, сондай-ақ елімізге оның климат саласындағы халықаралық міндеттемелерін орындауда көмек көрсетудегі жомарт қолдауын жоғары бағалаймыз. БҰҰДБ қызметі мен Жапония үкіметінің басымдықтары көптеген салаларда сәйкес келеді: екеуіміз де елдерге COVID-19 індетінің әсерінен одан сайын күрделеніп отырған даму проблемаларын, соның ішінде заң үстемдігі мен климаттың өзгеруі мәселелерін шешуге көмектесеміз», – деді Қазақстандағы БҰҰДБ тұрақты өкілінің міндетін атқарушы Сухроб Ходжиматов.

Жапония Үкіметі мен БҰҰ Даму бағдарламасы (БҰҰДБ) жақында жүзеге асырыла бастаған «Әділ қалыпқа келтіру мүдделерінде жаһандық жеткізілім тізбектерінде адам құқықтары мәселелеріндегі тиісті сақтықты ынталандыруға ерекше көңіл аудара отырып, жауапты іскерлік мінез-құлықты ілгерілету және БҰҰ-ның Адам құқықтары тұрғысынан кәсіпкерлік қызметтің басшылыққа алынатын қағидаттарын тиімді пайдалану» атты жобаның аясында кәсіпкерлік қызметте адам құқықтарының сақталуын қамтамасыз ету саласындағы жаһандық күн тәртібін ілгерілету үшін күш біріктірді. Қазақстан Республикасын қоса алғанда 17 елде жүзеге асырылатын жобалар адам құқықтарына қатысты тиісті сақтықты (HRDD) қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік органдардың, жапон компанияларының, жеткізушілер мен әріптестердің қабілеті мен түсінігін арттыру арқылы бизнесті адам құқықтары тұрғысынан жүргізудің ұлттық тұжырымдамасын ілгерілетуге және нысаналы елдерде жапон компаниялары мен олардың жеткізушілерінің бизнесті жауапты жүргізу тәжірибесін нығайтуға бағытталған.

2021 жылы Глазгода өткен ТК-26 конференциясында БҰҰДБ ҰДАС мақсаттарын нақты әрекеттерге айналдыру мақсатындағы өзінің қолдау ауқымын кем дегенде 100 елде ұлғайтып, «Климаттық уәде» бастамасының «Уәдеден – іс-қимылға» деп аталатын келесі кезеңін бастады. Жапония жаңашыл әрі озық бастаманың осы кезеңінің ең ірі демеушісіне айналып, осы күш-жігерді жеделдету үшін Германия, Швеция, ЕО, Испания, Италия сияқты көп жылдық қаржыландырушы әріптестерге, сондай-ақ Ұлыбритания, Бельгия, Исландия мен Португалия сияқты жаңа қаржыландырушы әріптестерге қосылып отыр. БҰҰДБ Климаттық уәдесі Париж келісімі шеңберінде елдерге олардың ұлттық міндеттемелерін орындауда қолдау көрсету бойынша климат және даму саласындағы ең ірі жаһандық ұсыныс болып табылады. Қазақстанда осы бастама шеңберінде Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігіне оның климаттық күн тәртібін ілгерілету, парниктік газдар шығарындыларын инвентаризациялаудың ұлттық жүйесіне арналған құқықтық базаны құру саласында; сарапшылар, оның ішінде коммерциялық кәсіпорындар сарапшылары үшін парниктік газдар шығарындыларын инвентаризациялау бойынша тренингтер өткізу саласында; бейімдеуге байланысты болатын ҰДАС компоненттерін іске асыру бойынша жол картасын әзірлеу және климаттың өзгеруіне бейімделу туралы қоғамның хабардарлығын арттыру саласында қолдау көрсетіліп отыр.

25.04.2024
Ғалымдар қайта өңделетін материалдардан қалақтарды 3D басып шығаруды әзірлеуде
25.04.2024
Қытайда теңіз КЭС құрылысына рұқсат етілген теңіз аймақтары анықталды
24.04.2024
1 миллионға жуық американдық отбасы күн батареясынан қуат алады
24.04.2024
Мәжіліс жаңартылатын энергия көздеріне қатысты заңды қабылдады
23.04.2024
Вильнюс қаласында Литвада өндірілген алғашқы күн батареясы ұсынылды
23.04.2024
Айнұр Соспанова: Екіжақты шарттар нарығының жұмысын реттейтін нақты ережелер қажет
23.04.2024
ГЭС, ЖЭС құрылысына ЖЭК аукциондық сауда-саттығына қатысушылардың тізіліміне енгізу үшін құжаттарды қабылдау басталды
22.04.2024
JinkoSolar энергияны жинақтау бойынша 1-деңгейдегі BNEF тізіміне енді
22.04.2024
Жапония 2025 жылы ғарыштан Жерге күн энергиясын беруді жоспарлап отыр
19.04.2024
АҚШ-та шойын мен болатты тазарту технологияларын әзірлеуге 28 миллион доллар бөлінеді
19.04.2024
Австралия қараусыз қалған көмір шахтасында қуаты 1 ГВт ГЭС салуды жоспарлап отыр
19.04.2024
Apple жаңартылатын энергия көздері мен су ресурстарының тұрақтылығына күш салуда
18.04.2024
Еуропада екі мемлекет жел генераторларының қуатын арттырудың арқасында 100% жаңартылатын энергиямен қамтамасыз етілді
18.04.2024
IRENA есебі: ЖЭК-ке көшу энергия қауіпсіздігіне жаңа көзқарасты қажет етеді
17.04.2024
CATL өнеркәсіптік батареяны, Megapack Tesla баламасын ұсынды
17.04.2024
Бакуде жел электр станциясы салынады
17.04.2024
Қазақстан мен Оңтүстік Корея Түркістанда бу-газ қондырғысын салуға ниетті
17.04.2024
Астанада ҚР – ЕО Энергетика, көлік, қоршаған орта және климаттық өзгерістер жөніндегі кіші комитетінің 7-ші отырысы өтті
16.04.2024
Алмасадам Сәтқалиев: Қазақстан метан шығарындыларын азайту бойынша жұмысты күшейтуге ниетті
16.04.2024
Дубайда күн батареясымен жүретін көлік іске қосылуы мүмкін